Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу. Вакцина дайындау принциптері. Адьюванттар, иммуномодуляторлар. Құтырық, Аусыл, Шмалленберг, Блютанг ауруларының диагностикасы және алдын алу шаралары




Презентация қосу
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті .

БӨЖ
Тақырыбы: 1)Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу.Вакцина
дайындау принциптері.Адьюванттар,иммуномодуляторлар
2)Құтырық,Аусыл,Шмалленберг,Блютанг ауруларының
диагностикасы және алдын алу шаралары
 
 
                                                                     Орында ған:  Сабырғалиева А.Қ.
                                            Тобы:  ВС-303
                                                                   Тексерген:  Омарбеков Е.О.
                                                
 

Семей 2015 ж.
Арнамалы(Спецификалық) дауалау
– малды жұқпалы
аурулардан вакцина немесе
гипериммунды қан
сарысуы арқылы
сақтандыру. Ауырып
жазылған малда және
вакцина егілген соң
вирусқа қарсы пайда
болған иммунитет әр түрлі
дамиды.Мұнда
гуморальдық және
клеткалық факторлар әр
түрлі роль атқарады.
Спецификалық иммундыглобулин препараттары.

Қанда спецификалық АД-ің қажетті
қорғаушылық деңгейін қамтамасыз
ететін гипериммунды (арнайы)
гамма-глобулиндерді бұлшық етке
енгізу арқылы бірқатар вирустық
инфекциялардың профилактикасы
жеткілікті тиімділікпен
атқарылады. Спецификалық
иммундыглобулиндерді
вакцинацияланған немесе жақын
арада инфекциядан айыққан
донорлардың қан сарысуынан
бөліп алады. Мұндай
препараттарды стандарттау тиісті
қоздырғыштың АГ- не қарсы АД- ің
титрын анықтауға негізделген.
Олардың әсер ету мерзімі қысқа
болатындықтан мүмкіндігінше
солармен бірге тиісті вакциналар
енгізу тиімді болады.
Вирустың инфекциялардың спецификалық алдын алуда енжар (пассивті) және белсенді (активті) иммундаудың рөлі

Белсенді иммунитет 
организмге вакцина ретінде
вирустық АГ- ді енгізгенде
қалыптасады. Мұндай иммунитет
вакцина енгізген кейін бірнеше
аптадан соң пайда болады да, бір
жылдан бірнеше жылдарға дейін
сақталады.
Енжар иммунитет 
организмге иммунды антиденелер
(иммунды глобулиндер) енгізгенде
пайда болады. Пассивті иммундау әдісін
организмде жұқпалы аурудың дамуын
жедел тоқтату қажет болғанда
қолданады. Оған адамдарға ауру жұғу
қаупі төнген және активті иммундау
уақыты өтіп кеткен жағдайлар жатады.
Бұл кезде пайда болатын иммунитет
ұзаққа созылмайды (бірнеше аптадан
аспайды).
Иммуномодуляторлар — иммундық
жүйеге реттеуші әсер ете алатын
табиғи немесе синтетикалық заттар.
Имундық жүйеге әсер етуі бойынша
оларды иммуностимулдеуші және
иммуносупрессивті деп бөледі.
Гепатект-В гепатиттің алдын алу үшін келесі
жағдайларда қолданылады:
Вакцина (лат. vacca — сиыр, vaccіnus — сиырдікі) — 
микроорганизмдер -ден (бактерия, вирус, т.б.) алынып,  адам мен 
жануарлар организміне жұқпалы аурулардан  алдын ала сақтану және 
олардың иммундық қасиетін арттыру үшін егілетін препараттар.
Тірі
ДНҚ-вакцинациялар бойынша клиникалық
мәлеметтер:
Адъювант дегеніміз
– иммунды жауаптың
қарқындылығын жоғарлатуға,
Т- және В-зерде жасушалардың
қалыптасуына, қажетті түрдегі
адаптивті иммунды жауаптың
дамуына (протективті
антиденелердің қажетті изотипі мен
олардың қажетті мөлшерде түзілуін,
тиімді Т-жасушалық жауапты
шақыру) ықпал ететін заттар,
олардың қоспасы және кешендер.
Аусыл – вирустық ауру
Аусыл – тым жұғымтал жіті өтетін, қызба және ауыздың кілегейлі қабығында, желін
мен аяқтың терісінде күлдіреуік пайда болуы арқылы ерекшеленетін үй және жабайы
ашатұяқты жануарлардың вирустық ауруы.
Індеттік ерекшеліктері. Аусылға бейім жануарлар: сиыр, шошқа, қой-ешкі, түйе, бұғы
және көптеген жабайы ашатұяқтылар (сайғақ, бұлан, елік). Бірлі-жарым бұл ауруға ит
пен мысық, қоян мен егеуқұйрық, тіпті кірпі де шалдығатыны туралы мәлімет бар. Ең
сезімтал жануарларға сиыр мен шошқа жатады. Кей жағдайда ауру малды күткенде,
адам да ауырады. Жас малдың бейімділігі ересек малдан гөрі жоғары және оларда
ауру ауыр түрде өтеді.
Жануарлар вирусты сыртқы ортаға сүтімен, сілекейімен, несебі және нәжісімен бөліп
шығарады. Бұның нәтижесінде қора-жай, әр түрлі құрал саймандар, жайылым, жем-
шөп, суат, көлік жабдықтары т.б. ластанады.
Вирус жануарлардың денесіне негізінен жемшөп және сумен бірге, әр түрлі ластанған
заттарды жалаған кезде ауыздың кілегей қабығы, сирақтары, зақымданған терісі
арқылы немесе ауру малмен бірге тұрғанда аэрогенді жолмен енеді.
Аусыл кең жайылған індет ретінде жылдың әр мезгілінде, оның ішінде күздің аяғы,
қыстың басында жиірек байқалады. Әдетте індет 5-8 жылда, кей жерлерде 2-3 жылда
қайталанады.
Аусыл вирусы. Диагностикасы:

Індеттанулық деректер
Шмалленберг
Шмалленберг-вирус тудырушы ауру е ң ал ғаш
Германияда белгілі бол ған.
Шмалленберг қаласында 2011 жылы тамыз
айында 3 саумалы сиырдан табыл ған.
Блютанг
Трансмиссивті жолмен жұғатын,күйіс қайыратындардың
ауруы,қызбамен сипатталады.Көбіне эпителиальді қабаттардың
қабынуымен,асқазан – ішек жолдарының некроздануымен,
әсіресе тілдің және тұйяқтарының некрозымен сипатталады.Буаз
малдар түсік тастайды не төлі кемтар болып туады
Құтырық ауруы
Бұл орталық нерв жүйесінің ауыр зақымдалуымен өтетін және өлім-жітіммен
аяқталатынауру. Құтырмамен ит, мысық, сиыр, жылқы, түйе, қой-ешкі, кеміргіштер,
жабайы жыртқыш аңдар-қасқыр,түлкі т.б. және адам ауырады.
Аурудың көзі-сілекейімен құтырманың вирусын шығаратын және оны тістегендегі
жара арқылы беретін жануар. Сілекей ауру белгілері пайда болмай тұрып,ауру жұққан
соң8-10 тәуліктерде жұқпалы бола бастайды.Теріге немесе кілегейлі қабыққа сілекей
жұққанда құтырма вирусы жұғады. Құтырма вирусын жұқтырған кезден бастап
аурудың алғашқы белгілері пайда болғанға дейін бірнеше тәуліктен бірнеше айға (бір
жылға дейін ) созылуы мүмкін.
Иттерде құтырма ауруы бірнеше түрде өтеді. Елірме түріндегі құтырма кезінде иттің
көңіл күйі жабырқау, тіл алмайды немесе өте еркелегіш болып көрінуі мүмкін.Содан
соң біртіндеп мазасызданып, ашушаңдық ұлғаяды, әдетте жеуге жарамайтын
заттарды жей бастайды, одан соң жұтынуы қиындап, сілекейі шұбырады, ит кез
келген жануарға, адамға шабуыл жасайды, судан қорқады. Аурудың әрі қарай дамуы
тамақтың, төменгі жақтың, аяқ-қолдың, бүкіл дененің салдануына (паралич) әкеледі,
әдетте 8-10 шы тәулікте иттің өлімімен аяқталады (немесе 3-4 тәулікте).
Құтырманың тыныш түрінде нерв жүйесінің ширығу
белгілері(ашушаңдық,мазасыздық ,агрессивтігі) аз білінеді немесе тіптен білінбейді,
жұтынуы қиындайды , төменгі жағы салбырайды, сілекейі шұбырады, салдану
(паралич) тез пайда болып,2-4 тәулікте өледі.
Мысықтарда құтырма көбіне еліру түрінде өтеді.Аурудың белгілері ит құтырмасы
секілді.  Мысықтар көбіне ит және адамдарға шабуылдайды.
Құтырған жабайы аңдар адамдардан қорқуын қойып, ауыл арасын кезіп жүреді,
малға,адамға шабады.
 
   
  
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. «Ветеринариялық
вирусология» Ш.Б.Мырзабекова;Алматы, «Білім», 2004 ж.
2. Жалпы микробиология (оқу-әдістемелік құрал).
Микробиология кафедрасы-ның профессорлары Б.А.
Рамазанова, А.Л. Котова, Қ.Қ.Құдайбергенұлы,
оқытушылар: Б.М. Хандиллаева, Г.Р. Амзеева, Т.С.
Бегадилова, А.М. Бармакова, Д.Ж. Батырбаева. Алматы,
2006 ж.
3. Мырзабекова Ш.Б, Ветеринариялық вирусология
4. Сайдулин Т. Індеттану және жануарлардың жұқпалы
аурулары

Ұқсас жұмыстар
Аурудың белгілері
Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу. Адъюванттар, иммуномодуляторлар
Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу. Вакцина дайындау принциптері. Адтюванттар, иммуномодуляторлар. 2. Құтырық, Аусыл, Шмалленберг, Блютанг ауруларының диагностикасы және алдын алу шаралары
Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу жайлы ақпарат
Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу
Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу. Вакцина дайындау принциптері. Вирус
1. Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу. Вакцина дайындау принциптері. Адьюванттар, иммуномодуляторлар
1. Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу. Вакцина дайындау принциптері. Адтюванттар, иммуномодуляторлар. Аусыл, Шмалленберг, Блютанг ауруларының диагностикасы және алдын алу шаралары
Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу.Вакцина дайындау принциптері
Аусыл ауруының диагностикасы
Пәндер