Халықтық педагогиканың тәрбиелік мәні
Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ
МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ
ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ
АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК
УНИВЕРСИТЕТІ .
Пән:Этнопедагогика
Тақырыбы:Халықтық педагогиканың тәрбиелік мәні
Орындаған: Еркин.Ж
Тексерген:Серикова Н.У
Топ: Е-417
Халықтың жазбаша жазылмаған,
бірақ ұрпақ есінде мәңгілікке
сақталып, бір ұрпақтан бір
ұрпаққа ауызша жалғасып келген
нақыл – өсиет, өнеге қағида болып
таралып келген тәлім – тәрбие
тағылымының бай мұрасы бар. Ол
халықтық педагогика деп аталады.
Ұлттық ойындар. Қазақ халқының өмір кешкен
тарихында ұлттық ойындардың көптеген түрлері
балалық, жеткіншектік, жасөспірімдік сияқтағы
балалар тәрбиесінде пайдаланылады. Ойын тек көңіл
көтеру, шаттандыру ғана емес, ол өзінше ерекше
қазақ халықының әлеуметтік өміріне байланысты
тәрбиелік мағынасы зор жеке адамның дамуына,
жетілуіне әсер етуші фактор. Жиі қолданылып келген
бірнеше ойын түрлерін атап өтуге болады. Олар: «Ақ
серек- көк серек», «Айгөлек», «Жаяу жарыс», «Соқыр
теке», «Ақ боран», «Төбетей», «Бәйге», «Орамал
тастау» т.б.
Мақал-мәтелдер – халықтың ауызша
ақындық шығармашылығының көп
тараған ескерткіштері. Ғасырлар бойы
халықтың әлеуметтік тарихи тәжірибесі
туралы нақыл сөздер арқылы халықтың
ой-пікірі, арманы, көзқарасы баяндалған.
Қасиетті сөздерді қазақ халқы қастерлеп
өнеге етіп, адамдардың өлең өрнектерімен
ойластырып мақал-мәтелдерді үнемі
пайдаланып келген. Мақал-мәтелдер
халық өмірінің барлық жағынан
қамтылған.
Жұмбақтар. Халық арасында жылдам
айтылып келе жатқан жұмбақтардың
саны көптеп саналады. Жұмбақ
балалардың қиялын, танымдық іс-
әрекетін, қабілетін дамытады. Оның
жауабын табу үшін мазмұнын талдап ой
елегінен өткізеді. Жұмбақтың
тәрбиелік мәні өте зор.
Ырым (ғұрып) жолдары мен түрлері өте көп. Мысалы шешен
болсын деп аузына түкіру,отаншыл болсын деп туған жерге аунату,
сондай болсын деп батырдың сарқытын жегізу немесе оның атын
қою сияқты ырымдар бар. Мысалы, Шыңғыс Шоқанға ырымдап
Сегіз серінің атын қойған. Абай, Абылай, Бауыржан, Сәкен,
Қаныш сияқты есімдерін қәзір де ата-аналары өз балаларына
ырымдап қойып жүр. Той, келін түсіруде балаларды осындай
қуанышқа жетсін деп нан, бауырсақ, кәмпит алып оны апарып
береді. Ырым, Ырымкүл деген ұл, қыз аттары да осы ғұрыппен
қойылған. Халықта жасы 100-ге жеткен адамның киімін, ұстаған
затын осындай жас берсін деп үлестіріп, бөліп алу. Сол сияқты
баласы тұрмай жүрген адамдар баласына Күшік, Итбай, Итемген,
Көтібар, Көтен, Малай, Башай, Терісаяқ дегендей қолайсыз ат
қойса, өмірлі болады деп ырымдаған. Жалпы айтқанда ырым-
халықтың сенімі мен ақ ниетінен, шын көңілінен туған ұлттық
ерекшеліктің бір саласы
Қорқыттың нақыл
сөздері
Дәулетті ұл – ошақтың қоры, Дәулетсіз ұл –
атаның соры.
Ұлдың күні күн емес – атадан мал қалмаса, Ата
малы пұл емес – баста ақыл болмаса.
Атасының атын шығармаған жігерсіз ұлдың –
туғанынан тумағаны игі
Ұл ақылды хош көрмес – ата үлгісін көрмесе,
Қыз жарытып ас бермес – ана үлгісін көрмесе.
Түбі жат бала туғандай болмас: ішер, жер, киер
де кетер, бірақ «көрдім» демес.
Анадан өнеге көрмеген қыз жаман. Атадан
өнеге алмаған ұл жаман.
Ата даңқын шығарып,өзінің тегін қуған балаға
ешкім жетпейді.
Нақыл сөздер (Афоризмдер)- күрделі мәселeлерді терең
ете дәл жеткізетін ой шалымы кең, қысқа қайырымды
шешен сөз. Ол - көп қырлы, түйіндеуге бай, көркемдік
дәрежесі жоғары сападағы, қанатты сөз айшығы
данышпан ақылдың төзінен, ой көзі айқын керінетін сөз
жасаушы ұлы шебердің мүсіндеуінен шыққан іші -
алтын, сырты - күміс сөз төресі. Нақыл сөздер үлгісі
қазақ әдебиетінде ерте көзде-ақ ауызекі тіл өнерге,
енегеге айналған шақтан бері қалыптасқан. Олар мақал-
мәтелдермен қатар туып отырды.
ұқыптылық
мейірімділік сыйластық
ізеттілік Қонақжайлықтың бала
тәрбиесіндегі орны кеңпейілділік
кішіпейілділік
меймандостық
бауырмалдық жомарттық
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қалиев С. Қазақ этнопедагогикалық теория
мәселелері және тарихы. Алматы « Білім » 2001ж.
2. Қалиев С. Жарықбаев Қ. Қазақ тәлімінің тарихы.
Алматы. « Санат » 1995 ж.
3. Табылдиев Ғ. Халық тағылымы. Алматы. « Мектеп »
1992ж.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz