Стандартты модульдер


Slide 1

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

*

Модульдерді пайдаланатын программа құру

Орындаған: Аманжолов Д. А

АУ-401

Тексерген: Жаксыгулова Д. Д

Slide 2

Стандартты модульдер.

Модуль құрылымы программа құрылымына ұқсас. Модульдің ішіндегі барлық сипаттамалар бір-бірімен байланысты. Мысалы, Strings модулі нөлдік белгімен аяқталатын жолдарды өңдейтін ішкі программаларға қажетті сипаттамалардан тұрады. Сонымен қатар ішкі программалар сияқты, модульдер де стандартты және стандартты емес немесе қолданушының модулі, яғни, програмалаушылар өздері құрастыратын бола алады. Стандартты және стандартты емес модульдер құрылымы бірдей болғандықтан, олардың сипатталуы бірдей ережеде құрылған. Модульдер программаға оның атын uses компилятор нұсқауында сипаттаудың көмегімен қосылады. Мысалы, былай сипатталғанда: Uses Dos, Crt;

Slide 3

Турбо Паскальда қолдануға дайын процедуралар мен функциялар жинақталған стандартты модульдер бар.

Олар:

SYSTEM - барлық программаларда автоматты түрде қолданыла беретін стандартты процедуралар мен функциялардан құрылған модуль.

MS DOS- операциялық жүйе мүмкіндіктерін қолдануға арналған процедуралар мен функциялар DOS модулін құрайды.

CRT- экранның клавиатураның және динамиктің жұмысын басқаруға пайдаланылатын процедуралар мен функциялардан тұратын модуль.

Slide 4

GRAPH- әр түрлі графикалық адаптерлерді қолдайтын компьютердің графикалық мүмкіндіктерін көрсететін көптеген программалардан тұратын модуль.

PRINTER- принтермен жұмысты жеңілдететін модуль.

OVERLAY- оверлей программалар құру кезінде қолданылатын модуль.

WINDOS- модулінің процедуралары DOS модулінің процедураларына ұқсас.

STRINGS- модулі Pchar - типті қатарлармен жұмыста пайдаланылады.

Slide 5

Бұл модульдердің программада қолданылуы:

Program <программанаң аты>;

Uses <модуль аты>

{Егер бірнеше модульдер қолданылатын болса}

Uses <1-модуль аты>, <2-модуль аты> . . . < N -модуль аты>;

Slide 6

SYSTEM-модулінің процедуралары мен функциялары

SYSTEM модуліндегі Random(i) функциясы 0-ден i-ге дейінгі кездейсоқ санды анықтайды.

Математикалық (Abs, ArcTan, cos, sin, exp, ln, sqr, sqrt, Frac, int, Pi), түрлендіруші

(chr, ord, trunk, round, pred, succ, odd, т. б. ) жолдық қатарларды өңдеуге арналған

(Concat, Copy, Length, Pos, Delete, Insert, Str, Val) процедуралар мен функциялар да осы SYSTEM модулі құрамына кіреді.

Slide 7

DOS модулінің процедуралары

Программа жұмысын басқару үшін процедуралары: Exit, Halt.

Exit- процедурасы программаның орындалу барысында блоктан тез шығуға мүмкіндік береді.

Halt- процедурасы программаның орындалуын тоқтатып, басқаруды операциялық жүйеге қайтарады.

Exec(a, b) - a-программаны b-қатардың мәні бойынша тауып, орындайды.

FindFirst- көрсетілген каталогтан атрибуты бойынша файлды іздеу.

FindNext - сол каталогтан дәл сондай атрибутпен келесі файлды іздеу.

Slide 8

CRT модулі.

Дербес компьютердің экраны әдетте (текстік режимде) 25 жолдық қатардан тұрады, ал әр қатарға 80 таңба сияды. Бірақ кейбір типтегі дисплейлер басқа да режимде болады. Түрлі түстің жалпы саны 16. Бірақ ақ-қара экранды компьютерлер де бар. Экран жұмысын басқару үшін бізге қандай мүмкіндіктер қажет? Керекті таңбаны J-қатардың I-позициясына шығаруға болады. Түсін өзгерту толық экранды игере алу деген сөз. Аталған мүмкіндіктердің барлығы CRT модулінде қарастырылған.

Slide 9

GoToXY(I, J) - процедурасы курсорды экран бетінде J-қатардың I-бағанына жылжытады.

TextColor(Color) - текстің түсін орнатады.

TextBackground(Color) - экран бетінің түсін (фон) орнатады.

ClrScr процедурасы экрандағы жазуларды фон түсімен бояп, тазартып курсорды жоғарғы сол жақтағы бұрышқа апарады.

Window(x1, y1, x2, y2) - экран бетінде тік төртбұрышты терезе сызады. Мұндағы

(x1, y1) және (x2, y2) нүктелері тік төртбұрыштың диагоналының сол жақ жоғарғы және оң жақ төменгі төбелері.

Window процедурасы іске қосылған болса, онда барлық процедура тек таңдалған терезеде ғана жүреді. Курсор әрі қарай өтпейді.

Slide 10

Модуль трансляциясы

Модуль трансляциясының нәтижесі ретінде сол атымен берілген және кеңейтілуі-ТРU файлды алуға болады, яғни ұзақ қолдану кезінде дискіде сақтауға болады.

Модуль-файлының кеңейтілуі ТРU ету тәсілі:


Ұқсас жұмыстар
Модульдік программалау
Ішкі және модульдік программалау
Ішкі және модульдік программалау. Си тілі мен Паскаль тілінде жазылған бағдарламалар
Си тілінде кіріктірілген циклдерді орындаудың
Циклдық алгоритмдерді орындайтын программалар
Кіріктірілген циклдардың құрылымын ұйымдастыру. Циклдық алгоритмдерді орындайтын программа құру
Графикалық обьектілер
СИ ОРТАСЫНДА ФАЙЛДАРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ
Мәліметтер қоры объектілерімен жұмыс істеу интерфейсі біртұтас
Құрылымы мен мазмұны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz