«Калий тұзының өндірісі. Политермиялық және
Презентация қосу
Қазақстан Ресбуликасының білім және ғылым
министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік
университеті
Инженерлік – технологиялық факультеті
“Химия” кафедрасы
БӨЖ №2
Тақырыбы:«Калий тұзының өндірісі. Политермиялық және
флотациялық процесстері. Сильвиниттен калий хлоридін алу
негізгі аппараты.».
Орындаған:Наурызбаева Б.С
Тобы:ХО - 303
Тексерген:Лебаева Ж.Т
Семей қ 2015 ж
Калий хлориді мен сульфаты маңызды калий тұздары болып табылады. 0º С-дан
жоғары сусыз тұздар кристалданады. Өндіру əдісіне байланысты КСl екі маркамен
шығарылады: К – ерітінділерден кристаллизациялау жəне Ф – калий кендерін
флотациялық байыту арқылы . Техникалық мақсаттар үшін өндірілетін калий
хлориді КОН, калий хлораты мен перхлоратын алуға қолданады. Олар жақсы
ағартқыш болып табылады жəне жарылғыш заттардың құрамына кіреді, сонымен
қатар калий иодиді мен бромидін (формацевтика жəне сурет шығару
өнеркəсібінде қолданатын), К 2 СО 3 (арнайы шыны мен глазурдың құрамына
кіретін) алуға пайдаланады. КСl кристалдары инфрақызылсəулелер үшін
мөлдірлігі өте жоғары болады, сондықтан оларды кейбір оптикалық аспаптарда
қолданады.
Жер қыртысында калийдің құрамы шамамен ~1,5 % құрайды. Калий
алюмосиликаттардың, далада жиналатын шпаттың, граниттің, лейциттің, гнейстың,
қатты пайдалы қазба тұз шөгінділерінің жəне теңіздік пен континенталдық
тұздықтардың құрамына кіреді. Топырақты құрайтын бөлігі,əсіресе сазды заттар,
калийді белсенді ұстап қалады (сорбция арқылы), бұл өсімдіктердің өсуіне өте
маңызды əсерін тигізеді. Топырақтың мұндай қасиетінің арқасында калийдің
шайылуы баяу жүреді, нəтижесінде табиғи сулардағы оның құрамы, əдетте, натрий
мен магний тұздарына қарағанда көп есе аз болады.
Флотация процесі.
Пайдалы қазбаларды байытуда флотация ең көп тараған байыту әдісіне жатады. Түсті
және сирек кездесетін металдар кендерін байытуда ол негізі әдіс болса, қара
металдар кендерін, көмірді және кейбір қазба түрлерін байытуда басқа әрістермен бірге
қолданылады.
Флотацияның универсалды әдіс болуының себебі ол минералдардың физика-химиялық
қасиеттерінің айырмашылығына негізделген. Ол қасиеттер әр минералдарда әртүрлі.
Оған жататындар: минерал құрайтын атомдар қасиеттері, олардың валенттігі, кристалдың
тордағы ара қашықтықтары, өз ара байланыс түрі, тор типі және т.с. Осыларға
байланысты минерал түйіршігінің беті су мен әртүрлі әрекеттеседі; кейбірі өте жақсы
суланса, кейбірі нашар суланады. Егер су ішіне ауа көпіршіктері енгізілсе беті
суланбайтын минерал түйіршіктері оның бетіне жабысады, ал суланған түйіршіктер
көпіршікте жабыспай су ішінде қалын қояды. Суланбаған түйіршіктер ауакөпіршігіне
жабысқан түрде бірге қалқып су бетіне шығады. Демек, флотация процесінде
минералдардың бөлінуі олардың су ішінде ауа көпіршіктеріне таңдалмалы жабысуына
негізделген. Көбікте суланбайтын минера жиналады да, су ішінде суланатын минерал
қалады. Флотацияның осы ең көп тараған түрі көбікті флотация деп аталады.
Флотация түрлері.
Майлы флотация
1. Ұнтақталған кенге (су ішінде) әртүрлі мөлшерде минералды майлар (мұнай өнімдері)
қосылып араластырылады. Беті аз суланатын минералдар түйіршіктері май
түйіршіктерінің бетіне жабысып, су бетіне қалқып шығады. Осыдан соң минерал
түиіршіктері май қабаты мен бірге опырылып алынады да майдан бөлінеді. Осы
әдіспен флотацияланғанда май шығыны көп болады. (1 тонна >10 кг май).
2.Егер ұсақ құрғақ ұнтақталған кенді өте бір келкі су бетіне сепсе су
жұқтырмайтын минерал түиіршіктері қалқыды да, ал суланғыш түйіршіктері бірден
батып кетеді. Процестің бұл түрін қабыршақты флотация деп атайды. (Өндірісте
қолданылмайды).
3.Пульпа (суспензия) ішінен суланбайтын минерал түйіршіктерін майланған жазық
бетке (қабырғаға) жабыстырып бөліп алуға болады. Өндірісте бұл әдіс кеннен алмас
түйіршіктерін бөліп алуда қолданылады. Мысалы, ұнтақталған кен түбінің беті
майланған науа арқылы өткізіледі. Осы кезде алмас түйіршіктері науа түбіне жабысып
қалады да, ал басқа минерал түйіршіктері сумен ағып кетеді Гравитациялық процесс
ретінде концентрациялау столында байыту не отсадқа қолданылуы мүмкін. Мысалы,
алдын ала гравитация әдісімен алынған концентратқа тығыздықтары жақын екі
минерал болуы мүмкін. Олар ешқандай гравитациялық әдіспен бөлінбейді. Егер
олардың біреуі жақсы суланатын, ал екіншісі нашар суланатын болса онда флотация мен
бөлуге болар еді. Бірақ түйіршіктердің ірілігіне байланысты флотацияға келмейді.
Осындай жағдайда флотогравитация процесін қолдануға бол ады. Ол үшін бастапқы
материал қасиетті флотореагентпен араластырылады. Осыдан кеиін пулька стол үстіне
түсіріледі. Суланбайтын минерал түйіршіктері су бетіне қалқып, көлденең бағытта
ағын кетеді. Суланғыш минерал дека үстінде ұзын бағытта жылжып оның екінші шетіне
жақын жерден шығады.
Флотациялау машиналары. Оларды ерекшеліктеріне сай топтастырады. Ең басты
ерекшелікке, оларда ауа көпіршіктерін жасау әдісі жатады. Осыған байланысты олар
механикалық, пневамтикалық және пневмомеханикалық флотациялау машиналарын
бөлінеді.
Машиналардың барлық түріне қойылатын талаптар келесі:
1.Пульпа машинаға бір қалыпты түсіп, көбікті және камералық өнімдер үздіксіз
шығарылып отырылуы қажет.
2.Кен түйіршіктері шөкпей бүкіл пульпа көлемінде қозғалыста болып ауа
көпіршіктерімен соқтығысу мүмкіншілігі жоғары болуы керек.
3.Пульпада ауа көпіршіктері неғұрлым көп және ұсақ түрде пульпа көлемінде тегіс
жайылуы қажет.
4.Пульпаның бет қабаты өте баяу қозғалыста болып, жиналған көбікті тербеліске
түсірмеу қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Химиялық технологиялық негіздері Ы.Қ. Тойбаев 2008 Алматы
2.Жалпы химиялық технология Ж.Қ. Қайырбеков 2009 Алматы
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz