Нәрестелік кезеңдегі психикалық дамуға шартты және шартсыз рефлекстің ықпалы
Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЕЛЕКЕТТІК
УНИВЕРСИТЕТІ
Тақырыбы:Нәрестелік кезеңдегі психикалық
дамуға
шартты және шартсыз рефлекстің ықпалы
Орындаған:Серікханқызы С.
П-407
Баланың дүниеге келуі – күрт өзгеріс
болып табылады. Біршама тұрақты
ортадағы тіршіліктен (ана организмдегі) ол
кенеттен жиі өзгеріп тұратын сан алуан
тітіркендіргіштерге толы, ауалы ортадағы
мүлдем жағдайға, яғни бұрынғы дәрменсіз
тірі жан дәрежесінен ақыл – есті адам
болып өсетің дүниеге шығады. Жаңа туған
бала (туған сәттен 1-2 айға дейін).Өмірге
бала шыр етіп келетіні белгілі. Бірақта,
баланың дүниеге келуіндегі шыр етіп
қалуын әр түрлі пікірлермен ғалымдар
түсіндіргісі келеді. Мәселен З.Фрейд
жарық дүниеге келген баланың шыр ете
қалуын ана организмінен бөлінген сәтте
болатын қамыға жылауы деп есептеді.
Фрейд бойынша, осы сәттен бастап
баланың инстинктік қажеттіліктері мен
қоғамдағы өмір талаптары арасында
тұрақты қақтығыс пайда болады. Фрейд
бұл қақтығыстың психикалық өмірді
қандай үздіксіз драмаға айналдыратын
пессимистік тұрғыда суреттейді.
Зерттеулер көрсеткендей, баланың туа біткен аздаған реакцияларыны ң
жиынтығында сыртқы тітіркендіргіштерге көптеген рефлекстер бар, оларды ң
негізінде ештеңе дамымайды. Бұл – баланың хайуанаттарды ң ар ғы атасынан
тұқым қуалайтын атавизимдік рефлекстер. Жоғарыда аталған туа біткен
рефлекстердің ішінде жармасу рефлексі мен еңбектеу рефлексі осы ған
жатады. Бұл рефлекстерге тән қозғалыс түрлері бара – бара жойылады.
Жармасу рефлексі жұдырық түйген кезде алақанның тітіркенуінен пайда
болады. Баланың психикалық дамуына сыртқы дүниемен өзара әсер теу
қабілетін дамытуға қажетті қозғалыстарды жармасу қимылдары негізінде
емес, саусақтардың тітіркенуінен пайда болатын қармау негізінде басталады.
Жармасу рефлексі бала қарамауға үйренуден бұрын жойылады. Табанмен
тіреп еңбектеу рефлексі де кеңістікте өздігінен қозғалуды дамытуды ң негізі
болып есептелмейді. Зерттеулер нағыз еңбектеу аяқпен итеруден емес,
қолдың қозғалысыныан басталатынын көрсетті: бала к өңілі ау ған н әрсеге
ұмтылады, қолын «кезек қозғап», алға жылжиды.
Қармау мен еңбектеу туған күннен бастап емес, одан едәуір кейін,
үлкендердің осы қимылдары үйретуімен, жаттықтырумен қалыптасады.
Сонымен, бала хайуанаттар төліне қарағанда, әлде қайда туа біткен
мінез-құлық формаларымен аз қаруланған. Балада адамға т ән мінез- құлы қ
формалары әлі де қалыптаспауы тиіс.
Баланың жаңа жағдайдағы өмірін оны ң бойына туа біткен
механизмдер қамтамасыз етеді. Оларда әлі де болса жетекші іс-
әрекеттер жоқ. Шартсыз рефлекстер баланы ң дамуында ғы ал ғы
шарты. Оның түрлері:
- қорғаныс рефлекстері – олар тітіркендіргіштен қашы қтауға немесе
оның әрекетін шектеуге бағытталған. (көзін жыпылдату, т үшкіру,
жөтелу).
- бағдарлау рефлексі – басқа тітіркендіргіштерге жанасу реакциясынан
көреміз. (қатты тітіркендіргішке басын б ұру).
- тамақтану рефлексі – бала тітіркендіргіш жаққа басын бұрып,
ауызын ашады. (ему, сору, жұту).
- қимыл – қозғалыс рефлексі – баланың алақанына бірдеңе тиіп кетсе
жармасу реакциясын тудырады. (жармасу, ж үзу, е ңбектеу).
