ҚАУІП-ҚАТЕР ТҮСІНІГІ
Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
МӨЖ №1
ҚАУІП-ҚАТЕР ТҮСІНІГІ
Дайындаған:
1 курс магистранты, М.К. Сыдыкова
ПБМ-501,
6M073500 - "Тағам қауіпсіздігі"
Тексерген:
«Тамақ өнімдерінің және жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының
технологиясы» кафедрасының т.ғ.к, доцент м.а
А.Н. Нұрғазезова
Көпшілік тауарлар мен қызмет көрсетуге
қойылатын талаптар: қолдану жағдайы,
қауіпсіздігі, экологиялылығы, сенімділігі,
эргономикалылығы, ресурстарды үнемдеу
мүмкіндігі, технологиялылығы,
эстетикалылығы. Қолдану жағдайына
байланысты талаптар: өнімнің орындалуға
тиісті (өнімділік, дәлдік, калориялық, қызметтің
орындалу жылдамдығы) негізгі функцияларын
анықтайтын қасиеті, яғни функционалдық
жарамдылығы, шикізат пен материалдардың
құрамы мен құрылымы, сыйысымдылығы
және өзара алмасымдылығы.
Эргономикалық талаптар - қолдану ыңғайлылығын
қамтамасыз ету үшін бұйым конструкциясын адам организмінің
ерекшеліктерімен келістіру. Ресурстарды үнемдеу талабы -
шикізатты, материалдарды, отынды, энергияны және еңбек
ресурстарын тиімді пайдалану. Қауіпсіздік талаптары - зиян
келтіруі мүмкін қауіп- қатерді болдырмау. Сенімділік талаптары -
белгіленген функцияларды берілген режимде және қолдану
жағдайында, техника- лық қызмет көрсетуде, сақтауда ж әне
тасымалдауда орындай алу қабілетін сипаттайтын барлық
параметрлерге белгіленген шек аралығын әр уақытта сақтау.
Экологиялық талаптар - өнімді өндіру, пайдалану және көдеге
жарату кездерінде оның қоршаған ортаға зиянды әсерін
болдырмау. Технологиялылыққа қатысты талаптар - енімге сапа
көрсеткіштері белгіленіп қойған жағдайда оны дайындауды,
қолдануды, жөндеуді аз шығынмен жүргізуге бейімділігі.
Эстетикаға қатысты талаптар - өнім мен қызмет көрсетудің
көркемдік бейнені өрнектей алуына, адамның сезім мүшелері
арқылы қалыптасатын форма белгілері негізінде (түсі, көлемдік
конфигурациясы, бұйымды әрлеу сапасы) әлеуметтік-мәдениеттік
құндылығын көрсете алуына қойылатын талаптар.
Міндетті талаптардың құрамын анықтағанда мына жағдайларды
ескеру қажет:
Заңдарға және стандарттарға сәйкес міндетті талаптардың тізімі
кеңейіп отыруы мүмкін.
Мысалы, функционалдық жарамдылық есебінен.
Кейбір тауарлар түрлерінде сенімділік талабы қауіпсіздік
талабымен үйлеседі (тамақ өнімдерінің сақталуы, жол көлігінің
толассыз жұмыс істеуі).Орындалуға тиісті талаптарды қамтитын
стандарттардың ережелері нормалар деп аталады. Егер норманың
сандық сипаттамасы болса, оны норматив деп атайды.
Сапаны бағалау - объектінің қойылған талаптарды орындауға қаншалықты
мүмкіндігі бар екендігін жүйелі тексеру (ИСО 8402). Егер тексеру кезінде
талаптардың орындалмауы себепті сәйкессіздік анықталған болса, онда оны
жою үшін мекеме түзету шараларын жүргізеді. Кез келген тексеру екі
элементтен тұрады:
объектінің нақтылы жағдайы жөнінде ақпараттар алу (өнім үшін оның
сапалық және сандық сипаттамалары);
алынған ақпаратты бұрыннан белгіленіп қойылған талаптармен салыстыру,
яғни екінші түрде ақпарат алу.өнім сапасын тексеру - өнімнің сапалық және
сандық сипаттамаларын тексеру. Сапаны тексеру жұмыстарына өлшеу,
талдау, сынау операциялары кіруі мүмкін.
өлшеу дербес жұмыс түрі ретінде метрологияның объектісі болып табылады.
өнімді талдау - материалдар мен шикізаттардың құрамы мен құрылымын
талдау сараптамалық әдістермен (химиялық талдау, микробиологиялық
талдау, т.б.) жүргізіледі.
Сынау - сынау объектісінің сапалық және санды қ сипаттамаларын
эксперименттік әдіспен анықтау. Сынау кезінде негізгі қажетті заттар - сынау
құрал-жабдықтары, ал көмекші заттар - қажетті реактивтер, материалдар, т.б.
Сынау кезінде өнім мен қызметтің сипаттамаларын анықтаудың әр т үрлі
әдістері қолданылады: өлшеу, сараптамалық, тіркеу (тоқтап қалу санын,
зақымдалған өнімдердің санын және т.б.) органолептикалық
(сипаттамаларды адамның сезім мүшелерінің көмегімен анықтау). өткізу
орнына байланысты сынаулар зертханалық, полигонды қ, табиғи болып
бөлінеді. Тауарларды сынаудың негізгі түрі - зертханалық сынау. Сынау
жүргізудің сапа көрсеткіші - дәлдік және нөтижелердің қайталануы. Б ұл
талаптарды орындау метрология ережелерін сақтауға тікелей байланысты.
Қажетті сынаудың сапасын дәлелдеу үшін зертханалар тіркеуден өтуі керек.
Зертханаларды тіркеу - сынау зертханаларын орган ретінде белгілі салада
жұмыстарды жүзеге асыруға мекеменің құқықтылығын өкілетті мемлекеттік
органның ресми мойындауы (ҚР СТ.7.0. 99). Қазақстан Республикасында
сынау зертханаларын тіркеуден өткізу жүйесі құрылды. Елімізде
сертификаттауды жүргізу ережелері бойынша нақтылы өнімді сынау
жұмыстарын жүргізу құқығы тек қана тіркеуден өткен сынау зертханаларына
беріледі.
Сапаны жақсарту мәселесін кесіпорында тұрақты түрде қолданылатын
шаралар жүйесін енгізу арқылы ғана шешуге болады. Осындай сапа
жүйелері көптеген жылдар бойы құрылып және жетілдіріліп келеді. Қазіргі
кезде ИСО 9000 сериялы халықаралық стандарттарда белгіленген сапа
жүйесі қабылданды. Бұл жүйенің негізгі принципі - сапаны басқаруда
өнімнің өмірлік циклінің барлық сатылары мен кезеңдерін қамту. өнімнің
өмірлік циклі - өнімді жобалау, өндіру, пайдалану, сақтау, тасымалдау,
өткізу, жою және кәдеге жарату процестері, яғни өнімді өндіргенде және
пайдаланғанда болып отыратын өзгерістерге сай өзара байланыстағы
процестер жиынтығы болып табылады. өмір циклі маркетингтен
басталады. Маркетинг деңгейінде - өнімге тапсырма берушілер және
олардың талаптары анықталады. Жобалау деңгейінде тұтынушының
барлық талаптарына сай өнімді жасау қарастырылады. өндіру кезінде
жобада белгіленген сапа деңгейі қамтамасыз етіледі. Айналым деңгейінде
қалыптасқан сапа тасымалдау, сақтау, сатуға дайындау, сату кездерінде
сақталуы керек. Пайдалану деңгейінде сапаны басқаруға тұтынушы
кірістіріледі.
Тұтынушының өнімді пайдалану жағдайы жақсы болса, онда оның қолдану мерзімі
де артады. Қолданыстан шығару деңгейінде пайдаланылған өнімнің табиғи ортаға
зиянды әсерін болдырмау керек. Кәсіпорынның іс-қимылы өнімді қолданыстан
шығарумен бітпейді. Осы кезеңге қарай немесе одан да ертерек қажеттілік
анықталады және маркетинг жүргізілгеннен кейін кәсіпорын жаңа өнім түрін
жобалауға кіріседі. Осылай сапаны басқару саласындағы жаңа айналым басталады.
Сапа жүйесінің қажетті элементтері: ұйымдық құрылымы, әдістемесі, ресурстар мен
процестер. Сапа жүйесінің ұйымдық құрылымы кәсіпорын жұмысын басқару
шеңберінде құрылады да, оның бөлімшелерінің және қызмет істеушілерінің
арасында құқығын, міндеттерін және функцияларын бөліп беру болып табылады.
Әдістеме - іс-қимылдарды жүргізудің белгіленген тәсілдері (ИСО 8402). Ресурстар -
қызмет көрсетушілер, қызмет ету құралдары, құрал-жабдықтар, технология. Процесс
(ИСО 8402) - қолданылатын элементтерді (өнімге қатысты - шикізаттар, материалдар)
дайын өнімге айналдыратын өзара байланыстағы ресурстар мен іс-қимылдар. Сапа
жүйесінің бар екендігін және оның қойылған талаптарға сөйкестігін осының
барлығына тиісті құжаттар болғанда ғана дәлелдеуге болады. Құжаттар сапа
жүйесін жасаушыларға, қолданушыларға және тексеру органдарына көрсетуге
мүмкіндік береді. Сөйтіп, сапа жүйесі - сапаны жалпы бас қаруды ж үзеге асыру үшін
қажетті ұйымдастыру құрылымы, әдістеме, процесс және ресурстар жиынтығы.
Техникалық заңнама - техникалық объектілерге: өнімге, оның өмірлік циклі
процестеріне, қызмет көрсетуге және қойылған талаптардың сақталуын
тексеруге қатысты талаптарды регламенттейтін құқықтық нормалардың
жиынтығы. 2004 жылдың 9 қарашасында қабылданып, 2005 жылдың 14
мамырынан қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының «Техникалық
реттеу туралы» Заңы 1999 жылдың 16 шілдесінде қабылданған «Стандарттау
туралы» және «Сертификаттау туралы» Заңдарының күшін жойды. Қаза қстан
Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңының қолданысқа енгізілуі
құқықтық тұрғыдан өнімнің, қызмет көрсетудің және процестердің
қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің жаңа кезе ңіні ң басталуы
болып табылады. Құрылып жатқан техникалық реттеу жүйесінің жұмысын әрі
қарай жетілдіруде келесі маңызды қадам, ол 2006 жылдың 26 желто қсанында
қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
техникалық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы» Заңы. Осы заң бойынша бұрын қабылданған 33 заңның 274
баптарына, соның ішінде «Техникалық реттеу туралы» Заңның 29-бабына
өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Техникалық реттеу жүйесін реформалаудың негізгі мақсаты, ол
адам өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны, соның ішінде
жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғаудың нәтижелі жүйесін
құру және саудада қисынсыз, артық кедергілерді болдырмау.
Ол үшін мына шаралар көзделеді:
өнімнің ерікті стандарттарын міндетті техникалық
регламенттерден бөлу (өмір мен денсаулықты қорғауға қатысы
барларын);
ұлттық стандарттарды халықаралық стандарттармен ең жоғары
деңгейде үйлестіру;
сәйкестікті растау жүйесін ымырашылдандыру және әрбір мүмкін
жағдайда сәйкестікті ерікті растау сызбасын енгізу;
тәуелсіз және алаламайтын аккредиттеу жүйесін құру;
Қазақстанның сәйкестік сертификатының шетелдік нарықта
мойындалуына қол жеткізу.
Практика тұрғысынан Қазақстан Республикасыны ң «Техникалы қ реттеу туралы» За ңын
қабылдауға қандай ішкі және сыртқы себептер ұйыт қы болғанын білу ма ңызды. М ұндай
себептердің бастылары мыналар:
бірінші жағдай - елдің техникалық заңдылықтарын дамыған шет елдерді ң заңдылықтарына
мүмкіндігінше жақын үйлестіру. Тек қана осындай үйлестіру ар қылы еліміздегі бизнес қазіргі
замандағы экономикалық кеңістікке кіре алады және барлық болып жатқан өзгерістерге дер
кезінде құлақ асып, бәсекелестікке дайын болуға тырысады.
екінші жағдай - кәсіп иелерінің талпынысы мен азаматты қ бизнесіне мемлекет тарапынан
қойылатын артық әкімшілік кедергілерді болдырмау. Стандарттарда келтірілген санитарлы қ
ережелер мен нормалар, құрылыс нормалары мен ережелері ж әне т.б. өте к өлемді ж әне
нашар реттелген міндетті талаптар кәсіп иелерінің ж ұмысын шектейді.
Осы жағдайдан туындайтын мәселелерді шешудің басты ба ғыты - тексеру ж ұмыстарыны ң
маңызды бөлімдерін реформалау, шаруашылық іс-әрекеттерге қатысушылар ға қойылатын
мемлекеттің міндетті талаптарын инвентаризациялау. Қаза қстан Республикасыны ң
Конституциясы бойынша кәсіп иелерінің іс-әрекеттері тек қана За ң ар қылы шектеледі ж әне
Конституция нақтылы түрде қорғайтын жағдайларға қатысты жүргізіле алады. Осындай
Конституция қорғайтын жағдайлар - адамдардың денсаулы ғы мен қауіпсіздігі, жануарлар мен
өсімдіктер дүниесіне зиян келтірмеу. Міндетті талаптарды үйлестіруге тырысу, жо ғар ғы
деңгейдегі нормативтік актілер арқылы кәсіп иелерінің қаржылы қ емес сипатта ғы міндетті
талаптарын белгілеу қазіргі заманға тән дүниежүзілік тәжірибеден туындайды. ҚР-ны ң
«Техникалық реттеу туралы» Заңында келтірілген отандық техникалы қ реттеу ж үйесі осы
тәжірибені ескере отырып құрылған.
Пайдаланған әдебиеттер
1. Абчук В.А. Предприимчивость и риск. – СПб.: ВИПК РП, 2004, -
64с.
2. Багиева М.Н. Комплексная оценка рисков коммерческого
предприятия: Дис. к.э.н.: 08.00.05. – СПб., 2000. – 170с.
3. Гранатуров В.М. Экономический риск: сущность, методы
измерения, пути снижения. – М.: Издательство «Дело и Сервис»,
2000. – 112с.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz