Қазіргі білім беру жүйесіндегі оқытудың белсенді әдістері мен педагогикалық технологиялары


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК

УНИВЕРСИТЕТІ

Тақырыбы: Оқытудың белсенді әдістерінің түрлері

Орындаған: Ерболат Е.

Топ: Е-317

Тексерген: Тұрғанбаева Б. Ш.

Slide 2

Жоспар:

Жалпы педагогикалық технология түсінігі

Білім берудегі қазіргі заман технологиялары

Қазіргі білім беруде педагогикалық технологияларды зеріттеушілер

Қазіргі білім беруде педагогикалық технологиялардың міндеттері

Білім беру саласына озық технологиялардың енуі

Slide 3

“Қазіргі заманда жастарға педагогикалық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім алу өте қажет”

Н. Ә. Назарбаев

Slide 4

Педагогикалық технология - бұл педагогикалық əрекеттер табысына кепіл болардай қатқыл ғылыми жоба. Əрі сол жобаның дəл жаңғырып іске асуы. Педагогикалық технология кешенді, бірігімді процесс. Ол өз құрамына адамдарды, идеяларды, құрал-жабдықтарды, сонымен бірге жоспарлау, қамсыздандыру, бағалау жəне білім меңгерудің барша қырлары жөніндегі проблемалар шешімін басқаруды қамтиды. Педагогикалық технологиялар көп түрлі болуына қарамастан, олардың іске асуының екі ғана жолы бар. Біріншісі - теориялық негізде орындалуы (В. Б. Беспалько, В. В. Данилов, В. К. Дьяченко жəне т. б. ), екіншісі - тəжірибемен жүзеге келуі (Е. Н. Ильин, С. Н. Лысенкова, В. Ф. Шаталов жəне т. б. ) .

Slide 5

Ұлы педагог, ғұлама Я. А. Коменский 16-ғасырда-ақ оқудың «техникалық» (яғни «технологиялық») болатынын уағыздап, оның мүлтіксіз тиімді нəтиже беретін жолдарын іздестіріп бақты. Я. А. Коменский еңбектеріне үңіле түссек, педагогикалық технологияға бастау берген даналық пікірлерді табамыз: «Дидактикалық машина үшін қажет нəрсе -

1) түбегейлі ойластырылған мақсаттарды;

2) сол мақсаттарға жетуге дəл икемдестірілген жабдықтарды;

3) мақсаттың орындалмауына мүмкіндік бермейтін нақты жабдықтарды қолданудың мызғымас ережелерін табуымыз керек». Коменский заманынан бастап, оқуды мүлтіксіз əрекеттегі механизмге сəйкестендіру ұмтылысының талайы күні бүгінге дейін басылған емес. Кейін оқу технологиясы жөніндегі көптеген тұжырымдар толықтырылып, нақтыланып отырды. Əсіресе, техникалық прогрестің əрқилы теориялық жəне практикалық қызметтер аймағына енуімен оқуды технологизацияластыру идеясы нығайып, іске асырыла бастады (П. Я. Гальперин, Н. Ф. Талызина, Ю. К. Бабанский жəне т. б. ) .

Slide 6

Проблемді оқу технологиясы

Жалпы түрінде проблемді технология сипаты келесідей: оқытушы білімді дайын күйінде ұсынбай, оқушылар алдына міндет (проблема) қояды, оған қызықтырады жəне оның шешу əдіс-тəсілдерін табуға ынталандырады. Ал оқушылар мұғалімнің тікелей басшылығында не өз бетінше олардың шешімін табудың жолдары мен əдістерін зерттейді, яғни болжам түзеді, оның шынайылығын тексеру тəсілдерін белгілейді əрі талқылайды, дəйектейді, нəтижелерін талдайды, пікір жүргізеді, дəлелдейді.

Slide 7

Модульді оқу технологиясы

Бұл технологияға орай оқу мазмұны өз алдына белгілі жинақы құрамға келтірілген ақпараттық топ (блок) күйінде беріледі. Ол ақпарат оқу мазмұнының көлемін ғана емес, əдістері мен олардың игерілу деңгейін де көрсететін дидактикалық мақсатқа сəйкес меңгеріледі.

Slide 8

Оқып үйрену

Тәжірибеде қолдану

Шығармашылық бағытта дамыту

Нәтиже

Т

Е

Х

Н

О

Л

О

Г

И

Я

Slide 9

Оқыту технологиясы

“Оқыту технологиясы - белгіленген мақсатқа нәтижелі қол жеткізуді қамтамасыз етуде оқытудың формасы, әдістері мен құралдарын ашып көрсетіп, оқу бағдарламасында белгіленген оқытудың мазмұны жүзеге асырылады”, - деп С. Әбенбаев айта келіп, оның құрылымын төмендегідей етіп көрсетеді:

- оқытудың мақсаты;

- білім берудің мазмұны;

- педагогикалық өзара әрекеттестіктің құралы (оқыту және мотивация), оқыту процесін ұйымдастыру;

- оқушы, оқытушы;

- әрекеттің нәтижесі (сонымен бірге кәсіптік даярлықтың деңгейі) .

Slide 10 Slide 11

“Сонымен қатар, С. Әбенбаев нақтылы педагогикалық процесті талдап жүзеге асыруды “ . . . оқыту технологиясын жобалау процесі деп атауға болады” деп айта келіп, оның құрылымын төмендегідей анықтайды:

- оқу жоспары және бағдарламасына сай оқытудың мазмұнын таңдау;

- оқытушы бағдарлай алатын оқытудың басымды мақсатын таңдау, яғни жобалау барысында білім алушыларда қандай кәсіптік және тұлғалық сапа қалыптасады, міне соны анықтау;

- мақсаттарға немесе басымды бір мақсатқа негізделіп оқыту технологиясын таңдау;

- оқыту технологиясын талдап жасау.

Slide 12

Педагогикалық зерттеулердің нәтижелеріне

сәйкес білім берудің қазіргі заманғы

технологиясының нұсқауы,

төмендегі принциптердің

қатысуымен жасалуы тиістігі анықталуда:

Slide 13

Дидактикалық жүйені көрсететін технологияның бүтіндік принципі;

Қойылған мақсатқа жету үшін нақты педагогикалық ортада технологияларды қайта өндіру принципі;

Сәйкес келетін педагогикалық жүйелердің өзін-өзі дайындау механизміне әсер ететін факторлардың приоритеті және педагогикалық құрылымдарының сызықтық емес принципі;

Оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына және оның танымдық қабілеттілігіне оқыту процесінің бейімделу принципі;

Біріктірілген білімдерді құру үшін оптимальді жағдай жасайтын оқу ақпараттарының потенциалды көп болу (артық болу) принципі.

Slide 14 Slide 15

Педагогикалық технологияның міндеттері:

Slide 16

- әр түрлі қызмет саласындағы іскерлік пен дағдылардың шыңдау, білімнің тереңдігін, беріктігін арттыру;

- мінез - құлықтағы әлеуметтік құнды әдеттер мен формаларды нығайту және арттыру;

- технологиялық құрал-саймандармен жұмыс істеуге үйрету;

- технологиялық ойлау дағдыларын дамыту;

- оқу міндеттері мен қоғамдық пайдалы еңбек ұйымдастыруда технологиялық тәртіпке сай нақты әдеттерді тәрбиелеу.

Slide 17
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі білім беру технологиялары: түрлері және білім сапасын арттырудағы рөлі
Белсенді оқытудың педагогикалық негіздері мен қолдану формалары
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы қазіргі педагогикалық технологиялар мен ұйымдастыру формалары
Қазіргі білім беру жүйесіндегі тәрбие мәселелері мен жаңа технологиялардың тұлғаға әсері
Білім беру жүйесіндегі патриоттық тәрбиені қалыптастырудың инновациялық әдістері
Қазіргі педагогикалық жүйелер мен оқыту технологиялары: дуальды жүйе, дамыта оқыту және заманауи білім беру формалары
Оқытудың белсенді әдістері мен формалары: проблемалық оқыту, тренинг және инновациялар
Қазіргі білім беру парадигмалары және педагогикалық білімнің спецификасы
Жоғары мектептегі жаңа білім беру технологиялары: ақпараттандыру, педагогикалық шарттар және қолдану тәжірибесі
Білім беру жүйесіндегі инновациялық педагогикалық технологиялар: түрлері, енгізу кезеңдері және оқушыларға ықпалы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz