Конструкторлық сызбалардың сызық түрлері мен сызба құралдары


Slide 1

Сызбаларды түзетуге арналған құралдар

Жапарова Айғаным

ГК-407

Slide 2

Сызба - бұйымды жасап шығару немесе құрастыру үшін керекті ақпараттар түгелдей келтірілген құрылымдық құжат

Slide 3

Сызбада бұйымның кескіндері көрсетіледі, ал кескіндерді өзара перпендикуляр жазықтықтарға тік бұрыштап проекциялау әдісімен орындайды. Кескіндерге өлшемдер түсіріледі және келісілген шартты белгілерді пайдаланады. Сызба конструкторлық құжаттаманың бірыңғай жүйесіне қатысты стандарттардың талабына сай орындалады.

Slide 4

Сызба түрлері

Slide 5

1) Тұтас жуан негізгі сызық. Егер бұл сызықтың жуандығын s деп белгілесек, онда s кескіннің мөлшері мен күрделілігіне және сызбаның пішіміне байланысты 0, 5мм-ден 1, 4мм-ге дейінгі аралықта алынады. Бір сызбадағы сызықтардың жуандықтары бірдей болуға тиіс. Тұтас жуан негізгі сызық сызбада көрінетін сызықтарды бастыра жүргізу үшін қолданылады.

Slide 6

2. Тұтас жіңішке сызық. Оның жуандығы негізгі сызықтың жуандығынан екі-үш есе жіңішке болады. Шығару және өлшем сызықтары, проекция осьтері, көмекші тұрғызу сызықтары, қима мен тілікті сызықтау (штрихтау) тұтас жіңішке сызықпен жүргізіледі. 3. Тұтас жіңішке іркісінді сызық. Жуандығы тұтас жіңішке сызықтың жуандығыңдай болады. Ұзын түзу сызықтарын көрсету үшін қолданылды.

Slide 7

4. Тұтас ирек сызық. Жуандығы тұтас жіңішке сызықтың жуандығымен бірдей. Түзу сызықтары үшін және тілікті көріністен бөлу үшін қолданылады. Ирек сызық сызу аспаптарының көмегінсіз, қолдан жүргізіледі.

Slide 8

5. Үзілме сызық. Сызық бөліктерінің ұзындығы 2мм-ден 8мм-ге дейінгі аралықта, ал олардың ара қашықтықтары 1мм-ден 2мм-ге дейінгі аралықта алынады. Бұл сызықтың жуандығы да S/3 . . . S/2 тең болады. Үзілме сызық сызбада көрінбейтін сызықтарды жүргізу үшін қолданылады.

Slide 9

6. Жіңішке нүктелі үзілме сызық. Бұл сызықтың жуандығы да S/3 . . . S/2 тең болады. Сызық бөліктерінің ұзындығы 5мм-ден 30мм-ге дейінгі, ал аралықтары 3мм-ден 5мм-ге дейінгі аралықта алынады. Сызбаның осьтік және центрлі сызықтары осы сызықтың көмегімен көрсетіледі.

Slide 10

7. Жуандатылған нүктелі үзілме сызық. Жуандығы тұтас негізгі сызыктың жуандығынан 1, 5 - 2 есе жіңішке болады. Бөліктерінің ұзындықтары 3 - 8мм, ал олардың аралықтары 3 - 4мм болады. Шынықтырылатын және қапталатын беттерді жуандатылған нүктелі үзілме сызықпен көрсетеді. Бұл сызықты қиюшы жазықтықтың алдындағы нәрсе бөлігін кескіндеу үшін де пайдаланады.

Slide 11

8. Жіңішке қос нүктелі үзілме сызық. Жуандығы тұтас жіңішке сызықтың жуандығымен бірдей болады, яғни S/3 . . . S/2 тең. Бөліктерінің ұзындықтары 5 - 30мм, олардың аралығы 4-6мм болады.

Slide 12

9. Үзілме сызық. Сызбада қиюшы жазықтықтардың орындарын көрсеткенде пайдаланылады, сондықтан оны қима сызығы деп те атайды. Жуандығы 1 . . . 1, 5 S-ке тең болады. Бұл сызық екі бөліктен турады, бөліктерінің аралығы қимасы немесе тілігі берілетін нәрсенің сәйкес өлшеміне байланысты. бір бөлігінің ұзындығы 8 - 20мм-ге тең.

Slide 13

Сызбаға арналған құралдар

Готовальня сызбаға

арналған құралдар жинағы

Slide 14

Кульман тақта түріндегі

Пантографиялық жүйеде қолданатын құрал

Slide 15

Сызбаүлгіш қисықтарды тексеруге арналған аспап

Slide 16

Сызғыш сызбаларды сызуға түзетуге арналған қарапайым құрал

Slide 17

3

Дробышев сызғышы - координаталар торын қағаз бетіне салу үшін қолданылатын, ені 50 мм, қалыңдығы 5 мм-лік сызғыш.

Slide 18

5

Пантограф пландарды

Қайта сызуға арнлған құрал

Slide 19

Рейсфедер сызуларды тушьпен

бастыруға арналған құрал

Slide 20

Назарларыңызға

көп рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Конструкторлық құжаттаманы рәсімдеудің бірыңғай жүйесі (КҚБЖ) және сызба орындау стандарттары
Сызба геометриясы: нүктелер, түзулер және жазықтықтардың ортогональды проекциялары
Оқытудың әдіс-тәсілдері мен құралдары: түрлері, талаптары және қолданылуы
Алгоритмдердің түрлері: сызықтық, тармақталған және циклдік - теория, блок-сызба және бағдарламалау мысалдары
Сызба-техника тілі: проекциялау әдістері мен геометриялық денелердің проекциялары
Натюрмортты сызба және штрих арқылы бейнелеу: сабақтың мақсаты мен кезеңдері
Ғылыми зерттеу және таным құралдары: түрлері мен қызметі
Қазыналық саясат: мәні, түрлері және құралдары
Автоматты өрт сөндіру құралдары: түрлері мен жұмыс принциптері
Қазыналық саясат: мәні, түрлері, құралдары және артықшылықтары мен кемшіліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz