Қайым зерттеулеріндегі әдебиет және тарих мәселелері



Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
Пән атауы:
Қайым Мұхамедхановтану

Қайым зерттеулеріндегі әдебиет және тарих мәселелері

Кілт сөздер :
Қайым, әдебиеттану, тарихи зерттеулер, Абай және оның шәкірттері, әдебиет мәселелері.

Жоспар:
1. Қайым зерттеулерінде қозғалған мәселелер.
2. Қ. Мұхамедханұлының зерттеулерінің тарихи маңызы.
3. Қ. Мұхамедхановтың әдебиеттану ғылымына сіңірген еңбегі.

Қазақ әдебиетінде өлкелік әдебиет тарихының қолға алынып зерттеле бастауына М. Әуезов ұйытқы болса, Қ. Мұхамедханов өзінің ғылыми шығармашылық жолында үнемі осы бағытты назарда ұстаған ғалым. Оның тарихи шындықты бұрмаламай деректерді нақтылай берген мақалалары 400-ден астам. Ал, жалпы ғылыми деректерін есептесек 500- ден асады екен. Мысалы, Халық ақыны Сапарғали Әлімбетов жайында, «Мақы Шыңғысұлы Уәлиханов - алғашқы кәсіби қазақ суретшісі», «Қ. Еркебаев және С. Әлімбетов поэмаларындағы азамат соғысының батыр әйелдері Айқыз және Білісай бейнелері», «Тағы да Айқыз туралы», «И. Бораганский», «Қаракерей Қабанбай», «Бұқар жырау», «Шешен Сабыржан», «Сабыржан Ғаббасов» және тағы басқа мақалаларында тарихи тұлғалар ғалымның көркем шығармаларынан өз орнын алып жатты

Ал Абайдың бұрын жарияланбаған өлеңдері Түзелгені қайсы, Түсініктері қайсы, Қазақ әдебиетінің адал досы, Саа-ди Ширази Құдай деген сөзден құдай сақтасын, және тағы басқа мақалаларында әдеби -танымдық, тарихи ой түйіндер көптеген ғылымдардың болашақ зерттеулерінің діңгегіне айналды. Қазақ әдебиеттану ғылымы, абайтану, өлкелік әдебиеттану, қазақ әдебиетіндегі текстология мәселелерін Қайым Мұхамедханов еңбектерінсіз елестету мүмкін емес. Әсіресе Абай шығармаларының тарихы мен текстологиясы туралы сөз еткенде, Қ. Мұхамедханов еңбектерін назарда ұстамау мүмкін емес. Мәселен, Абайдың үш поэмасының бірі Әзім әңгімесі туралы Қ. Мұхамедханов өз ойын білдіреді. Ол шығарманың Абай қаламынан шықпағандығы туралы айтады. Бірақ, бұл мәселеге үңіле қарап зерттеген ғалым жоқ. Мұның өзі абайтануда алынбай жатқан белестердің мол екенімен Қ. Мұхамедхановтың ғылыми ой-тұжырымдарының терең де мағыналығын білдіреді.

Т. Жұртбай өзінің Қайсар ғалым (1989, Жұлдық) деген мақаласында: «Қ. Мұхамедханов - Абай өлеңдерін жинаушы Абай мұрасының жазылу, басылу тарихын зерттеген истограф, үш-төрт басылымына түсыныктеме жазған библиограф, Абай шығармаларының дұрыс жазылуын жүйелеген текстолог, Абай және оның ақындық дәстүрі хақында монографиялық еңбек жазған теоретик, сол замандағы қоғамдық қарым - қатынастарды зерттеген тарихшы, сол дәуірдегі әдеби нұсқаларды, ел аузындағы өлең-жырды, әңгіме аңызды қағазға түсірген фольклорист» деп бағалайды.


Қайым Мұхамедханов қазақ әдебиеттану ғылымының текстология саласының қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді. Оның Махамбет, Шәкәрім поэзиялары текстологиясына арналған мақалалары, Бұқар жырау, Абай шығармаларының текстологиясын қарастырған мақалалары мен монографиясы жарық көрді. Сондай-ақ ол қазақ әдебиетінің тарихын зерттеу ісіне қомақты үлес қосты.
Қазақ ауыз әдебиеті, ежелгі дәуір әдебиеті, жыраулық әдебиет өкілдерінің өмірі мен шығармашылығы, әдеби байланыстары туралы 300-ден астам ғылыми мақалалар жазды. Қайым шығармаларының тағы бір қыры- оның поэзиясы. Драматургия саласында да қарымды еңбек етіп, көптеген пьесалар жазды. Қайымның «Толқын» (1994), «Майданнан майданға» (1947), «Комиссар Ғаббасов» (1960), «Ер Білісай» (1974) пьесалары көркемдік және тарихи шындықты тұтастай алып, оқиға желісінің өткір құрылуымен ерекшеленеді .

Қазақ әдебиеті мен мәдениетінің өсіп өркендеуіне сүбелі үлес қосқан ақын-жазушылар мен қоғам қайраткерлері туралы туралы жазған ғалымның зерттеулері мен сын мақалаларын осылай бөліп қарастыру оның ғылыми қарымын тереңірек танып білуге мүмкіндік берді.
Ғалымның көлемді еңбегі «Қаракерей Қабанбай батыр» жыры. 1945 жылы М. Әуезовтың басшылығымен «Қазақ әдебиеті тарихынан» бірінші томын даярлау қоға алынып, 1948 жылы І томы жарық көргені белгілі. Міне осы кітаптың «Тарихи жырлар» бөліміне кіретін Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырларға арналған халық жырлары туралы мақала жазу Қ. Мұхамедхановқа тапсырылады. Жас-ғалым ұстазының ақыл-кеңесі, нұсқаған бағыты бойынша «Қаракерей Қабанбай батыр», «Қанжығалы Бөгенбай батыр» жырларының тарихи оқиғасына, көркемдік тіліне зерттеу жұмысын жүргізіп, әдеби талдау жасап академияға тапсырады. Бірақ бұл мақалалар түрлі идеологиялық кедергілермен жинаққа енбеді. Ғалым себебін: «Қаракерей Қабанбай батыр» да, «Қанжығалы Бөгенбай батыр» да әдебиет тарихы кітабына кіргізілмепті.

Қайым Мұхамедхановтың қазақ әдебиетінің тарихы мен мәдениетін зерттеуге арнаған зерттеу еңбектері мен мақалаларын төмендегідей жіктеп қарастыруға болады:
1. Қазақ ауыз әдебиеті және айтыс ақынадарына байлпнысты сын-зерттеулері («Қаракерей Қабанбай батыр», «Бөгенбай батыр», Орынбай, Шөже, Жанақ, Кемпірбай, Шашубай, Төлеу, Сапарғали, Баймұрат және т. б)
2. XIX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармаларын зерттеу мақалалары (Шоқан Уәлиханов, Бұхар жырау, Махамбет Өтемісұлы, Дулат Бабатайұлы, Шернияз, М. Ж. Көпеев) .
3. Абай Құнанбаев және оның ақын шәкірттері туралы монографиялары мен ғылыми еңбектері
4. Мұхтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы жөніндегі мақалалары.
5. Алаш арыстары жөніндегі зерттеу мақалалары (Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, Ы. Мұстамбаев, Т. Хасенов) .
6. Қазақ әдебиеті және қоғам қайраткерлері туралы мақалалары (І. Жансүгіров, Ә. Марғұлан, Ж. Шалин, Е. Смайлов, М. Сералин, С. Ғаббасов және т. б. )
7. Шетел жазушылары мен ақындары туралы ғылыми мақалалары мен зерттеулері (И. Крылов, А. Пушкин, Ю. Лермонтов, Л. Толстой, А. Мицкевич, Т. Шевченко, Лу Синь, Ғ. Тоқай, И. Борганский, Х. Файзханов және т. б. )

Қорытынды:
«Әрбір кейінгі ұрпақ өз жолын алдыңғы ұрпақтардың жеткен жерінен бастайды, жақсыдан үйренеді, жаманнан жиренеді. Өзінің алдына қойған міндеттеріне сай, әр кезең өткендегінің қайсыбір қарекетін мансұқ етеді, қайсыбір қарекетін қасиеттеп дамытады», деп ғалым Ш. Елеукенов айтқандай қазақ әдебиетіндегі ұлы тұлғаларының еңбектері, жүріп өткен жолы ұрпақ санасында мәңгі сақталары анық. Қазақтың қайсар ұлдарының бірегейі Қайым Мұхамедханов өмірі мен ғылыми қызметі бүгінгі жастарға үлгі, өнеге. Қайым Мұхамедханов еңбегін насихаттау Қайым үшін емес, болашақ жастар үшін керек.

Қ. Мұхамежханов-тың Абай әлеміне қатысты мақалалары.

Кілт сөздер :
Қайым, Абай және оның шәкірттері, Абай шығармаларының текстологиясы, зерттеу мақалалары

Жоспар:
1. Қайым абайтанушы
2. Қ. Мұхамедханұлы Абай шығармаларының текстологиясы туралы

Қ. Мұхамедханов саналы өмірін қазақ әдебиеттану ғылымының абайтану саласына арнады. 1939 жылдан Абайдың ақындық мектебі мәселесін зерттеп, «Абайдың әдебиет мектебі» деген еңбегін жариялады, осы тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғады (1951) .
Талқылау кезінде ғылыми жетекші М. Әуезов пен диссертантқа жала жабылып, саяси айыптар тағылған. Жас ғалымға Абай мектебі шәкірттерінің қатарында «ұлтшыл ақындарды» зерттегені үшін «панисламшыл, пантүркшіл» деген айып тағылып, 25 жылға сотталды.
Төрт жылдан кейін ақталып, 1958 жылы «Абай төңірегіндегі ақындар» деген тақырыпта екінші рет кандидаттық диссертация қорғады. Қ. Мұхамедханов Абай мектебінің ақындары мәселесін зерттеуді шығармашылық ізденіспен дамыта білді. Ақын шығармаларын зерттеу нәтижесінде Мұқамедханов Абайдың бұрын белгілі болып келген 7 өлеңін тауып, ақынның 1945 жылы шықан жинағына енгізді. 1959 жылы «Мағауия Абайұлы Құнанбаев», «Абай шығармаларының текстологиясы» монографиялық зерттеулері жеке кітап болып шықты.

Ақылбай Абайұлы
Мағауия Абайұлы
Көкбай Жанатайұлы
Шәкәрім
Құдайбердіұлы

«Абайдың ақын шәкірттері» атты төрт кітаптан тұратын жинақ ҚМұхамедхановтың қарастыруымен 1993-97 ж. жарық көрді. Оған Абай шәкірттері Ақылбай, Мағауия, Тұрағұл, Кәкітай, Көкбай, Уәйіс, Әріп, Әсет, Мұқа, Әубәкір, Иманбазар шығармалары мен олар туралы зерттеулер енді. Мұқамедхан Абайдың екі томдық академиялық шығармалары жинағының жаңа басылымын шығаруға (1995) үлес қосты. 1988-89 ж. мерзімді баспасөзде «Ә. Бөкейханов», «М. Жұмабаев», «А. Байтұрсынов», «Ж. Аймауытов», «М. Дулатов», «Шәкәрім» атты ғылыми мәні ерекше мақалалар жариялап, кейін осы зерттеулер негізінде «Абай мұрагерлері» жинағын (1995) жарыққа шығарды.

Абай ұлдарымен, Ақылбай және Тұрағұл
Көкбай
Жанатайұлы

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz