Көкөніс және бақша дақылдарының зиянкестері



СӨЖ
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Тақырыбы:Көкөніс және бақша дақылдарының зиянкестері
Орындаған: Болатова Г.
Тобы: АГ-413
Тексерген:Мухаметжанова О.
Семей, 2015жыл

Жоспар:
Көкөніс және бақша дақылдарының зиянкестері
және олармен күресі шаралары
Сәбіз шыбыны
Пияз шыбыны
Пияздың ызылдақ шыбыны
Бақша бітесі
Кәдімгі өрмекші кене
Жылыжай аққанаты
Темекі трипсі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Көкөніс және бақша дақылдары зиянкестерінің түрлік құрамы сан алуан. Олардың аса қауіптілеріне көп қоректі зиянкестер жатады: шыртылдақ қоңыз бен қара қоңыздың дернәсілдері, бұзаубас, кеміргіш көбелектердің жұлдызқұрттары, шырыштар (ұлулар) . Көкөніс дақылдарының бейімделген зиянкестеріне қатты қанаттылар, қабыршақ қанаттылар, тең қанаттылар, жартылай қатты қанаттылар, қос қанаттылар мен трипстердің түрлері жатады. Жабық жерлерде көкөніс өсімдіктеріне сорғыш зиянкестердің бірнеше түрлері зиян келтіреді.

Сәбіз шыбыны-Psila roase L. Шыбынның түсі қара, жылтыр, басы қоңырқай қызыл, төбесінде қара үшбұрышты дағы бар, мұртшалары мен аяқтары күрең қара түсті. Қанаттары түссіз, жасыл реңді болып келеді. Денесінің ұзындығы 4-5 мм.

Дернәсілдері жұқа, жылтыр, қоңыр-сары түсті. Денесінің ұзындығы 7 мм. Дернәсілдер топырақтың жоғарғы қабатында пупарийлерде, кейде көкөніс қоймаларында, тамыр -жемістерде қыстайды. Шыбындардың ұшу мерзімі шетен мен алма ағашының гүлдеуімен сәйкес келеді. Ересек шыбындар гүлдеп келе жатқан шатыргүлдер тұқымдасына жататын өсімдіктердің шырынымен қоректенеді. Аналық шыбын ұшып шыққан соң көп кешікпей жұмыртқа салуға кіріседі. Жұмыртқаларын 10данадан және одан да көп қоректік өсімдіктердің мөлшерде топыраққа қоректік өсімдіктердің түбіне жақын жерге салады.
Арада 4-17 күн өткен соң дернәсілдер жұмыртқадан шығып тамыр-жемістің ішкі етті бөлігімен қоректенеді. Зақымданған өсімдіктердің жапырақтары қызғылт түске боялады, ал дернәсілдер көп болғанда жапырақтар тез сарғайып қурап қалады. Дернәсілдердің өсіп-жетілу мерзімі 20-25 күн. Бұдан кейін дернәсілдер топырақта қуыршақтанады да, 15-20күннен кейін шыбынның екінші ұрпағы ұшып шығады. Олармен зақымдалған сәбіз ащы, пайдалануға жарамсыз болып қалады. Сақтау кезінде тез бұзылады. Сәбіз шыбыны 1жылда 1-2 ұрпақ береді.

Күресу шаралары
Ауыспалы егісті пайдалану, арамшөптерді уақытылы отау және сәбіз өскіндерін сирету. Топыраққа сапалы түрде жүргізілген өңдеу жұмыстары көктемде шыбындардың ұшып шығуын қиындатады. Сәбіз жер бетіне көктеп шыққаннан кейін 2-3 апта өткен соң әр қайсысы 10 өсімдіктен құрайтын 10-12 үлгі алынды. Бір өсімдікте 3-4 тен көп жұмыртқа табылған жағдайжа химиялық күресу шараларын қолданады.

Пияз шыбынының ұзындығы 5-7мм, түсі сұрғылт, арқа жағы жасыл реңді. Ересек шыбын құрсағында қара түсті, ұзынша келген жолағы болады. Дернәсілдерінің ұзындығы 10мм шамасында, түсі ақ, пішіні цилиндр тәріздес, бас жағы жіңішкерген.
Топырақта 10-20см тереңдікте қуыршақтары қыстайды. Ұшып шыққаннан кейін аналықтары жұмыртқаларын жапырақтарға, бадананың қабықшасының астына және пияз бен сарымсақтың айналасындағы топырақ түйірлерінің астына салады. Жұмыртқадан 5-7 күннен кейін дернәсілдер шығып, баданаға түпше жағынан енеді. Дернәсілдер 15-25күн қоректенгеннен кейін топырақта қуыршақтанады. Зақымданған баданалар тез шіриді, олардың жапырақтары сарғайып қурап қалады. Пияз шыбыны 1-3 ұрпақ береді.

Дақылдарды кезек орналастыру, өсімдік қалдықтарын жою. Өткен жылы пияз егілген жерлермен ара-қашықтықты сақтау. Пиязды ерте отырғызу. Пияз бен сәбізді қатар егу. Егер пияз жуасының өсуі кезінде зиянкестер саны ЭЗШ-тен (1 өсімдікте 3 жұмыртқадан болса және пияз егістігінің 25% қоныстанса немесе аулағышты 100рет сілтегенде 50-80данадан астам шыбын түссе) асып кетсе, онда химиялық өңдеу жүргізу қажет.
Күресу шаралары

Пияздың ызылдақ шыбыны жасыл-қола түстес. Құрсағының екі жағында үш-үштен ашық жартылай ай тәрізді дақтары болады. Оның ұзындығы 5-9мм. Құрттары сұрғылт-сары, ұзындығы 7-11мм. Денесінің артқы жағында қоңырқай түтік тәріздес өскіні бар, екі жағында бір-бірден ірі терісі болады.
Құрттар егістік танаптағы жуашықта немесе сақтау қоймаларында қыстайды. Шыбындардың ұшуы мамырдың ортасында байқалады. Аналықтары жұмыртқаларын жуашықтың үстіне, қабыршақтың астына, жуашық мойнына немесе жуашық маңындағы топыраққа салады. Құрттар жуашық мойны мен мен жуашықтың өзіне кіріп, ішкі бөліктерін түгел жеп қояды. Зақымдану салдарынан түтік тәрізді жапырақтар сарғаяды да, ал пияз мойны шіріп кетеді. Одан кейін жуашық түгелдей шіриді де, едәуір шіріген нәтижесінде қара шіріген массаға айналады. 18-25 күннен кейін екінші ұрпақ ұшып шығады. Көбінесе 2 ұрпақ дамиды.

Дақылдарды кезек орналастыру, өсімдік қалдықтарын жою. Өткен жылы пияз егілген жерлермен ара-қашықтықты сақтау. Пиязды ерте отырғызу. Пияз бен сәбізді қатар егу. Егер пияз жуасының өсуі кезінде зиянкестер саны ЭЗШ-тен (1 өсімдікте 3 жұмыртқадан болса және пияз егістігінің 25% қоныстанса немесе аулағышты 100рет сілтегенде 50-80данадан астам шыбын түссе) асып кетсе, онда химиялық өңдеу жүргізу қажет.
Күресу шаралары

Бақша бітесі қиярды, асқабақты, патиссонды, кәдіні зақымдайды. Бақша бітенің ұзындығы 1, 2-2мм, түсі сарыдан бастап қара-жасыл, тіпті қара болып келеді. дернәсілдері сары және жасыл. Ересек бітелер немесе дернәсілдері арамшөптерде қыстайды. Көктемде 12°С температурада бітелер ұрықтанбаған күйінде көбейе бастайды, бастапқыда арамшөптермен қоректенеді, одан кейін екпе өсімдіктеріне көшеді. Ашық алаңда біте қиярда шілде-тамыз айларында, ал жабық алаңда көктемде - пайда болады. Бітелер тобы жапырақтың төменгі бетінде, өскіндерінде, гүлдері мен түйіндерінде орнығады да, олардың бүрісуіне, қатпарлануына және кеуіп қалуына әкеп соқтырады. Кейде жапырақтар бетінде, бітелердің тәтті шырынына күйе саңырауқұлақтары орнығады.

Арамшөптерді жүйелі түрде жойып отыру, себебі біте екпе дақылдарына тек арамшөптерден ғана көшеді. Түскен жапырақтардың астындағы қыстап жатқан қанқызын жинап, оларды жылыжайға жіберу; сілті (10л суға 200г күл мен 50г сабын араластырып) бүрку. Инсектицидтерді пайдалану.
Күресу шаралары

Кәдімгі өрмекші кене өте ұсақ, ұзындығы 0, 4-0, 6мм. Кененің денесі сопақша келген, оның түсі бозғылт сарыдан янтарь түске дейін немесе қызғылт реңкті жасыл түске айналады. Ересек дарақтарында 4 жұп аяқ, ал баланқұрттарда - 3 жұп аяқ болады.
Ұрықтанған аналық кенелер өсімдік қалдықтарының астында, топырақ кесектерінің астында немесе құрылыс саңылауларында қыстайды. Ашық алаңда олар жыртылған жерлерде өліп қалады және кенелер жолдың жиегінде, сондай-ақ ағаштар мен бұташықтар түбінде сақталады. Кене бәрінен де жаздың ыстық уақытында қарқынды түрде дамиды. Өрмекші кененің аналықтары өрмек астына жұмыртқа(140-600дана) салады. Жұмыртқалары дөңгелек шыны тәріздес мөлдір, анықтап қарамаса, көрінбейді. Ұрықтың дамуына қарай жұмыртқалар көмескіленеді және құрттар шығар алдында інжу тәрізді түске енеді. Кенелер жапырақтың төменгі бетіне орнығады және өсімдіктің клетка шырынымен қоректенеді. Зақымданған жапырақтар түссізденеді де, қурап, түсіп қалады. Орныққан жері мен температуралық жағдайда байланысты зиянкес 6-дан 18-күнге дейін ұрпақ бере алады, ал кененің бір ұрпағының дамуы 7-ден 20- күнге дейін уақыт алады.

Кенемен аса зақымдалатын дақылдарды, аз зақымдалатын және зақымданбайтын араластырып отыру керек. Жабық алаңда қорғау шараларын бірлі-жарым дарақтар байқала бастағанда жүргізеді. Зиянкестің алғашқы ошағы біліне бастағанда, өсімдікке жыртқыш кенені - фитосейулюсті, яғни жыртқыштың 15-60дарағын бір өсімдікке шаққанда жібереді, бірақ жыртқыш пен оның құрбаны арасында 1:80кем болмауы тиіс. Өрмекші кене өсімдіктерді жаппай басып кетсе, фитосейулюсті есеппен 50-100дарығын 1м² алаңға жібереді. Ашық алаңда өндірістік себу үшін өткен жылғы егістерден, жылыжайлардан, асқабақ дақылдарынан 1000м аса ара қашықтықты сақтау керек. Егін орағынан кейінгі егістіктерді арамшөптер мен өсімдік қалдықтарын жою. Ашық алаң үшін ЭЗШ саны 10% отырғызылған өсімдіктер өрмекші кенесімен қоныстанса және кененің даму дәрежесі 1 баллдан жоғары болса(кенелер тобы жапырақ бетін 25 % -ға дейін алып жатады) .
Күресу шаралары

Жылыжай аққанаты - қиярды, қызанакты, бұрышты, салат жапырақтарын, бүлдіргенді және баска өсімдіктерді зақымдайды. Ересек аққанаттың сары денесінің ұзындығы 1, 5мм дейін жетеди және көлемі жағынан бірдей болып келетін екі жұп аппақ қанаттары болады. Бір жастағы дернәсілдері мөлдір болып келеді және дамудың жалғыз-ақ жылжымалы сатысы болып табылады. Ересек дернәсілдері ұзындығы 0, 8-0, 9мм-ге дейін жетеді, ол ақшыл жасыл жане кызыл көздері бар, үстін қысқа түктер баскан, денесінің шетінде 2 жіпшесі болады. Аналықтары ақшыл жасыл кішкене жұмыртқаларын тобымен салады, жас жапырақтардың төменгі бетіне көбінесе дөңгелек түрінде 10-20 данадан салады. Жұмыртқалары жапырақ бетіне сабақшалар арқылы орнығады және бастапқы кезде өсімдіктен оларды көру мүмкін емес. 1-2 күннен соң жұмыртқалар қоңыр түске енеді. Ұрықтық даму 7-13 күн ішіндегі температураға байланысты жалғасады. Жұмыртқадан шыққан дернәсілдері, одан кейін ересек дарақтар өсімдік шырынымен қоректеніп, олардың өсуін қатты әлсіретеді. Кою шырынды (қанаттанған) сұйыктықта күйе саңырауқұлақтар дамиды, олар жапырақтың фотосинтетикалык кызметін әлсіретеді. Сондай-ак саңылаулары толықтай немесе жартылай балауызды сұйықтықпен жабылады. 7-15 тәуліктен кейін кұрттар қозғалыссыз нимфаларға, 10-16 күннен кейін ересек зиянкеске айналады. Жылыжайларда акқанат жыл бойы 10-15 ұрпак беріп дами алады.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz