Үрмелі асбаптары




Презентация қосу
Үрмелі асбаптары
СЫБЫЗҒ
Үрмелі аспаптарЫ
арасында сыбызғы - халық үшін ең
сүйікті аспап болып табылады. Ол халықтық музыкалық
өнердің ажырамас бөлігіне айналды. Сыбызғы
шопандардың отар бағып жүрген кезде жалғыздығын
жебейтін аспап ретінде, ал кешкі демалыс мезгілінде
музыканттар ол арқылы ескі аңыздар-жырларды айтқан.
Сыбызғышылар барлық тойлар мен мерекелердегі
құрметті қонақтар болған. Сыбызғының кең таралуы,
қолданылуы оның қарапайымдылығымен түсіндіріледі.
Сыбызғыны қуыс талдан жасаған, одан үш саңылау
ойған. Сыбызғының оңай және тез жасалатынына
қарамастан, ойнау жеңіл болмаған. Сыбызғылық
күйлер әдетте екідауысты болып келеді. Бір дауыс
аспаптан шықса, екінші дыбыс орындаушы-музыканттың
тамақты дыбысынан пайда болған.      
Осы екі дыбысты қатар орындау техникасын
меңгерген адам сыбызғыда ойнай алатын болған.
Талдық сыбызғылардан басқа ағаш сыбызғылар
да бар.
Сазсырнай
Сазсырнай — саздан
жасалған үрлемелі
аспап. Үні ашық, нәзік
болады. Сазсырнай
Қазақстан
аймағындағы Отырар
қаласында жүргізілген
қазба жұмыстары
кезінде табылған.
Ежелде бұл аспап
балалар мен
жасөспірімдер
арасында кеңінен
таралған.
Болат Сарыбаев
Сарыбаев Болат (1927-1984) – музыкатанушы, өнертану
кандидаты. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік
консерваториясын қобыз класы бойынша бітірген, мұнан
соң халық аспаптар кафедрасында дәріс берген, бір
мезгілде қазақтың халықтық музыкалық аспаптарын
жинау мен зерттеу жөніндегі қызметтермен айналысты.
Зерттеушінің дербес жинамасы әртүрлі халықтардың
төрт жүзге таман музыкалық аспабын қамтиды, ол
сондай-ақ сыбызғы, сырнай, жетіген, шертер, шаңқобыз,
дабыл және басқа халықтық қазақ музыкалық
аспаптары жинамасының иесі. Ол бұл аспаптарда
Ықылас атындағы қазақтың музыкалық аспаптар
Музейіне тапсырған. Б.Сарыбаев “Қазақтың халық
аспаптары” монографиясында табылған аспаптардың
түрін, қатарын, дыбыстық берілімін, ойнау тәсіліне
ғылыми сипаттама бере отырып, жіктейді. Бұл
зерттеуге бағалы қосымша ретінде Сарыбаевтың
көмегімен “Қазақтың музыкалық аспаптары” әдемі
альбомы жарық көрді.
Еділ Құсайынов

Қазақтың музыкалық көне аспаптарын
шебер меңгерген сазгер, фольклор
зерттушісі. Ол жетіген, сыбызғы,
сазсырнай, қамыс сырнай, шаңқобыз
аспаптарымен қатар көмеймен ән
айтудың әзірше теңдесі жоқ жалғыз
шебері. Көмеймен ән айтушы бір
уақытта екі дыбыс шығарады. Бұ тәсіл
түркі халықтарының өнерінде дамыған.
Таспада көмеймен ән айтудың екі түрі
кездеседі — қарғыра (төменгі
регистрде) және сығыт (жоғарғы
регистрде). Еділ сақтар мен ғұндар
дәуірінің мәңгілік әуенін бүгінгі жаңа
ғасыр музыкасымен жалғастырып,
қазақ ұлттық мәдениетін әлемдік
сахнада жаңғыртып жүрген талант иесі.
Қылқобыз
Қылқобыз — әлемдегі
ысқышпен орындалатын
ішекті аспаптардың
атасы, қос ішекті көне
музыкалық аспап.
Қобыздың екі ішегіне
және ысқышына аттың
құйрық жалының қылы
тағылады. Қобыз
адамның денесін
шымырлатып, жүректі
тербейтін қоңыр қою
дыбыс береді. Қобыз
күйлері халықтың мұңы
мен қуанышын, ішіндегі
сырын айқын суреттейді.
Ерте заманда қобызда
жыршылар, бақсылар,
емші — балгерлер
ойнаған. Қылқобыздың
қазіргі заманның түрі —
прима қобыз.

Ұқсас жұмыстар
Қазақ музыка аспаптарының түрлері
Желдету міндеттері, басқа ғылымдармен байланысы және әдіснамасы
Yрлемелі музыкалық аспаптар оркестрі
Орта Азия халықтарының аспаптары
Музыкалық аспаптарды ата
Шаңқобыз - бітімі бөлек, ойналуы ерекше қазақ халқының көне музыкалық аспабы
Көшпенділер өркениеті Көшпенділердің жол серігі
Дыбысты шығармау белгісі
Оқушылардың сыныптан тыс музыкалық жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу әдістемесі
Масса және күш
Пәндер