Сайтқа презентация қосу

Бизнес-жоспар

Бизнес-жоспар

Кеңселік жиһазды жасау цехын құру

Жоспар
1 Кіріспе 2 Негізгі бөлім 2.1Өнімнің (қызметтің) сипаттамасы 2.2Кеңсеге арналған жиһаз жиынын жасаудың үлгі технологиясы 3 Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық әсері

Кіріспе Функциональды кеңселік жиһазы бәріне де керек. Егер қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларында жұмыс істеп жатқан ұйымдардың болжамды санын елестетумен көз жеткізуге болады. Егер қызметкерлерге арналған кеңселік жиһаз болмаса немесе оның сапасы бұдан да жақсырақ болуды талап ететін болса, сапалы еңбек үдерісін іске асыру мүлде мүмкін емес. Кеңселік жиһаз: үстелдер, шкафтар және т.б. еңбек қызметінің өнімділігін елеулі түрде арттыра түседі, бұның коммерциялық құрамы жағынан алып қарағанда маңызы зор. Осы заманғы кеңсе қызметкерінің қателесуге және жұмыс уақытын ысырабына жол беруге құқығы жоқ. Әртүрлі ұйымдардың табыстылығы мен бәсекеге қабілеттілік дәрежесі әрбір қызметкердің өндірістік тиімділігінің қаншалықты зор екендігіне байланысты болады. Кеңсеге арналған үстелдер орын-жайды жайғастырудың қалған басқа да элементтері сияқты қолайлы болуы тиіс.

Кеңселік жиһаз өзінде жоғары функционалдылықты, түрлендіру мүмкіндігін, тұтастықты, сәнділікті, икемділікті қамтуы тиіс. Кеңсе үстелдері. Кеңсе үстелдерін бірнеше топтар мен санаттарға бөлуге болады. Қызметкерлерге арналған үстелдерді нысаны бойынша тік кеңселік үстелдер және бұрыштық деп бөлуге болады. Тік кеңселік үстелдердің құралымдары барынша қарапайым және бөлшектерінің саны барынша аз болып келеді. Бұрыштық кеңселік үстелдер. Өзінің құралымдары бойынша бұрыштық үстелдер (үстелдің төменгі бөлігі) тік үстелдерге ұқсас, үстел бетінің нысаны мен қосымша тіректің болуымен ғана ерекшеленеді. Кеңсеге арналған бұрыштық үстелдер әдетте, жалғаспалы тумбаларсыз жасалады. Көбінесе осы үстелдерге үстелдің жалғасы сияқты болып көрінетін жалғаспалы тумбалар беріледі, тумба үшінші тірек болып табылатын үлгілер де жиі кездеседі. Бұрыштық кеңселік үстелдер өзінің пропорционалды еместігінен сол жақтық және оң жақтық деп бөлінеді.

Кеңселік шкафтар. Кеңселік шкафтар бір-бірінен әртүрлі құрылмалармен, толықтырулармен және өзінің мақсаты бойынша ерекшеленеді. Оларды мақсаты бойынша басты екі тұрпатқа бөлуге болады – бұлар қызметкерлерге арналған жұмыс шкафтары мен сәндік шкафтар және басшыларға арналған қабырғалық шкафтар. қызметкерлерге арналған шкафтардың мақсаты кеңседегі ағымдағы және жедел құжаттарды сақтау болып табылады. Кеңсе жиһаздарын әртүрлі өндірушілердің шкафтарының мөлшері мен құралымдары бір-бірінен сәл ерекшеленуі мүмкін. Шкафтар немесе басшылардың кабинеттеріндегі қабырғалық шкафтардың ең бірінші кезекте сәндік бағасы бар. Әдетте, олар құжаттарды сақтау үшін емес, кабинетті сәндік безендіру үшін қолданылады. Басшыға арналған шкафтарда кітаптар мен журналдардың жинақтары, ал ашық сөрелерде заттардың әртүрлі жинақтамалары сақталады. Сондықтан басшыларға арналған қабырғалық шкафтарды өндірушілердің барлығы дерлік әйнектелген қасбеттерді немесе ашық секцияларды көп пайдаланады.

Кеңсеге арналған жиһаз жиынын жасаудың үлгі технологиясы 1. Дайындамаларға арналған толық пішімді тақталарды пішімдеп кесу 2. Дайындамалардың жиектерін қаптау

3. Дайындамаларда тесіктер бұрғылау

4. Бұйымдарды құрастыру Электрлендірілген аспапты қолдана отырып қолмен құрастыру.

Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық әсері

Тұтастай алғанда кәсіпорын қоршаған ортаға зиянын тигізбейді, өйткені өндіріс зиынды қалдықтар шығарумен байланысты емес, технологиялық үдерісте зиянды құрамдауыштар мен заттар қолданылмайды. Өндірістің және жиһаздың өзінің қоршаған ортаға және адамның денсаулығына әсерінің қауіпсіздігіне сәйкестік сертификаты болады. Шығыстарда өнімді сертификаттау шығыстары негізделген.


Пән: Бизнесті бағалау


Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить


Зарабатывайте вместе с нами

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Сіз үшін аптасына 5 күн жұмыс істейміз.
Жұмыс уақыты 09:00 - 18:00

Мы работаем для Вас 5 дней в неделю.
Время работы 09:00 - 18:00

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь