Картоптың түйнегінің сақиналы шірігі Corynebacterium sepedonicum (Spiek. et Kotth.) Scapt. et Burkh




Презентация қосу
Картоптың
түйнегінің
сақиналы шірігі -
Corynebacterium
sepedonicum
(Spiek. et Kotth.)
Scapt. et Burkh.

Орындаған:Омарова Алуа
Тексерген:Сагандыков С.Н
ЖОСПАР

- САҚИНАЛЫ ШІРІК АУРУЫНА ҚЫСҚАША СИПАТТАМА
- КАРТОП ТҮЙНЕГІНІҢ САҚИНАЛЫ ШІРІГІНІҢ БИОЛОГИЯСЫ
- КАРТОП ТҮЙНЕГІНІҢ САҚИНАЛЫ ШІРІГІМЕН КҮРЕС
ШАРАЛАРЫ
- КАРТОП ТҮЙНЕКТЕРІН ОТЫРҒЫЗУ АЛДЫНДА САҚИНАЛЫ
ШІРІК АУРУЫМЕН ЗАҚЫМДАЛУЫНА САРАПТАМА ЖҮРГІЗУ
- АУРУДЫҢ ТАРАЛУ ЖЕРЛЕРІ
- ҚОРЫТЫНДЫ
- ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
САҚИНАЛЫ ШІРІК АУРУЫНА ҚЫСҚАША СИПАТТАМА

Қоздырғышы- Corynebacterium
sepedonicum. Ауру өсіп даму кезеңінің
екінші жартысында білінеді. Өсімдіктің
жекелеген сабақтары мен олардың
жапырақтары сарғайып солады. Ауру
сабақтың кесіндісінде өткізгіш
ұлпалардың қарайғандығын көруге
болады. Егер зақымдалған ұлпаларды
қысса созылмалы сары кілегей түріндегі
бактериялар шығады. Ауру түйнектерде екі
түрде байқалады: түйнектердің шеңберлі
шірігі және түйнектердің шұңқырлы
шірігі. Шеңберлі шірікпен ауырғанда
түйнектің кесіндісінде тұтас немесе үзік-
үзік қоңыр шеңберді көруге болады.
Бактериялармен зақымдалған ұлпалар
жұмсарады, қысқан кезде ақшыл кілегей
тамшылар шығады. Шұңқырлы шірікпен
ауырғанда түйнек қабығының астында
сары түсті, бастапқыда майлы, дөңгелек
дақтар түзіледі. Дақтарды түйнектің
қабығын алғанда ғана көруге болады.
Бактериялар тұқымда сақталады. Ауру
түйнектерді еккенде ауру өскіндер пайда
Картоптың түйнегі тамырлы сақинаға ұқсап
зақымданады. Ауру түйнекті пышақпен кескенде ғана
байқалады. Бастапқысында сары үсті жұмсарған
болмашы шұбаршықтар кейінен бір-бірімен қосылып
сұр-қоңыр немесе қара түсті сақина пайда болады.
Ауру жер беткі және жер астының барлық мүшелерін залалдайды.
Бұталарының солуы және түйіндерінің шіруі ретінде байқалады. Ауру дамуы
баяу жүреді. Картоптың гүлдеу кезінде қатты байқалады. Алдымен астыңғы
жапырақтары сола бастайды, жапырақ беті өзінің табиғи түсін жоғалтады.
Жапырақ шеті ішке қарай бұралады. Жапырақтары біртіндеп күңгірттеніп, ашық-
жасыл түске енеді, кейін мозаикалы дақтары бар сұрлы-жасылданады, кейін қо ңыр
дақтар пайда болады Картоп түйінін зақымдаған бактериялар тамылдарын бітейді
да, өсімдіктің жер беткі бөліктеріне су бармай, өсімдік солып қалады.
Залалданған түйіндер сау түйіндерден айырмашылығы болмайды, бірақ кесіп
көргенде тамыр сақинасының сарғайып, ұлпаларының жұмсаруын байқауға
болады. Соңғы кезеңдерінде тамырлы жүйесі бұзылып, ақ, созыңқы, жағымсыз
иісті, шырышты массаға айналады. Ауру қоздырғышы топырақтарында, өсімдік
қалдықтарында, залалданған түйіндерінде сақталады.
Картоп түйнегінің
сақиналы шірігі
Картоп түйнегінің сақиналы шірігінің биологиясы
Егер де аурудың жұқпа көзі ретінде картоп түйнегі болатын болса, бұл ауру мүлде
жылдам тарап кетеді. Өсімдік біртіндеп басынан бастап судың жетіспеушілігінен сола
бастайды.Судың жетіспеушілігі су өткішгіш каналдардың бітеліп қалуы нәтижесінде болады.
Бұл үдеріс түйнек пен жапырақ арасында жүреді. Әдетте бір түпте барлық емес бірнеше ғана
жапырақ солып қалады. Бактериялар токсиндер бөліп шығарады.Бұл солып қалудың бірден
бір жолы. Сонымен қоса картоп түйнектері жинау кезеңінде механикалық зақымдануы да
әбден мүмкін.
Ылғалды ауа райы аурудың бет алуына септігін тигезеді.Аурудың дамуына қолайлы
температура 22-26С (көбінесе вегетация кезеңінде). Ал керісінше жоғары температура ж әне
құрғақ ауа райы сақиналы шірік ауруына бірден бір кедергі.

А)залалданға
н картоп
түйнегі
Б )картоптың
жер беткі
мүшелері
Картоп түйнегінің сақиналы шірігімен күрес шаралары

Агротехникалық шаралар:
-Отырғызу кезеңінде тек сау түйнектерді отырғызу;
-Ауыспалы егісті қолдану;
-Ауру өсімдіктерді байқаған жағдайда,бірден жойып отыру қажет;
-Ең негізгі күрес шараларының бірі ауруға төзімді сорттар егу. (Приекульский ранний, Любимец,
Берлихинген, Вольтман, Лорх )
-Ауру түйнектерді анықтау үшін сақтау мерзімінің басында немесе соңында 2-3 апта
қарсаңында 14-18С температурада қыздыру жұмыстарын жүргізу қажет.
-Аурудың алдын алуда картоп түптерін дер кезінде жойып тастау үлкен рөл атқарады.
Химиялық шаралар:
-Картоп түйнектерін тұқымға сақтап қояр алдында Максим препаратымен өңдеу;
-Отырғызар алдында ТМТД (2,1-2,5 л/т) препаратымен өңдейді;
Картоп түйнектерін отырғызу алдында
сақиналы шірік ауруымен зақымдалуына
сараптама жүргізу
Бұл үшін әрбір 10 тонна картоптан 200 картоп
түйнектерін алады, оның ішінде 100 данасын тура
ортасынан қақ екіге бөледі және 50 данасынан картоп
қабығын алып тастайды. Егер де сақиналы шірік ауруымен
ауырған түйнектер саны 2 пайыздан асып кетсе, бұл картоп
отырғызуға мүлде жіберілмейді. Элиталы және бірінші
репродуктивті тұқым материалында залалданған түйнек
мүлде болмауы қажет.
ТАРАЛУЫ
КАНАДА
ҚИЫР ШЫҒЫС СІБІР

РЕСЕЙ ҚАЗАҚСТАН

ПРИБАЛТИКА УКРАИНА

БЕЛОРУСЬ
ҚОРЫТЫНДЫ

Сонымен қорытындалай кететін болсам,картоп түйнегінің
сақиналы шірік ауруы картоп аурулары арасында ең зиянды
аурулар қатарына жатады,бұл ауруды карантиндік ауру деп
есептейді. Картоп дақылының ең негізгі қорек ретінде
тұтынатынымыз оның түйнегі. Сол себептен біз барынша бұл
аурумен күрес шараларын жүргізуіміз қажет. Яғни ауру ға
төзімді сорттар шығарып, өнім түсімін азайтпау және сапсын
төмендетпеу біз үшін міндет деп есептеймін.
Пайданаланылған әдебиеттер
-Cулейменова З.Ш «Методические указания по мониторингу
численности вредителей, сорных растений и развития болезней
сельскохозяйственных культур », Астана ,Фоллиант 2004

- Агибаев А.Ж, Тулеева А.К, Сулейменова З.Ш «Ауылшаруашылы қ
дақылдарын зиянкестер мен аурулардан қорғау», Алматы 2010

Ұқсас жұмыстар
Картоптың таз қотыры
Техникалық биохимия
ҚР облыстарының фитосанитария карантиндерінің жағдайы
Балық өндірісі
КАРТОПТЫҢ САБАҚ НЕМАТОДАСЫ
Вегетативті көкөністерді сақтау ерекшеліктері
Жануарлардың ішек құрылысы
КАРТОП ЖӘНЕ ҚЫЗЫЛШАНЫҢ КАРАНТИНДІ АУРУЛАРЫ МЕН ЗИЯНКЕСТЕРІ
Тұзды балық
Гиффен әсері, Веблен тиімділігі құбылыстары
Пәндер