Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар. Ерекше қорылатын табиғи территориялар – қоршаған ортаны қорғау шараларының бір түрі. Табиғатты ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны пайдаланудың ғылыми негіздерін жасау – биосфераны ноосфераға айналдырудың міндетті сатысы


Slide 1

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тобы: ВС - 403

Орындаған : Жансолтанова А. А

Тексерген : Мурзалимова А. К.

Тақырыбы:

Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар.

Ерекше қорылатын табиғи территориялар - қоршаған ортаны қорғау шараларының бір түрі.

Табиғатты ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны пайдаланудың ғылыми негіздерін жасау - биосфераны ноосфераға айналдырудың міндетті сатысы.

Slide 2

Жоспар

Кіріспе

Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар

Ерекше қорылатын табиғи территориялар - қоршаған ортаны қорғау шараларының бір түрі.

Табиғатты ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны пайдаланудың ғылыми негіздерін жасау - биосфераны ноосфераға айналдырудың міндетті сатысы.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Slide 3

Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар

Экология проблемасы тек бүгін көтеріліп отырған жоқ. Олар ғасырлар бойы ғалымдардың зерттеу объектісінен түскен жоқ. Адамзат баласына экологиялық этикалық және эстетикалық білім берудің маңыздылығы ІХ-ХV ғғ. ғұламалары Әл-Фараби, Ж. Баласағұн, М. Қашқари, Қ. А. Иассауи, Қорқыт ата-бабалардан бастау алады.

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасында қоршаған ортаны ластауға, экологиялық қалыпты жағдайды бүлдіруге жол бермеуге зор көңіл бөлінгендіктен, оқушыларға экологиялық білім беріп, табиғатты қорғауға тәрбиелеу бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Экология - бүкіл адамзат баласының шалыс басқан әрбір іс-әрекетіне келешекте шек қоятын, оның тыныс - тіршілігіне тікелей атсалысатын ғылымның жаңа саласы. Ол қоршаған ортаны кесапат жағдайлардан, кейбір көлденең оқиғалардан сақтауға, табиғатпен арадағы тепе-теңдікті қалпына келтіруге бағытталған маңызды мемлекеттік және әлеуметтік шара. ҚР «Қоршаған ортаны қорғау туралы» (73-74 баптар), ҚР «Білім туралы» заңдарында (3-бап) экологиялық білім мен тәрбие беру мемлекеттік саясаттың білім беру саласының негізі болып табылатыны атап көрсетілген.

Slide 4

Бүгінгі таңда шегіп отырған экологиялық зардаптар бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отыр. Қазақстандағы Арал, Балқаш проблемаларын, Семей полигонын және тағы басқаларды адам қолымен жасалған залалдар деп түсінуге болады. Көптеген ғалымдардың пікірі бойынша, табиғаттағы күрделі өзгерістерді болдырмау үшін экологияның адам психологиясындағы экологиялық мәдениетті дамытып, қалыптастырудан бастау қажет деген ұсыныстарды айтады.

Slide 5

Экологиялық мәдениетті қалыптастыру бала кезден басталады, ал балаларға қоршаған орта туралы көзқарастарын үнемі кеңейтуге ұмтылу тән.

Экологиялық ағарту осыны қанағаттандыра алады, сондықтан білім берудің негізгі баспалдағы - мектепте оны қолға алу керек. Қоғамның экологиялық мәдениеті негізі балалық шақтан қалыптасқан әр адамның экологиялық мәдениетінен тұрады.

Қазіргі таңда мектептердің басым көпшілігі бүгінгі күні осы бағытта балаларға үздіксіз экологиялық тәрбие мен білім беру ісін өзінің негізгі міндеттерінің бірі ретінде қарастыруда немесе кейбір мектептерде жекелеген пәндерде экологиялық білім мен тәрбие беріп оқушыларды экологиялық мәдениетті тұлға ретінде қалыптастыруда.

Slide 6

Елімізде жас өспірімдерге үздіксіз экологиялық білім беруді ұйымдастырудың бүгін күн тәртібіне қойылуы орынды. Оның өзіндік объективті және субъективті себептері бар. Олар:

туған өлкеміздің табиғаты мен оның табиғи ресурстарының ұзақ жылдар бойы орынсыз пайдалану нәтижесінде азаюы, ластануы және есепсіз сарқыла бастауы;

өндіріс пен өнеркәсіп кешендерінің зиянды қалдықтары, ғарыш айлағының сақталуы, полигондар зардаптары, жердің жарамсыздануы, адам денсаулығының нашарлауы;

экологиялық білім, тәрбие және мәдениеттің қалыптасуы мен «тұрмыстық» қажеттілік мақсатындағы «табиғатты пайдалану» сипаты арасындағы алшақтықтардың ұлғаюы;

Аталған проблемаларды шешу үшін экологиялық білім алу ауадай қажет. Мектеп, гимназия, колледждер және басқа да оқу мекемелері үздіксіз экологиялық білім берудің қайнар көзі және ұйымдастырушы ордасы болуы тиіс.

Slide 7

Экологиялық білім беру мен тәрбиелеудің міндеттеріне табиғат туралы, оның тұтастығы және қоғаммен бірлігі хақындағы ғылыми негізделген білімді меңгеру, оған ықпал етуге байланысты туындайтын практикалық шараларды дәлелдеп орнықтыру, қоғам мен адам үшін табиғаттың құндылығы шексіз екенін ұғындыру, табиғи ортада дұрыс жүріп-тұрудың нормаларын сақтау, табиғат пен сырласа білу қабілетін дамыту, табиғат пен қайта түлеген ортаны жақсарту жөніндегі қызметті сауатты ұйымдастыру жатады. Міне, осы міндеттерді шешу жастардың экологиялық білімін арттырып, олардың табиғатқа деген қарым-қатынасын қалыптастыруға бағытталады.

Slide 8

Қазіргі кездегі экологиялық проблемалардың туындауы, соның ішінде табиғи ортаға тигізетін адамның іс-әрекетінің шексіз өсуі және оның келеңсіз көріністері айқын байқалуда. Оған себеп табиғи ортаға деген көзқарастың, жауапкершілік сезімнің жетіспеуі. Жалпы әлемдік денгейде мойындалып отырған экологияландыру процесіне сәйкес ізгілік қасиеттерін, құндылық қатынастарын, теориялық - практикалық тенденциялары айқындала бастады. Экологиялық тәрбие мен білім беру - көп сатылы процес, ол кешенді тұрғыда қарастыруды қажет етеді.

Біріншіден адамның, қоғамның табиғатқа әсер ету ортасындағы білімнің ғылыми жүйесін қалыптастыру;

Екіншіден жеке тұлғаның ізгілік қасиеттері арқылы дүниетанымын қалыптастыруға тәрбиелеу;

Үшіншіден қарым-қатынас негізінде білім мен тәрбиенің жүзеге асуына ықпал ету.

Slide 9

Ерекше қорылатын табиғи территориялар - қоршаған ортаны қорғау шараларының бір түрі.

Slide 10

Халық санының өсуіне байланысты барлық негізгі табиғи бірлестіктердің бөліктерін бастапқы түрінде сақтап қалудың маңызы артып отыр.

Кез келген мемлекеттің ерекше қорғалатын табиғи территорияларды құрып, дамыту стратегиясы негізгі екі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:

Оның территориясындағы барлық негізгі географиялық аймақтар мен өңірлердің табиғи эталондарының барынша толық көрсетілуі;

Жүйелі топтастырылған деңгейдегі биологиялық ресурстарды, топырақты енгізе отырып, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін және микроорганизмдерді сақтау.

Табиғатты қорғаудағы маңызды формалардың бірі ерекше қорғауға алынған территориялар. Осындай территориялардың түрлері көп: қорықтар, қорғалымдар, табиғат ескерткіштері, ұлттық жіне табиғат саябақтары, ботаникалық бақтар, биосфералық резерваттар.

Slide 11

Қорықтар

Қорық табиғатты қорғаудың бір түрі. Қазіргі кезде қорықтық территориялар Жер шарының шамамен 1, 6-2, 0 % -ын құрайды. Қазақстандағы қорықтардың барлық ауданы 1 610 973 га. Қазіргі кезде нақты 10 қорық жұмыс істейді. Қазақстан секілді ұлан-байтақ республика үшін қорықтар көлемінің әлі де болса аз екендігін көрсетеді. Бұлар, әрине, Қазақстан табиғатының алуан түрлі табиғат жағдайларын толық көрсету үшін жеткіліксіз. Сондықтан болашақта ғалымдардың, табиғатты қорғау коғамы өкілдерінің ұсынуымен тағы 15 қорық ұйымдастырылмақшы.

Slide 12

Қазақстан Республикасындағы қорықтар тізімі:

Ақсу-Жабағылы қорығы

Наурызым қорығы

Алматы қорығы

Барсакелмес қорығы

Қорғалжың қорығы

Марқакөл қорығы

Үстірт қорығы

Батыс Алтай қорығы

Алакөл қорығы

Қаратау қорығы

Slide 13

Ұлттық парктер

Ұлттық парк - ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қорының бiрегей табиғи кешендерi мен объектiлерiнiң биологиялық және ландшафтық саналуандығын сақтауға, оларды табиғат қорғау, экологиялық-ағартушылық, ғылыми, туристiк және рекреациялық мақсаттарда пайдалануға арналған табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.

Slide 14

Шарын шатқалы

«Алтынемел»

Баянауыл

«Бурабай»

«Бұйратау»

Жоңғар Алатауы

Катонқарағай

«Көкшетау»

«Көлсай көлдері»

Қарқаралы

Сайрам-Өгем

Шарын

Іле Алатауы

Қазақстан ұлттық парктерінің тізімі

Slide 15

Қазақстан резерваттары

Мемлекеттiк табиғи резерват - табиғи кешендердiң биологиялық саналуандығын және олармен байланысты табиғи және тарихи-мәдени объектiлердi күзетуге, қорғауға, қалпына келтiруге және сақтауға арналған жердегi және судағы экологиялық жүйелердi қамтитын табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.

Slide 16

#

Атауы

Құрылған жылы

Көлемі, га

Орналасқан жерi

1

«Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты

2003

277 961

Павлодар облысы

2

«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты

2003

662 167

Шығыс Қазақстан облысы

3

Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты

2007

763 549

Ақтөбе облысы

4

«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты

2009

111 500

Атырау облысы

5

«Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерваты

2012

489 766

Қостанай облысы Амангелді және Жангелді аудандары

Қазақстан резерваттар тізімі:

Slide 17

Табиғат ескерткіштері

Мемлекеттiк табиғат ескерткiшi - экологиялық, ғылыми, мәдени және эстетикалық тұрғыдан алғанда жекелеген бiрегей, орны толмайтын, құнды табиғи кешендердi, сондай-ақ мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiне жатқызылған шығу тегi табиғи және жасанды объектiлердi қамтитын ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Оларға:ормандар, үңгірлер, жартастар сарқырама, үңгірлер, сирек кездесетін ағаштар және т. б.

Slide 18

Табиғатты ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны пайдаланудың ғылыми негіздерін жасау - биосфераны ноосфераға айналдырудың міндетті сатысы.

Әлемде адамзат тіршілігі бар орта Жер ғана. Табиғат пен оның байлықтары адамзаттың тіршілік етуінің негізгі нысандары. Ал оны қорғау қазіргі кезде негізгі мәселелердің бірі. Қоршаған ортаны қорғау дегеніміз табиғат пен адамның өзара қарым қатынастағы атмосфералық ауаны, суды, жер мен оның қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін тағы басқа табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, сауықтыру, сапасын жақсарту, молықтыру.

Қазақстанда табиғи ресурстар қорының азаюымен қатар олардың тозуы, ластануы экологиялық жағдайдың шиеленісуімен үздіксіз ұлғаюда. Дамудың жаңа сатысы - ғылыми-техникалық прогрестің негізіндегі жоғары технологияға ауысу табиғатты пайдаланудың жаңа стратегиясының қалыптасуы арқылы жүзеге асуы тиіс. Оның өзі өз кезегінде мемлекеттік және қоғамдық экологиялық саясатты мұқият жүргізуді талап етеді.

Slide 19

Адам эволюцияның барысында өз тіршілігіне керекті нәрселерді табиғаттан дайын күйінде алумен қанағаттанған жоқ. Ол ақыл-ойы бар саналы жан ретінде өзінің еңбек құралдарын жасау, материалдық және рухани мәдениетті молайту, сыртқы ортаны мақсатқа сай өзгерту қабілеттерін пайдалана отырып, тіршіліктің жасанды ортасын жасады. Қоғам ілгері басқан сайын адам үшін бұл жасанды ортаның маңызы мен рөлі арта түсті. Қазір ірі-ірі қалаларсыз, зәулім биік үйлерсіз, телевизор, телефонсыз тағы басқа тұрмыстық техникасыз адамзат қоғамын көз алдына келтіру қиын.

Slide 20

Еңбек пен ақыл-ойдың биосфера шеңберінде планеталық геологиялық күшке айналуының маңызын атап көрсете келе В. И. Вернадский адамзат өсімдіктер мен жануарлардың жаңа мәдени түрлерін жасау арқылы тіршілікті дамытуға қандай зор үлес қосқанын атап көрсетті. Француздың математигі әрі философы Эдуарда Леруа 1927 жылы ғылымға ноосфера ұғымын енгізгенде Вернадскийдің биосфераның биогеохимиялық идеяларына сүйене отырып, биосфераның дамуының қазіргі геологиялық стадиясын сипаттау үшін енгізген болатын. Вернадскийдің пікірін сондай-ақ француздың аса ірі геолог-палеонтологы Пьер Тейяр де Шарден де қолдап, кейін өзінің «Феномен человека» деген еңбегінде ноосфераны дүние эволюциясының бір стадиясы деп анықтады. Адамның өзі сияқты, эволюцияның ол стадиясы да тірі организмдер дүниесінің мыңдаған жылдар бойғы даму тарихының нәтижесі дей отырып, Шарден эвлюцияның қозғаушы күші мақсатты көздейтін сана деді. Ал Вернадский болса, керісінше, сананың шығуы биосфераның дамуының заңды нәтижесі деп санады, бірақ бір кездерде пайда болған сана кейіннен адамның еңбек қызметінің арқасында биосфераға барған сайын күшті әсер ете бастайды.

Slide 21

Сонымен, ноосфера-біздің планетамыздағы жаңа геологиялық құбылыс. Адам ноосферада тұңғыш аса ірі геологиялық күшке айналады. Адам өзінің еңбегі және ақыл-ойы арқылы өз тіршілік саласын қайта құра алады және қайта құруға тиісті, бұрынғымен салыстырғанда мүлдем басқаша құруға тиісті-деді В. И. Вернадский.

Slide 22

Эволюциялық процестің негізгі бағыты ой-санасы бар тірі жанның қалыптасуы және адамзаттың геологиялық ролін мойындау екендігі туралы алғаш ой-пікірлер айтқан Вернадскийдің бұрында бірқатар ғалымдар болды. Бірақ олар жеке-дара фактілер келтірумен ғана шектеліп, оларды бір жүйеге келтірмеді, теориялық жағынан түсіндіре алмады. Ал Вернадскийдің концепциясы белгілі эпмирикалық фактілер мен мәліметтерді, білімдерді біртұтас жүйеге келтіріп, ол білімдер жүйесі биосферадан ноосфераға өтуге қандай факторлар көмектескенін сенімді түрде түсіндіріп берді. Оның концепциясы адамның іс-әрекетінің, еңбегі мен ақыл-ойының биосфераның эволюциясында және сол арқылы Жердегі геологиялық процестердің өзгерісінде, бүкіл Жер бедерінің өзгерісінде шешуші рөл атқаратынын мойындауға негізделеді. Сонымен қатар Вернадский адам еңбегінің, өндірістік қызметінің биосферада болып жатқан, бүкіл Жер бетінде болып жатқан процестерге тигізетін әсерін зерттеумен шектеліп қана қоймағанын атап көрсету қажет. Еңбек дегеніміз адамның ақыл-ой мен ерік күшіне негізделген мақсатты іс-әрекет екенін жақсы түсіне отырып, ол ноосфера, немесе ақыл-ойы сферасы, барған сайын қоғамдық прогресті ғана айқындап қоймайды, сондай-ақ бүкіл биосфераның эволюциясын және сол арқылы Жер бетінде болып жататын барлық процестерді де айқындап беретінін атап көрсетті. Сондықтан да оның ақыл-ойды планеталық құбылыс деп сипаттауы тегін емес. Эволюциялық процесс, - деді ол, әлеуметтік адамзаттың ғылыми ойлауы сияқты жаңа геологиялық маңызға ие болды. Ғылыми ойдың және адам еңбегінің ықпалымен биосфера жаңа күйге- ноосфераға өтеді.

Slide 23

Биосферадан ноосфераға өту кезеңінде егіншіліктің тез дамуы нәтижесінде егістіктің ауданы күрт өсуіне байланысты биосферада жасыл тірі заттардың көлемі үздіксіз артуы сияқты күшті геохимиялық фактор алға шықты. Өсімдіктердің жаңа сорттары мен жануарлардың жаңа тұқымдарын қолдан сұрыптаудың нәтижесінде эволюция процестері айтарлықтай жылдамдады, жаңа түрлердің шығуы тездеді. Ал бұл биосферада тірі организмдердің сыртқы ортамен зат алмасу процесін бұрынғыдан жылдамдата түсті.

Адамның сыртқы ортаға әсер етуінің дәрежесі ең алдымен қоғамның техникамен қарулану деңгейіне байланысты. Адамзат дамуының алғашқы кезеңдерінде техникамен жарақтану өте аз болды. Қоғам ілгері басқан сайын, оның өндіргіш күштері өскен сайын жағдай мүлдем өзгерді. ХХ-ХХІ ғасырлар- ғылыми-техникалық революция ғасырлары: ғылымның, техника мен технологияның арасында өзара жаңа сапалық қарым-қатынасының тууы қоғамның табиғатқа тигізетін әсерінің аумағын бұрын болып көрмеген мөлшерде арттырды, адмзаттың алдына бір қатар жаңа, бұрын болып көрмеген аса шиеленісті проблемаларды ұсынды.

Slide 24

Техниканың биосфераға және табиғатқа тигізетін әсерін зерттеу жалпы алғанда тек практикалық міндеттерді ғана қойып отырған жоқ, сондай-ақ терең теориялық талдау жасауды да талап етіп отыр. Биосфераның негізін құратын тірі заттар дүниесімен аналогиялық салыстыру жасай отырып, техносфера ұғымының мазмұнын құратын техникалық заттар жайлы, яғни қоғамда бар барлық техникалық құралдар мен системалардың жиыны жайлы, олардың табиғатқа тигізіп отырған әсері жайлы көп әңгіме жасауға болады.


Ұқсас жұмыстар
Ерекше қорылатын табиғи территориялар – қоршаған ортаны қорғау шараларының бір түрі
Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар туралы ақпарат
1.Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар. 2.Ерекше қорылатын табиғи территориялар – қоршаған ортаны қорғау шараларының бір түрі
Табиғатты ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны пайдаланудың ғылыми негіздерін жасау – биосфераны ноосфераға айналдырудың міндетті сатысы
Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар жайлы ақпарат
Экологиялық этика табиғаттың эстетикасы спетті
Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық мәселелер
Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар - 2 нұсқа
Табиғатты пайдалану қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетігінің құқықтық негіздері
Экологиялық тәрбие берудің мазмұны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz