Мектепке дейінгі жастағы баланың сенсорлық дамуы




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЕЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Тақырыбы:Мектепке дейінгі жастағы
баланың сенсорлық дамуы

Орындаған:Серікханқызы С.
Тексерген:Кулмышева Н.А.
Мектепке дейінгі балалық шақ баланың сенсорлық дамуыны ң
қарқынды кезеңі болып табылады. Бұл кезде баланың заттар
мен құбылыстардың сыртқы қасиеттері мен байланыстарын,
кеңістік пен уақыт бағдарлауы жетіледі.
Заттармен іс-әрекетте бала барған сайын оның түсін, түрін,
шамасын, салмағын, температурасын дәл бағалай бастайды.
Музыканы қабылдауында бала оның әуенін қадағалауды,
дыбыстардың қатынасын жоғарылағанына қарап бөлуді,
ырғақтылықтың түрлерін аңғаруды үйренеді. Сөзді
қабылдауында ұқсас дыбыстардың айтылуындағы аса нәзік
айырмашылықтарын есіте алады
Мектеп жасына дейінгі
баланың сенсорлық
дамуы

Қоршаған ортаны толықтай
Заттар мен және
құбылыстардың әр түрлі жекелей қабылдауға
қасиеттері мен мүмкіндік беретін
байланыстары жөніндегі қабылдаудың жаңа
түсініктерді меңгеру әрекеттерін игеру
Балаларды сенсорлық эталондармен таныстыру –
заттардың қсиеттерінің негізгі жеке түрлерін білдіретін
сөздерді баланың есінде сақтауын ұйымдастыру болып
табылады. Атау сөз сенсорлық эталонды белгілейді, оны
баланың есінде бекітеді және ұғынарлықтай әрі дәл
қолдануға болатындай мүмкіндік береді. Бірақ бұл эталон
атайуары – баланың тиісті тексеру және қолдануда өзіндік
іс–әрекет негізінде қабылданғанда ғана болады.
Балаларға геометриялық формалардың, түстердің,
шамалар қатынасының жеке түрлерін тек қана көрсетіп,
олардың аттарын есте сақтауға жеткен жағдайларда, тіпті
дұрыс қолданылатын сөздің өзі мектеп жасына дейінгі
баланың ұғымдары мен қабылдауларын жетілдіруге
себепші бола алмайды.
Мектеп жасына дейінгі
балалардың сенсорлық эталонды
игеруі балалар бақшасының
бағдарламасына сәйкес
геометриялық
фигуралармен,түстермен
танысудан басталады.Мұндай
танысу негізінен тиімді іс-
әрекеттердің көптеген түрлерін
меңгеру процесінде өтеді. Егер
тіпті баланы қасиеттердің жеке
түрлерін көпшілік қабылдаған
үлгілерге сәйкес ажырата алуды
үйретпегеннің өзінде бала сурет
салу, құрастыру мозаика мен
жапсырманы салғандағы
материал қолдануында қажетті
үлгілер болады.
Сенсорлық тәрбие ақыл-ой тәрбиесінің негізі болып
табылады, ол баланың сезімдік тәжірибесінің дамуын
және баюын қамтамасыз етеді, заттардың қасиеті мен
сапасы туралы түсінігін қалыптастырады. Сенсорлы қ
тәрбие дегеніміз бұл түйсік пен қабылдаудың дұрыс
бағытта дамуы. «Сенсор» сөзі латынның «Sensus» -
«сезім», «түйсік», «қабылдау», «түйсіну қабілеті» деген
сөздерінен шыққан . Дүниені тану түйсінуден,
қабылдаудан басталады. Түйсігі мен қабылдауы мол
адамның қоршаған дүние жайлы көзқарасы кең, жан-
жақты келеді. Сөйтіп, баланың сенсорлық мәдениеті,
оның түйсігі мен қабылдауының даму деңгейі ойдағыдай
дамыған таным қызметінің алғы шарты болып табылады
Сенсорлық тәрбие –балалардың белсенді ойлау
қызметінің дамуына ересектердің мақсатты ықпалы .
Қазіргі өмірдің технологизациясы балалардың сенсорлы
тәжірибесінің дефицитін құрап, оны визуальді ж әне
виртуалды образдар ауыстырған.
Сенсорлы бұрыш, тәрбиелеу-білім беру процесінде ,
қосымша білімнің тәрбиешілері және педагогтарының
ұйымдастырушылық сабақтарында, өзіндік ойындарда,
балалардың ізденіс-экспериментальды әрекеттерінде
қолданылады. Сенсомоторлы бұрыш балабақшаның
топтық мекемесінде бұл – қымбат құралдарсыз
жабдықталған сенсорикалық бөлменің бейімделген
нұсқасы.
Ресейлік ғалым Н.М.Щелованов нәресте
кезеңді сенсорлық тәрбие берудің «алтын
кезеңі» деп атап көрсеткен. Сенсорлық
тәрбиені іс-әрекеттің әр түрі: бейнелеу,
құрастыру, музыкалық-қимыл үдерісінде,
балаларды қоршаған ортамен
таныстырғанда жүзеге асыру керек деп
есептейді.
Пайдаланған әдебиеттер
1.Ф.Н.Жұмабекова. Мектепке
дейінгі педагогика. – Астана:
Фолиант, 2008, - 336б.
2. Жарықбаев Қ. Жантану
негіздері. А., 2002ж.

Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі кезеңде тілді қатынас құралы ретінде пайдалана білуі
Мектепке дейінгі кезеңдегі балалардың сенсорлық дамуы
Баланың сенсорлық мәдениеті - адамзат жасаған сенсорлық мәдениетті меңгеру нәтижесі
Балаларда заттарды тексерудің көрнекі тәсілдерін қалыптастыру
ЕРТЕ БАЛАЛЫҚ ШАҚ ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАНЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Сенсорлық тәрбие
Жас ерекшеліктері психологиясының зерттеу пәні мен әдістері
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудегі – сенсорлық тәрбиесі
Алғашқы қадам бағдарламасы
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекет бойынша білім берудің бес саласы- бала тәрбиесінің басты құралы
Пәндер