Қарману рефлексі, егер баланың алақанына бірдеңе тигізсек қатты
жармасып, ұстап алады. 2-ші айда б ұл рефлекс жойылады. Қатты ұстау
реакциясына айналады. Бала етпетінен жат қан кезде табанына
алақаныңды тигізсек немесе бақайларын бір затпен жыбырлатса қ,
тітіркеніп аяғын алға тартып, ішімен жылжиды, б ұл е ңбектеу
реакциясына айналады.
Бағдарлау рефлексінің дамуы көруі мен естуі қабілетінің
жинақталуынан көрінеді, бұл кезде ыры қсыз, шашыранды қимылдар
тежеледі. Егер өмірге келудің алғашқы к үндерінде баланы ң ұй қысы
және сергектік күйлері әлі нашар ажыратылатын болса, ал ту ған
кезеңнің соңына қарай олар бөлініп, сергектік не ғұрлым мазм ұнды,
белсенді сипат алады.
Сезім мүшелері.Біздің қоршаған дүниеден алатын әсеріміз сезім
мүшелері арқылы қабылданады (рецепторлар) ж әне орталы қ ж үйке
жүйесіне беріледі.шартты рефлекстерді қалыптастыру үшін бас миы
қыртысының толысуынан басқа, есту,көру, иіс сезу,дәм сезу, мен
түйсіну балалада жеткілікті т үрде даму қажет екені т үсінікті.
Туғаннан көру және
есту анализаторлары
әлі де болса
аяқталмаған, ол
белсенді түрде
қалыптасады. 2-3
апта да қабілеті
көрінсе, ал 3-4 апта
да көру тұрақтылыққа
ие болады.
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Тақырыбы:Ерте сәбилік шақ.Сәбидің дамуынның
басты белгілері.
Орындаған:Серікханқызы С
П-407
Онтогенездегі тең уақыт ішінде адам психикасы
дамуы жағынан әртүрлі «қашықтықтан» өтеді.
Баланың бойында алғашқы 3 жылда пайда болатын
сапалық өзгерістердің елеулі екендігі
соншалық,кейбір психологтар адамның тұған
күнінен бастап кәмілеттік жасқа дейінгі аралықта
дамудың орта мөлшері туралы ойлағанда, оны 3 жас
деп есептеп жүр. 3 жаста бала өзін -өзі күтуге
қабілетті, айналасындағы адамдармен қарым –
қатынас жасай алады.
Сәби жасының ерекшелігі 1-3 жасқа дейін сәбилік кезең деп аталады. Осы
кезде баланың денесі де, психикасы да ерекше қарқынмен дамиды.
Бала өмірінің алғашқы жылында басы біршама үлкен, кеудесі ұзын,
аяғы қысқа болады. Осы кезде бұлшық еті де баяу дамиды. Бала өмірінің
алғашқы жылында көбінесе сұйық тамақпен тамақтанады. Алғашқы
жылмен салыстырғанда бойы 1,5 салмағы 3 есе артады. Екі жасқа келгенде
салмағы 200-250 грамм қосады. Бойы ай сайын 1 см өсіп, балаларда 20 сүт
тісі болады. Бұлшық еттері дамиды. Тыныс алуы баяулап бірқалыпты
ырғаққа келеді.
Бір жастың соңында баланың бас миының салмағы 780-800 г болады. Осы
кезде ай сайын 30 грамнан қосылып отырады. Үш жаста миының салмағы
1100-1200 дейін болады. Осыдан кейін мидың салмағының артуы
баяулайды:
7 жасқа келгенде 1250 г болады
8-9 жасқа келгенде 1300 г бболады
15 жасқа келгенде 1350 г болады
21 жасында мидың салмағының артуы тұрақталады.
Баланың жоғарғы жүйке жүйесінің алғашқы үш жыл бойында өте тез
дамиды.
Сәбилік шақта (1-3 жас) бала қарқынды дами бастайды. Психикалы қ
дамуы үлкен өзгерістерге ұшырайды. Үш жас кезеңіндегі баланы ң
ақыл –ойы едәуір жетілген болады. 3 жасқа дейін осындай үлкен
өзгерістердің болуына бірнеше факторлар себеп болады.
Бірінші себеп- баланың тік жүре бастауы. Бала бір жастан ас қаннан
кейін өз бетімен тік жүріп, түрлі заттардың қасиеттерін үлкендерді ң
көмегінсіз зерттей бастайды. Өздігімен жүрген соң заттарды ң
кеңістіктегі арақашықтығын да ажырата бастайды, кеңістікте
бағдарлану қабілеті дамиды.
Екінші себеп- әр заттың өзіне тән қызметін ажырату немесе балада
заттық әрекеттің дамуы
Үшінші себеп- баланың ойыны және тиісті өнерге үйренуі.
Бұл әрекет түрлі, сондықтан ойын мен іс-әрекеттер бала
психикасының дамуына үлкен әсер етеді. Алдымен ойыншы қ т үріне
немесе дыбысына қызықса, кейін оның нені бейнелейтініне м ән
береді. Баланың бойы бірінші жылына қарағанда 1,5 есе өседі, ал
салмағы 2 есеге артады.
3 жас дағдарысының 7 сипаттамалары:
Негативизм- бала ересектер қойған талаптарға жағымсыз реакция көрсетеді.
Негативизм таңдамалы да болуы мүмкін, ол отбасы мүшесінің біреуінің тілін ғана
алмайды немесе бір ғана тәрбиешіні тыңдамайды, ал басқаларымен қалыпты қатынаста
болады. Әрекеттің басты мотиві- барлығын керісінше жасау.
Қыңырлық ( упрямство)- бұл баланың өзі қалаған нәрсесін жасауға ұмытылуы.
Өтпелі кезеңде қырсықтық ( строоптивость) көрініс беруі мүмкін. Бұл нақты бір
адамға емес, ерте балалық шақта қалыптасқан қатынастар жүйесіне бағытталған.
Дербестілік тенденциясы байқалады: бала барлығын өзі жасап өзі шешкісі келеді.
Негізінен бұл жақсы құбылыс, дегенмен дағдарыс кезінде бұл өз еріктілікке алып келуі
мүмкін.
Наразылық – бүлікші ( қасарыспалық)- кейбір балаларда ата-аналарымен конфликтілі
жағдай жиі кездеесуі мүмкін, олар үлкендермен үнемі соғыс күйінде болады.
Деспотоизм ( шексіз билеушілік)- отбасында бір ғана бала болса көрініс береді. Бала
қоршаған адамдарға өзінің билігін көрсетеді.
Бағасыздану (обесценивание)- 3 жас дағдарысының ең қызық сипаттамасы. 3 жасар
бала ұрыса бастайды, сүйікті ойыншығын лақтырып тастауы мүмкін, бұл құбылыстың
барлығы баланың басқа адамдарға деген өзіне деген қатынасының өзгеруі жайында
хабар береді. Бала 3 жасқа келгенде көптеген жаңа әрекеттердің түрі пайда бола
бастайды. Осы кезде психикасы да ерекше қарқынмен дамиды. Мұндай жаңа
әрекеттерге сәбидің ойнайтын ойынының түрленуі, сурет салуы, жапсыру,
құрастыруы жатады. Бейнелеу әрекетінің әр түрі мен шұғылданып, қарандашпен
қағазға өзінше жазу жазып, шимайлап, түзу таяқшалар сыза бастайды. Бұлар сурет салу
дегеннің өзі бір заттың бейнесін қағазға түсіру екенін түсінеді. Баланың алғашқы сурет
салуы үлкендердің басшылығымен жүзеге асады.
Ерте сәбилік шақтың соңында ( 3 жасқа аяқ басқанда ) кейінірек
неғұрлым кең өркен жаятын және психикалық дамуды анықтайтын іс-
әрекеттің жаңа түрлерін игере бастайды. Бұл ойын және іс-әрекеттің
өнімді ( сурет салу, жапсыру, құрастыру ) түрі.
Заттық іс-рекетінің дамуына байланысты ерте балалаық шақта сурет
селуды игерудің алғы шарттары қалыптасады, ол мектепке дейінгі
шақта іс-әрекеттің ерекше түріне – бейнелеу іс-әрекетіне ауысады.
Баланың бейнелеуге дейнгі кезеңнен бейнелеуге көшуі бірінен бірінің
айқын айырмашылығы бар екі сатыға бөлінеді: әуелі сызықтардың
кездейсоқ ұштасуынан бір затқа ұқсастық, сонан соң әдейі бейнелеу
пайда болады.
Сәбилік шақтағы баладан графикалық бейнелерді пайдалатынын
көреміз. Мысалы,екі жасар қыз бала дөңгелетіп салған қисық
сызықтардың бірін «апаайым», екіншісін «ағайым»,үшінісін «шар»
деп атайды. Дегенмен де баладан күрделі графикалық бейнені жүзеге
асыру баладан көптеген күш жұмсауды талап етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Дүйсенова Ж.Қ., Нығметова
Қ.Н., Балалар психологиясы,
Алматы, 2012
2. Мухина В.С. Мектеп жасына
дейінгі балалар психологиясы.
Мектеп 1986ж.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz