ЭЕМ­ң қызметі, құрамы және жіктелуі. IBM PC және басқа осы тәріздес дербес компьютерлер жұмысы жайында мәліметтер




Презентация қосу
Қазақстан Республикасының білім және ғылым
министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындагы мемлекеттік
университеті

СӨЖ
Тақырыбы: ЭЕМ-ң қызметі, құрамы және жіктелуі.
IBM PC және басқа осы тәріздес
дербес компьютерлер жұмысы жайында мәліметтер.
Алгоритмдік тілдер туралы мәліметтер

Орындаған:Құрмантай Жазира
Тобы:ВС-503

Семей 2015
Жоспары
1.Негізгі бөлім
1. ЭЕМ-нің даму тарихы.
2. ЭЕМ-нің құрамы
3. Алгоритмдік тілдер
3.Қорытынды
4.Пайдаланған
әдебиеттер
ЭЕМ-нің даму тарихы
Төрт арифметикалық амалдарлы автоматты түрде
орындайтын бірінші машина XVII ғасырда пайда болды.
1623 жылы сандарды қосып не азайтып қана қоймай,
оларды кейде көбейтіп және бөле алатындай машинаны
өнертапқыш Вильгельм Шиккард жасап шығарды.
1642 жылы француз философы және ғалымы Блез
Паскаль кеңсенің есептерін механикалық тұрғыдан
есептеуге арналған арифмометр жасады.
1674 жылы немістің философы және математигі Готфрид
Лейбниц Паскаль машинасының мүмкіндігін кеңейтті. Ол
жасаған "Лейбництің тісті дөңгелегі" деп аталатын
машинасы екілік санау жүйесінде көбейту, бөлу және
түбір табу амалдарын орындайтын еді.
XIX ғасырда ағылшын математигі Ч.Бэббидж
"Аналитикалық машина" деп аталатын
программаланатын автоматты есептеу
құрылғысының нұсқасын жасады.
Программалар кодталып перфокарталарға
түсірілді. Бұл әдісті Бэббидж тоқыма
станоктарындағы амалдарды бақылауға
алғаш пайдаланған француз өнертапқышы
Ж.Жаккардтан алды. Бэббидждің ойынша
бұл командалар жұбын және мәліметтерден
тұратын топтарын бірте-бірте енгізгенде
автоматты түрде әр түрлі есептеулер
орындауы тиіс еді. 
Картадағы тесіктердің орналасу тәртібін және
карталардың келу ретін өзгертіп, есептеу ретін
өзгертуге болатын еді (басқаруды шартты
түрде беру идеясы!). Жобаның меценаты
(қамқоршысы) – белгілі ақын Джорж
Байронның қызы графиня Ада Лавлейс (Ada
Lovelace) осы "аналитикалық машинаның"
программисті болды. Ондық жүйенің орнына
екілік жүйені қолдану қажеттілігіне
Бэббидждің көзін жеткізген сол Ада Лавлейс
болды. Ол осы күнге дейін көкейтесті болып
келетін программалаудың негізгі принциптерін
жасады. Оның құрметіне 1979 жылы жасап
шығарған алгоритмдік тіл Ada – деп аталды.
Ада Лавлейс
Бэббидждің туындысы
 ХІХ ғасырдың екінші жартысында
Герман Холлерит перфокарталарды
сұрыптауға және санауға арналған
бірінші электромеханикалық машинаны
жасап шығарды. Табулятор деп
аталатын бұл машина реледен,
санағыштан және сұрыптаушы
жәшіктен тұрды. Бұл машина 1890
жылы Америкада тұрғындардың
санағын өңдеуге қолданылды.
Холлерит 1896 жылы әйгілі IBM
фирмасының негізі болатын фирманы
ашты.
Перфокарта Г. Холлерит

Табулятор
Екінші дүниежүзілік соғыс есептеу құрылғыларын және
оларды өндіру технологиясын жетілдіруге дем берді. 1944
жылы Говард Айкен IBM-нің бір топ зерттеушілері релелік
логикалық элементтерге негізделген электрлік есептеуіш
машинасын жасады. 

Говард Айкен және Марк -
қаласындағы (АҚШ) университетте ENIAK деп аталатын
түгелімен бірінші электронды – цифрлық ЭЕМ
құрастырылды. Машина 30 тонна тартты, 200 кв.м. жерді
алып жатты, 18 мың лампадан тұрды. Оның жұмыс
істеуінде ондық жүйе қолданылды. 
ENIAK машинасында программалаудағы
қиындықтар осы жобаның бұрынғы
консультанты Джон фон Нейманның (1903-1957)
ЭЕМ архитектурасын жасаудың жаңа
принциптерін жасауына түрткі болды. Ол
программаны, басқару командаларының тізбегін
ЭЕМ-нің жадысында сақтауды ұсынды.  ЭЕМ-нің
осы құрлысын фон Нейман архитектурасы деп
атау келісілген. Бұл принциптер жаңа EDVAC
ЭЕМ-де жасалды. Мұнда екілік арифметика
қолданылды, негізгі жады 102444 - разрядты
сөзді сақтай алатын болды. Бұл ЭЕМ 1951 жылы
пайдалануға берілді. 
EDVAC ЭЕМ
ЭЕМ-нің буындары түсінігі есептеуіш
машиналарының даму тарихымен тығыз
байланысты, яғни қолданылатын элементтік базасы
бойынша анықталады. ЭЕМ-нің бірінші буынында
элементтік база ретінде электрондық лампа мен
реле қолданылды. 1948 жылы транзисторлар мен
магниттік жүрекшелерге сақтау құрылғыларының
ойлап табылуы есептеуіш техникасына үлкен әсерін
тигізді. Катодты қыздыру үшін үлкен қуатты қажет
ететін және сенімсіздеу болып келетін вакуумдық
лампалар кішкене кремнилік транзистормен
алмастырылды. Олар екінші буын машиналарының
элементтік базасы ретінде қолданылды.
Компьютерлердің миниатюрасын және сенімділігін
көтерудің революциялық кезеңі 1958 жылы болды.
Американдық инженер Д.Килби бірінші интегралдық схеманы
ойлап тапты. 60-шы жылдардың ортасынан бастап элементтік
базасы интеграциясы кіші және орта дәрежедегі интегралдық
схемалар болатын үшінші буын машиналары шыға бастады.
Тағы бір технологиялық революция
микропроцессорларды жасауға алып келді. 1971 жылы
американдық инженер М.Хофф бір кремнилік
кристаллда –микропроцессорда – компьютердің негізгі
элементтерін біріктірді. ЭЕМ-нің төртінші буынында
интеграция дәрежесі жоғарғы интегралдық схемалар –
үлкен интегралдық схемалар (ҮИС) құрыла бастады.
Үлкен интегралдық схеманың кристалында он мыңға
дейін элементтер қамтылады.
Қазіргі кездегі кең қолдау тапқан дербес
компьютерлер төртінші буынға жатады.
Болашақ
Қазіргі уақытта ЭЕМ-нің
бесінші буынын дайындау
мәселесі қаралуда. Оның
ерекшелігі дыбысты енгізіп
және шығаруға қатысты өз
бетінше оқып үйрену қабілеті
болмақ.
ЭЕМ-нің құрамы
Біз үлкен ЭЕМ-ді немесе дербес компьютерді
алсақ та,олар бір-біріне ұқсас принципте
жұмыс істейтін мынадай құрамнан тұрады:
1.Орталық процессор;
2.Енгізу құрылғысы;
3.Есте сақтау құрылғысы;
4.Шығару құрылғысы.
Орталық процессор

Шығару

Есте сақтау

Енгізу
процессор барлық
есептеу және
информация өңдеу
істерін орындайды.
Бір интегралдық
схемадан тұратын
процессор
микропроцессор деп
аталады. Күрделі
машиналарда
процессор бір-бірімен
өзара байланысты
бірнеше интегралдық
схемалар жиынынан
тұрады.
Енгізу құрылғысы информацияны
компьютерге енгізу қызметін атқарады.
Енгізу құрылғыларына пернетақта, сканер,
тышқан, джойстик жатады.
Есте сақтау құрылғысы программаларды, мәліметтерді
және жұмыс нәтижелерін компьютер жадына сақтауға
арналған. Есте сақтау құрылғыларына диск, кассета,
флешка және т.б. жатады.
Шығару құрылғысы компьютердің жұмыс
нәтижесін адамдарға жеткізу үшін қолданылады.
Шығару құрылғыларына монитор, принтер,
плоттер, құлақаспап(наушник) және т.б. жатады.
Алгоритмдік тілдер
Алгоритмдік тіл (ағылш. algorіtmіc —
алгоритмдік және language — тіл) —
 ЭЕМ – мен  шығарылатын
есептердің алгоритмін бірмәнді түрде
жазуға арналған жасанды тіл.
Ол белгілер (символдар) жиынтығынан
(Алгоритмдік
тіл алфавитінен), синтаксистік ережелер
мен семантикалық анықтамалардан
құралған. Алгоритмдік тілдің негізгі
белгілері латын не орыс алфавиттері әріп
тері, қандай да бір таңбалар мен шартты
белгілер болуы мүмкін.
Сөздер, сөз
тіркестері(фразалар, сөйлемдер), кестелер мен кестелер
жүйесі Алгоритмдік тілдің құрылымы болып табылады.
Түсіндіру ережелері ЭЕМ-де аппараттармен жүзеге
асырылатын Алгоритмдік тіл машиналық тіл деп аталады.
Алгоритмдік тіл табиғи тілден бірмәнділігі мен
айқындылығы жағынан ерекшеленеді. Есептеу
машинасына Алгоритмдік тілін
пайдаланғанда бағдарламалау мен машина жұмысын
үйлестіретін арнайы бағдарламалаушы
— процессор қолданылады. Ол бағдарламаны енгізу,
машиналық, синтаксистік, семантикалық талдаулар,
формальды қателерді анықтау, бағдарламаны орындау
т.б. жұмыстарды атқарады. Алгоритмдік тілдің бірнеше
түрі бар. Олардың кейбіреулері ғана
(мыс., Фортран, Паскаль т.б.) кең тараған.
Қорытынды
Кез келген ЭЕМ өте қарапайым командалардың аз
мөлшерін орыңдай алады, мысалы: нөлді бірге алмастыру,
бір байтқа сегіз нөлді жазу, екі санды қосу немесе азайту.
ЭЕМ қуаттылығының құпиясы оның осындай
командаларының ұзын тізбегін тез орындайтындығында
және информацияның үлкен көлемін өңдеу мүмкіңдігінде.
Белгілі     бір     ЭЕМ-ді     пайдалану     ортасы     оның
құрылымымен емес,   оған арнап  жасалған программалар
жиынтығымен   анықталады.   Бір   ЭЕМ-нің   өзі   ракетаны
басқару     жүйесінде     де,     медициналық     аспапта    
да қолданылуы   мүмкін.   Күні   бойы   еңбекақыны  
есептейтін ЭЕМ-мен кешке қарай шахмат ойнауға болады
және т. с. с. ЭЕМ-ді бір жұмыстан басқа жұмысқа
ауыстырып қосу үшін оның зердесіндегі программаны
алмастыру жеткілікті.
Пайдаланған әдебиеттер
http://bigox.kz/eem-de-informaciyany-ondeu/
https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%AD
%D0%95%D0%9C-%D0%BD
%D1%96%D2%A3_%D2%9B
%D2%B1%D1%80%D0%B0%D0%BC%D1%8B
https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9A
%D0%BE%D0%BC%D0%BF%D1%8C%D1%8E
%D1%82%D0%B5%D1%80

Ұқсас жұмыстар
IBM PC және басқа осы тәріздес дербес компьютерлер жұмысы жайында мәліметтер
ЭЕМ-ң қызметі, құрамы және жіктелуі туралы ақпарат
ЭЕМ­ң қызметі, құрамы және жіктелуі
ЭЕМ-ң қызметі, құрамы және жіктелуі. IBM PC және басқа осы тәріздес дербес компьютерлер жұмысы жайында мәліметтер. Алгоритмдік тілдер туралы мәліметтер
ДК қолданбалы программалық қамтамасыздандырылу
Алғашқы компьютерлер
Есепті графикалық жұмыс
Windows операциялық жүйелері
Есептеу техникасының (машинаның) даму тарихы
Компьютердің негізгі блоктарының элементтерін ұйымдастыру. Процессордың архитектуралық ұйымдасуы
Пәндер