XX ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ӘДЕБИЕТ, ӨРКЕНИЕТ, МӘДЕНИЕТ
Презентация қосу
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ
АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК
УНИВЕРСИТЕТІ
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ
КАФЕДРАСЫ
ПӘН АТАУЫ: XX ҒАСЫР
БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ
ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ
(1900-1930 ЖЖ)
ТАҚЫРЫБЫ: XX ҒАСЫР
БАСЫНДАҒЫ ӘДЕБИЕТ, ӨРКЕНИЕТ,
МӘДЕНИЕТ
ЖОСПАР:
1.XX ғасыр басындағы әдебиет ( 6-13)
1.1. 20 ғ. өкілдері
1.2. 20 ғ. баспа сөз ісі
1.3. 20 ғ. шығармашылық өркендеу
2. XX ғасыр басындағы әлеуметтік жағдай (14-21)
2.1. Отарлық саясаттың күшеюі
2.2. Столыпин реформасы
3. XX ғасыр басындағы мәдениет (22-29)
3.1. қазақ мәдениеті
3.2. кеңес мәдениеті
4. Қорытынды ( 30-31)
5. Тұжырым ( 32-33)
6. Ақпараттық сілтеме ( 34)
7. Пайдаланған әдебиеттер (35)
КІЛТ СӨЗДЕР:
Әдебиет; мәдениет;
өркениет; қоғам; баспасөз;
дін; Алашорда; азатшылдық;
жанр; білім беру;
ағартушылық; стиль; өлең;
зерттеу;аударма;
20 ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті ұлы Абайдың
ағартушылық, демократиялық дәстүрiн жалғастыра отырып,
отаршылдыққа қарсы күрес пен тәуелсiздiктi аңсау идеясын
ашық және батыл көтердi. Ахмет Байтұрсынұлы, Мi
ржақып Дулатов қазақ халқының тарихи-мәдени дамудан кенже
қалып, қараңғылықта отырған күйiн суреттеп, елдi өнер-бiлiмге
үгiттедi. Жаңалыққа енжар, ұйқыда жатқан қазақты бiрi «Маса»
боп құлағына ызыңдап, бiрi «Оян, қазақ» деп, бар дауыспен жар
салды. Ғасыр басында әдебиетке келген ақын-жазушылардың
барлығы да осы дүбiрмен оянғандар едi. Сұлтанмахмұт
Торайғыров қазақ әдебиетін көркемдiк-эстетикалық тұрғыдан
байытып, жаңа жырлардың туып, жетiлуiне үлес қосты. Оның
«Қамар сұлу», «Кiм жазықты?» атты романдары, «Адасқан
өмiр», «Кедей», «Таныстыру», «Қала ақыны мен дала а қынының
айтысы» поэмалары, лирик. өлеңдерi, публицистик. мақалалары ақынның әр саладағы iзденiстерiн
танытты.
Әдебиеттегi сыншылдық бағытты дамытып, ағартушылық идеяны көркем с өз
арқылы өрiстетуге Сәбит Дөнентаев, Мұхамеджан Сералин, Спандияр Көбеев,
Бекет Өтетiлеуов, Тұрмағамбет Iзтiлеуов, Ғұмар Қараш,
Нарманбет Орманбетұлы, Бернияз Күлеев, т.б. елеулi еңбек сiңiрдi. Олар
ақындық өнердi әр жағынан жетiлдiрдi. Сәбит шағын, сюжеттi өлеңдер мен
мысал жанрында өнiмдi еңбек етсе, Бернияз заман шындығын лирик.
өлеңдермен ашуға ұмтылды. Ауыл мектептерiнде сабақ берген Спандияр мен
Бекет еңбектерi олардың ұстаздық, ағартушылық көзқарастарымен
байланысты едi. Көбеев «Қалың мал» атты роман жазды. «Айқап» журналын
шығарған белгiлi журналист Сералиннiң әлеуметтік теңсiздiктi бейнелейтiн
дастандары («Гүлқашима», «Топжарған») басылды. Отаршылды қ қанауды, ел
билеу жүйесiндегi саясатты, қазақ қоғамының мешеу күйiн сынауда Ғұмар
мен Нарманбет өлеңдерi едәуiр көркемдiк табысқа жеттi. Б ұл дәуiрдегi
әдебиет ақын-жазушылардың ұстаған жолы мен көркемдiк iзденiстерi, ба ғыт-
бағдары жағынан бiркелкi емес едi. Олардың iшiнде таза қаза қы д әст үрге
сүйенген, аракiдiк шығыс әдебиетiнен хабары бар ақындар тобы болды. Олар
да ел iшiн жайлаған надандықты, ел билеушiлердiң әдiлетсiздiгiн, патшаны ң
отаршылдық саясатын сынады. Мәшһүр-Жүсiп Көпеевтiң, Нұржан
Наушабаевтың реалистiк өлеңдерi дәуiр шындығын ашып көрсеттi.
20 ғ-дың басындағы әдебиеттi толықтыруда «Исатай-
Махамбет» дастанының авторы Ығылман Шөрековтi
де, Қ. ә-нiң дәстүрлi саласын дамытқан әншi-
ақындар легiнде (Майра, Иманжүсiп, Мәди, Кенен,
Үкiлi Ыбырай) атап айтуға болады. 1917 жылғы ұлт-
азаттық көтерiлiсiнiң батырлары Амангелдi, Бекболат,
т.б. туралы жырлар туды. Көтерiлiске байланысты
туған халық поэзиясы ғасыр басындағы әдебиеттiң
демокр.-халықтық бағытын толықтырып, оны жаңа
мазмұнмен байытты
Ахмет Байтұрсынұлы (5 қыркүйек 1872 жыл, қазіргі
Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылы –
8 желтоқсан1937, Алматы қаласы) — қазақтың ақыны, әдебиет
зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы,
қоғам қайраткері. Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-
азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері,
қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарыны ң негізін салушы
ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда
{1} өкіметінің мүшесі.
Міржақып Дұлатұлы (1885—1935) — қазақтың аса көрнекті
ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз
шебері. 1913 жылы Орьнборда "Азамат", ал 1915 жылы "Терме"
атты өлеңдер кітаптары басылып шығады. Ақын өлеңдерінің
басты такырыбы—ел тағдыры болды
{2}
Сәбит Дөнентаев (1894—1933) — қазақ ақыны. Оның поэзиясы
терең мазмұнды, ойлы болумен бірге көркемдік қырларымен,
өзіндік өзгешеліктерімен де ерекшеленеді. Ең алдымен
ақынның көптеген өлеңдерінде нақтылық сипат,
тұжырымдылық басым. Оның поэзиясының тілі таза,
қарапайым және сонымен бірге бейнелі де көркем. Сәбит
{3} поэзиясында сырттай жарқылдақтық, асқақ лептілік жоқ.
Сералин Мұхамеджан (1872, қазіргі Қостанай облысы Қарабалық ауданы
Өрнек аулы — 8.11.1929, сонда) — ақын, журналист.
Троицкідегі медреседе оқыған (1880),
Қостанайдағы 2 кластық орыс-татар мектебін бітірген (1891).
1911 — 1915 жылдары Троицкіде “Айқап” журналын шығарды.
1919 — 1920 жылдары “Ұшқын” газетінде қызметкер,
1923 — 1926 жылдары “Ауыл” газетінің редакторы қызметтерін ат қар ған. {4}
Өтетілеуов Бекет – ақын, аудармашы, ағартушы, педагог. Ол кісі 1.7.
1883 жылы Қостанай облысы, Обаған ауданында туды – 9.7.1949 жылы
сонда көз жұмған. Екі класты орыс-қазақ мектебінде, кейіннен
мұғалімдер даярлайтын курста оқыған.
* 1907 жылдан өмірінің соңына дейін ұстаздық қызметпен айналыс қан.
{5}
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (1858—1931, Павлодар
облысы, Баянауыл ауданында туған) — ұлы ойшыл,
фольклор танушы, этнограф, тарихшы, философ,
қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы.
Мәшһүр-Жүсіп араб және парсы тілдерін жетік
білгенімен қоймай,көп тілді білген ғұлама. {6}
Тұрмағамбет Ізтілеуов (1882, Қызылорда облысы
Қармақшы ауданы Ленин атындағы кеңшар (қазіргі
Тұрмағамбет ауылы)-1939) - халық ақыны, аудармашы. [1]
Алғаш Алдашбай ахуннан оқып, сауатын ашқан.
Бұқара қаласында әуелі «Мир араб» (1896-1899), кейін
«Көкелташ» медресесінде (1896-1905) оқыған.
{7}
Ғұмар Қараш (1875 жыл Батыс Қазақстан облысы
Жәнібек ауданы, Қырқұдық деген жері - 12 сәуір, 1921 жыл,
Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы,
Жақсыбай ауылдық округі жеріндегі Құнаншапқан) - ақын,
{8} қоғам қайраткері.
Бернияз Күлеев (1899-1923) - ақын.
Ақынның өз шығармашылығының кей
мезеттерін атамастан бұрын мынадай бір
жайды айта кету шарт. Қазақстан Оқу
халық комиссариаты Абайдың өлеңдер
жинағын даярлауды Берниязға тапсырады.
Осыған даярлық ретінде ол «Ақ жол»
{9}
газетіне арнайы мақала бастырады.
ХХ ғасырдың басында мәдениеттің дамуына осы
уақытқа дейін елеусіз жағдайда болған баспа ісін
жолға қою белгілі бір ықпал жасады. Қазақ
мерзімдік баспасының гүлдене бастаған уақыты
ХХ ғасырдың бас кезіне тура келді. Бұл кезде кітап
басып шығару Семей, Омбы, Орал сияқты мәдени
орталықтарда елеулі дамыды. ХІХ ғасырдың
соңында «Түркістан уалаятының газеті» мен
«Дала уалаятының газеті» атты екі басылым
шығып тұрды. 1905 жылға қарай бірқатар жаңа
газеттер мен журналдар пайда болды.
1907 жылы қазақ зиялыларының бір тобы
Петерборда редакторы Әбдірашид Ибрагимұлы
болған «Серке» газетін шығара бастады. Бұл
газеттің екінші нөмірінде Міржақып
Дулатұлының «Біздің мақсат» деген мақаласы
жарияланды. Патша тыңшылары газетті «қазақ
халқын барлық үкімет орындары мен өкілдеріне
қарсы қоздырушы» үндеу ретінде қарап, жауып
тастады. 1907 жылы наурызда Троицкіде бірінші
нөмірі шығысымен тыйым салынған «Қазақ
газеті» жарық көрді.
XX ғасырдың басы Ресей империясында
әлеуметпк қайшылықтардың шиеленісуімен,
Қазақстанда отарлық саясаттың күшеюімен
ерекшеленді. Отарлық саясат, әсіресе аграрлық
салада пәрменді жүргізілді. Өйткені аграрлық
мәселе қоныстандыру саясатына тығыз
байланысты еді. Қазақ өлкесі бірнеше
қоныстандыру аудандарына бөлінді: Торғай-
Орал, Семей, Сырдария, Жетісу. Патша өкіметі
«Қоныс аудару қорынна» (Переселенческий
фонд) қуру үшін Қазақ өлкесіндегі «артық»
жерлерді анықтайтын қоныстандыру
басқармаларын құрды.
«Қоныс аудару қорына» қазақтардың
жайылым, суат, мал айдау жолдарын,
қыстақтарын тартып ала бастады. Сонымен
бірге, Қазақ өлкесінде Орынбор, Орал,
Сібір, Жетісу казак әскерлері де орналасқан
болатын. XX ғасыр-дың басына қарай
казактардың саны 1 миллион он бір мың
адамға жетті және олар 15,6 миллион гектар
ең құнарлы деген жерлерге иелік етті
Ресейдегі аграрлық саладағы езгерістердің жаңа кезеңі
«Столыпин реформаларымен» тығыз байланысты болды. 1906
жылы Ресейдің премьер-министрі болып тағайындалған
П.Столыпин елде аграрлық реформа жүргізуді қолға алды.
Столыпиннің аграрлық реформасының түпкі мәні селоларда
аграрлық буржуазияны, яғни орта дәулетті кулактар тобын
қалыптастыру арқылы Ресейдегі аграрлық мәселені шешу
болатын. Реформа бойынша шаруаларға әзіне тиесілі жер үлесімен
қауым құрамынан шығып, жеке хутор құруға рұқсат етілді. П.
Столыпин Ресей империясының шеткі аймақтарына, соның ішінде
астық өндіру үшін өте қолайлы Қазақ өлкесіне ерекше көңіл
бөлді. Қазақ жеріне Ресейден келген шаруаларды қоныстандыру
мен кулак шаруашылықтарын құру үшін оларға жеңілдіктер беру
жүйесі енгізілді. Әрбір хуторға 45 десятина жарамды және 15
десятина егістік жер берілетін болды. Жер бөлуші мекемелерге
жергілікті көшпелі қазақтардың жерін тартып алып, олардың
орнына орыс шаруалары мен кулактарды орналастыруға р ұқсат
берілді.
1893-1905 жылдары қазақтардан 4 млн.
десятина жер тартып алынса, ал 1906-1912
жылдары 17 млн десятинаға, 1916 жылы 40
млн десятинаға, 1917 жылы 45 млн
десятинаға жетті. Тартып алынған жерлер
негізінен Семей, Ақмола, Орал, Торғай
облыстарында болды. Бұл облыстардан
40,5 млн десятина, Жетісудан 4 млн
десятина, Сырдария облысынан 500 мың
десятина ең құнарлы жер алынды.
XX ғасырдың басында Қазақ өлкесінде тау-кен өнеркәсібі даму үстінде болды.
Өйткені, қазақ жерінің қазба байлығын игеруде жақсы жолға қойыла
бастағафранцуз, американдықтардың қолында болды. «Спасск мыс кеніші»
акционерлік қоғамының төрағасы ағылшын парламентінің мүшесі Артур Фелл,
ал төрағаның орынбасары Франция президентінің жиені Эрнест Жан Карно
болды. Орыстық-Азиялық деп аталатын Риддер мен Екібаст ұз кеніштеріні ң
корпорациясы ағылшын компаниясының иелігіне беріліп, оған болашақ А ҚШ
президенті Герберт Гувер мен ағылшын қаржыгері Уркварт қаржы салды.н еді.
1902 жылы барлығы 18695 жұмысшы еңбек ететін 197 өндіріс орны ж ұмыс
істеген. Тау-кен өндірісімен бірге өнім өңдейтін шағын кәсіпорындар жуйесі де
қалыптаса бастады. Бұл кезеңде өлкеде 690 кәсіпорын болса, ал онда 7297 адам
жұмыс істеген. XX ғасырдың ең ірі деген өндіріс орындарына Қарағанды кемір
шахталары, Қазақ өлкесінің шығыс және орталық аудандарындағы т үсті
металлургия, Орал-Ембі мұнай өңдеу кәсіпорындары кірді. Ісж үзінде б ұл
өндіріс орындары шетел кәсіпкерлерінің, негізінен ағылшын,
Қазақ жері арқылы өтетін теміржолдарды салу
нәтижесінде теміржол жұмысшыларының саны өсе
бастады. Мысалы, Орынбор-Ташкент темір жолының
ұзындығы 1656 км құраса, ал онда істейтін
жұмысшылардың саны 30 мыңға жетті. Бұл теміржол
1901-1905 жылдары салынып, Қазақ өлкесіндегі ең
негізгі магистральге айналды. Жол бойында Шалқар,
Қазалы, Перовск, Түркістан сияқты ірі бекеттер жұмыс
істеді.
XX ғасыр басында Ресейде болсын, Қазақ өлкесінде болсын
жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы өте ауыр еді. Әсіресе
қазақ жүмысшыларының әлеуметпк жағдайы ешбір сын
көтермейтін дәрежеде болды. Олар жұмыстың ең ауыр
түрлерін және жалақы аз төленетін бөліктерінде істеді.
Өйткені қазақ жұмысшыларының кәсіби мамандықтары
болмады, көпшілігі маусымдық жүмыстарға жалданды.
Өндіріс басшылары мен жергілікті патша әкімшілігі қазақ
жұмысшыларының орыс тілінде еркін сөйлей
алмайтындықтарын пайдаланып, үнемі олардың азаматтық
әрі әлеуметтік қүқықтарын бұзып отырды. Кәсілорындар
техникалық қауіпсіздік талаптарын орындамады,
құрал жабдықтармен қамтылмаған күйде жұмыс істеді.
Оның үстіне еңбекші халыққа шетел мамандары да
астамшылық көрсетіп отырды. Мұның бәрі
жұмысшылардың өз жағдайларын жақсарту үшін күреске
шығуға итермеледі.
Қоныстандыру басқармалары әрбір қазақ
отбасы 15 десятина жер үлесін алуға құқылы
деген ереже енгізіп, ал қалған жердің барлығы
Мемлекеттік меншік министрлігі басқаратын
қоғамдық жер қорына берілетін болды. Мұндай
тәртіптер қазақ халқының дәстүрлі мал
шаруашылығының күйреуіне әкеп соқтырды.
Агроном А. Кауфманның есебі бойынша, мал
шаруашылығының қалыпты өмір сүруі үшін,
әрбір көшпелі шаруашылыққа, мысалы,
Сырдария ауданында 145 десятина жер, ал
Жетісуда 110 десятина жер қажет еді.
мәдениеті. Абайдан басталған
қазақ мәдениетіндегі тың сарын XX
ғасырдың бас кезінде ары қарай
жалғасты. Қазақ мәдениеті XX
ғасырды әрі үмітпен, әрі түңілумен
қарсы алды. Дүниежүзілік
техникалық және демократиялық
прогресс Азия орталығына да жете
бастады. Ұлттық идея темір
тордағы халықты толғандырып,
оны азаттық үшін күресуге
ұмтылдырды. Әрине, ұлт-азаттық
күреске бүкіл Ресей империясын
қамтыған революциялық және
реформалық қозғалыстар да әсерін
тигізді. Алайда Қазақстандағы
толқулар тек орыс
революционерлерінің ықпалымен
болды деу жаңсақ пікір. Бірде-бір
ресейлік саяси ұйым мен белгілі
қайраткерлер империяны таратып,
басқа ұлттарға азаттық әперу
туралы мәселе көтермеді. Социал-
демократтардың өздері Шығыс
халықтарының оянуына
Дулатов қазақ халқының манифесі
— «Оян, қазақ!» өлеңін жариялады.
Ол түңғыш рет халықты ашық
күреске шақырған ұран тастады:
«Қазақстаннан болған социал-
демократтарға бір ауыз сөз
айтамын: Еуропаның пролетариясы
үшін қанды жас төгуіңіз пайдалы,
бірақ өз халқыңыз қазаққа артық
назар салыңыз, орыстың қара
халқының күнелтуі ауыр, сонда да
алды ашық. Қазақ халқы алты
миллиондық бір ұлы тайпа бола
тұрып, басқа халыққа қарағанда
жәрдемсіз азып-тозып кетер».
(Оян, қазақ! 10-бет). Міржақып
саяси мәселелермен қоса өз
шығармасында қазақ мәдениетін
тұйықтан шығаратын жолдар
іздейді. Ең алдымен мәдени
тоқыраудың себебін М. Дулатов
бодандықтан көреді.Екі ғасырдың
арасында қазақ мәдениетінде
пайда болған бір құбылыс кейін
өріс алған маргиналдықтың
өз басынан өткізді. 1916 жылдан
басталған күрес келесі жылы
мақсаттарына жеткендей болды.
Өздерін «демократтар» санаған
Уақытша үкімет өкілдері сөз
жүзінде езілген халықтарға
азаттық береміз деді. Қазақ
ғұламасы Ә. Бөкейханов
революция жасала сала
«Жаңарған Ресейдің ерікті
азаматтары — қазақтарға» деген
өз үндеуін жариялады. Жалпы
алғанда, қазақтың ұлттық
мәдениетін XX ғасыр талаптарына
сәйкес қайта құруда «Алаш»
партиясының рөлі ерекше болды.
Революцияның бастапқы кезіндегі
маңызды мәселенің бірі ұлттық-
мәдени автономияға қатысты еді.
Ресей революциялық
қозғалысының кадеттік,
социалистік және коммунистік
бағыттарының көсемдері бұл
идеяға қарсы шықты. В.И. Ленин
болсын, Ф. Керенский болсын
1917 жылдың 21—26 шілдесінде Орынборқаласында Бірінші бүкіл-қазақтық құрылтай өтті. Оның шешімдері бойынша «Алаш»
партиясының бағдарламасы жарияланды. Бағдарламаның кейбір бөліктерінен үзінді келтірейік:
1. Ресей демократиялық Федеративтік Республика болуы керек, оның құрамындағы әрбір мемлекет тәуелсіз әрекет етеді.
2. Қазақтар тұратын аймақтардан құралған автономия Ресей Федеративтік Республикасының құрамды б өлігі болып
табылады...
3. Ресей Республикасында тең праволылық, тұлға, сөз, баспа, ұжымдар еріктілігі болады.
4. Дін мемлекеттен бөлінеді. Барлық діндер тең праволы... қазақтардың өзіндік муфтийлігі болуы керек...
5. Билік пен сот әр халықтың ерекшеліктеріне сәйкес құрылуы қажетті, би мен сот жергілікті халықтың тілін білуі міндетті...
6. Білім алу — барлығының ортақ игілігі. Бүкіл оқу орындарында білім алу — тегін. Қазақтардың өз тіліндегі орта және жоғары
оқу орындары, университеттері де болуы керек.
әңгіме еткенде оның тарихи
ерекшеліктері мен өзіндік
белгілеріне тоқталып өткен жөн.
Егер бұрынғы қазақ мәдениетін
дәстүрлік өркениет деп бағаласақ,
онда тоталитарлық жүйеде ұлттық
негіздерді жойып жіберуге
бағытталған болышевиктік
шараларды ескеру керек.
«Тағдыры ортақ жаңа қауым»,
«тарихта бұрын болмаған
адамдардың жоғары бірлестігі —
кеңес халқы», сондай-ақ, «мазмұны
пролетарлық және түрі ұлттық
социалистік мәдениет» ұрандарын
басшылыққа алған идеологтар мен
саясатшылар рухани мәдениеттің
тамырына балта шапты. Ерте
заманның өзінде атақты
Аристотель мазмұн мен форманың
бірлігін дәлелдесе, революционер
марксистер мәдениеттегі ұлттық
мазмұнды бекерге шығарды. Шын
мәнінде, ең алдымен, мәдени
туындының мазмұны ұлттық болып
Жоғарыдағы «социалистік»
мазмұнды көмкерген ұлттық
форманы Сталин тек тілге әкеп
тіреген. Олай болса, өз ұлтының
тарих-талғамын орыс тілінде
жазған Ш. Айтматов пен О.
Сүлейменовты қалайша ұлттық
мәдениеттен аластаймыз. Әдеби
тілден басқа әр этностың
өзіндік рәміздері, таңбалары,
музыка, театр, көркемөнер тілі
бар. Әр этностың төлтума
мәдениетіне үлкен нұқсан
келтірген большевиктік
«тәжірибелердің» бірі —
ұлтаралық некелесуді дәріптеу.
Әрине, табиғи-тарихи
жағдайларда бұл — прогрессивті
процесс, дүниежүзілік мәдени
Саяси-идеологиялық ұрандардың
желеуімен 200-ден астам этностар
араластырылып жіберілді.
«Нәтижесінде жүзге тарта төлтума
мәдениет мәңгілік жоқ болып,
жұмыр жердің мәдени-рухани
болмысы солғын тартты. Осынау
жойқын да жойдасыз қасіреттің
орнында мыңдаған жылдар бойы
қалыптасқан төлтума мәдениетін
әбден таптап, химералық күйге
жеткен 300 миллион тобыр қалды;
басқа ұлтпен некелескен 60 миллион
дүбара қалды; 60 мың тірі жетім
балалар қалды (тіркеуге алынғаны
ғана); абақтының тұрақты
тұрғындарының саны 20 миллионға
жетті». (Тарақты А. Ауызша
тарихнама — Қазақ, 36-бет). Шын
мәнінде, Кеңес Одағы маргиналдар
қоғамына айналды.
Әр ұлттың мәдени архетиптерін
шайқалту Кеңес Одағында
мемлекеттік саясат дәрежесінде
нысаналы түрде жүргізілді.
Мысалы, 1951 жылы Орталық
мұсылман халықтарының «Деде
Қорқыт», «Алпамыс», «Манас».
«Ер Сайын», «Шора Батыр»,
«Қобыланды» сияқты эпостарын
діншіл және ақсүйектік деп
жариялап, оларға тыйым салды.
Халықтық мәдениетті
қудалаудың сорақы бір көрінісі
— домбыраны феодализмге
апарып тіркеу.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz