Халық тық педагогика


Slide 1

Халықтық педагогика

Дайындаған: Маулетова. А. К.

Тобы:Е-415

Тексерген:Серикова. Н. У.

Slide 2

Жоспар:

Халықтық педагогика.

Халықтық педагогика мен этнопедагогика байланысы. Халықтық педагогиканың мақсаты.

Жаңылтпаштар.

Мақал-мәтелдер.

Нақыл сөздер.

Ырымдар.

Пайдаланылған әдебиеттер.

Slide 3

Халықтық педагогика - халық арасындағы тәрбиенің мақсаты мен міндетін халық арасында үстем болған көзқарастардан, тәрбие мен оқытудың халықтық құралдары мен іскерлік, дағдыларының жиынтығынан керінетін эмпириялық педагогикалық білімдер мен халық бұқарасы тәжірибесінің алаңы. Халықтық педагогикалық зерттеудің көзі педагогика мазмұнды және сол бағыттағы ауыз әдебиеті, этнографиялық материалдар, халықтық тәрбие материалдары, ойындар, ойыншықтар, халықтық және жастар мерекелері, отбасылық тәрбие тәжірибесі т. б.

Халықтық педагогика - ойыншықтарда, ойындарда, дәстүр, әдет, ырымдарда, тәрбие және мінез-құлық жиынтыктарының ережелерінде, батырлық дастандарда, халық ауыз шығармашылығында сақталған тәрбиелік және педагогикалық мәліметтер жиынтығының тарихи пайда болуы. Халықтық педагогикаға кемшіліксіз тәрбиелеумен қатар, оған қол жеткізудің жолдары мен құралдары енеді. Халықтық педагогика құндылықтары өсіп келе жатқан ұрпақтың бойында ұрттық сананы қалыптастыруға жаңа оку-тәрбие үдерісіне бағыттауға, оның бойында әлемдік мәдениетте өз ұлтының, этностың рөлі туралы тусінігін дамытуға көмектеседі.

Халықтық педагогика (этнопедагогика) білім жиынтығы және тәрбие дағдысы этномәдени дәстүрде сақталып қалған, халық этникасында және көркемдік творчествасында, тұрақты ұлттық спецификалық қарым-қатынас формаларында және уәкілдердің әртүрлі нәсілдермен және ең маңызды болып келетіні бірлік және этностық бүтіндігі.

Халықтық педагогика - ол ұлттың мәдени сызығын өзінде сақтаған, әдістері және тәрбие дағдысы, өзіндік халықтың жиналу және басқа этностардың салты. Оқылудың көз бұлағы халық-педагогикафольклор-этнографиялық және антропологиялық материалдар, археологиялық, табыстар, мемуарлық әдебиеттер және т. б. нормативті талаптар болып табылады.

Халықтық педагогика - көбінесе халық шығармашылығынан шығарылып тастау керек (фольклорлық педагогикалар) . Фольклордың мәтіні және салттары көрсетілген.

Халықтық педагогика - толық тәрбиелік концепцияны құрайды.

Slide 4

Халықтық педагогика мақсаты.

Халықтық педагогиканың мақсаты-жас ұрпақты ата-баба жолымен, олардың тәжірибесіндегі ең жақсы мұраттарына тәрбиелеу. Мұның өзін жас ұрпақты ұлтшылдық бағытта емес, ұлттық негізде тәрбиелеумен халқымыздың мол мұрасын олардың бойына сіңіре білуде және жас жеткіншектерге өз ұлтының әдет-ғұрпының өзіндік ерекшелігін, шығу тарихын ашып көрсету арқылы жүзеге асыру. Осылардың нәтижесінде Қазақстанды мекендейтін жеткіншектерді қазақ халық педагогикасы негізінде ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, эстетикалық талғамы жоғары, арлы, қамысты, еңбекқор етіп тәрбиелеу; халқымыздың бай тарихи тәжірибесіне сүйене отырып, келер ұрпақты бауырмалдыққа, еңбек сүйгіштікке, өнерге баулу, отбасы, ауыл-аймақ, Отанының ар-намысын қорғай білетін, жаны жарқын, ар-ожданы биік азамат етіп тәрбиелеу. Осындай ізгі мақсатты іске асыру жолында қаншама ғасырлар бойы отбасынан бастап, ауыл ақсақалдары, билермен көне көз қариялар, ақындар, жыршылар, әнші, күйші, термеші сияқты өнер адамдары және қоғам бәрі белсене ат салысатын ұжымдық тәрбие ісін жүргізушілер болып келгені баршаға аян.

Slide 5

К. Д. Ушинский: «Халықтың тәжірибесінсіз педагогика да жоқ, педагог та жоқ», - деп айтқанындай, этнопедагогиканың әдіснамалық негізі - халық тәжірибесі, сондықтан сол жерде жасайтын халықтың қасиетті және құнды үрдістерін зерттеу арқылы оқушыларға ұлттық тәрбие беру ісінің мәні жайында тұжырым жасауға болады. Себебі ұлттық тәрбие-ұлағатты іс. Бұл тек қазақ халқы үшін ғана емес, Республикадағы барлық ұлттар үшін қажет.

К. Д. Ушинский 1923. 03. 19-1870. 12. 22

Slide 6

Халықтық педагогика дәстүрлеріндегі тәрбие мен білімнің қазақ халқымен бірге жасауы оның таным, наным, сенім, ұғым, әдет, ғұрып, салт- дәстүр үдерістерінде жалпы даму өсіп-өну үдерісіне айрықша орын алады. Ғасырлар басы үздіксіз сабақтастықта берілген тәрбие мен білім қазақ баласының жадында мәңгі сақтай алушылық қасиетін қалыптастыры, оны үнемі өмір тәжірибесінде пайдалануу халқымыздың ерекше ұлттық ерекшелігі, солай болып қала беретін даусыз. Халықтық педагогика қалыптасу тарихы бар кең ауқымды, көп салалы ғылым.

Бұны дәлелдеп «халықтық педагогика», «этнопедагогика» терминдерін ұсынған, олардың бір-бірінен айырмашылығы мен ұқсастығын ерекшелігін ажырата ашып көрсетіп, педагогика ғылымында алғаш анықтама берген-Г. Н. Волков. Оның анықтамасы бойынша халықтық педагогика тәжірибеге және оның сипатына қатысты, ал этнопедагогика-теориялық ой саласы.

Ол этнопедагогика терминіне мынадай анықтама береді: "Этнопедагогика -халықтың жас ұрпақты тәрбиелеу тәжірибесі туралы, олардың педагогикалық көзқарастары туралы ғылым. Халық педагогикасы -халық ауыз әдебиетінде, салт-дәстүрінде, ырымдарында балалар ойындары мен ойыншықтарында мәңгі қалған педагогикалық мағлұматтар мен тәрбиелеу тәжірибесінің жиынтығы. Халық педагогикасы - халыққа қажет қасиеттерді қалыптастыру үшін пайдаланылатын педагогикалық мақсаттың, міндеттердің, әдіс-құралдардың, тәсілдердің жиынтығы мен өзара байланысы" дей келе, " . . . бұл білім мен мағлұматтар, әдетте, ауызша таралады. Оның зерттеу тақырыбы - тәрбие, ал тәрбие объектісі - адам, тұлға". Оның бұл еңбегі тәрбие пәніне, педагогикалық негіздеріне, әдістеріне, құралдарына анықтамалар берді және халықтық педагогика бүкіл халықтың ұжымдық тәрбиесінің нәтижесі, рухани жетілу жолдары екенін ашуымен құнды.

Г. Н. Волков.

1927. 10. 31-2010. 12. 27

Slide 7

Жаңылтпаш - қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылпаш ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру; жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Жаңылпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады, қара сөз немесе өлең түрінде болады. Жаңылпаш ойын-сауықтарда ән білмейтін, жатқа тақпақ айта алмайтын жастарға жаза ретінде де қолданылған. Мұндай ұятты жағдайға қалмас үшін әр жас жігіт пен қыз ән-жыр үйренуге талпынған. Қазіргі кезде Жаңылпаш жаңа мазмұнға ие болып, түрі мен мазмұны жағынан молыға түсті. Жас ұрпақты достыққа, бірлікке, адамгершілікке, ізгі қасиеттерге тәрбиелеудің маңызды құралына айналды. “Қамаштан көріп қалашты, Қалашқа Жарас таласты, Бөлінсін десең қалаш тең, таласпа Жарас Қамашпен” сияқты тәрбиелік мәні зор Жаңылпаштар бала бақшалар мен мектептерде жиі қолданылады.

Slide 8

Біздің бүгінгі бағдар-бағыт

Бостандық, бірлік, бейбітшілік.

Бұлар болса бәрі болады

Болады бізде болашақ, бақыт.

Зайыры, заманымыз заң-зәкөнге зәру заман

Зорлықтың, зомбылықтың, заңсыздықтың

залалы зор, заманымыздың зауалы.

Парақорды паналама,

Парақордың пірі-пайда

Пәтуасы-пара.

Парақор парықсыз пенде.

Ынжық Ыдырыс Ырыстыдан ыңғай ығады.

Ырысты ызақор, ымырасыз.

Ырықсыз ығады.

Сояу таяқты,

Ағаш аяқты,

Бір адам жаяу,

Бізге таяу,

Жүріп келеді баяу.

Ана- ардақтар адамың,

Ақ сүтін ақта ананың.

Ананың алсаң алғысын,

Азаматсың, арлысың.

Ескен Елубай.

Slide 9

Мақал-мәтелдер.

Мақал - мәтелдер - әр халықтың өз даму тарихында басынан кешкен алуан түрлі оқиғалары, өзі аңғарған табиғат құбылыстары, қоғам мүшелерінің өзара қарым-қатысы, мінез-құлқы, психологиясы жөніндегі жасаған қорытынды, тұжырымдарының түйіні, өмір тәжірибесінен жинақталған философиялық ойлардың ұтқыр да ұтымды, жатық та көркем көрінісі, фразеологиялық оралымдардың еңделіп, сырланып, әбден қалыпқа түскен тұрақты түрлері. Ол бір ғана емес ертеден бері қалыптасқан ой дәлдігімен, мазмұнының тереңдігімен ерекшеленетін ауыз әдебиетінің бір түрі. Ол айналадағы сыры мол дүние туралы білімнің сұрыпталған жиынтығы, халықтың өзінше шағын ауызша энциклопедиясы ғана емес, ұстаздық, тәлімгерлік роль де атқарады, адам бойындағы барлық жақсылықты асқақтатып, жамандықты жерлеп, бала тәрбиесінде ерекше орын алатын халық даналығы. Мұндағы ақыл-кеңестер қысқа да нұсқа, әрі тұжырымды болды. . Халық даналығы ата-анаға ұрпақ тәрбиесі жөнінде өзінен бұрынғылардың моральдық-психологиялық, медециналық-гигиеналық, өнер-сайыскерлік ой-пікірлерін де шоғырландырып, бүкіл халықтың тәлімдік тәжірибесін мирасқа қалдырып отырды. Көшпеліліердің сонау ерте дәуірінен-ақ бұларды көп біліп әрі оны ақылмен байыптай алатын адамды ерекше қастерлеуі тегін емес. Ондай адам ата-баба даналығының көзіндей саналатын. Мақал-мәтелдер белгілі бір шешіммен істің дұрыстығын анықтайтын логикалық қызметтің эталоны тәрізді адамның ой-әрекеттерінде маңызды роль атқарып отырады.

Slide 10

Абай мұрасы мақал, мәтелге айналған ақыл-нақылды өлең жолдарына бай.

Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.

Бақпен асқан патшадан мимен асқан қара артық.

Сақалын сатқан кәріден еңбегін сатқан бала артық.

Тамағы тоқтық, жүмысы жоқтық - аздырар адам баласын.

Slide 11

Тілің болса, үнің бар, Тіл болмаса, түгің жоқ . . .

Басқа қамың түк емес, Тілдің қамы тұрғанда.

Тіл қаруы - сөз, сөз қаруы - ой. Ақылды ой, алғыр сөз - адамның ең жоғары қасиеті.

Жақсының өзі өлгенмен Сөзі өлмейді.

Жақсы - ай мен күндей - Әлемге бірдей.

Бейнет, Бейнет түбі - зейнет.

Ақ шашты ана: «Жастығым - балам» дейді. Ақылды бала: «Ай-күнім - анам» дейді.

Ана алдында - құрмет, Ата алдында - қызмет.

Ырыс алды - ынтымақ.

Алтау ала болса, Ауыздағы кетеді; Төртеу түгел болса, Төбедегі келеді.

Тіл тас жарады, Тас жармаса, бас жарады.

Шебердің қолы - ортақ, Шешеннің тілі ортақ.

Тәнім - жанымның садағасы, Жаным - арымның садағасы.

Жолдасын тастаған - жолда қалар.

Үлкен бастар, кіші қостар.

Slide 12

Нақыл сөздер.

Нақыл сөздер (Афоризмдер) - күрделі мәселeлерді терең ете дәл жеткізетін ой шалымы кең, қысқа қайырымды шешен сөз. Ол - көп қырлы, түйіндеуге бай, көркемдік дәрежесі жоғары сападағы, қанатты сөз айшығы данышпан ақылдың төзінен, ой көзі айқын керінетін сөз жасаушы ұлы шебердің мүсіндеуінен шыққан іші - алтын, сырты - күміс сөз төресі. Нақыл сөздер үлгісі қазақ әдебиетінде ерте көзде-ақ ауызекі тіл өнерге, енегеге айналған шақтан бері қалыптасқан. Олар мақал-мәтелдермен қатар туып отырды. Әдетте, бұл нақыл сөздер ел аузында белгілі кісілердің атымен бірге жүрді, ал авторы ұмытылған сөздердің өзі де тарихи кісілердің атын жамылып отырды. Бұлай сақталу нақыл сөздердің бірден-бір өзіндік ерекшелігі болып табылады. Жазба әдебиетімізде нақыл сөздердің бай негізін өзінің дидактик. шығармалары арқылы Абай жасады. Шын мәнінде, Абайдың нақыл сөздер көздейсоқ, жәй бір құбылыстар емес, заңды, тарихи қажеттіліктер негізінде туған тутас дүние. Дидактик. поэзияны шығыс әдебиеті ертеден бастаған.

Slide 13

Шын бақ - ата-ананың махаббаты мен балалардың таза жүрегінде.

Басыңа күн туғанда он екіден айырылма: 1. Жағаласпай жан қалмақ қайда, төбелесте жаныңнан айырылма; 2. Не шындық. Не сұмдық. Жау тисе де ақылыңнан айырлма; 3. Еркесіз ел, серкесіз отар болмас. Ел бастаушы көсеміңнен айырылма; 4. Тіл- кесілмес атқан оқ. Дау туылар, шешеніңнен айырылма; 5. Арсыз мың арықтап, мың семіреді. Жаныңды алса да, сыртыңнан айырылма; 6. Өзіңді зор, басқаны осал деме. Көппен көрерсің, еліңнен айырылма; 7. Жаман деп қатыныңнан, көшем деп отыныңнан айырылма; 8. Ырызғысыз пенде болмас, даяр асың- малыңнан айырылма; 9. Ағайын, туыс, дос- жарансыз кім бар. Болымсызға өкпелеп, досыңнан айырылма; 10. Қырық найза адам көргісіз соқыр түн деп, қарақудай баспанаң- қосыңнан айырылма; 11. Пенде жан серігі- бес қаруды тастама. Шыбын жаның шыққанша намысыңнан айырылма; 12. Өте шығар сұм жалған, боқшылыққа қайырылма. Адам күні адаммен оңалмақ, өнерпаз деген ат алсаң, өлсең дағы қайғырма;

Жалғанда қазақтан асқан жомарт елді көрген де, естіген де емеспін. «Өзім дегенге өзегін суырып береді» деген әсірелеп айтылған сөз шығар. Ал өзі жаяу қалса да астындағы жалғыз атын түсіп беретіні құдайдай шындық. «Сый қылсаң сыпыра қыл» дейді, қазақ. Бұл қазақ біреуді шын сыйлағысы келсе барын базарға салады. Тереңде жатқан асылын да, ардақтысын да бетке шығарады.

Досы жоқпен сырлас, Досы көппен сыйлас, Қайғысыздан сақ бол, Қайғылыға жақ бол.

Алтын ұяң - Отан қымбат, Құт береке - атаң қымбат, Асқар тауың - әкең қымбат, Мейірімді - анаң қымбат, Туып өскен елің қымбат.

Сенбе ешкімге, тұрса да қанша мақтап, Қор қылады, қулығын ішке сақтап. Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Ақылың мен еңбегің екі жақтап.

Сенімді ақыл мен ерікке бағындыру қажет. Табандылық пен өзіңді-өзің билеу, өр рух пен қайыспайтын қайсарлық - ерлік- тің кепілі.

Slide 14

Ырымдар.

Ырым дегеніміз өз алдына бір жақсылықтың немесе жаманшылықтың хабаршысы, адамды сақтандыратын белгі іспетті. Сонымен қатар, қазақтарда нені істеуге болмайтыны туралы «тыйым» ұғымымен байланыстағы «ырымдар» да бар (табу) .

Slide 15

Әр түрлі ырымдар мен тыйымдар.

Қазанды есік жаққа қаратып қисайта аспайды. Ол құласа: «Несібе төгіледі, ырыс далаға қашады. Отқа төгіліп, дән куйеді. Қазан шайқалса, ырыс шамданады» деп ырымдайды.

Шәугімнің шүмегін ошақтың аузына қаратып аспайды. Шай тасыса - үйдегі қыз ащы азап арқалайды деп ырымдалады. «Тұз астың иманы, қыз - үйдің көркі». Дәм-тұз ауыспақ қыздан. Тұз шамданса - қыз шамданады. Дәм-тұз атқан адам өмір бойы оңбайды деп, сол ырымға нанады.

Үйге кірген жыланды өлтірмейді. Басына ақ тамызып шығарып жібереді. Себебі, кейбір кездерде періштелер жылан бейнесіне кіріп, жер бетін шарлайды екен. Жыланды сол періште болар деп ойлайды. Ал даладан жылан көрсе - қуып журіп өлтіреді. Себебі, оны қастық жасайтын қара бас, шубар төс дұшпан деп қаралайды.


Ұқсас жұмыстар
Халықтық педагогика
Халық педагогикасы мен этнопедагогиканың байланысы
ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫ - ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ НЕГІЗІ
Педагогикалық талант иегері
Педагогика мен психологияның әдіснамалық негіздері
ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА ТУРАЛЫ
Бала тәрбиесінде халықтық педагогиканың міндеттері мен бағыттары
Халық педагогикасы тәрбиені еңбек пен өнерге негіздей жүгізді
Халық педагогикасының мақсаты
БИОЛОГИЯ ПӘНІНДЕ ЭТНОПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕРДІ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz