Орталық жүйке жүйесі



БӨЖ
Тақырыбы: Орталық жүйке жүйесі.
Орындаған: Берікбол. Назира
Тексерген: Сатиева. К. Р
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атыдағы мемелекеттік университеті
Семей-2015

Мазмұны
Кіріспе
Орталық жүйке жүйесі
Орталық жүйке жүйесіндегі тежелу, оның түрлері.
Орталық жүйке жүйесінің эмбриогенезі
Жұлын
Ми
Қортынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе
Жүйке жүйесі жан-жануарлар мен адамда ұзақ эволюциялық даму нәтижесінде қалыптасқан. Ол сыртқы ортаның түрлі құбылыстарының әсерінен өзгеріп күрделеніп отырады. Осыған байланысты, ішкі-сыртқы тітіркендіргіштерін қабылдап, оғаи жауап беріп ағзаны өзгермелі жағдайларға бейімдейді. Сонымен қатар әр түрлі мүшелердің, тканьдердің және торшалардың қызметін реттеп оларды өзара және сыртқы ортамен байланыстырып, ағзаның біртұтастығын жүзеге асырады. Жүйке жүйесінің осы айтылған жұмысына байланысты ағзаның мүшелері мен тканьдерінің арасында күрделі физиологиялық процестер де жүреді.
Жүйке жүйесі тек қарапайым жануарлар өкілдерінде ғана болмайды. Бірақ тітіркену процесі барлық тірі материяға тән қасиет болғандықтан, оларда да тітіркену, тітіркендіргіштерді қабылдау, оған жауап қайтару процестері өтеді. Тітіркендіруден туған жүйке процесін және оның нерв бойымен өтуін жүйке импульсі деп атайды.
Адамда жүйке жүйесі еңбекпен айналысуына байланысты өте күрделі және жоғарғы дәрежеде дамыған, ол ой органына айналған,

Жүйке-жүйесі Ми мен жұлыннан және олардан тарайтын нервтерден тұрады. Ми мен жүлынды орталық нерв жүйесі, олардан тарамдалған нервтерді шеткі нерв жүйесі деп атайды. Жалпы нерв жүфйесі нерв тканінен - нейрондар мен нейроглиядан т. б. тканьдерден түзілген. Нейроглия жүйке торшасының тірегі болумен бірге, оған белгілі бір пішін беріп, оларды қоректендіру (трофикалық) жұмысына қатынасады.

ОРТАЛЫҚ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ



ОРТАЛЫҚ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ

Нейрондардың ерекшеліктері
Жүйке жүйесіне жатады
Қызметі
Өсінділер саны бойынша
Медиатордың химиялық
ерекшеліктері бойынша
Постсинапстық нейрондарға
әсер етуіне қарай
Қозғыштық, тежегіш
Соматикалық және вегетативтік
Секреторлық, өткізгіштік
Қимылдық, сезгіш, аралас
Псевдоуниполярлы,
биполярлы, мультиполярлы
Холинергиялық, моноаминерги-
ниялық, пептидергиялық, т. б.
Рефлекс доғасындағы
орны мен қызметі бойынша

Нейрон - толық келген негізгі бөлімінен - денесінен және одан тарамдалған ұзынды-қысқалы өсінділерінен түзілген. Денесі сұр түсті протоплазма мен ядродан тұрады. Қысқа тарамдалған өсінділерін дендриттер, ал ұзын өсіндісін аксон (нейрит) деп атайды.

Аксон өсінділері нерв импульсін торша денесінен, шығарып отырса, дендриттер, керісінше, торша денесіне жеткізіп отырады. Осы аталған нерв клеткасының өсінділерін жүйке талшықтары деп атайды.

Ми мен жұлынды кесіп қарағанда олардың сұр және ақ заттан тұратынын байқаймыз. Олардың сұр заттары әрдайым жүйке торшалары денелерінің шоғырлануынан пайда болса, ақ заттары жүйке талшықтарының топтануынан пайда болады. Ми мен жұлынның сұр заты мен ақ заты біркелкі орналаспаған. Мидың сұр заты сыртқы, ақ заты ішкі жағында жатса, жұлында, керісінше, сұр заты ішінде, ақ заты сыртында жатады. Алдыңғы үлкен ми сыңарларының сыртын жалпы жауып жатқан сұр затты ми қыртысы немесе сұрғылт қабық деп атайды. Ми қыртысының іш жағын ала жүйке талшықтарынан түзілген ақ зат жатады. Осы ақ заттың қалыңында, торша денелерінің шоғырланған жерлерін ядролар деп атайды. Мұндай ядролар ми мен жұлыннан тыс жерлерде де кездеседі. Оларды омыртқааралық түйіндер, жұлын түйіндері, жүйке түйіндері деп атайды. Жұлын мен ми құрамындағы жүйке талшықтары ақ заттар түзіп, орталық жүйке жүйесінің бөліктерін бір-бірімен байланыстырып тұратын өткізгіш жолдар түзеді. Жұлын мен ми бөліктері қан тамырларына өте бай келеді, олар арқылы нерв тканіне қоректік заттар мен оттегі үнемі жеткізіліп тұрады.

Жүйкелерді атқаратын қызметіне қарай үш түрге бөледі
1) егер жүйке тек қана қозғалтқыш торшаларының жүйке талшықтарынан түзілсе, оны «қозғалтқыш» немесе «орталықтан тепкіш» жүйке деп атайды. Жұлын мен ми бөліктерінде жатқан қозғалтқыш торшалар жинағы ядролар түзеді;
2) егер жүйке құрамы сезімтал жүйке талшықтарынан түзілсе, оны «сезімтал» немесе «орталыққа тепкіш» жүйке деп атайды. Сезімтал жүйкелер сезімтал торшалардың өсінділері болып саналады. Бұл торшалар шоғырланып жүйке түйіндерін түзеді;
3) егер нервтер құрамына әрі қозғалтқыш әрі сезімтал жүйке талшықтары кіретін болса, оларды аралас жүйкелер деп атайды.

Ағзаның орталық жүйке жүйесінің қатысуымен өтетін және ішкі-сыртқы тітіркендіргіштерге қайтаратын жауап реакциясын рефлекс деп атаймыз. Мысалы, төрт басты еттің сіңірін, тізеден төмендеу жерден балғамен жайлап ұрсақ, еттің жиырылу нәтижесінен аяқ тізе буынынан дереу жазылады, жарық көзге түссе, көздің карашығы дереу кішірейеді, ауызға бір нәрсе түссе сілекей белінеді. Рефлекстің (нерв импульсінің) жүретін жолын рефлекторлық доға деп атайды.

Рецептолық жүйке ұштары
Тітіркеніс көзіне қарай
Қабылдауы бойынша
Морфологиясы
бойынша
Экстерорецепторлар
(сыртқы ортадан)
Интерорецепторлар
(организмнен)
Механорецепторлар
Хеморецепторлар
Терморецепторлар
Фоторецепторлар
Бос
( осьтік
цилиндр ұштары)
Бос емес
(осьтік
цилиндр ұштары арнайы
структуралармен байланысты)

Рефлекторлық доға бес бөлімнен түзілген
1. мүшелерден сезім мүшелерінен басталатын рецепторлар (сезімтал нейрондар ұштары) ;
2. сезімтал жүйке нейрондарының афференттік жүйке талшықтары;
3. рефлекстің орталығы болып саналатын жұлын мен мидағы жүйке торшаларының шоғары:
4. қозғалтқыш нейрондарының жүйке талшықтары;
5. кызметке енетін мүшелерде аяқталатын эффекторлық жүйке ұштары.

Сонымен, қорытып айтқанда, бүкіл жүйке жүйесін (функциональды жағдаймен қарағанда) үш туынды элементтермен қарастырамыз.

Жүйке жүйесінің эмбриогенезі.


Жүйке жүйесі ұрықтың даму кезеңінде өте ерте пайда бола бастайды. Екі апталық ұрықтың денесінің, дорзальді (арқа жақ) бөлігінде эктодермадан (сыртқы ұрық жапырақшасынан) ми - жүйке пластинкасы қалыптасады. Даму нәтижесіне байланысты пластинканың екі жақ ұзына бой жиегі қалыңдап, бір-бірімен бірігіп, ұзынша келген жүйке түтігін түзеді. Жүйке түтігі хорданың үстіңгі жағында параллель жатады. Оның алдыңғы бөлігі біртіндеп ми бөліктеріне айнала бастаса, артқы ұзынша бөлігінен жұлын пайда болады. Ал түтіктің қалыңдап қеліп қосылған жиегі ганглиозды пластинкаға айналады. Осы ганглиозды пластинкадан бара-бара омыртқааралық жұлын түйіндері мен ми нервтерінің түйіндері дамиды.
Нерв түтігінің алдыңғы жақ қуысы кеңейіп, өзгеріп ми қарыншаларын түзсе, артқы бөлігінің қуысы жұлын каналына айналады.

Жұлын

Жұлын (спинной мозг) . Жұлын омыртқа каналының ішінде жатады. Оның ұзындығы ересек адамда 45 см, ені 1, 5 см, салмағы 80 г.
Жұлын ауыз омыртқасының тұсында сопақша миға жалғасады. Төменгі жағынан соңғы жіпшесі арқылы құйымшақ омыртқасына бекиді. Соңғы жіпшеден айнала жұлынның төменгі сегменттерінен таралған түбіршіктер «ат құйрығын» түзеді. Олардың көбі сегізкөз тесіктері арқылы омыртқа каналынан сыртқа тебеді.
Жұлын жаңа туған балада омыртқа каналын толығымен толтыра жатса, ал бара-бара өсуі баяулап бірінші бел омыртқа тұсында қалады.
Жұлынның көлденең қимасы ұзына бойында бірдей емес, ол жоғарыдан төмен қарай жіңішкере бастайды. Жұлын төменгі мойын омыртқалары мен төменгі көкірек омыртқаларының тұсында екі буылтық түзеді. Оның біреуін мойын буылтығы десе, екіншісін бел буылтығы деп атайды. Осы буылтықтар тұсынан қол мен аяқты жүйкелендіретін ірі әрі ұзын нервтер басталады. Сол жүйкелердің торшалық денелері буылтықтар тұсында шоғырланған жұлын буылтығын түзеді.
Жұлынның алдыңғы және артқы бетімен ұзына бойына алдыңғы орталық сай және артқы орталық сай өтеді. Алдыңғы орталық сай өте терең жатқандықтаи, оны кейде алдыңғы орталық саңылау деп те атайды. Осы сайлар арқылы жұлын оң және сол екі бөлікке бөлініп тұрады. Алдыңғы орталық сайдың екі жағында алдыңғы бүйір сай жатса, артқы орталық сайдың екі жағында артқы бүйір сай орналасқан.
Жұлын тізбектеліп жатқан 31 сегменттен түзілген. Оның әрбір сегментінің екі жанынан алдыңғы және артқы жұлын түбіршіктері шығып омыртқаар-лық тесік тұсында бір-бірімен қосылып, 31 пар жұлын нервісін түзеді. Жұлынның ішімен ұзына бой жұлын каналы өтеді. Ол жоғарғы жағында мидың төртінші қарыншасына жалғасады.

1 - СОПАҚША МИ; 2 -МОЙЫН АЙМАҒЫНДАҒЫ
ЖУАНДАҒАН ЖЕРІ; 3 - ЖҰЛЫН ЖҮЙКЕЛЕРІ; 4 - МОЙЫН ЖҮЙКЕЛЕРІ; 5 - ЖҰЛЫННЫҢ АРТҚЫ ОРТАЛЫҚ
ТЕСІГІ; 6 - АРТҚЫ БҮЙІР ЖҮЛГЕСІ; 7 - КЕУДЕ ЖҮЙКЕЛЕРІ; 8 - БЕЛ АЙМАҒЫНДАҒЫ
ЖУАНДАҒАН ЖЕРІ; 9 - МИ КОНУСЫ; 10 - БЕЛ ЖҮЙКЕЛЕРІ; 11 - СЕГІЗКӨЗ ЖҮЙКЕЛЕРІ;
12 - ОТЫРЫҚШЫ ЖҮЙКЕЛЕР; 13 - ТЕРМИНАЛДЫ ЖІПШЕ
ЖҰЛЫН


1 - АҚ ЗАТ; 2 - СҰР ЗАТ; 3 - АРТҚЫ СЕЗГІШ ТАЛШЫҚ; 4 - ЖҰЛЫН ЖҮЙКЕЛЕРІ; 5 - АЛДЫҢҒЫ СЕЗГІШ ТАЛШЫҚ; 6 - ЖҰЛЫН ГАНГЛИЙІ
ЖҰЛЫННЫҢ РЕКОНСТРУКЦИЯСЫ

1 - АРТҚЫ БУДАСЫ; 2 - АРТҚЫ АШАСЫ; 3 - БҮЙІР БУДАСЫ; 4 - ОРТАЛЫҚ КАНАЛЫ; 5 - АЛДЫҢҒЫ АҚ ЖАЛҒАМА; 6 - АЛДЫҢҒЫ АШАСЫ; 7 - АЛДЫҢҒЫ БУДАСЫ
ЖҰЛЫН (КӨЛДЕНЕҢІНЕН ҚАРАҒАНДАҒЫ КӨРІНІСІ)

Жұлынның көлденең кесіндісін қарағанда оның ақ және сұр заттан түзілгенін байқаймыз.
СҰР ЗАТ
Оның сұр заты қанатын жайған көбелек пішінді келеді. Ол жұлынның орталық каналын айнала орналасқан. Сұр заттың шығыңқы келген жерлерін мүйіздері деп атайды. Алдыңғы жағында алдыңғы мүйізі, артқы жағында артқы мүйізі, ал бүйір бөлігінде бүйір мүйізі жатады. Бүйір мүйізі жұлынңың тек көкірек сегменттерінде ғана кездеседі. Сұр зат жүйке торшаларының шоғырынан түзілген, осыған байланысты оның алдыңғы мүйізінде қозғалтқыш мотонейрондар орналасады. Олардың нейриттері жұлыннан шыға алдыңғы қозғалтқыш түбір түзеді. Артқы мүйізінде рефлекторлық доғаның афференттік нейронын эфференттік нейронымен жалғастырып тұратын аралық нейрондар орналасады. Бүйір мүйізінде вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық нейрондары шоғырланып симпатикалық орталық түзеді. Олардың нейриттері алдыңғы түбір құрамында жұлыннан шығып, ішкі мүшелерді жүйкелендіруге бағыт алады.
Ақ зат
Жұлынның сұр затын қоршап жатады, оның өзі жұлын бетінде жатқан сайлар арқылы үш жұп бағанға бөлінеді. Алдыңғы баған - алдыңғы орталық саймен алдынғы бүйір сайының аралығында, бүйір бағаны - алдыңғы бүйір сайы мен артқы бүйір сайының аралығында, ал артқы баған - артқы бүйір сайы мен артқы орталық сайдың арасында орналасқан. Бұл бағандар жүйке талшықтарынан түзіліп, жұлынның өткізгіш жолдарын түзеді. Жүлынның сұр заты мен бағандарының аралығында сегментаралық V келте талшықтар болады. Осы талшықтар арқылы жұлынның сегментаралық байланыстары өтетін болғандықтан оларды жұлынның өз аппараты деп атайды.

АҚ ЗАТ
СҰР ЗАТ

Жұлының құрлысы
Сұр зат
Жұлын сұйықтығы
Ақ зат
Сезімтал нейрондар
Қимылдат-қыш нейрондар
Нейронның ұзын өсінділері
Қозуды төменге өткізгіш жүйке жолдары
Қозуды жоғары өткізгіш жүйке жолдары

Орталық жүйке жүйесіндегі тежелу, оның түрлері.
ОЖЖ интеграциялық қызметі қозу және тежелу үрдістері арқылы іске асырылады.
1863 жылы академик М. И. Сеченов «Орталықтағы тежелу» атты тақырыпта тәжірибе жасап, орталық жүйке жүйесінде қозумен қатар тежелу де болатынын дәлелдеді.
Ч. Шеррингтон, Н. Е. Введенский, А. А. Ухтомский, И. П. Павлов тежелу үрдісі мидың барлық бөлімдерінде орын алатынын көрсетті.
Жұлын рефлекстерінің тоқтауы мұнда тежелудің дамығанын көрсетеді.
Тежелу - қозу сияқты белсенді үрдіс.
Орталықтағы тежелу шеткі ағзалардың қызметінің қозуын әлсіретеді, не тоқтатады.

Тежелудің механизмдері:
Орталық жүйке жүйесінде тежелу арнайы тежеуші нейрондар қозған кезде басталады (Экклс, Реншоу, Пуркинье еңбектерінде дәлелденді) .
Тежелуші жасушалар мидың әр жерінен табылды.
Тежеуші нейронның аксон ұшынан тежеуші медиатор (гамма-амин май қышқылы - ГАМҚ, не глицин) бөлініп шығады да нәтижесінде айналасындағы мотонейрондарда тежелу үрдісін тудырады.

Орталық жүйке жүйесінде туатын тежелу үрдістерінің пайда болу механизмдеріне қарай 4 түрге бөлінеді:
Постсинапстық (синапстан кейін) тежелу - Реншоу жасушасы тәрізді тежеуші
нейрондардың қатысуына байланысты туады (постсинапстық мембрана
) .
2. Пресинапстық (синапсқа дейінгі) - Реншоу жасушасы қатысады (деполяризация
салдарынан мотонейронды қоздыратын жүйке талшығынан медиатор бөлінбей қалады) .
3. Пессимальды тежелу - күшті серпіністердің жиі-жиі келіп түсуіне байланысты медиаторлар
көбейеді де - постсинапстық мембранада тұрақты деполяризация пайда болады.
4. Қозудан кейін туатын тежелу - реполяризация кезеңі аяғында туындайтын
гиперполяризацияға байланысты.

Үйлестіру - бұл ОЖЖ-дегі нейрондар мен жүйке орталықтарының интеграциялық бірлескен іс әрекет қызметі. Нәтижесінде адекватты рефлекстер пайда болады.

ОЖЖ рефлекстерді үйлестіру негізін құрайтын құбылыстар:
Иррадиация (қозудың жайылуы) ;
Концентрация
Индукция - қарама-қарсы үрдістің туындауы.
Индукция түрлері:
бір мезгілді;
бір ізді;
оң;
теріс.

Iv. Соңғы жалпы жол құбылысын (конвергенцияға негізделген «алқым»), Ч. Шеррингтон анықтаған.

V. Реципроктық (ілеспелі) тежелу - рефлекстердің бір бірімен үйлесуін қамтамасыз етеді. Мысалы антагонист еттердің арасындағы (бүгілу, жазылу) жауаптың үйлесуі. Дем алу мен дем шығару кезектесуі.

vi. кері байланыс (кері афферентация) принципі.
vii. доминанттық (үстемдік) қозу - уақытша бір қозу
ошағының үстем болуы (а. а. ухтомский) .
ерекше қасиеттері:
өте қозғыш келеді;
қозу тез жинақталады;
қозу созыңқы (инертті) болады;
басқа орталықтарда тежелуді тудырады;
басқа орталықтарға бағытталған серпіністерді
өзіне тартып, күшейе түседі.

Ми (мозг) .

Ми (мозг) . Жүйке жүйесі ұрықтың арқа бөлімінде жүйке пластинкасы- эктотермадан пайда болады. Ол пластинканың екі шеті жиырылып нерв түтігіне айналады. Оның алдыңғы толық бөлігінен алғашқы үш ми көпіршіктері пайда болады. Одан мидың бес бөлігі дамиды.

Осы ми бөлімдерінің әр түрлі қарқында дамуына байланысты алдыңғы және артқы ми көпіршіктері екіге бөлінеді
Алдыңғы ми көпіршігінен алдыңғы ми мен аралық ми пайда болса
артқы ми көпіршігінен артқы ми мен сопақша ми пайда болады.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz