Тә рбие-ана құ рсағ ынан




Презентация қосу
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік
Университеті
Жаратылыстану және Математика Ғылымдары Факультеті
Математика Кафедрасы

СӨЖ
№1
Орындаған: Ақантаева Айдана
Т-411 топ
Тәрбие-ана
құрсағынан
Құрсақ тәрбиесі
Баланы жастан деуші еді ғой, бірақ баланы жастан емес,
бесіктен, бесіктен емес-ау, ана құрсағынан бастап тәрбиелеуді
атам қазақ ерте ескерген. Әдетте, адам барлық нәрсені
өмірге келген соң үйренетін, барлығын қоғамдық өмірден
жинақтайтын тәрізді сезіледі. Алайда адамның бес жасқа
дейінгі алған тәрбиесі бүкіл өмірден алған тәрбиесіні ң 90
пайызын құрайды екен. Соның ішінде сәбидің ана
құрсағындағы тәрбиесі маңызды орын алады.
«Құрсақ тәрбиесі» ұғымын этнопедагогика ғылымына
ендірген Х.Арғынбаев, З.Ахметова, С.Ғаббасов, Қ.Бөлеев т.б.
Дана халқымыздың бала тәрбиесі оның анасының бойына
бітуімен басталады деген көрегендігі бар. Көреген аналарымыз
бала бойына біткеннен бастап, олардың мінез-құлқының
ерекшеліктерін, болашағын болжай білген көрінеді. Мысалы,
Анай шешей Қыпшақтың зайыбы болған екен. Ал Қыпшақтың
Бұлт, Торы, Ұзын, Көлденең, Қарабалақ, Қоңыр деген 6 ұл
баласы болыпты. Олар жөнінде анасының:
Бұлтың бітті бойыма, адалдық кірді ойыма,
Торың бітті бойыма, билік кірді ойыма,
Ұзын бітті бойыма, зорлық кірді ойыма,
Көлденең бітті бойыма, кербездік кірді ойыма,
Қарабалағың бітті бойыма, тоқтық кірді ойыма,
Қоңырың бітті бойыма, момындық кірді ойыма,-
деген толғауы соған дәлел болды.
Бұдан Анай ана ұлдарының мінез-құлқын алдын ала
болжағаны, олардың қандай адамгершілік қасиеттерге ие
болатындығын психологиялық сипаттама бергенінен көрініп-а қ
тұр.
XVI ғасырдың белгілі батырлары Орақ пен
Мамайдың анасы Қараүлек әже былайша
толғайды:
«...Мамайжан бойға біткенде,
Арыстан, бөрі етін жеп,
Қанып еді жерігім».
Сондай-ақ, болашақ ұлы ғалым Шоқан
туарда анасының қыран бүркіттің миына, ал
ұлы ақын Мағжанның анасы қасқырдың
жүрегіне жерік болғандығы туралы аңыз-
әңгімелер әлі күнге дейін ел ішінде айтылады.
Екі жастың бас қосып,
отау тіккеннен кейінгі
тілейтіні – балалы-шағалы
болу, артына ұрпақ
қалдыру. Жанған отын
сөндірмей, түтінін түтететін
артында тұяқ қалмауы кімге
де болса үлкен қайғы
қасірет. Сондықтан да
«Балалы үй-базар, баласыз
үй-қу мазар» делінген
қанатты сөз пайда болған.
Жүкті әйел барынша таза болғаны абзал.
Туғаннан соң сәбиін де таза жүріп
тамақтандырған жөн. Абайдың әжесі Зере
Құнанбайды дәретсіз емізбеген деген дерек
бар. Дүниедегі бар сұлулық та, жүрек жылуы
да ең алдымен анадан тарайды. Ананы ң а қ с үті
адам баласы үшін аса қасиетті зат. Ана – өмір
тұтқасы, өмірге адам әкелуші, тәрбиеші.
«Сүтпен сіңген мінез, сүйекпен кетеді» деген
қазақта асыл сөз осындайдан туындаса керек.
Сондай-ақ құрсақтағы бала мен ананың
өмірін бір-бірінен бөліп қарауға әсте
болмайды. Ана өз бойындағы қуатты болашақ
сәбиіне береді. Мысалы, дәрігердің кеңесімен
түрлі дәрумендерді жеу арқылы баланың
денсаулығы жақсарады. Ал, таза жүру, жақсы
әңгімелер айту, біреуге көмек беру секілді
жақсы істер баланы рухани жағынан байытады.
Қазақ халқы балаға
деген қамқорлықты өте
ерте ол ана құрсағында
жатқанда бастаған,
оның аман сау өсуіне
тілектестік және іс-
әрекеттер ерекше
болған, олар:

Оның сүйген «жерік Құрсақты әйелге
асын» қайдан болса жұмыс атқартпау;
да, тауып беру;

Түрлі тұрмыстық әдет-
Оның көңіл-күйін
ғұрыптарды жасау;
жоғары ұстау;
Дана қазақ тоғыз ай құрсақта жатып,
ырғалған түйенің үстінде ырғақты ән
салған анадан туған баланы сол
ырғағынан бірден жаңылдырмай,
шілдеханамен қарсы алып, тербелген тал
бесікке салған. Сөйтіп, ырғақты тербелісті
бұзбай, құрсақтағы көмескі үнді ананың
бесік жырына ұластырған. Неткен зеректік
десеңізші?! Қос дүниені үндестіру,
үйлестіру осындай-ақ болар. Бұндай
әуенмен тербеліп, өмірге келген бала
қандай мейірімді де, мінезді болып өсер
еді.
Сонымен, қазақ халқы балаға деген
қамқорлықты өте ерте ол ана құрсағында
жатқанда бастаған, оның аман сау өсуіне
тілектестік және іс-әрекеттер ерекше
болғандығын көреміз. Осылайша
қамқорлық жасағаннан бала құрсақта өте
жақсы өсетіні, уақытысымен дүниеге
келетінін халықтық медицинамыз жақсы
білген. Құрсақта жақсы тәрбие алған бала
кейін ақылды, сұлу, сымбатты, жақсы ер
азамат болып өскен. Сондықтан, қыздар –
келешек аналар құрсақ тәрбиесіне ерекше
мән берулері керек.
Қолданылған әдебиеттер:

1. Бөлеев Қ. Қазақ этнопедагогикасындағы отбасылық
тәрбиесі. – Алматы,2014., 98-104 б.
2. Әленұлы Ш. Халықтық тәрбиенің тағылымдары.-
Алматы:РБК,1998.,112 б.
3. Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы.-Алматы:Санат,
2001.,320 б.
4. Көпеев Ж. Қазақ шежіресі.-Алматы:Жалын, 1993.,103 б.

Ұқсас жұмыстар
Отбасы психологиясы
Вируст ардың жіктелу принциптері. Олардың номенк латурасы. Вирустардың көбеюінің биогенетикалық ерекшеліктері және көбею сатылары
Отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері және оның бала әлеуметтенуіне тигізер әсері
Педагогикалық талант иегері
Тәрбие мақсаты
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ДАМЫТУ КЕЗЕҢДЕРІ, АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БӨЛУ БЕЛГІЛЕРІ
Жеке тұлға туралы түсінік
Гүлдер әлемі
Бюджеттік инвестициялар
БОЛАШАҚ ОҚЫТУШЫЛАРДЫҢ ЭТНОПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМІНІҢ МАЗМҰНЫ
Пәндер