Бауыр тәрізді




Презентация қосу
Бауыр тәрізді
(Hepaticopsida не Marchantiopsida)

мүктер класы Орындаған: Кәрімова Е.
Тексерген: Мадыбекова А. С.
Топ: Бл – 309
МҮК ТӘРІЗДІЛЕРДІҢ ЖАЛПЫ
СИПАТТАМАСЫ:
Екі вегетативтік орган –
жапырақ пен сабақтан
тұрады
Тамырлары жоқ
(ризоидтары болады)
Споралар арқылы
көбейеді
Мүктерді жоғарғы
споралы өсімдіктерге
жатқызады
ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ҚОЛДАНЫП ЖҮРГЕН КЛАССИФИКАЦИЯ ҒА
СӘЙКЕС МҮК ТӘРІЗДІЛЕР БӨЛІМІ 3 КЛАССҚА БӨЛІНЕДІ:
Бауыр тәрізді мүктер Жапырақ сабақты
класы мүк

Антоцероттар
БАУЫР ТӘРІЗДІ МҮКТЕР

Латын тілінен аударғанда “hepar” – бауыр
деген мағынаны білдіреді. Бұл класқа
жататын кейбір мүктердің денесі бауырға
ұқсас, сол себептен бұл мүктер орта
ғасырларда бауыр ауруларын емдеуге
қолданылған.
Гаметофиттері
дорзовентральді,
жапырақ тектес дене
талломынан, немесе жай
жапырақ-сабақтан
тұрады, ризоидтары бір
клеткалы. Спорогон
қорпшалары көп
жағдайларда ара тісті
болып, кейде
жақтауларға бөлініп
ашылады, хлорофилдері
жоқ. Спорадан өнетін
протонема тақта түрінде
болады. Негізінен жылы
жақтарда және ылғал
жерлерде өседі.
Практикалық маңызы
шамалы.
Бауыр тәрізді мүктер және
антоцероттар
Бауыр тәрізді мүктер класы 2 класс тармағына бөлінген:

МАРШАНЦИЯЛАР ЮНГЕРМАНИЯЛЫҚТАР
МАРШАНЦИЯЛЫҚТАР КЛАСС ТАРМАҒЫ:
Бұл класс тармағына біріктірілген өкілдерді ң негізгі қасиеттері:
денесінің анатомиялық құрылысы күрделі жапырақ тектес
талломдардан және бір қабатты қорапшалардан тұрады.
Маршанция класс тармағына 70-тен аса түр жатады, олар
сферокарптылар және маршанция қатарларына
топтастырылады:

Сферокарптылар Маршанция
Сферокарптылар (Sphaerocarpales) қатары

Сферокарптылар өкілдерінің талломдарының құрылысы
қарапайым, бір қабатты денесінде ауа камералары мен
устьицалары жоқ, тек жай ризоидтары болады. Антеридийлері
мен архегонийлері әр түрлі особьтерде жетіледі. Бұл қатарға
сферокарптар (Sphaerocarpaceae) мен риеллалар (Riellaceae)
тұқымдастары жатады.
Қорапшасы қабырғаларының шіруі арқылы ашылады.
Көптеген авторлардың сферокарптарға жататын түрлерді
анатомиялық және морфологиялық қарапайы құрылыстарына
қарап маршанциялар мен юнгерманниялықтардың бастамасы
ретінде қарастырады. Кейбіреулері олардың қарапайымдануы
сазды және ылғалды жерлерде не сулы ортада тірш етуіне
байланысты деп түсіндіреді
Сферокарптылар
Маршанция (Marchantiales)қатары

Бұл қатардағы өсімдіктердің талломдарының анатомиялық
құрылыстары күрделі.
Талломның жоғарғы жағы – ассимиляциялық және ауалы қуысты,
ал төменгі түссіз жағы – өткізгішжәне қоректік заттарды
жинайтын бөліктерден тұрады. Көп түрлерінің таллом астыңғы
жағында жетілмеген жапырақ түрінде амфигастриялар мен жай
және тілше тәрізді бір клеткалы ризоидтары түзіледі. Талломның
беткі жағында түзілген архегоний мен антеридий гаметофитің
ұлпасына бойлап кірігеді, ал жоғағы дамыған түрлерінде олар
арнаулы тұғырларды орналасады. Басым көпшілігінде спорофиті
қорапша не гаусторийден тұрады, сирек жағдайда ол қысқа келген
тұғыр не аяқшада орналасады. Маршанция қатары4 тұқымдасты
біріктіреді, олардың ішінде кең таралған маршанция мен риччия
тұқымдастарын атауға болады
Маршанция
ЮНГЕРМАНИЯЛЫҚТАР КЛАСС
ТАРМАҒЫ:

Бауыр тәрізді мүктердің ішіндегі ең көп таралған. Денесі морфологиялы қ
құрылысы бойынша біршама күрделі, ал анатомиялық құрылысы керісінше
қарапайым. Көбінесе ылғалды тропиктік және субтропиктік аудандарда тарал ған.
Сабақ – жапыраққа бөлінбеген таллом, не жапырақты сабақты болып келеді,
ұлпалары шамалы дифференциацияланған. Антеридийлері мен архегонийлеріні ң
орналасуы әр түрлі: біреуінде мүк денесінің бетінде орналасса, екіншілерінде
бұтақтарының ұшында не жапырақ қойнауында орналасады. Спорогон қорапшасы ң
қабығы көп қабатты, 4 жақтауы арқылы ашылады.
Юнгерманниялықтар класс тармағы 3 қатарды біріктіреді:
1. Метцгериялықтар

Бұл қатарға тән өкілдердің денесі талломды не бөліктеніп тілімшеленген
жапырақ тәрізді. Талломдары архегонияларының толық жетілгеннен кейін
де өсуін тоқтатпайды.жыныс органдары талломдарының беткі б өлімінің
жоғарғы жағында, кей жағдайда арнаулы сабақ тәрізді бөлімдерінде
орналасады.
Метцгериялықтарға арнаулы су сіңіретін өсінділердің болуы тән.
2. Гапломитриялықтар

Бұлар радиальді тік өсетін сабақтарында жапырақтарының болуымен
ерекшеленеді. Жер асты тамырсабақ тәрізді талломдарыны ң үстіңгі
бөліктерінен сабақтары түзіледі, ризоидтары болмайды. Саба қтарыны ң
жоғарғы төбе не жанама орналасқан клеткаларынан архегония түзіледі
де, олар әрі қарай өсуін тоқтатады. Осы көрсетілген қасиеттеріне
байланысты олар юнгерманниялықтар қатарына ұқсас болып келеді.
3. Юнгерманниялықтар

Екі қатар түзіп орналасқан жапырақты сабақтары жерге төселіп өседі.
Денесінің бауыр бөлімінде бір қатарлы амфмгастрялар т үзілген.
Жапырақты-сабақты метцгериялардан негізгі айымашылықтарының
бірі, олардың жапырағының өсу нүктесіне тақау орналасқан клеткадан
түзіледі. Көп жағдайда екі бөлікті жапырағының үлкен бөлігіжоғары
клеткадан, кішкентай бөлігі төменгі орналасқан клеткадан түзіледі.
Кей жағдайда жапырақтың кішкентай бөлігі дамымауы да мүмкін.
Пайдаланған әдебиеттер:

Б. М . Силыбаева, Ж. К. Байғана, Н. Ш. Карипбаева, В. В.
Полевик “Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы” Семей
2010ж.

Ұқсас жұмыстар
Кілегейлі қабығы
Бауыр тәрізді мүктер класы
Бауыр өтінің тығызд
Бауыр және ұйқы безі
Өт қабы мен өт шығару жолдарының гистологиясы
Өт қапшығы және өт шығару жолдарының гистофункционалды сипаттамасы
Жануарлар түрлеріне байланысты көкірек қуысы мүшелерінің топографиясы
Асқорытуды реттеу
Инвазиялық аурулар кезінде сойыс өнімдерін ветеринариялық- санитариялық сараптау және ветеринариялық-санитариялық бағасы
Алдыңғы ішперде қабырғасының анатомиялық құрылымы
Пәндер