Пикорнавирустар, рабдовирустар, реовирустар, ретровирустар және тогавирустар: морфологиясы, генетикасы және патогенезі


Slide 1

Орындаған:Сағатова. Ә. Н Тексерген:Байтакова. А. К Тобы:БТ-407

Вирустар

Slide 2

Мазмұны:

1. Пикорнавирустар

2. Рабдовирустар

3. Реовирустар

4. Ретровирустар

5. Тогавирустар

Slide 3

Пикорнавирустар - құрамында РНҚ бар, липопротеид қабығы жоқ вирус тұкымдастығы, РНҚ м. с. 25-28. Жалғыз тізбекті, ауру туғызғыш. Вириондарының диаметрі 25-40 нм. Цитоплазмада көбейеді. 4 туыстыққа бөлінеді: 1) Энтеровирустар адамдарды зақымдайды, бұларға ішек вирустарынан басқа полиомиелит және А гепатиті вирустары енеді; 2) Риновирустар - адамда жәие ірі қара малдарда тыныс жолдары ауруларын туғызады; 3) Кардиовирустар - кеміргіштерден бөлініп алынған; 4) Афтовирустарға маңызы зор мал аурулары қоздырғыштарының бірі - аусыл вирусы жатады. Пикорнавирустар тасымалдаушылар көмегінсіз жуғады.

Slide 4

Рабдовирустар - құрамында РНҚ бар таяқша пішінді вирустар тұқымдастығы. Вириондардың ұзындығы 175 нм, көлденеңі 70 нм. РНҚ сыңар тізбекті, сырты липопротеид қабығына оралған, негативті, м. с, 4, оралымды қосжіпті нуклеокапсидтің құрамына кіреді. Торшаның цитоплазмасында өсіп-өнеді. Рабдовирустарға екі туыстық жатады: везикуловирустар (омыртқалылар мен омыртқасыздарды зақымдайды) және лиссавирустар (құтыру ауруының қоздырғыштары) рабдовирустарға бұлардан басқа бір топ өсімдік вирустары жатады

Slide 5

Реовирустар - құрамында РНҚ бар вирустар тұқымдастығы. Пішіні шар тәріздес, вириондарының диаметрі 75- 80 нм, бір немесе екі икосаэдр капсиді бар. Липопротеид кабығы жоқ. 10-12 үзіндіге бөлінген, қос тізбекті, сызықты РНҚ-ның жалпы м. с. 15 000 000. Цитоплазмада өсіп-көбейеді, асқазан мен тыныс жолдарының шырышты қабықтарынын эпителий торшаларын зақымдайды. Реовирустар 6 туыстыққа бөлінеді: нағыз реовирустар, орбивирустар және ротавирустар адам мен жануар-ротавирусы ауру туғызады, ал фитореовирустар, фидживирустар және циповирустар тек өсімдіктер мен насекомдарды зақымдайды.

Slide 6

Ретровирустар - құрамында РНҚ бар зардапты ісік туғызатын вирустар тұқымдастығы. Геномдары бір-біріне ұқсас екі сыңар тізбекті позитивті РНҚ молекулаларынан және осылармен байланысқан кері транскриптазадан тұрады. Вирус бөлшектерінің диаметрі 70 - 120 нм липопротеид қабығы бар. Үш тұқымдастық тармаққа: онковирустарға, лентивирустарға және спумавирустарға бөлінеді

Slide 7 Slide 8

Тогавирустар - құрамында РНҚ бар вирустар тұқымдастығы. Үш түрлі туысқа альфа-, руби- және пестивирустарға бөлінеді. Вирионның диаметрі 40-70 нм, пішіні шар тәріздес, липопротеид қабыкка оралған нуклеокапсиды бар. Бір тізбекті шұбырынды РНҚ-лы, инфекция туғыза алады, молекулалық салмағы 4 000 000. Альфавирус туысшғы арбовирустарға жатады. Рубивируc туыстығына қызамық вирусы- пестивирус туыстығына мал обасының вирусы жатады. Тогавирустар торшаның цитоплазмасында өсіп-өнеді

Slide 9

Қолданылған әдебиеттер

1. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология

Москва 2002

2. Руководство к лабораторным занятиям по микробиологии

С А Ефремова

3. Фохридина, Покровский . Медицинская микробиология

Москва 1998

4. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология

Москва 2002

5. Руководство к лабораторным занятиям по микробиологии

С А Ефремова

6. Фохридина, Покровский . Медицинская микробиология

Москва 1998

Slide 10

Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Пикорнавирустар, рабдовирустар, реовирустар, ретровирустар, тогавирустар мен флававирустар: құрылымы, көбеюі және патогендік ерекшеліктері
Пикорнавирустар, рабдовирустар, реовирустар, ретровирустар, тогавирустар және флавивирустар: құрылымы, таксономиясы және репродукциясы
Тогавирустар мен рабдовирустар: таксономия, құрылым, патогенез және диагностика
Тогавирустар мен рабдовирустар: альфавирустар, құтыру вирусы және клиникалық-эпидемиологиялық сипаттамасы
Рабдовирустар және құтыру вирусы: таксономиясы, құрылымы, патогенезі, диагностикасы және емдеу-сақтандыру шаралары
Ретровирустар туғызған аурулардың клиникалық және зертханалық диагностикасы
Канаван ауруы: генетикасы, патогенезі, клиникалық белгілері және диагностикасы
Герпесвирустар, ретровирустар және онковирустар: биологиясы, эпидемиологиясы және клиникалық аспектілері
Fusobacterium necrophorum және некробактериоз: морфологиясы, биологиялық қасиеттері, патогенезі және зертханалық диагностикасы
Бруцеллез (сарып): морфологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы және алдын алу (Қазақстан жағдайы)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz