Мемлекеттік реттеу нысандары



Мемлекеттік реттеу нысандары
Мемлекеттік реттеу нысандарының жалпы сипаттамасы.
Мемлекеттік реттеу механизмдерін ұйымдастыруды қалыптастыру.
Әкімшілік-құқықтық реттеу.
Экономикалық реттеу.
Мемлекеттік реттеу әдістері мен құралдары

Мемлекеттік реттеу нысандарының жалпы сипаттамасы.
Экономиканы реттеу әдетте екі нысанда:
өзін-өзі реттеу
мемлекеттік реттеу
Біріншісі қоғамдық өндірістің түрлі буындарында қаржы базасын қалыптастырудың шаруашылық жүргізуші субъектілердің өздері жасап, пайдаланатын әдістерімен сипатталады.
Екінші нысан қоғамдық өндірістің даму үдерісіне мемлекеттің сан алуан экономикалық тетіктері, соның ішінде қаржылық тұтқалар арқылы араласуын бейнелейді.

Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу
Экономиканы мемлекеттік реттеуге қаржы жүйесінің барлық сфералары мен буындары қатысады.
Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу - бұл макроэкономикалық тепе-теңдікке және экономиканың жұмыс істеуінің әрбір нақтылы кезеңінде оның үдемелі дамуына әсер ету үшін, сондай-ақ қаржылық ресурстарды шебер пайдаланудың күнделікті үдерісін қамтамасыз ету үшін шаруашылық жүргізуші субъектіге мемлекеттің қаржылық ықпал жасауының нысандары мен әдістерін мақсатты және дәйекті қолдану үдерісі ретінде сипатталады.

Мына бастапқы негіздемелер мемлекеттік қаржылық реттеуді жүзеге асырудың алғышарттары болып табылады:
1. Қоғам дамуының объективті экономикалық заңдарының әрекетін есепке алу.
2. Қоғамның барлық мүшелерінің түпкі мүдделерін білдіретін қоғам дамуының ғылыми негізделген стратегиялық бағдарламасын әзірлеу.
3. Көзқарастарды білдіретін демократиялық жүйенің болуы және халықтың барлық жіктерінің, әлеуметтік, ұлттық топтарының мүдделерін еркін білдірудің мүмкіндіктеріне арналған олардың демократиялық институттарының болуы.
4. Шаруашылық қызметте қылықтың нормасы мен ережесінен шегіністі айқын және жедел сезінетін елде жақсы жолға қойылған заңнамалық, жүйенің болуы.

Реттеудің айрықша нысаны мемлекеттік сатып алу болып табылады.
Мемлекеттік сатып алу - мемлекеттік органдардың, мемлекеттік мекемелердің, сонымен бірге мемлекеттік кәсіпорындардың, заңды тұлғалардың және олармен аффиландырылған заңды тұлғалардың олардың қарамағындағы ақшалардың есебінен тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуы.

Мемлекеттік сатып алудың үдерісі мыналарды кіріктіреді:

Мемлекеттік сатып алу үдерісін реттеу мына қағидаттарға негізделеді:

Мемлекеттік реттеу механизмдерін ұйымдастыруды қалыптастыру.
Мемлекеттік реттеудің тұжырымдамасы барынша айқын анықталған болса, онда осы қызметті жүзеге асырудың механизмдері туралы сұрақ туындайды. Оған болжау мен индикативтік - реттеуші жоспарлауды; қаржылай-бюджеттік, салықтық, ақша-несие, баға, кедендік-салықтық, мөлшерлі-тарифтік, әкімшілік-құқықтық және нарықтық реттеулерді жатқызуға болады. Әрине, бұл механизмдердің әрқайсының өзінің қолдану әдістері бар.

Жалпы нарық бірнеше механизмдермен ретеледі
Бірінші - нарықтың өзін-өзі реттеу механизмі. Оған сұраныс пен ұсыныс және А. Смиттің айтуы бойынша «нарықтың көрінбейтін қолы» - бәсекелестік жатады.
Екінші - фирмааралық реттеу механизмі. Бұл жағдайда экономика фирмалардың өзара келісім-шарт жасауы арқылы реттеледі.
Үшінші - мемлекеттік реттеу механизмі туралы осы оқулықта сөз болып отыр.
Төртінші, мемлекетаралық реттеу механизмі. Мемлекет басқа мемлекеттермен бірлесіп экономикалық қоғамдастық немесе одақ құрған жағдайда, қоғамдық басқару органы қабылдаған шешім мемлекеттің экономикасы үшін міндетті болып табылады.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің формалары мен әдістері

- Заң актілерін, нормативтік құжаттарды, ережелерді қабылдау
- Мемлекеттік меншікті басқару, оның ішінде:
- мемлекеттік сектордың кәсіпорындарын
басқару
- мемлекеттік тапсырыс
- мемлекеттік инвестиция
- мемлкеттік несие
- субсидиялар
- Лицензиялау және квота беру
- Санкциялар пайдалану
- Қоршаған ортаны қорғау
- Мемлекеттік экономикалық болжау
- Индикативтік жоспарлау
- Мақсатты жоспарлау
- Салық жүйесін реттеу
- Несие-ақша құралдары
- Валюталық құралдар
- Әлеуметтік саясат
- Сыртқы экономикалық әсер ету формалары

Мемлекеттік қаржылық реттеудің нақтылы қорытындысына оны жүзеге асырудың белгілі бір шарттары сақталған кезде қол жетеді. Мұндай шарттарға мыналар жатады:
а) технологиялық қайта бөлістер бойынша өндірістердің мүмкін болатын үлкен жинақталымын біртіндеп дамыта отырып, экономиканы құрылымдық жағынан қайта құру;
ә) басқарудың барлық деңгейлерінде және меншіктің барлық нысандарында шаруашылық үдерістер мен құрылымдарды монополиясыздандыру;
б) рыноктық бастамаға, коммерциялық қызметтің, заңдағы ескертпелерден басқа қызметтің бірдей барлық түрлеріне еркіндік беретін барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер меншігінің бүкіл нысандарының шынайы теңдігін жасау негізінде бәсекені, кәсіпкерлікті дамыту:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz