Бауыр тәрізді мүктер класы


Slide 1

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атыдағы мемелекеттік университеті

БӨЖ

Тақырыбы: Бауыр тәрізді мүктер класы.

Орындаған:Балғанбай Ж. С.

Тексерген: Мадыбекова А. С.

Топ: БЛ - 309

Семей 2015ж.

Slide 2

Латын тілінен аударған «hepar» - бауыр деген мағынаны білдіреді. Бұл класқа жататын кейбір мүктердің денесі бауырға ұқсас, сол себептен бұл мүктер орта ғасырларда бауыр ауруларын емдеуге қолданылған. Гаметофиттері дорзовентральді, жапырақ тектес дене талломынан немесе жай жапырақ - сабақтан тұрады, ризоидтары бір клеткалы. Спорогон қорапшалары көп жағдайларда ара тісті болып, кейде жақтауларға бөлініп ашылады, хлорофилдері жоқ. Спорадан өнетін протонема тақта (пластинка) түрінде болады. Бұл кластың өкілдері негізінен жылы жақтарда және ылғалды жерлерде өседі. Практикалық маңызы шамалы.

Бауыр тәрізді мүктер класы.

Slide 3

Бауыр тәрізді мүктер класы.

Маршанциялар

юнгерманниялықтар.

Slide 4

Бұл класс тармағына біріктірілген өкілдердің негізгі қасиеттері: денесінің анатомиялық құрылысы күрделі жапырақ тектес талломдардан және бір қабатты қорапшалардан тұрады. Маршанция класс тармағына 70-тен астам түр жатады, олар сферокарптылар және маршанция қатарларына топтастырылады.

Маршанция класс тармағы.

Slide 5

Мүктәріздес өсімдіктер.

Slide 6 Slide 7

Маршанция класс тармағы.

Сферокарптылар қатары.

Маршанция қатары.

Slide 8

Маршанция қатары.

Бауырмүктерден ең көбірек тарағаны - маршанция. Оның жасыл түсті тақтасында, кішкене зәмбіл сияқты бөлімінде, бүршіктер шығады да, олардан жас өсімдіктер өседі. Бұдан басқа, маршанцияның биіктігі 3-5 сантиметр келетін бағанашасы болады; оның ұшында шатырша немесе жұлдызша сияқтанған жалпақтау бөлімі бар; бұл мүшесінде споралар пайда болады. Маршанция денесі, құрылықта өсетін өсімдіктердің ата-тегі болған, балдыр денесіне өте ұқсас келеді.

Жақсы жетілген мүктердің денесінде қабыршақтанған жапырақты кішкене сабағы және тамыр сияқтанған өскіншелері болады. Олар орман топырақтарында және шалшықты жерлерде өседі. Шалшықты жерлердегі мүктердің түсі сұрғылт болады да, оларды сфагнолық мүктер деп атайды. Бұлардан шымтезек пайда болады; оны қазып алып отын және егістікке тыңайтқыш ретінде қолданады. Қазақстан жерінде шымтезекті шалшықтар аз болады, шымтезек кені көбінесе тау ормандарында болады.

Slide 9

Маршанциялар тұқымдасына жататын маршанция атауы ағылшын бағбанының құрметіне аталған.

Slide 10

Маршанцияның кең тараған өкілдерінің біріне ылғалды жерлерде жиі кездесетін кәдімгі маршанция жатады. Жер шарының түкпір-түкпірлерінде кездесетін 16 туысқа жататын 50-ден астам түрдің көпшілігі тропиктік аймақтарда өседі. Кәдімгі маршанция барлық континенттерде таралған космополитті өсімдік болып саналады. Дененің үстіңгі беті ромб түрінде торланған. Мүктің денесі түгелдей бір қабатты қабықпен қапталған; клеткалары төрт-төрттен 4 қабат түзе орналасқан 16 клеткадан тұратын устьицалар қабық бетінде үнемі ашық түрде болады. Оларда газ алмасу процестері жүреді.

Slide 11

Устьицалардың астында хлорофилді клеткалардан тұратын бір қабатты қуыстар жетіледі. Қуыстар бір - бірінен бір қабатты клеткалы перделер арқылы бөлінген. Қуыстың түп жағында өткізгіш және қор жинағыш қызмет атқаратын ұлпа орналасады, онда крахмал мен май тамшылары жинақталады. Өсімдіктің астыңғы жағында устьицалары жоқ, ризоидтар мен амфигастриялары орналасқан.

Slide 12

Маршанция екі үйлі өсімдік. Ерекше тұғырларда жетілген антеридийлер мен архегонийлер әртүрлі талломдарда жетіледі. Маршанцияның аталық экземплярларында көктем және жаз маусымдарында тұғырға орнатылған 8 сәулелі дискі түріндегі өсінділер түзіледі. Жоғары қарай ашылатын дискілердің ішінде бір-бірден орналасқан сопақша келген антеридийлерде жетілген екі талшықты сперматозоидтар сыртқа шығып, сулы ортада аналық талломға қарай жылжиды. Аналық особьтерінде тұғырға бекіген көп сәулелі жұлдызша түріндегі аналық дискілер түзіледі. Дискілердің астыңғы жағында жалпы жабын, немесе перихециймен жабылған, мойындары төмен бағытталған архегонийлер орналасады.

Slide 13

Бауыр тәрізді мүктердің ішіндегі ең

көп таралған қатар, бұлар 250 туыс-

қа жататын 5, 5-6 мыңға жуық түрлері

бар, негізінен оңтүстік жарты шарда-

ғы жылы аймақтарда өседі. Юнгерман-

ниялықтардың денесі морфологиялық

құрылысы бойынша біршама күрделі,

ал анатомиялық құрылысы керісінше

қарапайым. Бұл класс тармақтарына

жататын түрлер көбінесе ылғалды

тропиктік және субтропиктік аудан -

дарда таралған. Кейбір түрлерінің

денелері сабақ-жапыраққа бөлінбеген

таллом, не жапырақты-сабақты болып

келеді, ұлпалары шамалы дифферен-

циацияланған.

Антеридийлері мен архегоний-

лерінің орналасуы әр түрлі: бір

түрлерінде мүк денесінің бетінде

орналасса, екінші біреулерінде

Бұтақтарының ұшында немесе

жапырақтарының қойнауында

орналасады. Бұл класс тармағы

3 қатар: метцгериялықтар,

гапломитриялықтар, және

юнгерманниялықтарды бірікті-

реді.

Slide 14

Юнгерманниялықтар класс тармағы.

Метцгериялықтар қатары.

Гапломитриялықтар қатары.

Юнгерманниялықтар қатары.

Slide 15

Метцгериялықтар қатары.

Бұл қатарға тән өкілдерінің денесі талломды немесе бөліктеніп тілімшеленген жапырақ тәрізді. Жыныс органдары талломдардың беткі бөлімінің жоғарғы жағында, кей жағдайда арнаулы сабақ тәрізді бөлімдерінде орналасады. Бұл қатар бір-бірінен өте айқын айырмашылықтары жоқ 7 тұқымдасты біріктіреді. Метцгериялықтарға арнаулы су сіңіретін өсінділердің болуы тән.

Slide 16

Гапломитриялықтар қатары.


Ұқсас жұмыстар
Бауыр тәрізді
ЖОҒАРҒЫ САТЫДАҒЫ ӨСІМДІКТЕР
Бауыр мүктер класы
Бауыр тәрізді мүктер
Жоғары сатыдағы өсімдіктер
Жоғары сатыдағы споралы өсімдіктер
Басаяқты моллюскалар класы
Жалпақ құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері
Құрттар бөлімі
Медициналық гельминтология
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz