«Вирустың енуі. Иммунитет»



БӨЖ
Тақырыбы: «Вирустың енуі. Иммунитет»
Орындаған:Мұқатаев. А
Тобы : ВМ-305(В)
Тексерген :Омарбеков Е. О.
2015 жыл
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
АГРАРЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТ «ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ САНИТАРИЯ» КАФЕДРАСЫ

Жоспар
Вирустардың организмге енуі, таралу, орналасуы. Инфекция түрлері және оларға сипаттама.
Иммунитеттің механизмдері. Иммунитеттің гуморальдік, клеткалық, жалпы физиологиялық факторлары (температура, гомондар, ингибиторлар, интерферондар)

Вириондардың икосаэдрикалық құрылымы
А. Липидты қабықшасы жоқ вирус (мысалы, пикорнавирустар) .
B. Қабы ұшасы бар вирус (мысалы, герпесвирустар) . Белгілер:
(1) капсид,
(2) геномнды нуклеин қышқылы,
(3) капсомер,
(4) нуклеокапсид,
(5) вирион,
(6) липидты қабықша,
(7) қабықшаның мембраналық ақуыздары.

Вирустың организмге енуі:


Клетка мен вирус арасындағы байланыс

Вирустың таралу жолдары
1. Шектелген таралу -вирус бір жасушадан басқа жасушаға беріледі. Бірақ, бұл кезде ішінде вирус бар фагоциттер арқылы вириондар лимфалық түйіндерге түседі, сондықтан «шектеліп таралу» түсінігі салыстырмалы термин;
2. Виремия -вирустың қан ағымымен ең маңызды таралу жолы. Бұл кезде вирус қан плазмасында еркін айналымға түседі - плазматикалық виремия деп атайды, вирус қанның түйіршік (форменные) элементерімен бірлесіп айналымға түседі - жасушалық - ассоциацияланған виремия.
Плазматикалық виремия екі фазада атқарыла алады:
біріншілік - бұл кезде вирус енген жерден бастап таралады
екіншілік - бір қатар ағзалар мен тіндерге вирустың ауқымды зақымдаушы әсерінің нәтижесінде болады. Плазматикалық виремия әдетте қысқа мерзімді, өйткені плазматикалық вирустар жылдам бейтарапталанады және вирус - антиденекешені макрофагтармен жойылады.
Жасушалық - ассоциацияланған виремия - қанның формалық элементтерімен ассоциацияланған вирустың қан ағымымен таралуы. Осындай виремия кезінде вирус көбінесе аз деңгейде табылады және оларды бөліп алу өте қиын.
3. Шеткейлік жүйке тармақтарымен (периферические нервы) таралу. Вирустардың осындай таралу жолы қызамық және ұшық вирустарына тән. Поливирустар және реовирустар жүйке талшықтарымен және қан ағымымен де тарала алады. Нерв арқылы таралуы бойынша бір вирустың әр түрлі штаммдарының арасында айырмашылығы болуы мүмкін.

Вирустық инфекциялардың түрлері

1. Түсікті (абортивная) инфекция - нақты организмде репродукцияланудың толық циклын атқара алмайтын вирустарға тән, бірақ мұндай инфекцияның иесінің организміне тигізетін әсері жоқ деуге болмайды. Мысалы: кеміргіштерде SV40 вирусы қоздыратын инфекция пермиссивті емес, бірақ жасушаларда трансформациялық процесс дамуына әкеледі. «Пермиссивтілі емес» деген термин - жасуша ішіне енген вирустың репродукциялануын қолдай алмайтын жағдайды білдіреді.

2. Жедел (жіті ) инфекция - соңында иесінің иммундық жауабы арқылы вирустан толық арылатын жағдай.

3. Кейіннен латентті инфекцияға айналатын жедел инфекция. Бұл кезде белсенділігінің қайталану және организмннен шығу кезеңдері алмасып, вирус инфекциялық емес (неинфекционный) жағдайда болады. Инфекцияның осындай түрін қоздыратын вирустардың белгілі бір жағдайларда жасушалардың біреуінде өнімді (продуктивная) инфекция, ал басқа жасушаларда пермиссивті емес инфекция қоздыру қабілеттілігі болады.

4. Кейіннен персистентті инфекцияға айналатын жедел инфекция. Бұл кезде инфекциялық вирус тұрақты бөлінеді, немесе зақымданған тінде кездеседі. Иесінің иммунды жауабы жедел инфекция кезінде вирусты жоя (элиминирлей) алмаған жағдайда персистентті инфекция пайда болады.

5. Баяу, үдемелі (прогрессирующий) инфекциялар. Бұл инфекциялар айналымға түспейтін (циркуляцияланбайтын) агенттерге тән (приондар), олар бас миын зақымдайды. Иесімен оған енген вирус арасындағы күрес вирустың элиминациялануымен немесе инфекция персистентті, болмаса латентті түрімен аяқталады. Персистентті инфекцияға айналуы үшін вирус, иесінің иммунды реакциясынан қашықтау механизмін пайдаланады. Вирустардың сол үшін пайдаланатын стратегиясы өте спецификалы және иммундық жүйенің әр түрлі деңгейін зақымдайды.

Иммунитет
Иммунитет - дегеніміз организмнің генетикалық бөгде информациясын тасымалдау- шылардан қорғану әдісі, ішкі гомеостазды сақтау үшін бағытталған. Иммунды жауап дегеніміз антигенді байланыстырып, инактивациялап, ыдыратып және организмнен шығаруға бағытталған иммун жүйесінің арнайы комплексті реакциясы. Иммунды жауап бір-бірін толықтыратын клеткалық және гуморалды иммунитет реакциялар- мен жүзеге асады. Иммундық реакциялардың нәтижесінде иммунды гомеостазды реттейтін биологиялық белсенді заттар босатылады.


Біріншілік иммунды жауап Антигенмен бірінші рет түйіскеннен кейін 5-. 7 кунде қалыптасады. Біріншілік гуморалды иммунды жауаптың негізінде ең бірінші IgM-классты АД түзілуі жатады. Клеткалық иммунды жауап жетілген эффекторлы Т-лимфциттердің пайда болуымен сипатталады. Сонымен қатар-Т- және В- есте сақтау клеткалар түзіледі
Екіншілік иммунды жауап Антигенмен екінші рет түйіскеннен кейін жоғары денгейде тез қалыптасады, біріншілік иммунды жауппен салыстырғанда организмнің эффективті корғанысын қамтамасыз етеді. IgG-антиденелер жоғары денгейде түзіледі. Екіншілік иммунды жауаптың нәтижелігі есте сақтау клеткалармен байланысты.

Иммунды жүйенің негізгі қызметтері: Жұқпаларға қарсы қорғанысты қамтамасыз ету. Ісікке қарсы иммунитетке қатысу. Трансплантациялық иммунитетке қатысу. Аллергиялық реакцияларға қатысу. Аутоиммунды патологияның даму механизмдеріне қатысу. Ана мен бала организмдері өзара қатынасына қатысу. Қабыну процессіне қатысу. Қан ұю механизмдеріне қатысу.

Иммунды жүйе құрылысы

тимус
Пейер түйіндері
Сүйек кемігі
Лимфа түйін
Көк бауыр
Қан

Организмнің иммунологиялық икемділігі
Иммунологиялық икемділік (иммунологиялық реактивтілік), иммундік жауап немесе иммунитет реакциялары дегеніміз организмнің өзінікі мен бөтенді ажыратып, генетикалық бөтен антигендік ақпарды өңдеп, оған иммунологиялық жауап реакцияларын беру қабілеті. Бұл иммунологиялық жауап реакциясына жататындар:
антидене тузу;
жедел типті сезімталдық;
баяу типтi сезімталдық;
иммунологиялық жады;
иммунологиялық толеранттылық;
идиотип-антиидиотип қатынасы.

Антиген
Иммундік жауаптың себепкері антиген болып табылады. Яғни иммундік жауап антигендік әсерден барып туындайды. Ipi молекулалы (белоктар, полисахаридтер, липидтер) тегі бөтен заттар антиген болып табылады. Олардың антигендік детерминанттары болады. Химиялық құрамы жағынан антигендік детерминанттары 1-4 пептид немесе 1-4 сахаридтерден тұратын олигопептид немесе олигосахаридке жатады. Тек қана антигендік детерминанттан тұратын қарапайым заттарды гаптен деп атайды. Гаптен антиденемен әсерлеседә, бipaқ антидене түзілте алмайды. Егер гаптенге басқа бip курделі затты (белок, полисахарид) қосса, ондай қосылысты организмге енгізгенде гаптенге қарсы антидене пайда болады.

Антидене түзу. Антидене (иммуноглобулин) қорғаныс қызметін атқарып, токсиндер мен вирустарды бейтараптайды, антигенмен қосылган соң комплемент жүйесін icкe қосады, микроорганизмдерді тұмшалап, оларды фагоцитозға дайындайды. Антиденелер 5 түрлі иммуноглобулиндерге жатады (IgG, IgM, IgA, IgD және IgE) . Олардың iшінe IgM молекулалық массасы жағынан ең ipici және антигендік әсерден кейін бipiншi пайда болады. Кейінірек қанда IgG пайда болады, ол ұзағырақ сақталады және оның қорғаныс қабілеті де жоғары. Әр түрлі секреттерде (сүт, уыз, сілекей, ішек cөлi) негізгі антидене IgA болып табылады. Иммуноглобулиндердің қалған екі түpi: IgD және IgE жануарлар организмінде өте мардымсыз мөлшерде кездеседі және де олар аз зерттелген

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz