Қаржылық тәуекелдерді талдау және бағалау




Презентация қосу
Қаржылық тәуекелдерді
талдау және бағалау
Кез келген қаржылық немесе
шаруашылық оперциялардың
тиімділігі мен онымен бірге болатын
тәуекел деңгейі бір-бірімен
байланысты. Тәуекел факторын
есептемей толық инвестициялық
талдау жүргізу мүмкін емес. Сондықтан
тәуекел деңгейін бағалай және оның
нақты операция табыстылының
деңгейімен байланыстылығын бағалай
білу қажет.
Тәуекелдің мәні мен түріне тәуелсіз кәсіпкерліктің негізгі
мақсатына – салынған капиталдан табыс алу ға – тәуекелді
анықтау сәйкес келеді.
Төмен табыс табу немесе шығыстарға ұшырау ықтималдылы ғы
қаншалықты жоғары болса, соншалықты жоба тәуекелді
болатыны белгілі. Капиталды салу мүмкін нұсқауларды таңдау
кезінде жиі «бұл жобаның тәуекелі төменірек сияқты» дегендей
абстрактілік пайымдаулармен шектеледі. Алайда, көбінесе тәуекел
деңгейін нақты анықтауға болады, сонымен қатар осы тәуекелге
сәйкес келетін, ұсынылатын жобаның табыстылық деңгейін де
анықтауға болады. Алынған нәтижелерге сүйене отырып,
салымшы оған тиімді ақша салымын таңдай алады, сонымен
қатар мүмкін болатын тәуекел деңгейін де төмендете алады.
Тәуекелдің жоғары, орташа немесе төмен деңгейлерін ажыратады.
Тәуекелдің көлемін (не деңгейін) екі критерий арқылы өлшенеді
(бағаланады): орташа ауытқу мәнімен (дисперсия) және м үмкін болатын
нәтижелерді өзгермелілігімен (вариация).
Сонымен бірге тәуекелдің орташа күтілетін мәні м үмкін болатын н әтижелерді
де бағалайды. Ауытқу орташа күтілетін мәннің орташа к өлемнен ауыт қу
өлшемі мен деңгейін көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржылық тәуекелін бағалаудағы дисперсия өзімен бірге
тәуекелді салымдардың орташа күтілетін салымдардан на қты қаржылы қ
нәтижелердің квадраттық ауытқулардың орташа салмақты көлемін ұсынады:
σ²==(x-x²)/n,
мұндағы σ² — дисперсия;
x – қаржы ресурстарының салымының әр жағдайы үшін күтілетін м әні;
x – қаржылық тәуекелдің орташа болжамды мәні;
n – қаржы ресурстарының салымдарының саны(жиілік).
Дисперсия қаржылық тәуекелдің жиілігінің абсолютті тербелісін сипаттайды,
ал тербелістің салыстырмалы дәрежесін вариация коэффициенті к өрсетеді. Ол
келесі формуламен анықталады:
v=σ/x•100,
мұндағы v – вариация коэффициенті;
σ – орташа квадраттық ауытқу;
x – қаржылық тәуекелдің орташа болжамды мәні.
Вариция коэффициенті 1-ден 100%-ға дейін өзгеруі мүмкін.
Тәуекелді бағалаудың перспективалы әдісі модельдеу
болып табылады. Бұл әдістің негізгі қиындағы нақты
жағдайларға байланысты модельді дұрыс таңдау. Модельдер
қаржылық тәуекел ықтималдылығын бағалап, нақты жағдайды
болжамдауға мүмкіндік береді.
Тәжірибеде тәуекелдерді бағалауда аналогиялар әдісі
қолданылады. Қаржы менеджерлері, мамандар түрлі
шығарылымдар немесе басқа кәсіпорындар тәжірибесі негізінде
белгілі бір жағдайлардың болуы, қаржылық нәтижелер алу
ықтималдылығын, қаржылық тәуекел деңгейін анықтайды. Осы
әдіс негізінде көптеген кәсіпорындардың тактикасы мен
стратегиясы құрылады. Бірақ әр кәсіпорынның өзіндік кадрлік,
шикізаттық және салалық сипаттағы ерекшеліктері бар екенін
ескеру қажет.
Тәуекелді бағалаудың негізгі әдісі кәсіпорынның қаржылық
жағдайын кешенді талдау, оның қаржылық тұрақтылығы пен
төлемқабілеттілігін талдау болып табылады.
Кәсіпорынның тәуекелдерін
бағалаудың негізгі әдістері болып
статистикалық әдістер
есептеледі. Олардың ішіндегі
перспективалы әдіс қаржылық
тәуекелдерді факторлық талдау
(факторлық жүйе моделін
қолдану) болып табылады.
Тәуекелді талдау кезінде оның көздері мен
себептерін анықтау керек. Пайда болу көзіне
байланысты тәуекелділік былайша бөлінеді:
меншікті шаруашылық, адамның өзімен
байланысты, табиғат факторларымен
байланысты. Тәуекелділіктің пайда болу
себептері болашақтың анықталмауынан,
әріптестің айқындалмаған мінезі,
ақпараттың жетіспеуінен туындаған деп
жіктеледі. Қандай да бір жағдайда болмасын,
тәуекелділік шешімнің ақпаратпен
жабдықталу жағдайына байланысты болады.
Тәуекелді талдауды бір – бірімен өзара тығыз байланысты және бір
– бірін толықтыратын екі түрге бөлуге болады: сапалық және
сандық.Тәуекелді сапалық талдау тәуекелді басқарудың екінші
кезеңі түрінде көрінеді. Ол мүмкін болатын барлық тәуекелдерді
теңестіріп салыстырады. Ол салыстырмалы түрде қарапайым
болуы мүмкін. Оның басты міндеті- жұмыс пен кезеңдердің
орындалуы кезіндегі тәуекелдің себептерін анықтау, яғни тәуекел
мүмкін болатын аймақты айқындау, содан кейін барып, барлық
тәуекелдерді анықтау болып табылады. Тәуекелдік дәрежесіне әсер
ететін барлық факторларды объективті және субъективті деп
бөлуге болады. Объективті факторларға кәсіпорынан тәуелсіз
инфляция, бәсеке, саяси және экономикалық дағдарыстар,
экология, кедендік салықтар жатады. Субъективті факторларға
тікелей нақты түрін сипаттайды: өндірістік потенциал, кадрлық
құрылым, шаруашылық байланстар, қаржылық жағдай жатады.
Тәуекелді сандық талдау- бұл
жалпы қаржылық тәуекелдің
және ақшалай шығындардың
жеке түрлері бойынша нақты
көлемін анықтау.
Тәуекелдікті талдау – белгілі бір
жобаны жүзеге асыруға кедергі
келтіретін немесе теріс әсер ететін
тәуекелдік факторларына талдау
жасау болып табылады. Тәуекелдікті
талдау тәуекелдікті бағалаудан,
тәуекелдікті азайту тәсілдерінен
немесе сонымен байланысты
жағымсыз әсерлерді төмендетуден
тұрады.

Ұқсас жұмыстар
НЕСИЕЛІК ТӘУЕКЕЛДІ КЕМІТУ ӘДІСТЕРІ
Кәсіпкерлік тәуекелді талдау және басқару
Кәсіпкерлік қызметтегі қауіптер
Қаржы тәуекелдерін тиімділігін бағалау
Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдер
Тәуекелді бағалау
Инвестициялық тәуекел
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕР
КӘСІПКЕРЛІК ТӘУЕКЕЛДІ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ
Тәуекелді талдау
Пәндер