Тақтұяқтылар отряды




Презентация қосу
Тақтұяқтыла
р отряды.
Түркістан құланы.
20 ғасырдың алғашқы
жартысына дейін құлан
Қазақстанның жазық
даласында үйір-үйірімен
топтанып жүрген. Қыс
айларында Каспий
 теңізінен шығысқа Іле
ойпатына дейін кең
таралған. Жазда 
Қарағанды Ақтөбе, 
Қостанай облыстарының
жерін жайлаған.
Құланды есепсіз аулау –
оның қазақ жерінде
құрып кетуіне әкеліп
соқты. Республикада
Құланды жерсіндіру
жұмысы 1953 жылы
басталды
Құлан (лат. Equus hemionus) – тақтұяқтылар отрядына
жататын жабайы жылқы. Сыртынан қарағанда
құланның есекке де (басы үлкен, құлағы ұзын,
құйрығы қысқа, кекілі жоқ, жалы тік), жылқыға да
(жүріс-тұрысы ширақ, дене бітімі сымбатты,
сирақтары ұзын) ұқсайтын ерекшелігі бар.[2] ХТҚО
және КСРО Қызыл кітаптарына енгізілген.
Керқұлан
Керқұлан,
Пржевальский жылқысы (
лат. Equus ferus przewalskii)
– тақтұяқты
сүтқоректілердің жылқы
тұқымдасына жататын
жабайы жылқы түрі. Кейде
оны жойылып кеткен
тарпаң жабайы
жылқысының түр тармағы
деп те есептейді. Денесінің
ұзындығы 230 см,
шоқтығына дейін биікт. 130
см, салм. 300 кг-дай.
Биелері айғырларынан
кіші. Денесін бозғылт
қызыл сары түк басқан,
жон арқасында ұзына
бойы созылған жіңішке
түкті белдік тәрізді
қарақошқыл жолағы
19 ғ-ға дейін керқұлан 
Қазақстанның, Моңғолияның, Қытайдың  құрғақ
далалы, шөлейтті-шөлді аймақтарында кең таралған.
Жылқы малының білгір маманы, қытайлық қазақ
ғалымы М.Қалиасқарұлының “Қазақтың жылқы
шаруашылығының шежіресі” деген кітабында
Керқұланға мынадай сипаттама берген: “Тұрқы 2 м,
биікт. 1,5 –1,3 м, мойны қысқа, әрі жуан, жалы – тік,
қысқа әрі сирек, қайратты келеді. Басы үлкен,
кеңсірігі жалпақ. Танауы, астыңғы ерні мен иегіне
сояуша түк өседі. Құлағы қысқа, қалың, ұшында
жарты ай тәрізді ойығы болады...”. Керқұлан – өте
қағылез сақ жануар. 10 – 20-дан топтанып үйір
құрады.
Қоянтәрізділер
отряды.
Құм қоян (лат. Lepus tolai) – қоян
туысының бір түрі. Құм қоян – қояндардың
ішіндегі ең кішісі. Дене тұрқы 38 – 53 см,
салмағы 1,5 – 2,5 кг. Арқасы мен бүйірі
қоңыр, сұр, ал бауыры ақ түсті.
Қазақстанда Арал Қарақұмы, Қызылқұм, 
Мойынқұмда және Қызылорда, Жамбыл, 
Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау
 облыстарындағы құмды жерлерде
мекендейді. Құм қоян өсімдіктің 118
түрімен қоректенеді. Оның 66 түрі
шөптесін өсімдіктер, 38 түрі бұталар, 14-і
ағаш тектес өсімдіктер. Құ мқоян қорегін
іздеуге ымырт түскен кезде, түнде
шығады. Ұйығу қаңтар мен ақпанның
аяғында басталады. Құм қоян – өте
өсімтал, жылына 3 рет көбейеді, әр
туғанда 1 – 9 көжектен табады. Көжегінің
дене тұрқы 11 см, салм. 85 – 95 г болады.
Құм қоян жыртқыш сүтқоректілер (түлкі, 
шиебөрі, қасқыр, дала мысығы, т.б.) мен
құстар (бүркіт,жамансары, қарақұс, 
кезқұйрық, үкі, т.б.) аулап, қорек етеді.
Көбейіп кетсе бау-бақшаға едәуір зиян
келтіреді. Сондай-ақ, кейбір жұқпалы
ауруларды таратады. Терісі жеңіл
өнеркәсіпте пайдаланылады.
Ор қоян (лат. Lepus europaeus) – қоян
туысының бір түрі, қояндардың ішіндегі
ең ірісі. Дене тұрқы 53 – 69 см, салмағы
3,5 – 5,8 кг. Артқы аяқтары алдыңғысына
қарағанда екі есеге жуық ұзын. Түсі әр
маусымда әр түрлі. Жазда және қысқа
қарай құйрығында қара жолақ пайда
болады. Қазақстанның батысы мен 
солтүстігінде, әсіресе Батыс
Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарында
таралған. Шөл, шөлейт, далалы жерлерді
мекендейді. Іні су жағалауларында,
бұталардың түбінде, орманның жиегінде
болады. Тіршілік әрекеті іңірде және
түнге қарай басталады. Жылына 2, кейде
3 рет (44 – 46 күнде бір рет), 3 – 9
көжектен туады. Денесін қалың түк
басқан,көжегі – көзі ашық, ширақ болып
туады, бірден жүріп кетеді. 12 жылдай
тіршілік етеді. Өсімдікпен қоректенеді.
Көбейіп кетсе бау-бақшаға зиян
келтіреді. Сондай-ақ,туляремия ауруын
таратады. Ор қоян еті, терісі үшін
ауланады.
Ақ қоян негізінен қалың қар түсетін орманды
жерлерде тіршілік етеді. Қостанай, Солтүстік
Қазақстан, Павлодар және Ақмола
облыстарындағы орманды
далаларда,Қарағанды, Шығыс Қазақстан
облыстарындағы таулы аймақтарда көптеп,
ал Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы
облыстарында сирек кездеседі.
Жыл бойы жайылым жағдайына, қардың түсуіне
орай, жыртқыштардың азды-көптігіне қарай
қоныстарын ауыстырып отырады. Дене тұрқы 68
см, салмағы 5 – 6 кг. Жазда түсі сұрғылт қоңыр,
қыста түгелдей аппақ болып түлейді. Басқа
қояндардан ерекшелігі құлақ қалқанының ұшы
қара, құйрығы дөңгеленген қысқа болады.
Жылына, ақпан – маусым айларында 2 – 3 рет
көбейеді, 3 – 10 көжек туады. Жазда шөптесін
өсімдіктермен, бұталармен, ағаштармен
қоректенеді, ал күз, қыс айларында ағаш
бұталары мен қабықтарын кеміреді. Ақ
қоян туляремия ауруын таратуы мүмкін.
Ағаштардың қабығын кеміріп, орман
шаруашылығына аздап зиянын тигізеді. Ақ қоян

Ұқсас жұмыстар
Тақтұяқтылар отрядының ерекшеліктері
Іңір немесе түн жануары
Қазақстанда мекендейтін сүтқоректілер
Қазақстандағы Сүтқоректілердің сүтқоректілер дене мөлшері класы
Филяриатоздар. Жылқы парафиляриозы.Та қтұяқтылар онхоцеркозы. Ірі қара сетариозы
Жануарлардың филяриатоздары және оларға қарсы ветеринариялық- санитариялық шаралары
Жануарлардың филяриотоздары және оларға қарсы ветеринариялық - санитариялық шаралары
Қаздар тұқымдасы
Бунақденелілердің классификациясы
Көмір тасбақасы Египеттік тасбақа
Пәндер