ҚР гидросферасы




Презентация қосу
ҚР гидросферасы
Қазақстан Республикасының
гидросферасына қысқаша сипаттама
Қазақстан
өзендері
Ішкі
ағынсыз
көлдер
алабы. Қазақстанның
барлық өзендері
негізінен екі су
алабына

Солтүстік
бөлінеді:
Мұзды
мұхит алабы
• Солтүстік Мұзды мұхит алабына жататын өзендер:
• Сауыр, Тарбағатай және Алтай тауларынан Сарыарқа мен О ңтүстік Орал
тауларының оңтүстік-шығысынан басталады.

• Ішкі ағынсыз көлдер алабына:
• Балқаш–Алакөлге құятын басын Тянь-Шань таулары мен Жо ңғар Алатауынан
алатын өзендер және Арал теңізі алабына орталық Тянь-Шань тауларынан
шығатын өзендер енеді.
Қазақстан өзендерін ұзындығы
бойынша топтасақ:
022

өзеннің ішінде

84 23
305
694
Шағын өзендер Орташа өзендер Ірі өзендер
(ұзындығы 100 км-ге (500 км-ге дейін)
(500-1000 км-ден астам
дейін) өзендер)
Республиканың шығысындағы Алтай, оңтүстік-шығысындағы Жетісу
және Іле Алатаулары ылғалы мол таулы өңірлердегі өзен торының жиілігі
(барлық өзендер ұзындығы қосындысының осы алаптың ауданына
қатынасы) басқа өңірлерге қарағанда жоғары (0,4-1,8 км/км2). Шағын
өзендердің көбі Ұлытау, Шыңғыстау, Қарқаралы тауынан, сонымен қатар
Тарбағатай, Қаратау, Мұғалжар жоталарына басталады. Арал және Каспий
маңы өңірлерінде өзен торының жиілігі тым сирек (0,03 км/км2-ге дейін)
келеді. Өзендердің басым көпшілігі Каспий, Арал теңіздерінің, Балқаш,
Алакөл және Теңіз сияқты көлдердің тұйық алаптарына жатады.
• Қазақстандағы ең суы мол өзен – Ертіс. Оның
республика жеріндегі ұзындығы – 1700 км болса,
жалпы ұзындығы – 4248 км. Жоғары б өлігіндегі
ағыны екі ірі су электр станцияларымен
(Бұқтырма және Өскемен) реттелген. Өзен
суының біраз бөлігі Ертіс-Қарғанды каналы
арқылы Орталық Қазақстанға бұрылған.
• Ұзындығы жөнінен республикадағы екінші өзен –
Сырдария. Қазақстандағы ұзындығы – 1400 км, ал
жалпы ұзындығы – 2219 км-ді құрайды. Егін суару
мақсатында қарқынды пайдалануының себебінен
ағыны кейбір жылдары Аралға жетпей тартылып
қалады.
Балқаш көлі
алабындағы ірі өзен - Іленің
республика шегіндегі
ұзындығы – 815 км, жалпы
ұзындығы – 1001 км. Оның
ірі салаларының бірі Шілік
өзенінен бастап, Шамалған
өзеніне дейін ұзындығы –
200 км-ге жуық Үлкен
Алматы каналы салынған.
Батыс Қазақстан жерін негізінен Жайық
өзені суландырады. Ол республика жерінен тыс,
яғни Оңтүстік Оралдан басталады.
Қазақстандағы ұзындығы – 1082 км, жалпы
ұзындығы – 2428 км.
Ірі өзендер қатарына сонымен бірге Есіл,
Тобыл, Елек, Шу, Торғай, Ырғыз, Сарысу, Н ұра,
Талас, Ойыл, Жем т.б. өзендері жатады. Бірақ,
бұлардың кейбіреуінің деңгейі жазда тым
төмендеп, кейбіреуі мүлдем тартылып қалады, ал
көктемде қар суымен толысып, тасиды.
Жем өзені Мұғалжар тауларынан бастау
алып, Каспий теңізіне құяды. Суы көктемде
тасиды. Кей жылдары теңізге жетпей, сор ға сі ңіп
кетеді. Өзен жағалары құм мен саздан түзілген.
Суы мұнай кәсіпорындарына, егістік жерлерді
суаруға пайдаланылады.
Сарысу өзені Сарыарқа шоқыларынан
басталып, Жақсы Сарысу және Жаман
Сарысу бастауларының қосылуынан
құралады. Ұзындығы – 781 км.
Нұра өзені де Сарыарқаның аласа
тауларынан бастау алады. Ұзындығы – 978 км
Нұра өзені Қорғалжын көліне құяды. Ол бұл
көлге тек суы мол жылдары ғана жетеді.
Қазақстан өзендерінің жылдық жалпы су қоры – 105,3 млрд. м3. Мұның
54 пайызы Қазақстан аумағында, 46 пайызы іргелес республикалар жерінде.
Қазақстанның ірілі-ұсақты барлық өзендерін қоса алғанда жылына 87 млрд.м3
–ге жуық суды пайдалануға мүмкіндік бар.
Қазақстан
республикасының су
проблемасы
• БҰҰ-ның деректері

бойынша, бүгінгі күні

тұщы судың тапшылығы

жылына 230 млрд.текше

метрге жетіп, Жер

шарының 2,5 млрд-қа

жуық тұрғындары сапалы

ауыз суға мұқтаж болып

отыр.
• Адамзат тұтынатын бүгінгі тұщы судың басты “тіршілік көзі” –

негізінен көлдер мен өзендер, жердің үстіңгі қабатына жақын

орналасқан жер асты су қорлары болып табылады.
• Дүние жүзінде 200-ден астам өзендер жүйесі ұлттық шекараларды

басып өтсе, оның ішіндегі 13-ке жуық трансшекаралық өзендер мен

көлдер 100 елдің аумағында орналасқан. Трансшекаралық өзендер

мен су айдындарындағы су қорларының тапшылығы бүкіл әлемде

айрықша жылдамдықпен күрделенуі көп жағдайларда мемлекеттер

арасындағы халықаралық шиеленістерге әкеліп соқтыруда. БҰҰ-ның

Бас хатшысы Пан Ги Мунның: “Тұщы су үшін соғыс жағдайына

жақындады” деп ерекше бөліп айтуы да осындай қауіп-қатердің

барынша сол екендігін растайды.
• Бүгін су қорлары тапшылығын едәуір сезініп отырған

мемлекеттердің қатарына Қазақстан мен Орта Азия елдері

ғана емес, Оңтүстік-Шығыс және Оңтүстік Азия елдері

кіреді. ҚР үкіметі трансшекаралық өзендер мәселесінің

шешілу барысына үлкен мағына береді. Үлестік

қамтамасыз ету салмағы бойынша ҚР ТМД елдерінің

арасында соңғы орынға ие болып отыр. Қазіргі кезде

Қазақстанның әрбір тұрғынына есептегенде тұщы судың

қоры 4686 текше шақырым ғана айналса, ал Ресейде жан

басына есептегенде тұщы судың мөлшері 30 393 текше

шақырымнан келеді.
• Еліміздегі 105,5 текше шақырымды
құрайтын жер үсті су қорларының 58
пайызы ғана республика аумағында
жинақталған. Ал қалған су қорлары
көршілес мемлекеттердің аумағынан,
дәлірек айтсақ, Қазақстанға су Ресей мен
Қытайдан, Қырғызыстан мен Өзбекстаннан
бастау алатын өзендерден келіп құйылады.
Оның ішінде көрші елдерден келетін
судың мөлшері 44 т/ш:
19.9

16 13.7

10 7.4 т/ш

0
Ресей Өзбекстан Қырғызыстан Қытай
• Жалпы, Қазақстанда 39 мың өзен мен су арнасы,
48 мыңға жуық көлдер бар. Қазақстан су қоры
жағынан – Ертіс, Орал, Іле және Сырдария секілді ірі
өзендерін айтпағанда, негізінен шөл және шөлейт,
жартылай шөлейт аймақтарда орналасқан. Еліміздің 4
пайызын ғана орман құрайды, демек су да осы 4
пайыз аумақты қамтиды деген сөз.
Ауыз су проблемасы тек қана Қазақстан
Республикасында емес, жалпы Орталық Азия
өңіріндегі халықтар үшін де ортақ өткір сипат
алып бара жатыр. Орталық Азия өңіріндегі су
қорларының 80 пайызы Қырғызыстан мен
Тәжікстан республикаларының бақылауына
кіреді. Бұл аймақтарда Кеңес дәуірінен бастап ірі
қуатты жылу электр стансаларының
салынғандығы белгілі. Қалған үш мемлекет –
Қазақстан, Түркменстан, Өзбекстан мемлекеттері
осы екі елге тәуелді.
• Қазақстанда көрші елдерге деген
тәуелділіктің туындауы еліміздің
экономика мен экология салаларына
зиянын тигізуде. Мысалы, ҚР аймағы
арқылы өтетін Іле және Ертіс
өзендерінің бассейнінде іркіген судың
мөлшері артқандығы, ондағы
балықтың өсуі тоқтап, жаппай ауруға
ұшырағандығы, Балқаш көлінің
деңгейі төмендеп, судың сапасы
нашарлауда.
• Көрші мемлекеттердің суармалы егістіктері мен ма қталықтары ке ңейген сайын, о ңт үстік өңірде

суармалы егістіктің көлемі екі есеге дейін қыс қарып келеді.
• ҚР Қоршаған орта министірлігінің мәліметтері бойынша, қазіргі таңда Қаза қстанда ғы су

тапшылығының мөлшері 20 пайызды құрайды. ҚР батыс өңірінің су проблемалары мамандарды ң к өңілін

толғандыруда. Себебі, Батыс Қазақстан облысындағы табиғи су қорларыны ң 80 пайыз ға жуы ғы Ресей

Федерациясынан келіп құйылады. Бұл өңірдегі судың ең үлкен қайнар к өздері – Жайы қ, Орал, сондай а қ

Шаған мен Деркөл сияқты өзендер. Егер Жайық өзені бастауын Башқұртстаннан алса, Ша ған мен Дерк өл

бастауын Орынбордан алады. Ал Орал өзенінің 70 пайызы Ресей айма ғы ар қылы өтеді.

Жайық-Орал-Башқұртстан
Жайық өзенінің экологиялық проблемалары , бас қа да өзендер сия қты,

кешенді табиғи, антропогендік және техногендік үрдістермен байланысты.
Жайық өзенінің тозып өзгеруінің бірінші себептері болып, толассыз су

ағынының табиғи үрдістердің механикалық үрдістер түріндегі

әсерінен болатын арнаның бұзылуы болып табылады. Оны ң

жағымсыз салдары болып табылатындар:
Арнаның лайлануы, өзеннің тайыздалуы мен оны ң

гидрологиялық режимінің нашарлауына со қтыратын қайра ңдарды ң

пайда болуы;
Жағалаулардың иреңдері мен топырақты жерлерінің же ңіл

механикалық құраммен шайылуы. Б ұл өзеннің арнадан шы ғып ж әне

үлкен аумақты басып кетуіне қауіп туғызады.
• Осы үрдістер Жайықтың көктемгі қатты тасқынымен тіптен

тереңдей түседі. Қазақстандық аймақта өзен арнасының

лайлануына теріс әсер ететін факторларға ағысты баяулатын

даланың жазықтылығы және арнаның көп ирелеңдігіне әсер

ететін жер бедерінің сәл жотылығы жатады. Осыған

байланысты өзеннің тұтастығы мен қызметі оның т ұрақты

күтімсіздігінсіз мүмкін емес. Өзен арнасының лайлануына

оның салалары мен бастау көздерінің тазаланбауы әсер етеді.

Батыс Қазақстан облысындағы Жайық өзенінің алабына

кіретін кіші өзендерге Шаған, Деркөл, Елек, Утва, Рубежка,

Быковка, Барбастау, Емболат т.б. кіреді.
Жайық өзенінің
орналасуы
• Қазақстан су жағдайына үлкен ықпал ететін
елдің бірі – Қытай Халық Республикасы.
• Екі мемлекет арасындағы су қатынастарын
реттеу экономикалық тұрғыдан да,
экологиялық қауіпсіздік тұрғысынан да
маңызды болып табылады. Қытай
тарапынан Қазақстанға 24 трансшекаралы қ
өзен ағады, олардың алтауы – Ертіс
өзендері бассейніне, жетеуі – Іле өзендер
бассейніне, үшеуі- Еміл, сегізі – Барлы қ
тауындағы кішкентай өзендер үлесіне
тиесілі.
• Қазақстан Республикасының

назарынан Сырдария мен

Әмудария трансшекаралық

өзендердің су қорларын

пайдалану мәселесі тыс

қалмайды. Қазақстан және

Өзбекстан республикаларын

қамтитын трансшекаралық

өзендер Қырғызыстан мен

Тәжікстан мемлекеттерінің

аумағынан бастау алады.

Қырғызыстан мен Тәжікстан

республикаларының

тауларындағы мұздықтар

көлемінің кеми түсуі сол

жақтардан бастау алатын

өзендердегі су деңгейінің

төмендеуіне алып келіп отыр.
Сырдария өзенінің орналасуы

Ұқсас жұмыстар
Жұлдыздың пайда болуы және олардың эволюциясы
Осінен айналысы шапшаң
Жер тобындағы планеталар
Қаптама және қоршаған ортаның жағдайы
ЛИТОСФЕРА, ГИДРОСФЕРА ЖӘНЕ АТМОСФЕРА
Қазақстан Республикасының азаматтығын алу
Қазақстан Республикасының президенті
Ұлттық Банктің негізгі функциялары
Екінші жағынан, фармакопея талаптарын орындау қажеттілігі дәрілік заттар айналымы саласында
Мемлекеттік билік органдарының жүйесі
Пәндер