Бағалы қағаздар нарығының іргелі талдау




Презентация қосу
Бағалы қағаздар
нарығының іргелі
талдау
Бағалы қағаз нарығын дамыту
елдің басыңқы бағыттарының бірі
ретінде тануы қазіргі уақытта осы
нарыққа деген ғалымдардың,
экономистердің аса көңіл аударуына
септігін тигізді.
Қаржы нарығының жаһандануы және әлемде бәсекелестік
артықшылықта болу елдегі бағалы қағаздар нарығына
әсерін береді. Әлемдік қаржы нарықтарының дамуы, ең
алдымен дамыған бағалы қағаздар нарығымен сипат алады.
Макро деңгеймен қатар, бағалы қағаздар нарығы микро
деңгейде де үлесі зор. Ең алдымен, бағалы қағаздар
нарығында қаржылық ресурстар шоғырлануын атауға
болады. Қаржылық ресурстар меншіктік, қарыздық және
тартылған жіктелімі бар. Олардың арасындағы
бәсекелестіктің болуы дамыған нарықтың бірден-бір
факторы. Себебі, нарық субъектілері үшін қаржылық
ресурстардың жедел, әрі арзан құралды қолдануы негізгі

мақсаттарына айналды.
Бағалы қағаздар нарығы қазіргі нарықтық экономика жағдайында өте маңызды
экономикалық инфақұрылымдардың дамуындағы экономикалық қатынастардың
жиынтығын сипаттайды. Өз кезегінде бағалы қағаздардың пайда болуы қаржы
ресурстарының, қаржыландыру мәселесінде өзінің үлкен маңызды рөлін көрсетті.
Инвестициялық қаржыландырудың басқа да бағыттарының қалыптасуы, қазіргі таңдағы
бағалы қағаздар нарығының өркендеп дамуымен сипатталады.
Бағалы қағаздар нарығында басқа нарықтардың элементтері болуы қажет сияқты
көрінеді. Атап өтсек.
Олар:
- Элемментер, яғни әр түрлі бағалы қағаздар шығаратын шаруашылық субъектілері;
- Инвесторлар, уақытша бос ақша иелері заңды және жеке тұлғалар;
- Бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары брокерлер, дилерлер, инвестициялық
басқарушылар және тағы басқа;
- Қор биржалары, депозиттер және де басқа да бағалы қағаздарды тіркейтін, сақтайтын
ұйымдар.
Жоғарыдағы айтылған мәселелерден "бағалы қағаздар нарығы" - тақырыбының
мазмұндық маңыздылығы көрінеді. Осы себептерге сәйкес бұл тақырыпты таңдап алып
және осы курстық жұмыс бойынша жалпылама мынадай мәселелер қарастырылады.
- Бағалы қағаздар нарығының мәні және бағалы қағаздардың пайда болуымдағы алғы
шарттар;
- Бағалы қағаздар нарығының құрылымдары;

- Бағалы қағаздар нарығын талдау;
Сонымен қатар бағалы қағаздардың өтімділік,
айналымдылық, нарықтық сипат, стандарттылық,
сериялық сияқты сапалық қасиеттермен азаматтық
айналымда қатысуын атамай өтуге болмайды.
Өтімділіктің астарында бағалы қағаздардың сатылуы
нәтижесінде ақша қаражаттарына айналу мүмкіндігі жатыр.
Ол үшін бағалы қағаз нарықта айналыста болуы қажет.
Бағалы қағаздардың айналымдық қасиеті сатып алу – сату
негізінде немесе басқа тауарлар нарығымен айналымды
байланыстырып, төлем құралы ретінде іске асырылады.
Бағалы қағаздар нарығы басқа нарықтар
сияқты күрделі ұйымдық және техникалық
циклдардың толықтылығы мен
аяқталғандылығын жоғары деңгейімен
ұсынады. Онда бағалы қағаздар баға
кешенін қолдану арқылы сатып алу – сату
заты ретінде пайдаланылады, бұл жай
тауарлардан ерекшеленеді.
Бағалы қағаздардың пайда
болуының классикалық нысаны
– қағаз, яғни бағалы қағаз
құжат түрінде қолданылады.
Бағалы қағаздар нарығының
дамуы бағалы қағаздардың көп
түрінің, ең алдымен эмиссиялық
нысанын құжатсыз нысанға
ауысуын талап етеді.
Бағалы қағаздар нарығы басқа нарықтардан өзінің
айрықша тауарымен өзгешенеледі. Ол өзгеше тауар
— бағалы қағаздар. Олар біріншіден меншік
белгісі, екіншіден қарыз міндеттемесі, яғни олар
бойынша табыс алу құқы және табыс төлеу
міндеттемесі пайда болады. Бағалы қағаздар ақша
капиталының немесе басқа материалды
құндылықтардың орнына жүретін «символы»
болғандықтан оны «қордың құндылықтары»
болып та есептеледі.

Ұқсас жұмыстар
Бағалы қағаздар нарығының техникалық талдау
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР
Бағалы қағаздар нарығы
Қаржы делдалдары
Бағалы қағаздар нарығы, оның қызметі және құрылымы
Әлемдік бағалы қағаздар нарығы
Бағалы қағаздар нарығы туралы
Бағалы қағаздар нарығын реттеу
Бағалы қағаздар нарығының субъектілері және экономиканың дамуындағы ролі мен орны
Қаржы нарығының құрылымы
Пәндер