Макроэкономикалық үлгілердің экономикалық мәні
Презентация қосу
Макроэкономикалық
үлгілердің
экономикалық мәні
Жуванышева А.
Эн-401
Макроэкономика - экономикалық
теорияның экономиканы тұтастай зерделейтін бөлімі.
Макроэкономика экономикалық циклдік кезеңдер
менэкономикалық өрлеу, жұмыспен
қамтылу, инфляция мәселелерін,
жалпы экономика ауқымындағы басқа да мәселелерді,
сондай-ақ ұлттық экономикалардың қарым-қатынасын
зерттейді.
Макроэкономика ғылымының өзіне тән
зерттеу әдістері бар.
Әдіс – белгілі бір нақты ғылымның пәнін
зерттеу тәсілдерінің, амалдарының, формаларының
жиынтығын, яғни ғылыми зерттеудің нақты
құралдары.
Макроэкономикалық талдаудың
ерекше әдісі агрегаттау. Агрегаттау –
берілген экономикалық құбылыстар мен
үрдістерді біртұтас жиынтық ретінде
жалпылама түрде көрсету және біріктіру.
Агрегатталған өлшемдер нарықтық
жағдаятты және оның өзгерісін сипаттайды
(пайыз мөлшерлемесінің деңгейі, ЖҰӨ, ЖІӨ,
бағалардың жалпы деңгейі, жұмыссыздық
деңгейі және т.б.)
Макроэкономикалық үлгі — әртүрлі
экономикалық құбылыстар мен үрдіс арасында
пайда болатын функционалдық байланыстарды
айқындау мақсатында құрылған жүйеленген
сипаттама.
Кез келген үлгі күнделікті өмірдің оңайлатылған
бейнесін көрсетеді. Себебі, макроэкономикалық зерттеу
жүргізуде нақты өмірдің барлық жақтарын бір уақытта
қарастыру мүмкін емес. Сондықтан да бірде – бір
макроэкономикалық үлгі нақты, толыққанды болмайды.
Ол нақты уақыт кезеңіндегі белгілі бір бағыттағы тек
жалғыз ғана дұрыс жауапты бермейді. Бірақ осындай
жалпылама үлгілердің арасында экономикаға әсер
ететін ішкі (эндогенді) және сыртқы (экзогенді)
экономикалық айнымалылардың көлемі анықталады.
Үлгілерді жасау кезінде жалпы ұлттық
өнім (жалпы ішкі өнім), ұлттық табыс, бағаның
орташа деңгейі, т.б. сияқты жиынтық және
біріктірілген көрсеткіштер пайдаланылады.
Макроэкономика шеңберінде зерттелетін
мәселелерге теориялық талдау жасалып қана
қоймай, сонымен бірге, экономикалық
саясат жүргізу жөнінде ұсыныстар әзірленеді.
Экономикалық саясаттың стратегиялық
және тактикалық міндеттерін айқындау,
құралдарды таңдау, мақсаттарды үйлестіру —
қазіргі заманғы макроэкономиканың аса маңызды
құрамдас бөлігі.
Экзогенді айнымалылар – зерттеуден бұрын белгілі бастапқы
ақпарат. Олар үлгіден тыс қалыптасады. Сондықтан оларды
сыртқы айнымалылар деп те атайды. Экзогенді айнымалылар
үлгіде тәуелсіз шамалар болып табылады, экзогенді
айнымалылардың өзгеруі автономдық өзгерістер деп
аталады.
Эндогенді айнымалылар –үлгілеу барысында есептеулердің
нәтижесінде анықталатын айнымалылар. Олар экзогенді
айнымалылардан тәуелді болып табылады. Эндогенді
айнымалылар - үлгіні шешудің нәтижесі.
экзогенді Үлгі эндогенді
айнымалылар айнымалылар
келтірілген сызба экзогенді айнымалылардың өзгерісі эндогенді
айнымалылардың шамасына қалай әсер ететіндігін көруге мүмкіндік береді.
Экономикалық принциптер арқылы түсіндірілетін
айнымалылар эндогенді, ал түсіндірілмей, берілген түрде
қабылданатын айнымалылар экзогенді деп аталады. Негізгі
мақсатымыз эндогенді айнымалылардың өзгерісін экзогенді
айнымалылар арқылы түсіндіру болып табылады.
Үлгінің көмегімен қамтамасыз етілетін экономикалық
міселелерді шешудегі жан – жақтылық макроэкономикалық
саясаттың икемділігін және баламалылығын арттырады.
Макроэконномикалық үлгілерді пайдалану Үкімет пен Ұлттық
банк экономикадағы циклдік толқуларды реттеуде жүргізетін
бюджет – салық, ақша – несие саясаттарының құралдарын
тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Макроэкономикада эндогенді жєне экзогенді
айнымалылармен қатар қор мен ағым деп аталатын
айнымалылар да қолданылады.
Қор белгілі бір датаға есептеледі. Мысалы, жылдың
басындағы мемлекеттік қарыз көлемі, тоқсанның соңындағы
экономикадаѓы капитал көлемі, жыл соңындағы жұмыссыздардың
саны т.с.с. Ал, ағым уақыт бірлігіне есептеледі, мысалы, бір
жылдағы тұтыну шығындары, бір айдағы инфляция деңгейі,
бірінші жартыжылдықтағы жұмыстан кеткендер саны т.с.с.
Қор мен ағым бір-бірімен байланысты жєне олар
макроэкономикалық айналым моделін құрайды. Бұл модельдің
нышаны жабық және ашық экономикаға байланысты. Ашық
экономика жағдайында табыстың бір бөлігі сыртқа ағыс
(«утечка») ретінде кетеді (жинақ, салық төлемдері, импорт
түрінде), ал, кей жағдайда, табыс инъекция түрінде сырттан
келеді (инвестиция, мемлекеттік шығындар, экспорт түрінде)
Шеңберлі ағым үлгісі, AD – AS,
Кейнс кресі, IS – LM, Филипс пен
Лаффер қисығы, Солоу үлгісі сияқты
жалпылама макроэкономикалық
үлгілер макроэкономикалық талдау
жүргізудің негізгі құралдары болып
табылады. Бұл үлгілер қандай да бір
ғана ұлттық экономикаға тән емес.
Кез келген үлгі экономиканың динамикасын және оның
көрсеткіштерін танып білудегі пайдалылығымен бағалануы тиіс.
Бағалаудың объективтік қиындығы мынада болып табылады:
а) алға қойған мақсаттарға жетуге байланысты үлгі
құрарда оны жеткілікті алғышарттармен қамтамасыз ету;
ә) макроэкономикалық саясат үшін қате шешімдерді
болдырмау.
Үлгі жеткілікті дәрежеде нақты өмірді көрсетуі мүмкін, бірақ
бұл жағдайда ол өте күрделіленіп кетуі де ықтимал. Ал өз кезегінде
үлгінің қарапайымдылығы оны экономикалық зерттеулерге
пайдалануға байланысты талап немесе шарт болып табылады.
Үлгінің шамадан тыс жеңілдетілуі үлгіде біраз маңызды
факторлардың ескерілуіне әкеліп соғады, ал оның нәтижесінде
қабылданған шешімдер қате болып шығу ықтималдылығы артады.
Сондықтан кез келген үлгіні құрудағы басты қиыншылық – нақты
мәселе бойынша макроэкономикалық талдау жүргізуге қажетті
факторлар шеңберін анықтау.
Назарларыңызға
рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz