ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕРДІҢ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫ
Презентация қосу
ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕРДІҢ
ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫ
• Дербес компьютерлер ең кеңінен қолданылатын компьютерлер
қатарына жатады,олардың қуаттылығы үнемі ұлғайып, ал
қолданылу аясы кеңейіп келеді.Дербес компьютерлерді желіге
біріктіруге бұл оңдаған тіпті жүздеген пайдаланушыларға оңай
ақпарат алмасып,бір мезгілде ортақ деректер қорына қол
жеткізе алуға мүмкіндік береді.Электронды пошта құралдары
көмегімен компьютерлерді пайдаланушылар телефон
тораптары арқылы басқа қалаларға мәтіндік және факсимилді
хабарламалар жөнелтіп ,ірі мәліметтер банктерінен ақпарат
ала алады.
• Жүйелік блок –
компьютердегі орталық мәліметтер
өңдеу құрылғысы болып
табылады.Жүйелік блок
микросхема ретінде ұсынылған
және оперативті жадымен қатар
аналық тақташада
орналасады.Жүйелік блок
бағдарламалары жұмысына
қажетті есептеулерді
орындайды.Жүйелік блок
неғұрлым шапшаң болса
,компьютердің жұмыс істеу
жылдамдығы соғұрлым жоғары
болады.
• Жүйелік блоктың жылдамдығы
мегагерцпен (МГЦ) немесе
гигагерцпен (ГГЦ) өлшенетін оның
ырғақтық жиілігімен анықталады.
Жүйелік блоктың үстіне
радиатор,радиаторға жүйелік
блокты салқындатуға арналған
желдеткіш (кулер) орнатылады.
• МОНИТОР- мәтіндік және
сызбалық ақпаратты бейнелеуге
,пайдаланушы мен компьютер
арасындағы ақпараттық
байланысты қамтамасыз етуге
арналады. Мониторлар электронды-
сәулелі түтікшелі және сұйық
кристалды дисплейлі,түрлі-түсті
және монохромды болады, бір-
бірінен көлемі жағынан
ерекшеленеді.Мониторлар
міндетіне байланысты реттеудің
түр-түсті түзетудің және т.б түрлі
құралдарымен жабдықталады.
Түрлі мониторлардың
ажыратылымдылығыда әр түрлі
,яғни еңгізілетін кескіндердегі
нүктелер саны көлденеңі мен
тігінен –ең үлкен кәсіби
мониторларда 640*480 нуктеден
1600*1280 нүктеге дейін
барады.Ажыратымдылық
неғұрлым жоғары болса, бейне
беттегі кескін соғұрлым айқын
болады.
• ПЕРНЕТАҚТА-компьютерге ақпарат еңгізу және оның
жұмысын басқару үшін пайдаланылады.Әзірге компьютерге адамның
даусын таныту міндеті жеткілікті дәрежеде орындалған жоқ,сондықтан
пернетақта-пайдаланушыдан компьютерге әріптік-сандық ақпаратты
еңгізудің негізгі тәсілі болып келеді.Казіргі кезде кеңінен тараған
WINDOWS-қа лайықталған пернетақта 104 пернеден тұрады,оның
екекуі WINDOWS терезелері бейнеленген пернелер.Пернетақтаның
әрбір пернесі оймақтай ажыратып-қосқышқа арналған қақпақ болып
табылады.Пернетақтадағы шағын микорпроцессоросы ажыратып-
қосқыштардың қалып күйін қадағалап отырып,әрбір перне
басылым,қайта жіберілген кезде компьютерге сәйкес хабарды
жөнелтеді, ал компьютердің бағдарламасы бұл хабарларды өңдейді.
• Пернетақта 4 бөлікке бөлінген :әріптік –сандық бөлік,жүгіргіні басқару
және мәтінді түзету пернелері,жетелік пернелер,сандық бөлік.
• Басып шығарғыш (принтер) –сызбалық
ақпаратты шығаруға арналған құрылғы.
• Мәтіналғы (сканер)-мәтіндік және
сызбалық ақпаратты сандық көшірмесін
жасайтын құрылғы.
• Тінтуір (мышка)-өзін тегіс бетте қозғалтқанда бейне беттегі
жүгіргіні жылжытатын шағын манипулятор. Тінтуір-компьютермен әдетте
сым арқылы жалғанатын және тұрпаты кәдімгі тышқанға ұқсайтын,ә-і
батырмасы бар қорапша.Оны басында қалжындап ‘mouse’
атағанмен,кейіннен осысөз ресми атауына айналып кетті. Тінтуірді үстел
бетінде немесе басқа да жазықтық бетінде қозғалтқан кезде компьютер
бейне тінтуір көрсеткіші-жүгіргі сол ретпен қозғалады.Жүгіргі орындалып
отырған амалға қарай өз түрін өзгерте алады.Қандай бір әрекетте орындау
қажет болғанда пайдаланушы тінтуір пернелерінің бірін басады.
• МОДЕМ-компьютерге телефон желілері немесе байланыс
желілері арқылы өзара мәлімет алмасуға мүмкіндік беретін
құрылғы.Модемнің негізгі сипаты-мәліметтерді жеткізу жылдамдығы
(бит/секунд).Недәуір кең тарағандары –стандартты Dial-Up модемдер
(56 кбит/секундқа дейін), DSL( 128 кбит/секундқа дейін) және кабельдік
жолдарға арналған модемдер (30 мың кбит/секундқа дейін).
Модемдер ішкі және сыртқы болады.
• Колонка,құлаққап-дыбыстық ақпаратты шығаруға арналған
құрылғы.
• Компьютердің оперативті жадысы –(ОЗУ) мәліметтерді қысқа мерзімге
сақтау үшін қызмет етеді.Кез келген бағдарламаның,амалдық жүйенің
де ,жұмыс істеуі үшін іске қосу кезінде бағдарламаның бір бөлігін
көтеруге оперативті жадының біршама көлемі талап етіледі.
• Диск жетектері-бұл алуан түрлі тасымалдаушылардан мәліметтерді
шығарып оқуға немесе жазуға арналған физиқалық
құрылғылар.Диск жетектері ішкі немесе сыртқы болады және кабель
не өткізгішсіз жалғастыру арқылы компьютерге қосылады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz