Кәсіпкерлік тәуекелдері
Презентация қосу
Кәсіпкерлік
тәуекелдері
Орындаған:Слямбекова М.С.
Тобы:ФН-407
ЖОСПАР:
1. Кәсіпкерлік қызметтегі
тәуекелдерді төмендету
жолдары
2. Кәсіпкерлік тәуекелдерді
сақтандыру жолдары
I.Кәсіпкерлік
қызметтегі
тәуекелдерді
төмендету
жолдары
• Бүгінгі күні кәсіпкерлік қызметтерге тән типтік т әуекелдерді
жіктеу кезінде, оның бір түрі ретінде серіктестік т әуекелін
енгізу қажет деп ойлаймыз. Себебі, біз кәсіпкерлік қатынастарды
ең алдымен серіктестік қатынас ретінде қарастырамыз.
Серіктестік тәуекелі кәсіпкерлік қатынастарға қатысушы
тұлғалар арасындағы келісім қатынастарына негізделеді.
Серіктестік тәуекелі, әдетте кәсіпкерлік қатынасқа қатысушы
бір тұлғамен келісім-шарт бекіткен оның серіктесі белгілі-бір
себептермен өз міндеттемелерін орындаудан бас тартуы мүмкін
жағдайларда пайда болады.
• Кез-келген кәсіпкерлік қызметті
жүзеге асыру кезінде кәсіпкерлер
міндетті түрде тәуекелдерге
барады. Себебі, жалпы
экономиканы басқарудың барлық
деңгейінде белгілі-бір шешімдерді
қабылдау процесі соңғы
нәтижелердің белгісізділік
жағдайында іске асырылатыны
белгілі. Соған байланысты
кәсіпкерлік қызметтің кез-келген
түрін жүзеге асыру әртүрлі
тәуекелдермен тығыз
байланысты деп айта аламыз.
Экономикалық тұрғыдан алып
қарағанда тәуекел – бұл
«жоғалту қауіпі», «жоғалту
ықтималдылығы» деп
түсіндіріледі. Сондықтан да
күнделікті өмірде тәуекелді
әртүрлі материалдық және
моралдық шығындардың пайда
болуына әкелетін кейбір қолайсыз
жағдайлардың пайда болу
ықтималдылығы деп
қарастыруға болады.
кәсіпкерлік
қатынастарға
тән тәуекелдерге әсер
етудің тәуекелді бөлу
әдістері (әртараптандыру);
· сақтандыру
өзін-өзі сақтандыру
серіктестерді және кездейсоқ
таңдау туралы шығындардың
қосымша ақпараттар орнын жабу үшін
жинақтау; ақша қаражаттарын
резервке сақтау;
• Тәуекелді белгілі-бір жағдайлардың болуы да,
болмауы да мүмкін деп қарастырсақ және осы
жағдайлардың біреуі іске асқан кезде кәсіпкерлік
қызметке қатысушы тұлғалар мынандай
экономикалық нәтижелерге қол жеткізуі мүмкін:
• – оң нәтиже – пайданың көбеюі, шығындардың
азаюы немесе белгілі-бір тиімділікке қол жеткізу;
• – теріс нәтиже – салынған ақша қаражаттарының
жартысын жоғалту, жеткілікті мөлшерде табыс алмау
немесе қосымша шығындардың пайда болуы;
• – нөлдік нәтиже – кәсіпкерлік келісімге
қатысушылардың қаржы-шаруашылық нәтижелерін
көрсететін көрсеткіштерге әсер етпеуі.
II.Кәсіпкерлік
тәуекелдерді сақтандыру
жолдары
• Шетелдерде кеңінен тараған кәсіпкерлік
тәуекелді сақтандыру практикасы
біртіндеп біздің елге де келе бастады.
Сақтандырудың осы түрінің
экономикалық пайдасы алдағы уақытта
қазақстандық кәсіпорындардың
қалыпты жұмыс практикасына
айналатынын шетел тәжірибесі
көрсетіп отыр. Сақтандырудың бұл
түрі шаруашылықты жүргізетін
субъектілердің қаржылық жағдайына
қолайсыз жағдайлардың ешқандай
ықпал етпейтін талаптарды
қамтамасыз етеді.
• Бүгінгі күні Қазақстанда
36 сақтандыру
компаниясы жұмыс
атқаруда, олардың ішінде
14 компанияның
кәсіпкерлік тәуекелді
сақтандыру сыныбы
бойынша лицензиясы бар.
• Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандырудың бірнеше ерекшеліктері бар.
• ҚР АК-нің 810-бабына сәйкес кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру
шартымен тек сақтанушы өз кәсіпкерлік тәуекелін және өз пайдасын
ғана сақтандыра алады.
• Кәсіпорынды тәуекелден қауіпсіздендірудің бір тәсілі – сақтандыру
бағдарламасын қалыптастыру. Ол үшін компания қызметін талдап,
оған сипатты тәуекелдерді анықтап алу керек. Олар өз кезегінде
компания шешуге дайын тәуекел және міндетті түрде
сақтандырылатын тәуекелдерге бөлінеді.
Көп жағдайда сақтандыру бағдарламасы
мыналарды сақтандырады:
азаматтық
мүліктерді;
жауапкершіліктерді;
құрылғыларды жетекші қызметкерлердің
бүлінуден өмірі мен денсаулығын.
құрылыс-монтаждық, іске қосып
реттейтін тәуекелдерді және кепілді
міндеттемелерді;
• Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру өз
еркімен сақтандыру тобына кіреді,
оның шарттары мен тәртібі
сақтандыру ұйымы (сақтандырушы)
мен сақтанушы арасындағы келісім,
сақтандыру шартының жазбаша
нысанында және сақтандыру
ұйымдары дайындаған, сақтандыру
ұйымдарының қызметін қадағалауды
жүзеге асыратын уәкілетті
органдармен келісілген сақтандыру
Ережелері негізінде белгіленеді.
САҚТАНДЫРУ ШАРТЫ
Сақтандыру шарты мыналарды қамтуы тиіс:
• сақтандырушының атауы, тұратын орны, телефон және банк
деректемелерін;
• сақтанушының фамилиясы, аты-жөні (бар болған жағдайда) және
тұратын жері (егер ол жеке тұлға болып табылса) немесе оның атауы,
тұратын орны мен банк деректемелерін (егер ол заңды тұлға болып
табылса);
• сақтандыру объектісін көрсетуді;
• сақтандыру жағдайларына сілтемені;
• сақтандыру сомасының мөлшерін, сақтандыру төлемін жүзеге
асырудың тәртібі мен мерзімін;
• сақтандыру сыйақысының мөлшерін, оны төлеудің тәртібі мен
мерзімін;
• сақтандыру шартын жасау күні мен қолданылу мерзімін;
• сақтандыру шартының (сақтандыру полисінің) нөмірін, сериясын;
• сақтандыру шартының талаптарына өзгерістер енгізу тәртібі мен
кезеңдерін.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz