Баға және баға жасау туралы




Презентация қосу
БАҒА ЖӘНЕ БАҒА ЖАСАУ

Социалов С.К
ВТ-211
БАҒА — тауар мен көрсетілетін қызмет
бірлігі үшін төленетін немесе алынатын
ақша (не өзге тауар мен қызмет)
мөлшері. Тауар өндірісі мен ақша-тауар
қатынасының пайда болып, дамуымен
бірге Баға да пайда болды.
Баға түрлері

Кесімді баға — мемлекеттің нақты көлемін бекіткен бағасы.
Реттелетін баға — мемлекет бекіткен ережеге сәйкес өзгеріп отыратын баға.
Нарықтық баға — сұраныс пен ұсыныстың қарым-қатынасына орай қалыптасқан
орташа баға. Өндіріс қоры бағасы — өндіріс қоры құнының өзгерген мөлшері, ол
тауар өндірісінің шығындары мен орташа пайдадан құралады.
Көтерме сауда бағасы — ірі көлемде сатылатын тауарлар бағасы. Әдетте, көтерме
сауда Бағасы бөлшек сауда Бағасынан төмен болады.
Бөлшек сауда бағасы — жеке тұтынушылар үшін сатылатын тауарларға қойылған
нақты баға
Өндіріс орнындағы баға (франко-жөнелтілім стансасы) — сатушы мен сатып алушы
арасында жасалған келісімшартқа сәйкес тасымал шығындарын бөлісуіне
байланысты анықталатын баға. Бұл негізінен темір жолмен жүк тасымалдауда
қолданылады.
Аймақтық баға — реттелетін бағаның бір түрі. Ол белгілі бір аймақ шегінде қызмет
етеді.
Базистік баға— тауарлардың тұтас және жекелеген топтары бойынша халықаралық
сауданың (импорттық және экспорттық) бағасын анықтаған кезде негіз ретінде
қабылданатын баға.
Ағымдағы баға — белгілі бір кезеңде қызмет етуші баға мен тариф.
Бағаның мәні мен атқаратын қызметтері
Нарықтық экономикада баға негізінен бес қызмет атқарады.
• Есеп-қисап қызметі. Бұл өнім өндіргенде қоғамдық қажетті еңбек
шығыны процесінің өзгеруінде байқалады және әр түрлі өнімді
өндіру қалай немен жүзеге асқанын көрсетеді.
•Ынталандыру қызметі. Бұл кезде баға өндіріс тиімділігіне әсер етіп,
өнім ассортиментін жаңғыртуға, өнім сапасын арттыруға күш салады.
Бағаның осы қызметі біріншісімен етене байланысты.
•Бөлуші реттеуші қызмет. Нарық жағдайында бағаны ң б өлуші
қызметі сұраным мен ұсынымды реттеу және тұтынушы м әртебесіні ң
өзгеруі кезінде байқалады.
•Бағаның бұл қызметі нарықтың, тепе-теңдік сақтағанда, т ұтыным
мен өндірісті теңгергенде байқалады.

•Ақпараттық. Баға тұтынушыға сатушылар тарапынан тауар ұсынымы
туралы белгі береді және олар өз өнімі үшін қанша алғысы
келетіндігін баяндайды. Екінші жағынан сатушылар сатып
алушылардың төлем
Баға жасау методологиясы – баға жасау тұжырымдамасын құрастырудың,
бағаларды анықтау және дәлелдеудің, бағалар жүйесін қалыптастыруды ң, ба ға
жасауды басқарудың жалпы ережелерінің, қағидаларыны ң, әдістеріні ң
жиынтығы болып табылады. Методология баға белгілеудің барлы қ де ңгейлеріне
бірдей болады. Методология мен әдістемені шатыстырмау керек, өйткені
методология бұл баға жасаудың стратегиясы болса, әдістеме на қты ба ға
құрастырудың нақты әдістерін, ұсыныстарын, құралдарын қарастырады. Я ғни
әдістемелер методологияның құрамдас элементтері болып табылады.
Методологияның екінші құрамдас элементі ретінде ба ға жасауды ң қа ғидалары
болады. Қағидалар мен әдістемелер бір-бірімен ты ғыз байланыста болады ж әне
бірігіп методологияны құрайды. Баға жасау қағидалары деп үздіксіз қызмет
ететін негізгі ережелер, бүкіл бағалар ж үйесіне т ән болып, оны ң негізінде
жатады. Қағидалар: бағаларды ғылыми тұрғыдан дәлелдеу, ба ғаларды ң
мақсатты бағытталуы, баға жасау процесінің үздіксіздігі, ба ға жасау процесіні ң
және олардың орындалуына бақылау жүргізудің біріктірілуі. Ба қылау ма қсаты –
баға жасау қағидаларын және ережелерін қолдану деңгейін тексеру. Екі т үрі бар:
мемлекеттік және қоғамдық.. Баға жасау қағидалары сондай-а қ үш
заңдылыққа бағынып бөлінеді: сұраныс, ұсыныс заңдары, елдегі ба ғаны ң
әлемдік бағамен байланысу заңы, барлық салаларда ғы ба ғаны ң өзгеру
бірегейлігін сақтау заңы.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Ашимбаев Т.А. Экономика Казахстана на пути к рынку:
тенденции и размышления. Алматы
2. Берденов Қ. Қазақстан мемлекет ретінде қалыптасуы
мен экономиканың дамуы. – Алматы
3. Воловой В.В. Политэкономия. М
4. Елемесов Р. Переходная экономика: проблемы
методологии и теории. Алматы
5. Ермекова Э.М. Состояние и перспективы развития
социальной сферы в Казахстане: занятость и уровень жизни
населения //

Ұқсас жұмыстар
БАҒА туралы ұғым, маңызы, жасау қағидалары
«Экономика, өндірісті ұйымдастыру және менеджмент»
Туристік - өлкетану жұмысы мақсатында аймақты рекреациялық бағалау
Бағаның түрлері, формалары, жүйелері
Баға белгілеу адістері
Баға жасау методологиясы
Баға жане баға жасау жайлы
Калькуляциялық шығындардың схемасы
Баға және баға жасау
Баға құрастырудағы мақсаттар
Пәндер