Бағдарламалық жасақтама. Операциялық жүйелер


Slide 1

Бағдарламалық жасақтама. Операциялық жүйелер.

Slide 2

Жоспар:

Бағдарламалық жасақтама ұғымы;

Жүйелік БЖ

Аспаптық БЖ

Қолданбалы БЖ және түрлері.

ОЖ және оның қызметі, интерфейсі.

Slide 3

Бағдарлама - магниттік тасымалдаушыда файл түрінде сақталып, қолданушының бұйрығы бойынша компьютер зердесіне жүктеліп, орындауға арналған машина тіліндегі нұсқаулар жиыны.

Компьютердегі бағдарламалық жасақтама құрамын бағдарламалық конфигурация деп атайды. Бағдарламалар арасында, физикалық буындар мен блоктар арасындағы сияқты байланыс бар - көптеген бағдарламалар өзінен төмен деңгейдегі басқа бағдарламаларға сүйеніп жұмыс істейді .

Slide 4 Slide 5

Жүйелік бағдарламалық жасақтама (ЖБЖ) - ЭЕМ барлық ресурстарын басқаруды, пайдаланушымен интерфейсін ұйымдастыруды қамтамасыз ететін бағдарламалық құралдардың жиынтығы.

Жүйелік бағдарламалық жасақтаманың негізгі бөліктері:

- операциялық жүйе (ОЖ) MS-Dos, Windows, Unix, Linux;

- сервистік бағдарламалық құралдар (антивирус, сервистік бағдарламалар) ;

- желілік бағдарламалық құралдар.

Slide 6

Жүйелі БЖ

Slide 7

Аспаптық бағдарламалық жасақтама - кез келген пәндік аумақта (сонымен қатар ЖБЖ және ҚБЖ) ерекше бағдарламалық құралдарды құруды автоматтандыруға арналған бағдарламалық жасақтама бөлігі. Оның негізін құрастырушылар:

- бағдарламалау тілдері (Delphi, Visual Basic және т. б. ) ;

- компиляторлар;

- интерпретаторлар;

- стандарттық бағдарламалар библиотекалары (СПБ) ;

- бағдарламаларды редактрлеу, жөндеу, тестілеу құралдары.

Slide 8

Қолданбалы бағдарламалық жабдықтар - әртүрлі мәселелік аумақтардағы қоданбалы есептерді шешуді жасақтайтын жеке қолданбалы бағдарламалар мен қолданбалы дестелерден тұратын бағдарламалық жасақтама түрі (Word, Excel және т. б. ) . ҚБЖ ЭЕМ-ң адам өмірінің әртүрлі қызмет салаларында қолданылуын жүзеге асырады. Оның негізін қолданбалы бағдарламалар дестелері (ҚБД) құрады.

Slide 9

Қолданбалы программалық жасақтама

жалпы мақсаттағы ҚПЖ;

мәселелік бағытталған ҚПЖ

интегралданған ҚПЖ

Slide 10

Жалпы мақсаттағы қолданбалы программалық жабдықтар құрамына әртүрлі қолданбалы есептерді шешуге жиі қолданылатын программалық құралдар енеді, олар:

- мәтіндік редакторлар мен процессорлар;

- графикалық редакторлар;

- электрондық кестелер (ЭТ) процессорлары;

- мәліметтер қорын басқару жүйелері;

- электрондық презентациялар және т. с. с.

Slide 11

Мәселелік бағытталған қолданбалы программалық жабдықтар - белгілі бір саладағы есептерді жүзеге асыруға мамандандырылған программалық құралдардың жиынтығы. Мұндай программалық құралдарға:

- жобалауды автоматтандыру жүйелері (ЖАЖ) ;

- таңбаларды айыру жүйелері;

- статистикалық, қаржылық - аналитикалық жүйелер;

- ғылыми зерттеулер жүйелері

және т. с. с. жатады.

Slide 12

Интегралданған ҚПЖ - қазіргі уақыттағы ҚПЖ-ның қарқынды және қуатты дамып жатқан бөлігі. Олар - көп функционалды, бірнеше қолданбалы программалық жабдықтарды бір ресурстық қор негізінде жинақтап объектілер деңгейінде әсерлесулерін жүзеге асыратын дестелер (Lotus Works, Microsoft Office және т. б. )

Slide 13

Операциялық жүйе компьютер іске қосылғанда шақырылады, компьютер жұмысын басқарады, құрылғыларын, аспаптарын тексереді-тестілейді, жедел жад пен дискідегі орынды бақылайды, қолданбалы программаларды орындайды.

Операциялық жүйелердің басты қызметі - бұл ресурстарды басқару, ол басқаратын негізгі ресурс - компьютер аппаратурасы

Slide 14

Операциялық жүйе құрамы.

базалық модуль (ОЖ ядросы) - файлдық жүйелер мен программа жұмыстарын басқарады, оған жетуге жол ашады және шеткі құрылғылар арасында файл алмасу;

командалық процессор - пернетақта арқылы түсетін қолданушының бұйрықтарын ашып оқиды және орындайды;

шеткі құрылғылар драйверлері - осы құрылғылардың жұмысының процессормен келістілігін программалы қамтамасыз етеді;

қосымша сервистік программалар (утилиттер) - қолданушының компьютермен байланыс үрдісін көпжақты әрі ыңғайлы етеді.

Slide 15 Slide 16 Slide 17

Сұхбаттық режімде ож қолданушының бұйрығын күту жағдайында болады. Берілген бұйрықты орындап келесісін күту жағдайына көшеді. Осы аппараттық үзулерге сүйене отырып, операциялық жүйе өзінің жүйелік үзу кешенін құрады.


Ұқсас жұмыстар
Бағдарламалық жасақтама
Операциялық жүйелер. Бағдарламалық жасақтама
Бағдарламалық жабдықтаманың технологиялық сипаттамалары
Қазіргі заманғы бағдарламалық қамтамасыз етуге шолу. Операциялық жүйе
ДЭЕМ-нің программалық жабдықтары жайлы
ДЭЕМ – ніңбағдарламалық жабдықтары
ДЭЕМ-нің программалық жабдықтары. Программалар жайлы
Linux операциялық жүйенің негізгі қасиеттері
ТОПТЫҚ ЖОБА IOS ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІ
Операциялық жүйе туралы сұрақтар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz