Еліміздің экономикалық қауіпсіздігінің маңызды элементі


Slide 1

Орындаған: Тәукел Н. З.

Slide 2

Еліміздің экономикалық қауіпсіздігінің маңызды элементі - қаржылық қауіпсіздік - мемлекеттің қабілеттілігінің басты шарты ретінде өзінің ұлттық мүддесіне сәйкес дербес қаржы-экономикалық саясатын жүзеге асырады. Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасының қаржылық қауіпсіздігінің мәнін мемлекеттің міндеттері мен функцияларын орындауға қажетті көлемде оң қаржы ағынын қалыптастыруды қамтамасыз ететін экономиканың жай-күйі деп айқындауға болады.

Мұндай жағдайларда Қазақстан Республикасының қаржылық қауіпсіздік проблемасын қайта саралау оңай емес. Бұл мәселені шешуде мемлекеттік қаржылық бақылаудың тиімді жүйесі ерекше рөл атқаруы тиіс.

Қаржылық бақылау қаржының бақылау функциясын іске асыратын нысаны болып табылады. Бұл нысан қаржылық бақылаудың мақсаты мен мазмұнын айқындайды. Барлық қиыншылықтарға қарамастан, Қазақстан тарихындағы қаржылық бақылаудың жаңа институты тек сан жағынан ғана емес, сапалық тұрғыдан да өсті. Қазақстанда жоғары қаржы бақылау органы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті болып табылады.

Slide 3

Өткен 15 жыл ішінде Есеп комитеті 560 бақылау іс-шарасын жүргізіп, жалпы 800 млрд. теңгенің қаржылық бұзушылықтарын анықтады, нәтижесінде 60 млрд. -қа жуық теңге бюджетке қайтарылды.

Есеп комитеті қызметінің экономикалық әсері тек 2010 жылдың өзінде оның жұмысын қамтамасыз етуге бөлінген қаржыдан 15 есеге асып түсті. Сөйтіп, Қазақстанның тәуелсіздігінің 20 жылдығының қарсаңында Есеп комитеті мемлекетіміздің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ететін институттардың бірі болып табылады.

2010 жылы мемлекеттік органдар стратегиялық жоспарлар әзірлеп, оларды бекітіп, нәтижеге бағдарланған республикалық бюджетті қалыптастыруға және атқаруға кең ауқымда өте бастағанын атап өткен жөн.

Slide 4

Республикалық бюджеттің 2010 жылғы іс жүзіндегі шығыстарының көлемі 4574, 1 млрд. теңгені құрап, 2009 жылмен салыстырғанда, 28, 5%-ға ұлғайды. Бұл ретте жалпы ішкі өнімге шаққандағы шығыстардың үлесі 2009 жылғы 20, 9%-ға қарағанда, 2010 жылы 21, 1% болды. Республикалық бюджет шығыстарының өсімі 2010 жылы экономиканың дамуына белгілі бір дәрежеде мультипликативті әсер етті.

Slide 5

Республикалық бюджет мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландырудың негізгі көзі болып табылады. Есеп комитеті 2008-2010 жылдары анықтаған 529, 5 млрд. теңге мөлшеріндегі қаржылық бұзушылықтар көрсеткендей, даму институттары қаражатты екінші деңгейдегі банктердің депозиттік шоттарына орналастырған, агроөнеркәсіп кешені, шағын және орта бизнес саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру үшін дайындық рәсімдері уақтылы пысықталмаған. Елбасымыздың шешімімен дағдарысқа қарсы бағдарламаны және «Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын» іске асыруға соңғы үш жылда 1 550 млрд. теңге, соның ішінде Жол картасын іске асыруға 342, 7 млрд. теңге бөлініп, алдын-ала бағалау бойынша 2010 жылы жұмыссыздық деңгейі 5, 8% болды, бұл 2009 жылға қарағанда 0, 8%-ға аз.

Slide 6

Қазақстан Республикасының мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борышының серпіні мен құрылымы

Slide 7

Республикалық бюджетке түсетін салықтар мен басқа да төлемдердің ұлғаюы және қаражаттың игерілмеуі жоспарланған 803, 6 млрд. теңгенің орнына 554, 8 млрд. теңге мөлшерінде тапшылықтың қалыптасуына алып келді. 2010 жылы республикалық бюджет тапшылығын қаржыландырудың негізгі көзін ішкі тетіктер құрады, атап айтқанда, мемлекеттік бағалы қағаздардың эмиссиясы қарызға алынған қаржының жалпы көлемінің 75%-ы болды. Бюджет тапшылығын сыртқы қаржыландыру халықаралық қаржы ұйымдарының 218, 7 млрд. теңге және шетел мемлекеттерінің 3, 6 млрд. теңге мөлшеріндегі кредиттерінің есебінен жүзеге асырылды. Бұл мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыш көлемінің ұлғаюына әсер етті. Бұл борыш 2011 жылғы 1 қаңтарға 3 230, 0 млрд. теңге болып, 2009 жылмен салыстырғанда 46%-ға өсті. 2010 жылы мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыштың жалпы ішкі өнімге үлесі, 2008 жылғы 8, 7%-ға қарағанда, 14, 9% болды. Бұл ретте сыртқы мемлекеттік борыш 598, 7 млрд. теңгені құрап, 2008 жылмен салыстырғанда, 2, 3 есеге ұлғайды.

Slide 8

Республикада жалпы сыртқы борыш көлемінің өсу үрдісі сақталуда, 2010 жылы ол 119, 2 млрд. доллар болып, ЖІӨ-ге үлесі халықаралық стандарттармен қабылданған шекті мәнін 21, 8%-ға асып, 81, 2%-ды құрады.

Slide 9

Қазақстан Республикасының жалпы сыртқы борышының серпіні мен құрылымы

Slide 10

Жалпы сыртқы борыш құрылымында басқа секторлардың борышының үлесі басым, олардың жиынтығы 2010 жылдың аяғында 94, 4 млрд. долларды немесе жалпы көлемнің 79, 2%-ын құрады. Бұл ретте борыштың белгілі бір өсімі «Азиатский газопровод», «Refeny Company», «Хан шатыр» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінде, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамында және т. б. анықталды.

Еліміздің жалпы сыртқы борышын басқаруды жетілдіру мақсатында Есеп комитеті Үкіметке ұлттық компаниялардың, мемлекеттің қатысуымен құрылған акционерлік қоғамдардың борышын мониторингілеудің айқын тетігінің болмауына назар аударуды ұсынды.

2010 жылы Ұлттық Банктің халықаралық резерві 27, 7 млрд. доллар, Ұлттық Қордың активтері 30, 6 млрд. доллар болды. Негізінен олар шетелдердің мемлекеттік және корпоративтік бағалы қағаздарына орналастырылған, бұл қаржы тәуекелінің ұлғаюына алып келуі мүмкін.

Slide 11

«Merril Lynch International» және «JP Morgan Chase Bank» компанияларының үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмілелеріне байланысты шығыстар қысқартылмағандықтан, мемлекеттік бюджеттің 2010 жылғы шығыны 1, 6 млрд. теңге болды.

Жинақтаушы зейнетақы қорларының 2, 2 трлн. теңгеден астам активі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің, Ұлттық банкінің мемлекеттік бағалы қағаздарына ғана емес, сонымен бірге шетелдердің бағалы қағаздарына да орналастырылған.

Бұл фактілер бүгінгі таңда отандық тауар өндірушілерді қолдау үшін қаржы құралдарының жеткілікті дәрежеде пайдаланылмай жатқанын көрсетуде.


Ұқсас жұмыстар
Тамақ өндірістерінің жалпы технологиясы
Шикізат көзіне жақын орналасқан салалар
Азық - түлік қауіпсіздігі жүйесінің компоненттері
АЗЫҚ - ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ СРС
ТАМАҚ ӨНІМДЕРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ
Қазақстан –әлем мойындаған ел
НАРЫҚТЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ МЕХАНИЗМІ
Кейінірек гендерлік зерттеулер шеңбері кеңейіп, пəнаралық мəртебе алған кезеңде гендер термині тіл біліміне жаңа мағынада енді
Қазақстан Ресупбликасының дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту бағыттары
Қазақстанның сыртқы саясатындағы басты мақсат - бейбітшілік, соғысты болғызбау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz