ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің тарихы (1900-1930 ж.ж.)



Семей қаласының Шәкәрім атындағы
мемлекеттік университеті
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

Пән атауы: ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің тарихы (1900-1930 ж. ж. )

Тақырыбы: ХХ ғасырдың басындағы тарихи - әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің
дамуына тигізген әсері

ЖОСПАР:
Қазақ өркениеті - 6 -19 бет
Қазақ кеңестік өнерінің қалыптасуы - 20-31 бет
XIX ғасыр соңы мен XX ғасыр басындағы Қазақ мәдениеті - 32-41 бет
ХХ ғасыр басындағы әдебиет - 41- 50 бет

Кілт сөздер:
“ХХ ғасыр басы” ; “Қазақ әдебеиеті”; “Ағартушылық бағыт” ; “Алаш”; “Ұлт зиялылары”; “мерзімді баспасөз”; “жанрлардың дамуы”; “ұлттың оянуы”; “1900-1930 жылдар”; “Ұлт-азаттық идея”

Қазақ өркениеті
[1]

Алаш партиясы - қазақтың тұңғыш ұлттық-демократиялық партиясы (1917 - 20) . 20 ғ-дағы қазақ тарихында терең із қалдырған А. п-ның өмірге келуі, біріншіден, қазақ елінің қоғамдық дамуының жаңа экон., саяси және рухани негізде қайта құру қажеттілігінің пісіп жетілгендігін, екіншіден, Ресей империясының Қазақстанда орнатқан отарлық басқару жүйесінің терең дағдарысқа ұшырағандығын көрсетті.
[2]

Кеңес үкіметі орнағаннан кейін, халық арасында сауатсыздықты жою қолға алынды. Алдымен ересектер арасында сауатсызықты жою қолға алынды. Ересектер жұмыстан кейін кешкі мектептерде оқып, хат таныды.
[3]

1924 жылы «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы құрылды.
[4]

Оның мүшелері жер-жерлерде аралап, халықтың арасында сауатсыздықты жоюға үлес қосты.
[5]

1928 жылы
1928 жылы Қазақстанда халықтың 25% -ы ғана сауатты болды, оның ішінде қазақтардың 10 %-ы ғана сауатты саналады.

Барлық елді мекендерде жаңа мектептер салу, оларды оқулық және оқу құралдарымен қамтамасыз ету үшін өте көп қаржы қажет болды. Мұғалімдер саны көбейді. Балаларға міндетті түрде бастауыш білім беру туралы заң шықты.
[6]

Елде мектеп жасындағы барлық балалар 4 жылдық бастауыш мектепті бітіруге тиіс болды. Ниет білдіргендер оқуларын жалғастырып, жеті жылдық және он жылдық мектепте оқи алатын болды.

1931 жылы 15 пен 50 жас аралығындағыларға міндетті түрде оқыту енгізілді.

Кешкі мектеп

Қазақ мектептерінде Мәскеуден шыққан аударма оқулықтар оқытылды.

Елімізге инженерлер, мұғалімдер мен дәрігерлер және басқа мамандар өте қажет болды.

Сондықтан елімізде осындай мамандар даярлайтын институттар мен техникумдар ашыла бастады. Ұлы Отан соғысы қарсаңында елімізде 20 жоғары оқу орны мен 118 орта арнаулы оқу орны болды. Онда 40 мыңдай адам оқыды.
[7]

Қазақ кеңестік өнерінің қалыптасуы.

Хлудов қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі болды

Оның шәкірті Әбілхан Кастеев-тұңғыш қазақ суретшісі, қазақтың белгілі кескіндемешісі, қазақ бейнелеу өнері негізін салушылардың бірі.
[8]



Әміре Қашаубаев атақты әнші, актер, әрі музыкант.

Жұмат Шанин Тұрғынбайұлы -қазақ кеңес режиссері, драматург, актер, ұлттық театр өнерінің негізін салушылардың бірі, Қаз. КСР халық артісі.

3304 кітапхана
5237 мәдениет үйлері

30 жылдары республикаға көшіп келушілер көбейді, 1930 жылы қазақтар республикамызда небәрі 21, 9 % болды. Қазақ тілі шектеліп, қазақ мектептері жабыла бастады.

Қазақ жұмысшылар саны жылдан жылға өсе бергенімен, бірақ олардың көпшілігінің мамандығы жоқ болатын.

Елде күнәсіз жазалау барысында көрнекті мемлекет қайраткерлері, ғалымдар, мәдениет өкілдері кінәсіз жазалаудың құрбаны болды.


XIX ғасыр соңы мен XX ғасыр басындағы Қазақ мәдениеті

XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ халқының мәдениеті ғасырлар бойы дамыған, өзіндік тарихи ерекшеліктері бар. XX ғасыр басынан Қазан революциясына дейін Семейде, Оралда, Орынборда, басқа Қазақстанның қалаларында кітап басып шығару нақты қолға алынды. ХХ ғасырдың басында мәдениеттің тжаңаша сипатпен дамуына осы кезде ашыла бастаған баспа ісі үлкен ықпал етті. ХХ ғасырдың басында кітап басып шығару ісі Омбы, Орал, Семей, Орынбор қалаларында жолға қойылды. Қазақ кітаптарын басу ісі Петербург, Қазан, Ташкент қалаларында да қолға алынды. Кітап шығару ісінде орыс географиялық қоғамының Семей, Омбы, Орынбордағы бөлімшелері көп іс атқарды. Әдебиетші Ахмет Байтұрсынов мұрасының маңызды бір саласы - оның ел аузынан жинап, жүйелеп, баспа бетінде жариялаған ауыз әдебиеті нұсқалары. Атап айтқанда, Ахмет жинаған фольклорлық үлгілер негізінде Мәскеу қаласында 1923 жылы "Ер Сайын" жыры, 1926 жылы "23 жоқтау" кітаптары жарық көрді.

Абайдан басталған қазақ мәдениетіндегі тың сарын XX ғасырдың бас кезінде ары қарай жалғасты. Қазақ мәдениеті XX ғасырды әрі үмітпен, әрі түңілумен қарсы алды. Дүниежүзілік техникалық және демократиялық прогресс Азия орталығына да жете бастады. Ұлттық идея темір тордағы халықты толғандырып, оны азаттық үшін күресуге ұмтылдырды. Әрине, ұлт-азаттық күреске бүкіл Ресей империясын қамтыған революциялық және реформалық қозғалыстар да әсерін тигізді. Алайда Қазақстандағы толқулар тек орыс революционерлерінің ықпалымен болды деу жаңсақ пікір. Бірде-бір ресейлік саяси ұйым мен белгілі қайраткерлер империяны таратып, басқа ұлттарға азаттық әперу туралы мәселе көтермеді.
[9]

ХХ ғасырдың басындағы қазақ ауыз әдебиетінің дамуына Жамбыл Жабаев, Нүрпейіс Байғанин сияқты қазақ әдебиетінің өкілдері үлес қоса білді. Ал музыка мәдениеті бұл кезде жақсы дамыды. Осы кездегі музыка мәдениетінің дамуына үлес қосқан ірі тұлғалар: Дина Нүрпейісова, Балуан Шолақ Баймурзин, Үкілі Ыбырай, Әміре Қашаубаев, Қали Байжанов, Естай Беркімбаев. Осы кездегі белгілі әндер: «Гәкку» (Үкілі Ыбырай), «Майдақоңыр» (Естай) т. б.

Қазақ халқының рухани мәдениетін дамытудағы басылымдардың маңызы зор. "Айқап" - қоғамдық-саяси және әдеби журнал. 1911-1915 жылы Троицк қаласында басында айына бір рет, кейіннен айына екі рет шығып тұрған. 1-2 мың данамен 88 нөмірі жарық көрген. Алғашқы редакторы - М. Сералин. "Айқап" қазақтың қоғамдық санасының оянуына және ұлттық мәдениеттің дамуына үлкен үлес қосқан. Журналда қазақ ауылдарындағы оқу-ағарту жұмыстары, әйел теңдігі, отырықшылық өмір салтына көшу, сонымен қатар Мемлекеттік Думаға қатысу жөніндегі саяси мәселелер көтерілді. «Айқап» журналы далада мектептер мен медреселер ашу, ескі мектептерге реформа жасауды насихаттады. Журналда түрік және парсы тілдерінен аударылған шығармалар, мысалы, Фирдаусидің «Шахнамасы» жарияланды. 1911 жылдан бастап редакторы Сағынгерей Бөкеев болған «Қазақстан» газеті шыға бастады. Журналды шығару жұмыстарына А. Ғалымов, С. Торайғыров қатысқан. ЖурналдаА. Байтұрсынов, Ш. Құдайбердиев, Б. Майлин, Б. Өтетілеуов, С. Көбеев, Н. Құлжанов, т. б. сияқты белгілі жазушылар белсенді қызмет атқарған. Абай, Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин өлеңдерімен қатар халық ауыз әдебиетінің шығармалары, шығыс, орыс және еуропа әдебиетінің туындылары жарияланған.

«Қазақ» газеті - 1913-1918 жылдары Орынбор қаласында жарияланып тұрған қоғамдық-саяси және әдеби-мәдени басылым (№1 1913 жылы 2 ақпанда шыққан) . 1915жылға дейін аптасына бір рет, одан кейін екі рет шыққан. Бастырушысы - «Азамат» серіктігі. Газетке қаржылай көмектескендердің көшбасында Мұстафа Оразайұлы бар. Жалпы 265 нөмірі жарық көрген. Газет рәміздік-бейне ретінде киіз үйді ұсынды. Бұл - қазақ ұлты деген ұғымды берді. Оның түндігі батыстан ашылып, есігіне «Қазақ» деп жазылды. Мұны түсіндірген ұлт зиялылары «қазақ ішіне Еуропа ғылым-өнері таралсын, «Қазақ» газеті қазақ жұртына әрі мәдениет есігі, әрі сырт жұрт жағынан күзетшісі болсын» деп жазды. «Қазақ» газетін шығаруды ұйымдастырушы, редакторы - А. Байтұрсынұлы, оның өкілетті өкілі М. Дулатұлы болды. 1918 жылы газетті Жанұзақ Жәнібекұлы басқарды. Басылымда А. Байтұрсынұлы, Ә. Бөкейхан, М. Дулатұлы, М. Шоқай, М. Тынышбайұлы, Ш. Құдайбердіұлы, Ғ. Қараш, Р. Мәрсеков, Ж. Тілеулин, Ғ. Мұсағалиев, М. Жұмабаев, Х. Болғанбаев, Х. Ғаббасов, Ж. Ақпаев, Ж. Сейдалин, С. Торайғыров, А. Мәметов, С. Дөнентайұлы, Х. Досмұхамедұлы т. б. авторлардың мақалалары жарияланып тұрды. XX ғасыр басында аталған газет оқығандардың, діндарлардың, шәкірттердің, қарапайым сауаты бар адамдардың, тұтастай жалпы ұлттың ықыласпен оқитын басылымына айналды. Бұдан кейін пайда болған барша елшіл газет-журналдар осы «Қазақтың» шекпенінен шықты.

Шара Жиенқұлова 1936 жылы Мәскеуде өткізілген Қазақ әдебиеті және өнерінің онкүндік мәдени шарасына қатысып, өзге халықты ұлттық би өнерімен таң қалдырды. Майра Уәлиқызы Шамсутдинова - халық әншісі, композитор. 1896 ж. 6-мамырда Кереку (қазіргі Павлодар) қаласында дүниеге келген. Майра жасынан гармон тартып, ән салған. 1926 жылы әйгілі этнограф-музыкант А. В. Затаевичпен кездесіп, өзінің орындауындағы жеке әндері мен 13 халық әндерін жазған. Брусиловский қазақтың ұлттық әндерін өз шығармаларында жоғары шеберлікпен пайдаланды. Ол 250-ден астам қазақ ән-күйлерін жазып алған. Ол - “Қыз Жібек”, “Жалбыр”, “Ер Тарғын” сияқты алғашқы қазақ операларының авторы. Олар музыка мәдениетінде, елдің мәдени өмірінде зор маңызға ие болды. 1970 жылдан Мәскеуде тұрған Брусиловский қазақ тұрмысы тақырыбына 8-, 9-симфонияларын, “Қозы Көрпеш - Баян сұлу” балетін жазды. Ахмет Қуанұлы Жұбанов (1906-1968) - қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, әйгілі композитор, дирижер. Қазақстанның халық артисі (1944), өнертану ғылымының докторы (1943), профессор (1948), академик. 1934 жылы А. К. Жұбанов алғаш 11 адамнан құралған домбырашылар ансамблі негізінде Қазақ ұлттық халық оркестрін ұйымдастырды. Осы ұжымның тұңғыш дирижері ретінде көптеген халық композиторларының музыка туындыларын оркестрге лайықтап нотаға түсірген.

Әміре Қашаубаев (1888-1934) - атақты әнші, актер әрі музыкант. 1925 жылы Парижде өткен Бүкіл дүние жүзі сән өнері көрмесінде «Ағаш аяқ», «Қанапия», «Үш дос», «Жалғыз арша», «Қосбалапан», т. б. әндерді орындап, 2-бәйгемен қоса күміс медаль алды. «Париж апталығы» газеті мен «Ле мюзикаль» журналы оның сирек кездесетін талант екенін жазса, Сорбонна университетінің профессоры Перно фонографқа Әміренің орындауында бірнеше ән жазып алған. 1927 жылы сәуір айында арнайы шақыртумен Мәскеу консерваториясының залында қазақ әндерін тамылжыта шырқады. Сол жылы Германияның Майндағы Франкфурт қаласында өткен Халықаралық музыкалық көрмеде концертке қатысып, қазақтың халық әндерін әлемге паш етті. Александр Затаевич Әміренің әншілік өнеріне тәнті болып, одан «Балқадиша», «Дударай», Бес қарагер», «Көк көбелек», т. б. әндерді жазып алып, «Қазақтың 500 ән мен күйі» (1931) жинағында жариялады. Затаевич. Ол алғаш рет қазақтың халықтық музыкасы шығармаларымен 1920 жж. басында, Орынборда жүрген кезінен-ақ таныса бастайды. Сол кезеңнен бастап А. Затаевич өзінің болашақ қызметін аспаптық мұраларын тамаша үлгілерін жинау, оны насихаттаумен тығыз байланыстырады.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz