MS Excel кестелік процессоры. MS Access мәліметтер қорын басқару жүйесі



MS Excel кестелік процессоры.
MS Access мәліметтер қорын басқару жүйесі.
Орындаған: Камзаева А. Ф
ТлебалдыА. Б

MS Excel кестелік процессоры.
Microsoft Еxcel -1979 жылы екі экономист студент Дэн Бриклин және Боб Френкстон үй тапсырмасын тез орындауға көмектесетін және уақытты үнемдейтін әдіс ойлап табуды шешті. олар тарихта бірінші рет электронды кесте бағдарламасын жазып, оны Visible Calculator сөзінен қысқартылған VisiCalc (Көрсеткіш калькулятор) деп атады. сондықтан барлық электрондық кестелер бағдарламасы, оның ішінде Excel программасы Дэн мен Бобтың арқасында жүзеге асты. IBM және Macintosh компьютерлерінде жұмыс істейтін, ең озық үлгілерді ала отырып, бүгінгі заман талабына сай жасалған, электрондық кесте құрастыратын қолданбалы программа Excel-дің соңғы нұсқаларында график тұрғызу, күрделі функциялар арқылы есеп-қисап жүргізу және бірнеше жұмыс кітаптарымен қатар жұмыс атқару сияқты мүмкіндіктер кеңінен қолданылады. Кестелік құрылымды құжаттармен жұмыс істеуге арналған кең таралған құралдардың бірі Microsoft Excel. Ол сандық мәліметтермен жұмыс істеу үшін негізделген.

EXCEL Нұсқалары:
1988 - Excel 2. 0
1990 - Excel 3. 0
1992 - Excel 4. 0
1993 - Excel 5. 0 (Windows NT)
1995 - Excel 7 (Windows 95)
1997 - Excel 97
1999 - Excel 2000 (9) - Microsoft Office 2000
2001 - Excel 2002 (10) - Microsoft Office XP
2003 - Excel 2003 (11) - Microsoft Office 2003
2007 - Excel 2007 (12) - Microsoft Office 2007
2010- Excel 2010 (13) -Microsoft Office 2010
2012- Excel 2013 (14) -Microsoft Office 2013

Excel- де диаграммаларды тұрғызу.
Excel программасындағы диаграмма термині сандық мәліметердің графиктік түрде бейнеленуінің барлық жағын қамтиды. Графиктік бейнелеу берілген мәліметтер қатары негізінде құрылады. Берілген мәліметтері бар жеке алынған жол немесе бағаннан тұратын ұяшықтар тобы мәліметер тобын құрайды. Бір диаграммада бірнеше мәліметтер қатарын бейнелеуге болады. Диаграмма деп жұмыс кітабының бір парағына енгізілген графиктік обьектіні айтады. Ол мәліметтер тұрған парқта немесе кез келген басқа парақта орналасуы мүмкін. Диаграмма өзі тұрғызылған мәліметтермен әрқашан тығыз байланыста болады. Егер мәліметтер жаңартылатын болса, диаграмма да автоматты түрде соған сәйкес өзгереді. Диаграмманы тұрғызу үшін Диаграмма шебері (Мастер диаграмм) қолданылады. Ол стандарты аспаптар панелінде орналасқан диаграмма шебері батырмасының көмегімен іске қосылады. Әдетте диаграмма тұрғызар алдында мәліметтер орналасқан аймақты ерекшелеп алады немесе бұл мәліметерді Диаграмма шеберінің барысында енізуге болады. Диаграмманың түрін таңдап алу. Диаграмма шеберінің алғашқы сатысында диаграмманың түрін таңдап алуымыз қажет. Стандартты қыстырмасындағы Түр (Вид) тізімінде диаграмманың қолда бар түрлері көрсетілген. Таңдап алынған түр үшін терезенің оң жағында мәліметтердің көрсетілуінің түрлі нұсқаулары көрсетілген. Сонын ішінен ең қолайысын таңдауымыз қажет. Стандарты емес қыстырмасында пішімделген, толығымен қалыптасқан диаграмма түрлері бейнеленген. Диаграмманың түрін таңдап алынғанна кейін Ары қарай ( Далее ) батырмасын басамыз.

Мәліметтерді анализдеу және Құрама кесте тұрғызу.
Сүзгілеу құралдарымен қорытынды есептеулерді біріктіре отырып анализдеуге болады. Осындай анализдеудің нәтижесін құрама кестелер мен құрама диаграмма түрінде көрсетіледі. Құрамма диаграмма құрған кезде автоматты түрде сол мәліметер негізінде құрама кесте де тұрғызылады.
Құрама екстені тұрғызу Құрама кесте шеберінің ( Мастер сводных таблиц и диаграмм ) көмегімен іске асырылады. Ол үшін алдымен мәліметтер базасына қатысты ұяшықтарды ерекшелеп алу қажет. Сонан кейін Мәліметтер > Құрама кесте (Данные > Сводные таблицы) командасын орныдау қажет. Құрама кесте шебері (Мастер сводных таблиц и диаграмм) жұмысының алғашқы сатысында мәліметтер типі мен құрама мәліметтерді безендіру түрін анықтап алады. Ары қарай (Далее) батырмасын шерткеннен кейін, мәліметтер базасындағы ауқым дұрыс таңдалғанына көз жеткізу керек. Тағы Ары қарай батырмасын шерткен соң құрама кестенің орны анықталады. Құрама кестені көбіне жаңа бетке орналастырады (Жаңа бет (Новая страница) ауыстырып-қосқышын тағайындау арқылы) .

Құрама кестенің құрылымы:
Құрама кесте шебері (Мастер сводных таблиц и диаграмм) жұмысының келесі сатысында құрама кестенің мазмұны мен құрылымын қалыптастырып алады. Бұл терезеде құрама кестенің маекті берілген. Ол төрт аймақтан тұрады: Бет(Страница), Жол(Строка), Баған(Столбец) және Мәліметтер(Данные) . Құрама кестенің әрбір аймағына мәліметтер базасының қайсыбір өрісі сәйкестендіріледі. Құрама кестені толтырған кезде мәліметтер сәйкес өрістерден автоматты түрде алынып қойылады. Оны толтыру үшін осы бетте мәліметтер базасының өріс атауларымен аталған батырмалар қолданалады. Құрама кесте шеберін (Мастер сводных таблиц и диаграмм) іске қосып, шебер жұмысының бірінші сатысында Құрама диаграмма ауыстырып-қосқышын тағайындау керек. Содан соң Ары қарай (Далее) батырмасын басып, құрама диаграмма тұрғызылады. Диаграмманы пішімдеу мен баптау оның жанама меню арқылы іске асырылады. Диаграмманың түрін өзгерту үшін ол тұрған аймаққа тышқанның оң батырмасын басып, жанама менюден Диаграмма типі бөлімін таңдап алу қажет. Осылайша жанама менюден Пішім (Формат) бөлімін таңдап алып, диаграмма пішімін өзгертуге болады.

Бақылау құралдары.
Жұмыс парағын бақылау. Excel-дің жұмыс парақтары құжаттарды даярлау үшін қолданылатын болса, онда оны қате енгізілген мәліметтерден сақтау қажет. Мәтінді енгізгенде қателерді қарап шығып, түзетуге болады. Сандық мәліметтерді енгізгенде жіберілегн қателер жай көзге көрінбейді. Көбінесе Excel-дің жұмыс парақтарының өзі қате өрнектерді қамтитын формулалардан тұрады. Формулалардағы қателерді екі топқа бөледі: есептелмейтін формулалар және циклдік сілтемелер. Қате формулаларды есптегенде нәтижесін алу мүмкін болмаған жағдайда Excel программасы сол ұяшыққа қатенің кодын шығарып береді. Циклдік сілтемеде Excel программасы қате жайлы хабарды бірден экранға шығарып береді. Егер формула есептеу кезінде басқа ұяшықтағы мәндерді пайдаланса, онда осы формула сол мәндерге тәуелді болып табылады, ал формула тұрған ұяшық тәуелді деп аталады. Керісінше, мәндері қолданылған ұяшық формуланың мәніне әсер етіп, әсер етуші деп аталады. Цикілдік сілтеме ұяшықтың мәні сол ұяшыққа тәуелді болады. Оның ең қарапайым түрі - егер ұяшық өзі-өзіне адрестелген болса. Егер программа кестеден цикілдік сілтемені тауыпалса, онда ол бірден қатежайында хабар береді және циклдік сілтеменің аспаптар панелін ашып береді. Циклдік сілтеме табылған ұяшықтар көгілдір дөңгелекшемен белгіленеді және қалып-күй жолында Цикл сөзі пайда болады. Циклдік сілтеменің аспаптар панелінде циклдік сілтемесі бар ұяшықтардың тізімі көрсетіледі. Егер циклдік сілтеме бірнеше ұяшықтарды қамтыса, онда оны тәуелсіз ұяшықтар мен әсер етуші ұяшықтар батырмасы арқылы ашып, қатесі бар ұяшықтарды тауып алуға болады.

MS Access мәліметтер қорын басқару жүйесі.
Microsoft Access бағдарламасы ол - кез-келген фирма, мекеме, шағын кәсіпкерлік шаруа-шылықтар бір-бірі турла мағлұмат алу үшін, немесе келісу үшін, арнайы қағаздар толты-рып, құжаттар дайыднап, қағаздардың санын көбейтіп әуре болмайды. Мұның бәрін осы бағдарлама жасайды. Бұл бағдарламада кесте түрінде, сызба түрінде, кез-келген фирманың толық мағлұматтары болады. Оны алып қарап, онымен тікелей жұмыс жасай беруге болады. Microsoft Access бағдарламасы қазіргі кезде компьютерлік технологиялардың құрал ретінде кеңірек пайдаланылуы. Бұл бағдарлама қазіргі таңда компьютерді осы бағытта пайдаланудың нақты мысалдары көп емес. Бұл бағдарламаны оқушыларға оқыту жүйесіндегі көптеген сатылардан біртіндеп меңгеру арқылы жүргізіледі. Microsoft Access бағдарламасы кеңінен қолданылатын бағдарлама. Ол өнідіріс орындарында, баспа-кітап шығару салаларында, оқулықтар жасауда, сауда-саттық айналымында есептік жүйелерді орындауда ерекше рөлді атқарады. Microsoft Access бағдарламасы жоғарғы оқу орындарындағы оқушылар үшін кеңінен пайдалану да бірнеше ұтымды жақтары бар. Оқу процесінде білімін жетілдіру, ақпарат құралдарын енгізу, есте сақтау операциялары бойын-ша барлық мағлұматтарды енгізіп отыру, есептеу, сараптау, т. б. жүйелер үшін тиімді.

Microsoft Acces шежіресі:
1995 Access 7 (Windows 95 үшін MS Office 95 пакеті)
1997 Access 97 (MS Office 97 пакеті)
1999 Access 2000 (MS Office 2000 пакеті)
2001 Access 2002 (Office XP пакеті)
2003 Access 2003 (MS Office 2003)
2007 Microsoft Office Access 2007 (MS Office 2007)
2010 Microsoft Office Access 2010 (MS Office 2010)

Мәліметтер қоры.
Мәліметтер қоры -дегеніміз мәліметтердің реттелген, өзара байланысты жиынтығы. Ол ақпаратты сақтауға арналған құрылым. Мәліметтер қорына мысал ретінде телефон анықтамалығын, поездар қозғалысының кестесін, кәсіпорын қызметкерлері туралы мәліметтерді, студенттердің сессия тапсыру қорытындыларын және т. б. атауға болады. Электронды мәліметтер қорының басты қасиеті - ақпаратты жылдам іздестіру, сұрыптау және түрлендіру. Мәліметтер қорының түрлері: реляциялық, иерархиялық, желілік. Мәліметтердің реляциялық қоры кестелерді қолдануға негізделген. Ол екі өлшемді кесте түрінде ұйымдастырылған. Егер әрбір жазба нақты бір объектіге ғана қатысты ақпараттарды қамтитын болса, онда мәліметтер қоры реляциялық мәліметтер қоры болып табылады. Реляциялық мәліметтер қорында әрбір тізім кестелерде сақталады. Иерархиялық мәліметтер қорында мұндай байланыстар бұтақ тәріздес құрылым түрінде
бейнеленеді. Мұнда біржақты байланыстардың болуы мүмкін және сұраныс құрылымда бейнеленсе ғана қанағаттандырылады. Желідегі мәліметтер қоры желілік мәліметтер қоры деп аталады.
Мәліметтер қоры орталықтандырылған және үлестірілген болып жіктеледі. Орталықтандырылған мәліметтер қоры бір есептеуіш жүйенің жадында сақталады. Егер бұл есептеуіш жүйе компьютер желісінің құраушысы болса, онда мұндай қорға үлестірілген қатынас құруға мүмкіндік болады. Мәліметтер қорын пайдаланудың мұндай тәсілі дербес компьютердің жергілікті желілерінде жиі пайдаланылады. Үлестірілген мәліметтер қоры есептеу желісінің алуан түрлі компьютерлерінде сақталатын бірнеше бөліктерден, тіпті бірін-бірі қайталайтын бөліктерден тұрады. Мұндай қормен жұмыс істеу үлестірілген мәліметтер қорын басқару жүйесінің көмегімен жүзеге асырылады.

Мәліметтер қорын басқару жүйесі.
Мәліметтер қорын басқару жүйесідегеніміз жаңа мәліметтер қорын құруға, оны мәліметтермен толтыруға, оның
мазмұнын редакциялауға, оларды реттеуге арналған программалық құралдар кешені. Мәліметтер қорын басқару жүйесі- мәліметтерді сақтау, қосу, жою, редакциялау үшін қолданылатын программалық жүйе. Мәліметтер қорын басқару жүйелері: Access, Clipper, Oracle, Paradox, FoxPro, FoxBase.
Access программасы-мәліметтер қорын басқару жүйесінің танымал программаларының бірі. MS Access файлының кеңейпесі: . mdb. Басқа жүйелерге қарағанда, Microsoft Access пайдалануға жеңіл және ыңғайлы. Ол пайдаланушыға келесі мәселелерді шешуге мүмкіндік береді

Мәліметтер қорына төмендегідей талаптар қойылады.
мәліметтер қорының мазмұнын көшіруді болдырмау немесе азайту;
пайдаланушы топтардың құқықтары мен талаптарына сәйкес, мәліметтер қорының жекелеген ақпараттық элементтерге енуін жеделдетуді қамтамасыз ету;
үнемі өсіп отыратын талаптарды қанағаттандыру үшін мәліметтер қорының кеңейтілу мүмкіншіліктерін қамтамасыз ету;
тек қана дұрыс, алдын ала тексерілген ақпараттарды пайдалануды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, мәліметтер қорының тұтастығын сақтау;
мәліметтер қорының, тұтынушылардың жекелеген категорияларының жұмыс сітеуіне қажетті, белгілі бір ақпараттық элементтерге енуіне ғана рұқсат ;
қорға енуді, мәліметтер қорына ақпараттар қосу мен түзетуді тек қана авторлық құқығы бар тұтынушылардың орындауы;
мәліметтер қорын пайдаланушылардың талабына сәйкес, мәліметтер элементтерін, түзету, бейнелеу және есептеу құрылғыларын құрудың қарапайымдылығын қамтамасыз ету;

Деректер үрдісінің негізгі үш түрі бар - реляциондық, иерархиялық және желілік.
Реляциондық үрдіс.
«Реляциондық» термині (латын тілінен relatio - қатынас) бұндай деректерді сақтайтын үрдістің ең алдымен өзінің құраушы бөліктерінің өзара қатынасына құрылатынын көрсетеді. Ең қарапайым жағдайда ол екі өлшемді массивті және екі өлшемді кестені білдіреді, ал күрделі ақпараттық үдістерді құру кезінде өзара байланысқан кестелердің жиынтығын құрайды. Бұндай кестенің әрбір жолын жазба, ал бағанын өріс дейміз. Деректердің реляциондық үрдісі келесі қасиеттерге ие болады:
кестенің әрбір элементі - деректердің бір элементі;
кестеде барлық өрістер дара болып табылады, яғни бір түрге ие болады;
кестеде бірдей жазбалар болмайды;
әрбір өріс бірегей атқа ие болады;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz