Оқытудың белсенді әдістері - оқу
Презентация қосу
Оқытудың белсенді әдістері - оқу
материалын игеру үдерісінде оқушыларды
белсенді ойлау және практикалық әрекетке
итермелейтін әдістер. Белсенді оқыту
мұғалімнің дайын білімдерді баяндауына,
оларды есте сақтауы мен қайта
жаңғыртуына емес, оқушылардың белсенді
ойлау және практикалық әрекет үдерісінде
өз бетінше білімдер мен біліктерді
меңгеруіне бағытталған әдістер жүйесін
пайдалануды білдіреді.
Белсенді оқыту әдістерінің ерекшеліктері -
олардың негізінде практикалық және ойлау
әрекетіне ояту жатыр. Онсыз білімдерді
игеруде алға жылжушылық болмайды.
Оқытудың белсенді әдістерінің пайда болуы
және дамуы оқытудың алдына оқушыларға
білім ғана беріп қоймай, танымдық
қызығушылықтар мен қабілеттердің,
шығармашылық ойлаудың, өз бетінше ақыл-
ой еңбегінің қалыптасуы мен дамуын
қамтамасыз ету т.б. жаңа міндеттер
қойылуымен байланысты.
Жаңа міндеттердің пайда болуы
ақпараттың қарқынды дамуына
тәуелді. Егер бұрын мектепте, оқу
орындарында алынған білімдер адамға
ұзақ уақыт қызмет ете алса, қазіргі
ақпараттық заманда оларды үнемі
жаңартып отыру қажет. Бұл өз бетінше
білім алу жолымен жүзеге асуы мүмкін,
ал бұл адамнан танымдық белсенділікті
және өзіндікті талап етеді.
Әрбір мұғалімнің басты міндеті -
оқушыларға белгілі бір білімдер
жиынтығын беру ғана емес,
сонымен қатар оларда оқуға деген
қызығушылықты дамыту, оқи
білуге үйрету. Жақсы
ойластырылған оқыту әдістерінің
көмегінсіз оқу материалының
игерілуін ұйымдастыру қиын.
Мектепте қолданылатын неғұрлым тиімді белсенді
әдістерге:
-Дәстүрлі сабақтың дәстүрлі емес басталуы
-Проблемалық сұрақтар қою және шешу, проблемалық
жағдаяттар құру.
-Релаксацияны және қорытынды шығаруды
ұйымдастыру.
-Оқу материалының тұсаукесері
-Индуктивті және дедуктивті логикалық сызбаларды
пайдалану
-Интербелсенді оқыту формаларын немесе олардың
элементтерін пайдалану
Дәстүрлі сабақтың дәстүрлі емес
басталуы – сабаққа эмоционалдық
бетбұрыс (эпиграф, костюмделген
көрініс, видеоүзінді, ребус, жұмбақ,
анаграмма), мақсаттарды, күтілетін
нәтижелерді, күдіктерді айқындау.
Проблемалық сұрақтар қою және
шешу, проблемалық жағдаяттар
құру. Сабақта қолданылатын
проблемалық жағдаяттардың типтері:
күтпеген нәрсе жағдаяты; конфликт
жағдаяты; белгісіздік жағдаяты; болжам
жағдаяты; таңдау жағдаяты.
Оқу материалының тұсаукесері –
ақпараттық технологияны, электронды
оқу құралдарын, интерактивті тақтаны
және т.б. пайдалану
Интербелсенді оқыту
формаларын немесе олардың
элементтерін
пайдалану: «жобалар әдісі»,
«миға шабуыл», «пікірталас»,
«түрлі кейіпкерлерден интервью
алу» жатады
Қорыта айтқанда, оқытудың белсенді
әдістері -. оқушының іс-әрекеті өнімді,
шығармашылық, ізденіс сипат таситын
окыту әдістері, оқушының танымдық іс-
әрекетін ынталандырушы және қандай да
болсын мәселенің шешу жолдары жөнінде
еркін пікір алмасуды көздейтін диалогқа
құрылған әдістер. Оларга әңгіме,
диспут, тақырыптың семинар, ісойын,
тренинг жатқызуға болады
Назарларыңызға
рахмет!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz