:Ес туралы теориялар
Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК
УНИВЕРСИТЕТІ
Орындаған:Аманжолова Ж.Е
Топ:ПХ-415
Тексерген:Едигенова А.Ж
Семей 2015жыл
Тақырыбы:Ес туралы
теориялар
Ес— адамның бұрын көрген, естіген, білген нәрселері мен бейнелерін
ойында ұзақ уақыт сақтап, қажет кезінде қайта жаңғырту қабілеті,
жүйке жүйесінің негізгі қызметтерінің бірі. Адамның есте сақтау
қабілеті үнемі дамып, жетіліп отырады.
Ертедегі грек философы Аристотель әр түрлі нәрселер мен бейнелердің есте әсерлену
(яғни сақталу) сипаттарын үш топқа бөледі:
а) әсерленген нысанның белгілі
бір кеңістік пен уақытқа
ұштаса қабылдануы;
ә) әсерленген нысанның басқа
бір нысанға өзара ұқсастығы;
б) олардың бір-бірінен
айырмашылығы мен қарама-
қарсылығы
Осыған орай Аристотель нәрселер мен бейнелердің есте
ассоциациялануы түрлерін алғаш зерттеп тұжырымдады:
1) аралас не іргелес
ассоциациялар
(мысалы, түс — сары);
2) ұқсас
ассоциациялар
(мысалы, қарындаш,
дәптер);
3) қарама-қарсы
ассоциациялар
(мысалы, ақ — қара;
ұзын — қысқа).
Естің физиологиялық сипатын
орыс физиологы И.П. Павлов
зерттеді. Ол ассоциацияларды
шартты рефлекс теориясымен
түсіндіріп, ми қабығындағы екі
қозу процесінің қабаттасып
келуінен пайда болып, сан рет
қайталау нәтижесінде бекіп
отыратын уақытша байланыстар
деп атады.
Ес туралы соңғы кезде әр түрлі
теориялар қалыптасты: олардың
ішінде естің зерттеу амалдары мен
заңдылықтарын зерттейтін
психологиялық, физиологиялық,
биохимиялық, кибернетикалық
теорияларды ерекше атауға
болады.
Психологиялық деңгейде ес механизмдерін зерттеу хронологиялық тұрғыдан басқа
теориялардан ертерек қалыптасқан, әрі кеңінен тараған.
Алғашқы ес теорияларының бірі, өз мәнін қазіргі кезге дейін жоймаған, XVII
ғасырда пайда болған.Ассоциативті психологиялық теория болды. Б ұл теория
негізінен Англияда кеңінен тарады. Оның негізіне ассоциация туралы ұғым жатады.
Ассоциация — жекелеген психикалық үрдістердің арасындағы байланыс, сонымен
қатар қоршаған дүниедегі құбылыстар мен заттардың арасындағы байланысы
айтылады. Бұл теория бойынша ес қыска мерзімді және ұзақ мерзімді өте күрделі
жүйе ретінде түсіндірілді. Ассоциялардың өзі бірнеше түрге бөлінеді: ұқсастық
ассоциациясы, көршілестік ассоциациясы, қарама-қарсылық (контраст)
ассоциациясы, адамның қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді есіне жататын уақыт
пен кеңістікке жақындық ассоциациясы.
Осы теорияның арқасында естің қызмет істеуі мен амалының көптеген
заңдылықтары ашылып және зерттелді (мысалы, Г. Эббингауз заңы).
Ассоциация «байланыс» орнату деген сөз.
Дүниедегі бір-бірімен байланысты заттар
немесе құбылыстар адамның есінде де
байланысып сақталады. Ассоциация
бойынша бір затпен негізделіп, онымен
байланысты басқасын еске түсіре аламыз.
Ассоциация түрлері (сыбайлас, ұқсастық,
мағыналық). Эббингауз – есті зерттеу
ғылымы психологиясында ең бірінші болып
табылады. Ең алғаш эксперименталды әдісті
қолданды. Есте қалдыру ерекшеліктері мен
ақпаратты сақтау, қайта жаңғыртудағы
негізгі өзгерістердің ерекшеліктерін Г.
Эббингауз (1850-1909)қарастырды. Ес
процестерін Эббингауз ассоциациялардың
жасалуы ретінде түсінді, мағынасыз әріп
буындарын жаттата отырып, материалды есте
қалдырудың негізгі шектерін бөлді.
Ассоциативті (байланыс) теория оның
заңдылықтарын түсінуге көмектеседі. Осы
теория негізінде әртүрлі қайталау ретінде
элементтердің есте сақталу саны өзгереді.
Неміс ғалымы Эббингауз естің ассоциативті
теориясында мәліметтер ретін алды және
есте қалдыруды ашты, онда есте қалдыру
үшін мағынасыз буындар қолданды
. Естің ассоциативті теориясына сәйкес, яғни белгілі логикалық
құрылымды-функционалды байланыстар негізінде уақыт өте
ассоциативті теория проблемалармен соқтығысты, олардың біріншісі,
адамзат есінің таңдамалығы. Асоциациялар кездейсоқ негізде
жасалады, ал ес адам миына келген және сақталған белгілі
бірақпаратты таңдайды. ХІХ ғ. аяғында ассоциативті теорияның
орнына есті зерттеуші гештальт психология келді. Ес феноменін
түсіндірудегі негізгі принцип, олардың бастапқы, тұтас ұйымы-
гештальт «тұтас», «құрылым», «жүйе» деді. Гештальт теориясында
материалдың құрылымы, оны тұтас ету, есте қалдыру мен қайта
жаңғыртуды жүйелі ұйымдастыру мәні белгіленген. Ең басты
материалды есте қалдыруда тұтас құрылым түрінде жүреді.
Ассоциативті теория шеңберінде Эббингауздың ұмыту заңы ашылды.
Ол ақпаратты ұмыту заңын «ұмыту қисығы» түрінде берді, яғни
уақыт өте келе ақпараттың жойылу үрдісін бейнелейді.
Кеңестік психологияда негізінен есті зерттеуде іс-
әрекеттің жалпы психологиялық теориясымен
байланысты бағыттар дамиды. Бұл теорияның негізінде
ес психологиялық іс-әрекеттің ерекше түрі, адамның
теориялық және практикалық әрекетінің жүйесі ретінде
әр түрлі ақпаратты еске қалдыруға, еске сақтауға және
қайта жаңғыртуға бағытталған.
Іс-әрекет ретінде адамның есін зерттеудің басталуы
француз ғалымдарының жұмыстарымен, оның ішінде П.
Жаненің еңбектерінде негізі салынды. Ол
алғашқылардың бірі болып, еске сақтауға, қайта өңдеуге
және материалды сақтауға бағдарланған есті іс-әрекет
жүйесі ретінде тұжырымдады.
Шетелдік (П. Жане) пен кеңестік (А. А.
Смирнов, П.И. Зинченко)
психологиясында естің психологиялық
табиғатын зерттеудегі іс-әрекеттік
бағыты. Француз ғалымы П. Жане ең
алғаш материалды есте қалдыруға,
өңдеуге және сақтауға бағдарланған
әрекеттер жүйесі ретінде есті
қарастырды. Француздық
психологиялық мектепте естің
адамның іс-әрекетіне тікелей
тәуелділігі дәлелденген. Отандық
психологтар ырықты мнемикалық іс-
әрекеттің күрделі түрін зерттеуді
жалғастырды. Онда ес процестері ойлау
процестерімен байланысады. А.А.
Смирнов пен П.И. Зинченконың
(зерттеулері) іс-әрекеттің
психологиялық теориясы тұрғысынан
жүргізілген зерттеулері адамзаттың
мағыналы іс-әрекеті ретінде ес
заңдарын ашты, есте қалдырудың
қойылған міндетке тәуелділігін және
күрделі материалды есте қалдыру
тәсілдерін бөліп көрсетті.
А.А Смирнов, іс-әрекет ойларға қарағанда
есте жақсы қалады, ал әрекеттердің ішінде,
әсіресе, кедергілерді жеңумен байланысты
болған әрекеттер мықтырақ есте қалады.
Ырықты есте қалдыру-есте қалдыру үшін
мақсат қою. Көп мәрте қайталау,
материалды есте қалдыруға мүмкіндік
береді. Алдыға мақсат қойып, жаттауға
Смирнов эксперимент өткізді, яғни ол тілді
дұрыс білмейтін адамға эксперимент
жүргізді. Эксперименттің мәні-мәнсіз
буындарды жаттаудан тұрды. Есте қалдыру
үшін бірнеше қайталау керек болды.
Зерттелуші оны 20,30,40, және 46 рет оқыды,
бірақ экспериментаторға оны есте
қалдырғандығы жөнінде белгі бермеді.
Психолог енді оқығанын жатқа айт дегенде,
зерттелуші тілді нашар білмегендіктен
эксперименттің мақсатын да дұрыс түсінбей,
«қалай?» «мен оны жатқа айтуым керек пе?»-
деді. Сосын ол оны қайта 6 рет оқыды, оны
қатесіз қайталап берді. Жақсы есте қалдыру
үшін мақсат қою керек, яғни материалды
қабылдап, түсініп қана қоймай, оны есте
қалдырам деу қажет.
Ал отандық психолог В.П Зинченко
адамның тікелей әрекеті ретінде есте
қалдыруға бағытталу өздігінен есте
қалдыру үрдісін эффективті етпейді.
Нақтырақ айтсақ ырықсыз есте қалдыру
ырықтыдан эффективтірек болуы мүмкін.
Зинченконың картинканы ырықсыз есте
қалдыру есте қалдыру керек деген мақсат
қоймай) арнайы есте қалдыру керек деген
жағдайдан жоғары болды. Осы проблемеға
байланысты Смирнов ырықтыға қарағанда
ырықсыз есте қалдыру сенімдірек деді, яғни
зерттелушілерге 2 фраза берілді: Мысалы,
«менің ағам қытайша оқиды», және
«қытайша жазып, оқу керек» деген, сосын
оны осыған ұқсас ары қарай фраза ойлап
табулары керек болды. Фразаларды есте
қалдыру талап етілмеді, біраз күн өткеннен
кейін зерттелушілерге сол фразаларды есте
түсіруді сұрады. Нәтижесінде
экспериментатор берген фразадан гөрі олар
өздері ойлап тапқан фразалары 3 есе
естерінде жақсы қалыпты.
Психологиядағы француздың ғылыми
мектебі барлық ес үрдістерінің әлеуметтік
байланыстылығын, оның адамдардың
практикалық іс-әрекетіне тәуелділігін
дәлелдеді.
Л. С. Выготский естің тарихи дамуын
көрсетті, басқаша айтқанда естің
филогенезінің дамуын көрсетті. Филогенез
дегеніміз- бүкіл адамзаттың даму кезеңдері.
Естің дамуы-есте сақтау үшін қолданылатын
әдіс. Тәсілдердің жақсаруы, естің басқа
психикалық процесі және жағдаймен
байланысының өзгеруіне тәуелді. Тарихи
жағдайлар даму және адам өзінің
материалдық және рухани мәдениетінің
молаюы жағдайда оның еске сақтау үшін
қолданылатын құралдар күрделене түсті.
Құралдар арасындағы ең маңыздысы:
сөйлеу, жазу, және ғылыми психикалық
прогреске байланысты . Сөйлеудің түрлеріне
байланысты: сыртқы және ішкі, ауызша
және жазбаша. Ес процесі дами отырып
ойлау процесіне жақындай берді.
Выготскийдің айтуынша, баланың ойлауы
оның есте сақтауына тәуелді, бала үшін
ойлану еске түсірумен бірдей. Тек балалық
шақта ғана ойлау мен естің арасында қатты
байланыс болады. Естің басқа психикалық
процесімен байланыстың өзгеруі
жасөспірімдік шаққа қарай пайда бола
бастайды. Бұл байланыстар балалық шаққа
қарағанда керісінше болады. Мысалы: егер
балалық шақта ойлану үшін еске түсіру
қажет болса, ал жасөспірімдік шақта есте
сақтау үшін ойлану, түсіну қажет.
Пайдаланған әдебиеттер:
.
1 Гамезо М.В., Домашенко И.Л. “Атлас по психологии”. – М.,1998
2. Рубинштейн С.Л. “Основы общей психологии”.. 2004
3. Жарықбаев Қ. “Психология”. –А., 2001
4. Сәбет Бап-Баба. “Жалпы психология.” - А., 2005
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz