Қарбыз бен асқабақтың антрокнозы



Қарбыз бен асқабақтың
антрокнозы

Жоспар
Антрокноз ауруы және қоздырғышы
Антрокноз ауруының жалпы сипаттатмасы
Қоздырғышының дамуына қолайлы жағдайы
Қарбыз бен асқабақтағы антрокноз ауруының белгілері
Қарбыз бен асқабақтың сабағындағы дақтардың сипаты
Жемісіндегі дақтардың сипаттаммасы
Антрокнозға шара қолдану
Қорытынды

Антрокноз
Ауру қоздырғышы - Collettotrihum lagenarium Ellis et. Halsted саңырауқұлағы. Бұл қоздырғыш барлық көкөніс, бақша дақылдарын (қарбыз, қауын, асқабақ) және күнбағыс дақылдарын зақымдайды.
Ауру өсімдікті өсіп даму кезеңінде зақымдайды және жер үстіндегі мүшелерінің бәрінде байқалады. Көктеу кезінде тұқымжарнақтарында ортасында қызғылт жастықшаларға ұқсас спрора түзгіштері бар қызғылт-қоңыр дақтар пайда болады. Жапырақтарда орталық бөлігі ақшыл болып келетін қара дақтар пайда болады. Қоздырғыш тұқымды зақымдап, оның көктеуін төмендетеді. Аурудың қоздырғыштары зақымданған өсімдік қалдықтарымен тұқымда сақталады.

Антрокноз ауруының жалпы сипаттамасы
Саңырауқұлақ жіпшелері өте жіңішке, көп клеткалы, өсімдіктің субэпидермалды ұлпаларына тарайды. Қылтаңды кейде қылтаңсыз төсеніш (ложе) үстінде қоздырғыштың спора тасушылары түзіледі. Конидия тасушылар түссіз, бір клеткалы, тығыз қабатпен орналасады. Конидиясының өзі де түссіз, бір клеткалы, массада түсі қызғылт, пішіні цилиндр тәрізді, тік немесе сәл иілген, көлемі 11-20 x 3, 5-6, 5 мкм. Тіршілігіне қолайсыз жағдайында саңырауқұлақ склероций түзеді.

Қоздырғыштың дамуына қолайлы жағдай
Жоғары ылғалдылық
Температура
90 %
22-27C

Аурудың белгілері
Жас және өсіп жетілген қарбыз бен асқабақтың барлық бөлігінде, гүлдер мен жапырақтарының беткі бөлігінде айқын білінеді. Жапырақта сарғыш немесе қоңыр, дөңгелек дақтар пайда болады. Ылғалды ауа райында дақтар қызғылт түске еніп, жүйкелер маңайында олардың үстінде саңырауқұлақтың конийдиялы спора тасушыларынан тұратын қызғылт өңез түзіледі.

Қарбыз бен асқабақтың сабағындағы дақтар сипаттамасы
Сабағындағы дақтарының пішіні созылыңқы, түсі сары-қоңыр, қоңыр, сәл басылған. Дақ тұсынан сабақ сынып, қурай бастайды.

Жемісіндегі дақтар сипаттамасы
Қарбыз бен асқабақтағы дақтар пішіні әртүрлі. Алғашқыда майда қоңыр дақтар кейін ұлғайып, басылған ойық жараға айналады. Қарбыз жемісінің бетіндегі дақтар басылыңқы, түсі қоңыр болады, ал асқабақта олар шеңберленіп орналасады. Залалданған қарбыз бен асқабақтың пішіні өзгереді (деформация) .

Антрокнозға шара қолдау
Қарбыз бен асқабақ бақша дақылдарында антрокноз ауруын болдырмау үшін ен бірінші жұмыс бақша дақылдары егілген жерде ылғалдылықты бірқалыпта ұстау. Дақылда атрокноз ауруы 10-15см жайылса оған ең бірінші бордо сұйықтығын бүрку керек. Қарбыз бен асқабақтың гүлдеуіне дейін Топсин-М препаратымен қоса өсуін реттеуші қоспалармен: Эпин-Экстра, Циркон және Иммуноцитофит препараттарын қолдануға болады.
Егерде ауруды дақылдың пісіп жатқанында байқасаңыздар, онда оларды Фитоспорин-М және Гамаир сияқты микробиологиялықт препараттармен аурудың дамуын тоқтатуға болады. Тыңайтқыштарды дұрыс қолданған дақылдардың тұрақтылығын арттырады.
Отырғызылған күннен бастап, қарбыз бен асқабақты қурап кеткен жапырақтардан тазартып отыру қажет.

Қорытынды
Антрахноз - өсімдіктің саңырауқұлақтан пайда болатын ауруы. Антрокноз ауруы кеңінен таралмағанымен, өте зиянды ауру болып табылады Ол өсімдіктің жапырағы мен гүл бүршіктерінде, жемісі мен сабағында қоңыр түсті, айналасы қызғылт немесе қара дақтар түрінде пайда болады. Соның негізінде өсімдік қарайып, қурайды. Дәнді-дақылдарды, жеміс-жидектерді, бақша дақылдарын т. б. зақымдайды. Ауруды болдырмау шараларына жерді дұрыс жырту, ауруға төзімді сорттарын шығару, ауру өсімдіктерді жинап алып өртеу және инсектицидтермен дәрілеу т. б. жатады. .

Назарларыңызға
Рахмет!!!
Жасаған: Нуркенова Г. Т
Тобы: Аг - 213
Тексерген: Сағындыков С. Н
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz