Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары


Slide 1

Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары

Бертаев Асқар

МШ-203

Семей қаласы

2015 жыл

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Slide 2

Мазмұны:

Нарықтық қорлар экономикалық категория ретінде және олардың өндіріс процесінде рөлі

Негізгі қорлар қозғалысы, жағдайы және бар болу көрсеткіштері

Негізгі қорларды бақылау

Негізгі қорлардың тозуы және амортизациясы

Slide 3

1. Нарықтық қорлар экономикалық категория ретінде және олардың өндіріс процесінде рөлі

Кәсіпорынның негізгі белгісі - оның меншігінде, шаруа

жүргізуінде немесе оперативті басқаруында жекешеленген

мүлкінің бар болуы. Ол кәсіпорынның функционирленуінің

материалды - техникалық мүмкіндігін, оның экономикалық

сенімділігін және дербестігін қамтамасыз етеді. Белгілі бір

мүліксіз ірі, кіші кәсіпорындар немесе жеке кәсіпкерлер

өзінің қызметін жүзеге асыра алмайды. Негізгі қорлар - бұл

өзінің құнын бөлектеп жоғалатын және ұзақ кезең бойы

натуралды қалпын өзгертпей сақтайтын материалды заттай

құндылықтар. Негізгі қорлардың кеңейтілген қайта өндіріс

процесіне қатысу сипатына байланысты олар өндірістік және

өндірістік емес негізгі қорлар болып бөлінеді.

Slide 4

Өндірістің әр бір процесі өндіріс қорларының қатысуымен жүзеге асырылады, олар келесідей болып бөлінеді:

1. Еңбекке заттары (материалдар, шикізаттар, сатып алынатын жартылай фабрикаттар) ;

2. Еңбек құралдары (станоктар, машиналар және т. б. )

Еңбек құралдарын басқару нәтижесінде адам еңбек затына тікелей әсер етеді және өндіріс процесінде еңбек өнімін шығарады. Еңбек процесінде ресурстарға және оларды тұтыну қатынасынан көпшілігінде шығарылатын өнім көлемі, олардың сапалылығы, жұмысшының оның жанұясының пайдасы және өмір сүру деңгейі, ал ақырғысында ел халқының терең экономикалық дағдарысын анықтайтын бірден-бір себеп болып адам өмірінде бағаның көтерілуі ресурстардың тиімсіз пайдалануы табылады.

Slide 5

Негізгі қорлар өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты төмендегілерге бөлінеді:

өндірістік - бұл өндіріс процесіне тікелей қатысатын немесе оған жағдай жасайтын негізгі қорлар.

өндірістік емес - тұтынуға белгіленген негізгі қорлар.

Тәнділігі бойынша негізгі қорлар келесідей бөлінеді:

меншікті - ол субъектке тиесілі және оның балансында болатын негізгі қорлар;

арендаға алынған - ол басқа бір субъекттен аренда шартымен белгіленген бір мерзімге алынған негізгі қорлар

Slide 6

қозғалыстағы - өндірісте және шаруашылық қызметте пайдаланылатын негізгі қорлар;

тоқтап тұрған - уақытша пайдаланылмайтын негізгі қорлар;

запастағылар - қозғалыстағы негізгі қорларды жөндеуде, аварияда немесе жойылып кеткенде ауыстыруға арналып қойылған негізгі қорлар.

Заттай құрамына байланысты негізгі қорлар:

мүлікті - заттай құрамы бар объектілер (ғимараттар, құрылыстар, машиналар, құрал-жабдықтар) ;

мүліксіз - жерге, тоғайлық және сулы жерлерге (құрылыстардан басқа) капитал салымдары, яғни заттай формасы жоқ шығындар.

Slide 7

Кәсіпорынның негізгі қоры

Slide 8

2. Негізгі қорлар қозғалысы, жағдайы және бар болу көрсеткіштері.

Негізгі қорлардың толық барын көп жағдайда белгіленген бір мезгілдегі жағдайын сипаттайды. Орташа бір кезең ішіндегі бар болуын статистика орташа шамалардың формуласын пайдаланамыз: а) кезеңнің басындағы және аяғындағы мәліметтері бар болған кезде - орташа арифметикалық жәй; б) тең емес интервалды уақыт моментіне мәліметтер бар болғанда - орташа арифметикалық. салмақтанған; в) тең интервалды периодты уақыт моментіне мәліметтер бар болғанда - момент қатарының орташа хронологиялық. Бір сөзбен айтқанда негізгі қорлардың ортажылдық құны - бұл кәсіпорынның жыл ішіндегі негізгі қорлардың бар болуының орташа мағыналы көрсеткішінің құны.

Slide 9

Негізгі қорларды пайдалану үшін әр түрлі көрсеткіштер қолданылады, оларды шартты 2 топқа бөлуге болады: жалпыланғыш және жеке көрсеткіштер. Жалпылағыш көсреткіштер, оған бірінші кезекте қорқайтарымын және рентабельділікті жатқызады, халық шаурашылығының барлық деңгейінде негізгі қорларды пайдалануды сипаттау үшін қолданылады. Жеке көрсеткіштер - натуралды, көбінесе кәсіпорында немесе оның бөлімшелерінде негізгі қорларды пайдалануды сипаттау үшін қолданылады. Бұл көрсеткіштер негізгі қорларды пайдаланудың экстенсивті және интенсивті көрсеткіштеріне бөлінеді. Негізгі қорларды экстенсивті пайдалану көрсеткіштері олардың уақыттағы пайдалануын сипаттайды, ал интенсивті пайдалану көрсеткіші анықталған құрал-жабдық түрінен уақыт бірлігіне өнім түсімінің көлемін сипаттайды.

Slide 10

3. Негізгі қорларды бағалау.

Материалды активтерді негізгі қор деп есептеу сәтінде қажетті шарт болып олардың бағалануының біріңғай әдістемесі табылады. Осыған байланысты негізгі қорлардың бастапқы, ағымды, баланстық, өткізу құнын және жойылу құнын бөледі. Негізгі қорлар бухгалтерлік есепте бастапқы құн бойынша кіріске алынған кезде көрінеді, ол өзіне барлық қажетті шығындардың нақты жұмсалуын, төленген қайтарылмайтын салықтар және жинақтар, сонымен қатар активті жұмыс жағдайына және оны белгіленіміне пайдалануымен тікелей байланысты жеткізу, монтаждау, қондыру, эксплуатацияға жүргізу шығындары және басқа да әр түрлі шығындардың жұмсалуын қосады.

Slide 11
Ұқсас жұмыстар
КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ЖӘНЕ АЙНЫМАЛЫ ӨНДІРІСТІК ҚОРЛАРЫ
Кәсіпорын және оның негізгі өндірістік қорлары
Кәсіпорынның өндірістік қорлары жайлы
Кәсіпорын. Кәсіпорынның өндірістік қорлары
Кәсіпорынның материалдық қорлары
Кәсіпорын және оның өндірістік қорлары
КӘСІПОРЫННЫҢ АЙНАЛЫМ ҚАРЖЫСЫ
Кәсіпорынның өндірістік қорлары туралы ақпарат
Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары туралы
АКТИВТЕРІН БАСҚАРУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz