Алаптардағы екпе ағаш отырғызу: су көздерін қорғау, желден қорғау және Жасыл даму мен Жасыл ел бағдарламаларының тәжірибесі


Slide 1

Алаптардағы екпе ағаш өсіру жұмыстары

Slide 2

Алаптардағы екпе ағаш өсіру жұмыстары

Алаптардағы екпе ағаш өсіру жұмыстары - су көздерін сарқылудан және ластанудан сақтау шараларының бірі.

Екпе ағаштардың негізгі рөлі жер үсті ағындысын жер асты жағдайына ауыстырумен сипатталады, нәтижеде грунт суларының деңгейі әжептәуір көтеріліп, су көздерінің тұрақты қоректенуіне жағдай жасалады. Қазіргі кезде орманды дала белдемінің ормандылығы 9, 5% болып, өзендерінің қоректену көзінің 62%-ы жер үсті сулары, тек 38%-ы ғана жер асты сулары болып табылады. Егер бұл аймақтың ормандылығын 13%-ға жеткізіп, орман көшеттерінің тиімді отырғызуы қамтамасыз етілсе, онда өзендердің жер асты суларымен қоректенуін 97%-ға жеткізуге болады

Slide 3

Қаладағы екпе ағаштар жұмыстарының нәтижесі

Slide 4

Алапты желден қорғау

Алапты желден қорғауға арналған орман белдеулері, әдетте, 2-3 қатар (жүйек) етіліп отырғызу жиі кездеседі, сондықтан да су реттеушілік функциясын толық атқарады. Әлсіз және орташа адырлы алаптарда орман белдеулерін егінжайлардың шекараларымен әрбір 400-450 м сайын отырғызады. Орман белдеулері болған жағдайда ағаштардың 17-20 биіктігіне тең аралықта желдің жылдамдығы 24% азайып, өсімдіктер мен топырақ бетінен буланатын ылғал - 17- 20%, транспирация - 14%, қардың ұшырылып кетуі - 12 есе, топырақтың I тоң қабаты - 2-3 есе кемиді.

Slide 5

Желден қорғауға арналған орман қоры

Slide 6

Ауа ылғалдылығының әсері және су айрықтар жүргізу шаралары

Ауаның ылғалдылығы 2-3%, кейде 10- 12%-ға дейін көтеріледі. Қар еру мерзімі 10-12 күнге ұзарып, жер үсті жаңбыр ағындысы тоқтатылады. Жер асты суларының деңгейі 80-10 см-ге көтеріледі. Суайрық орман белдеулерін аса кыратты, адырлы алқаптарда, жер бедерінің ең биік нүктелері мен суайрықтарда орналастырады. Бұл белделер, әсіресе желдің күшін әлсіретуге үлкен ықпал етеді (белдеуге дейінгі аралықты ағаштардың 18 биіктігіне тең, ал белдеудің сыртқы жағында 30-40 биіктікке тең кашықтықтарда - жел 20% әлсірейді) . Қар тоқтатудың тиімділітін 6 есе күшейтіп, кар еру процесін 13 тәулікке ұзартады. Бұл белдеулерді 3-4 жүйек етіп отырғызады.

Slide 7

Ағаш егу шараларына дайындық

Slide 8

«Жасыл даму» салалық бағдарламасы

«Жасыл экономиканы» дамыту; қоршаған ортаның құрамдауыштары мен денсаулыққа антропогендiк әсер етудi төмендету; табиғи экожүйелердi сақтау және қалпына келтiру; қоршаған ортаның сапасын басқару жүйесiн дамыту және жетiлдiру.

Slide 9

«Жасыл даму» бағдарламасы боынша Орман отырғызу көлемiн ұлғайту 2014 жылға 65, 0 мың га құрайды.

Slide 10 Slide 11 Slide 12

ШҚО бойынша “Жасыл даму” бағдарламасы жұмыстарының нәтижесі

Slide 13

“Жасыл ел” бағдарламасы

18 ақпанда 2005 жылы елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің халыққа жолдауында алғаш рет студенттерді демалыс кезінде құрылыс отрядында үй салу жұмысымен қамтамасыз ету, елімізді көгалдандыруға бағытталған «Жасыл ел» бағдарламасын кеңейту және де жастарды бұл жұмыстарға қатыстыру туралы сұрақ көтерді. Бұл бастаманы іске асыру мақсатында № 632 Қазақстан Республикасының Үкіметінің шешімі бойынша 25 маусым 2005 жылынан бастап «Жасыл ел» бағдарламасы бекітіліп, кеңінен таралған

Slide 14

«Жасыл ел» ЖЕЖ 2005-тен 2013 жылға дейінгі жұмысының статистикалық мәліметтері

Жылы

Отырғызылған ағаштар саны (мың)

Өңделген аймақ (га)

Сарбаздар саны

2005 ж.

5 000

8 000

28 000

2006 ж.

11 000

19 000

32 000

2007 ж.

9 000

11 929

20 409

2008 ж.

9 800

12 200

21 000

2009 ж.

2 043

12 500

22 478

2010 ж.

4 700

12 700

15 630

2011 ж.

993, 639

12 900

12 000

2012 ж.

1 010

12 100

35 500

2013 ж.

464, 6

10 000

16 989

Барлығы

44 011

111 329

201 006

Slide 15

Жыл сайынғы акциялар

«Жасыл бақ - таза қала!»

«Менің атаулы ағашым»

«Туған қалаңа ағаш сыйла»

Slide 16

«Жасыл бақ - таза қала!»

Бақшалардың тазалығы және санитарлық калпы - үйдің сыртқы келбетінің функционалдық және эстетикалық сәттердің бірі. Қала тұрғындарының назарын бақшалардың тазалық мәселесіне және аурухана, балабақша, интернат үйлер, көп пәтерлі үйлермен іргелес бақшаларды көгалдандыруға аудару - акцияның басты мақсаты.

Бұл акцияның мақсаттары:

Ағаштар отырғызу, гүлзарлар бөлу;

Қала тұрғындарының назарын көп пәтерлі үйлердің бақшаларын абаттандыруға аудару;

Балабақша, интернат-үйлер, ауруханалармен іргелес аймақтарға көгалдандыруда және абаттандыруда көмек көрсету.

Slide 17

«Менің атаулы ағашым»

«Менің атаулы ағашым» атты акциясы оқушылардың күшімен мектеп айналасын көгалдандыруға бағыттаған. Әр оқушыға мектебінің көгалдандыруына өз үлесін қосуға мумкіндік беретін атаулы ағаштарды отырғызу - бұл акцияның басты мақсаты.

Акцияның мақсаттары:

Мектеп оқушыларын көгалдандыру жұмыстарына, мектеп аймағын көгалдандыруға тарту;

Мектеп оқушыларының ағаштарды күту және өсіру қабілеттерін қалыптастыру;


Ұқсас жұмыстар
Жасыл экономика: технологиялар, инвестициялар және даму бағыттары
Жасыл экономика және тұрақты даму: Қазақстандағы бағыттар мен әлемдік тәжірибе
Лисаков қаласы №3 орта мектебінің Жасыл ел бағдарламасы: Экосақшы тобының жұмыс жоспары мен іс-шаралары
Жасыл экономиканың ғаламдық тенденциялары және Қазақстандағы даму бағыттары
Ғаламшарды таза ұстау: су мен энергияны үнемдеу және жасыл экономикаға арналған сабақ жоспары
EXPO 2017 және Қазақстанның жасыл экономикаға өтуінің саяси-экономикалық маңызы
Семей орманы РММ-де өндірістік тәжірибе: көшет отырғызу, дендропарк қалыптастыру және орманды қорғау шаралары
Су ресурстарын қорғау және үнемдеу: жобалық зерттеу сабағы
Ағаш конструкцияларының қасиеттері, механикалық беріктігі және шіріу мен өртке қарсы қорғау шаралары
4-сынып дүниетану: Су қасиеттері, су айналымы және қорғау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz