Дін



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ атындағы СемЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Орындаған: Көбегенова Қ. А. Е - 419 топ
Тексерген: Жакпарова Г. А.
Дін

Дін
Діннің басты мақсаты - адамның рухани жетілуі және оның Жаратушы Құдайға сенімі.
Адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік - мәдени сана.

Діни рәміздер

дін дегеніміз - әлемді байланыстыратын күш Алланың барлығына сенім.
Ислам философиясының түсіндіруінше

ИСЛАМ ДІНІ
әлемдік монотеисттік - ибраһимдік дін. Христиандықтан кейін дүниедегі ең көп таралған дін болып табылады. «Ислам» сөзі «бейбітшілік», (Аллаһтың заңдарына) «мойынсыну, бағыну» болып табылады. Ал шариғат терминологиясында «ислам» - толық мойынсыну, Аллаһтың алдында парыздарды орындау, одан басқа құдайларға табынбау болып есептеледі. Ислам дінін ұстанушы жан мұсылман деп аталады. Мұсылмандардың негізгі діни кітабы Құран Кәрім (араб. : القرآن الكريم) -классикалық әдеби араб тілінде (араб. : الفصحى) Аллаһ тарапынан түсірілген.

Қағба - Ислам дінінде Құбыла, бүгінгі күнгі Сауд Арабиясының Мекке қаласында орналасқан. Әлемнің әр елінен жиналғанмұсылмандар Аллаһқа бірігіп құлшылық етуде.

Медине қаласындағы Мұхаммед пайғамбардың (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) мешіті.

Бес парыз
Екі куәлікті (шаһадат) «Лә иләһә илл-Аллаһ Мухаммад расулу-Ллаһ» айту;
Бес уақыт парыз намазды орындау;
Рамазан айында ораза тұту;
Мал-мүлкі белгілі мөлшерден асқан адамға одан зекет беру;
Өмірінде бір рет қажылыққа бару.

«Лә иләһә илл - Аллаһ (Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты нәрсе жоқ) » куәлігінің талап ететін шарттары:
Білімсіздікті жоятын білім;
Күманды жоятын нық сенім;
Жоққа шығарудың терісі болған қабылдау;
Бағынбаудың терісі бағыныштылық;
Ширктің терісі ықылас;
Екіжүзділіктің терісі шыншылдық;
Жек көрудің терісі махаббат;
Аллаһтан басқа құлшылық объектілерін жоққа шығарып, олардан аластау;

Мұхаммед пайғамбардың елшілігін мойындаудың шарттары:
Пайғамбардан айтқан заттарға күмансыз сену;
Пайғамбар әмір еткен нәрселерге бағыну;
Пайғамбар тиым салған нәрселерден сақтану;
Ешбір адамның сөзін оныкінен артық қоймау;
Дінге ол бұйырмаған нәрселерді кіргізбеу, мейлі ол сөз, іс немесе сенім тұрғысынан болсын;
Пайғамбарға қатысты тек қана ол рұқсат берген нәрселерді орындау (мыс. : оның есімі аталғанда салауат айту) ;
Пайғамбарды Аллаһқа ғана тиесілі болған нәрселерге ие деп санамау, одан тілек тілемеу, көмек сұрамау және т. б.
Пайғамбардың сөздерін құрметтеп, оның хадистеріне құрметпен қарау.

Намаз - араб тілінде «дұға» мағынасын береді. Шариғатта: Тәкбирден («Аллаһу әкбар» сөзі) басталып, тәслиммен («әс-сәләму ғалейкум» сөзі) аяқталатын белгілі амалдар мен сөздер жиынтығы. Намаз екі куәліктен кейінгі Исламның ең маңызды тірегі. Аллаһ Тағала намазды Мұхаммед пайғамбарға Миғраж түнінде жеті аспанның үстінен парыз еткен.
Ораза - тілдік мағынасы: «бір нәрседен ұстану». Шариғатта: оразаға ниет етіп таң намазының уақытынан бастап күн батқанға шейін ішіп-жеуден, басқа да оразаны бұзатын нәрселерден тыйылу. Оразаның екі негізі бар:
Таң намазының уақытынан күн батқанға шейін ораза бұзатын нәрселерден сақтану;
Бұл оразамен Аллаһқа құлшылықты ниет ету;

Зекет - тілдік мағынасы: «артық зат», «өсу (егіннің) ». Шариғатта: белгілі адамдардың тобының белгілі мөлшерге жеткен дүние-мүлкінен алынатын ақысы. Бұл Аллаһтың құлының жаны үшін тазарыну саналды. Және зекет беру мұсылман жамағатының арасын жақындастырудың, махаббат пен бірліктің себебі.
Қажылық - тілдік мағынасы: «ниеттену, мақсат, қалау, жөнелу». Шариғатта: Сүннетке сәйкес белгіленген жерде белгілі уақытта діни рәсімдерді орындау. Қажылық Ислам дінінің тірегі саналады, және мұсылман ғалымдары қажылықты өмірінде бір рет орындау парыз екеніне бір ауыздан келіскен.

Шариғат амалдары:
Парыз
Уәжіп
Сүннет
Мұстахаб
Мубах
Харам
Мәкрүһ
Муфсид

Парыз - анық, бұлтартпас дәлелдермен әмір етілген діни іс-әрекеттер мен міндеттер. Мәселен, дәрет алу, намаз оқу, ораза ұстау, зекет беру.
Уәжіп - орындалуы дәл парыз секілді талап етілмеген, бірақ қуатты дәлелдермен анықталған іс-әрекет пен амалдар. Мысалы, құрбан шалу, үтір және айт намазын оқу, т. б.
Сүннет - парыз бен уәжіптен бөлек, Мұхаммед пайғамбардың (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) жасаған және «жасаңдар» деген әрі жасалуына ризалығын білдірген іс-әрекеттер.
Мубах - жасалуы мен жасалмауында діни жағынан ешқандай тосқауыл болмаған, яғни жауапкердің еркіндегі іс-әрекеттер. Мәселен, тамақ ішу, ұйықтау, т. б.

Мұстахаб - таңдаулы, ең көркем амал. Діни терминде Мұхаммед пайғамбардың кейде жасап, кейде жасамаған іс-әрекеттері. Сәске намазы секілді кейбір нәпіл намаз бен оразалар осыған жатады. Сонымен қатар таң намазын айналаға жарық түскенде оқу, жаздың шілдесінде бесін намазын салқын түскенге дейін кешіктіріп оқу, ақшам намазын кірісімен оқу - мұстахап. Мұның үкімін жасағанға - сауап, жасамағанға күнә жоқ. Ибн Абидин мәндуб, мұстахаб, нәпіл терминдерінің бір мағына беретінін айтқан.
Харам - жасалуы мен пайдалануы Исламдық тұрғыдан қатаң тыйым салынған нәрселер. Ішімдік ішу, құмар ойындар ойнау, зина жасау, адам өлтіру, ғайбаттау, жала жабу, т. б. іс-әрекеттер осыған жатады.

Мәкрүһ - сөздікте жағымсыз, ұнамсыз, жек көрілген нәрсе деген мағынаны білдіреді. Діни терминге салсақ, дін тұрғысынан ұнамсыз, жаман іс-әрекет. Дәрет пен ғұсыл алғанда суды ысырап ету секілді іс-әрекеттер осы мәкрүһке жатады.
Мәкрүһ екіге бөлінеді:
Харамға жақын мәкрүһ (Тахримән мәкрүһ) . Мысалға: дәрет алғанда суды ысырап ету, т. б.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz