Адамның діни сеніміне құрмет оның таңдауына құрмет ретінде туралы ақпарат
Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК
УНИВЕРСИТЕТІ
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-МАТЕМАТИКА ФАКУЛЬТЕТІ
CӨЖ
Адамның діни сеніміне құрмет
Тақырыбы:
оның таңдауына құрмет ретінде
Орындаған: Виликс Ж.А.
Т-413 тобы
Семей, 2015ж
Жоспары:
Рухани құндылықтар
ұғымына түсінік.
Дін туралы түсінік.
Рухани келісім.
Үйлесімділік әлем тұғыры.
Дін және оның даму
тарихы.
Ата Заңның дін бостандығы
туралы баптары
Дін бостандығы туралы
ойлар
Пайдаланылған әдебиеттер
Құндылық - объектінің жағымды немесе жағымсыз
жақтарын білдіретін философиялық-социологиялық
ұғым.
Құндылық - мәдениеттің құрамдас бөлігі.
Мәдениеттің құрамдас бөлігі болуы себепті
құндылық адамдардың өзін ұстауын реттейді,
олардың шынайы тәртібін айқындайды. Мәдениет
құндылықтары, тиісінше, материалдық және
рухани болып бөлінеді. Құндылықтардың мазмұны
қоғамның мәдени жетістіктерімен
шарттастырылған. Құндылықтар әлемі, сөздің кең
мағынасында, мәдениет әлемі деген сөз. Ол
адамның рухани қызмет аясы, оның санасының
дұрыстығын айғақтаушы, адамның рухани
байлығының елшеуіші іспетті. Құндылықтарды
мүдделердің қарапайым жалғасы немесе
бейнеленуі ретінде қарастыруға болмайды. Олар
салыстырмалы өзінділікке ие.
Қаншама рет діннің ақыры келді деген сөз
айтылса да ол қазірдің өзінде әлемдік
өмірдің негізгі қалыптастырушы
факторларының бірі болып табылады. Діннің
халықтар өміріндегі алатын орнының
зорлыгы соншалықты діндердің негізін
түсінбей жатып сол діндерді ұстанатын
халықтардың мәдениеті туралы толық
көзқарас қалыптастыру мүмкін емес. Дінді
сипаттау оңай жұмыс емес. Біздің ойымызша,
діннің анықтауыш қызметі оның
әлеуметтілікті қалыптастыруында, яғни
адамдар қарым-қатынасын реттеуде болса
керек. Өйткені тіпті «религия», сөзінің
этимологиялық бастапқы мәнінің өзі де
«біріктіру», «байланыстыру», «қатынасты
қалыптастыру» дегенді білдіреді. Дін
адамдардың бірлестігін және ұйымдастығын
қалыптастырушы идеологиялық механизм.
Діннің мазмұны әлеуметтік мәні бар негізгі
Дін — қоғамдық
Мәдениеттегі діннің құбылыстардың ішіндегі
рөлін әрбір ең күрделісі. Діннің мән-
мәдениеттің жүйе мағынасын қаншама
құрастырушы ғұламалар ашып
көрсетуге талпынған
факторы деп болатын. Дін жөнінде
анықтауға болады. жазылған мақалалар,
ғылыми еңбектер саны
некен-саяқ.
Дегенмен «діннің
бастауы мен тұңғиық
терең мәні ел көзінен
тасада қалып қойды».
Қорқыныш-үрей де,
сүйіспеншілік те, ата-
бабаларды қастерлеу де
және т.е.с. да діни
сенімнің өз алдына жеке
тұрған бастауы бола
Ислам
Ислам (араб, өзін Аллаһқа тапсыру,
мойынсұну) - үшінші, ең жас
әлемдік дін. Ислам жер бетіндегі ең
көп таралған діндерге жатады.
Әлемде 1,3 млрд адам ислам дінін
ұстанады. 35 мемлекетте
мұсылмандар тұрғындардың басым
көпшілігін құрайды. 28 елде ислам
мемлекеттік дін деп жарияланған.
120 елде мұсылман қауымдары бар.
Ислам - қуатты әлеуметтік-мәдени,
белсенді саяси күш.
Исламның негізін қалаған
Мұхаммед 570 жылы, исламға
дейінгі Арабияның ең ірі сауда
және діни орталығы Мекке
қаласында дүниеге келген. ол
күреіш тайпасының кедейленген
Исламның негізгі багыттары.
Ислам үш бағытқа бөлінеді - мұсылман әлеміндегі
ең көп жақтастары бір сунниттік бағыт, шииттік
және хариджиттік бағыт. Олардың пайда болуы,
ең алдымен, мұсылман қауымындағы билік үшін
күреске және саяси мотивке байланысты еді.
Сунниттер
Исламдағы ең ірі бағыт - сунниттер. Әлемдегі
мұсылмандардың 90 пайызы сунниттік бағытты
ұстанады. Сунниттердің толық атауы - «Сунна мен
қауым бірлігінің адамдары» - дәстүрлі исламның
маңызды принциптерін танытады. Сунниттерге тән
белгілердің негіділеріне: төрт «тақу халиятердің»
заңды билігін мойындау,; алты «қағидалы» хадис
жинақтарының дәйектілігіен күмән келтірмеу;
сунниттік төрт құқықтық мектептердің біріне
тиесілі болу жатады (маликиттік, шафииттік,
ханифиттік немесе ханбалиттік) .
Жастардың көзбояушылыққа бой алдыруы
Қазіргі ең өзекті мәселе - көп мұсылман жастардың сектаға
кетуі. Көпшлігі оның не екенін түсініп білмей кіріп, содан соң
басын алып шыға алмайды. ақша табудың қиындауы, өмірден
өз орнын таба аламау - жастардың психологиясын мүлдем
өзгертуде.
Секта - діннің ең қауіпті бағыты. Онда адам психологиясын өз
дініне, өмірге, еліне, жеріне теріс бағыттайды. Сектанттар
қарапайым адамдарға үгіт -насихат жүргізіп, бірдеңемен
қызықтыру арқылы өз қатарына , өз ортасына тартады. Сетаға
кірсе, мұқтаждықта жүрген жандарға қамқорлық ретінде
ақша, үй, көлікке дейін береді екен. Ал, алған мүліктер үшін ол
жандар сектаға кіріп, есінен адасады. Үйінен қашып, сектаға
кіріп кеткен балаларын өз отбасына қайтара алмай жүрген
ата-аналар аз емес.
Жастарымыздың осындай көзбояушылыққа бой ұсынуы жыл
сайын артып келеді. Мұның бәрі біздің иманымыз бен діни
сауатымыздың қаншалықты төмен дәрежеде екендігін
көрсетеді.
Ислам мен оның өкімет билігі Азаматтық қоғамдағы діннің негізгі
құрылымдарымен ара қызметі оның мәдени-әлеуметтік
қатынасын байыптау жүйенің бірлігін сақтап қалушы күш
Қазақстандағы дін мен болып табылатындығында. Көптеген
азаматтық қоғам мәселесін діни бірлестіктер өздерінің діни
қарастырғанда қажет болады. насихатын шаруашылық қызметімен
Қазақстан Республикасының қоса ала жүреді, нәтижесінде
ата заңы — Конституциясы
республика территориясында кіші
бойынша дін мемлекеттен
жекеменшік ұжымдар мен фирмалар
алшақ бөлінген, ол дегеніміз
жоғарыда аталғандардың
пайда болып, экономиканың дамуына
әрқайсысы өз алдына өзінің және жаңа жұмыс орындарының пайда
қызметтерін атқарады әрі бір- болуына әсерін тигізеді. Шіркеулер мен
біріне кедергі етпейді деген мешіттер қаражаттан тапшылық
сөз. Біздің республикамыздың көретін кемтарларға, кәрі-
азаматтарының қандай дінді құртаңдарға, жалғызіліктілерге және
ұстанам деуі, яғни, ар-ождан т.е.с. қайырымдылық көрсетуді де
еріктілігі Қазақстан ұмытпайды. Діни ұйымдардың бүкіл
Республикасының қаржы-қайрат, іс-әрекеттері
Конституциясына, Азаматтық бейбітшілік, төзімділік және
кодексіне, «Қазақстан сүйіспеншілік мұраттарын өмірге
Республикасының діни енгізу үшін бағышталған.
бірлестіктер және дін тұту
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ –
ЗАЙЫРЛЫ, ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ
МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ МҰНДА ӘРБІР
АДАМҒА АР-ОЖДАН БОСТАНДЫҒЫНА
КЕПІЛДІК БЕРІЛЕДІ, СОНДАЙ-АҚ
БАРЛЫҚ КОНФЕССИЯЛАРДЫҢ
ҰСТАНУШЫЛАРЫ ЗАҢ АЛДЫНДА ТЕҢ
БОЛЫП САНАЛАДЫ.
1-бап
ҚазақстанРеспубликасы өзiн
демократиялық, зайырлы, құқықтық
және әлеуметтiк мемлекет ретiнде
орнықтырады, оның ең қымбат
қазынасы - адам және адамның өмiрi,
құқықтары мен бостандықтары.
14-
бап әлеуметтiк,
Тегiне,
лауазымдық және мүлiктiк
жағдайына, жынысына,
нәсiлiне, ұлтына, тiлiне,
дiнге көзқарасына,
нанымына,
тұрғылықты жерiне
байланысты немесе
кез келген өзге
жағдаяттар бойынша
ешкiмдi ешқандай
кемсiтуге болмайды.
19-бап
Әркiм өзiнiң қай ұлтқа, қай
партияға және қай дiнге
жататынын өзi анықтауға және
оны көрсету-көрсетпеуге хақылы.
Әркiмнiң ана тiлi мен төл
мәдениетiн пайдалануға, қарым-
қатынас, тәрбие, оқу және
шығармашылық тiлiн еркiн
таңдап алуға құқығы бар.
20-бап
Сөз бен шығармашылық еркiндiгiне кепiлдiк
берiледi. Цензураға тыйым салынады.
Әркiмнiң заң жүзiнде тыйым салынбаған кез
келген тәсiлмен еркiн ақпарат алуға және
таратуға құқығы бар. Қазақстан
Республикасының мемлекеттiк құпиясы болып
табылатын мәлiметтер тiзбесi заңмен
белгiленедi.
Республиканың конституциялық құрылысын
күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды,
мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi,
соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни,
тектiк-топтық және рулық астамшылықты,
сондай-ақ қатыгездiк пен зорлық-зомбылыққа
бас ұруды насихаттауға немесе үгiттеуге жол
берiлмейдi.
22-бап
Әркiмнiң ар-ождан
бостандығына құқығы бар.
Ар-ождан бостандығы құқығын
жүзеге асыру жалпы адамдық
және азаматтық құқықтар мен
мемлекет алдындағы
мiндеттерге байланысты
болмауға немесе оларды
шектемеуге тиiс.
39-бап
Адамның және азаматтың құқықтары мен
бостандықтары конституциялық құрылысты
қорғау, қоғамдық тәртiптi, адамның құқықтары
мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен
имандылығын сақтау мақсатына қажеттi шамада
ғана және тек заңмен шектелуi мүмкiн.
Ұлтаралық татулықты бұзатын кез келген әрекет
конституциялық емес деп танылады.
Саяси себептер бойынша азаматтардың құқықтары
мен бостандықтарын қандай да бiр түрде
шектеуге жол берiлмейдi. Конституцияның 10; 11;
13-15-баптарында; 16-бабының 1-тармағында; 17-
бабында; 19-бабында; 22-бабында; 26-бабының 2-
тармағында көзделген құқықтар мен
бостандықтар ешбiр жағдайда да шектелмеуге
тиiс.
ФОКИНА «ҚАЗАҚСТАНДА СЕНІМ
БОСТАНДЫҒЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫ
ҚАЛЫПТЫ ЖАҒДАЙҒА АЙНАЛДЫ»
ДЕЙДІ.
АҚШ үкіметі мамырдың 20-сы күні 2012
жылғы әлемдегі сенім бостандығы
ахуалына қатысты есебін жариялады.
Бұл құжатта Қазақстан билігіне қарата
сын-ескертпелер айтылған. "Дәстүрлі"
деп танылған діни топтардан өзге
азшылықтарға тіркелу мен жоралғы
жасауға қатысты қойылатын
шектеулер сипатталған. Осы орайдағы
Алматыдағы Хельсинки комитетінің
төрағасы Нинель Фокинамен сұхбаттан
АЗАТТЫҚ: – ДІНИ ҰЙЫМДАР ТУРАЛЫ
ЗАҢ КҮШІНЕ ЕНГЕННЕН КЕЙІН
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АР-ҰЖДАН ЖӘНЕ
СЕНІМ ЕРКІНДІГІ САЛАСЫНДАҒЫ
ЖАҒДАЙ ӨЗГЕРДІ МЕ?
Нинель Фокина: – Меніңше жағдай сол қалпы,
өзгеріссіз қалды. Біз соңғы 4-5 жылда бүгінгі
жағдайға құлдырадық. «Қылмыс жасады»
деген айыппен жүздеген азамат сотталды. БАҚ
экстремизм айыбы тағылған салафиттерге
қатысты сот процесінен хабар таратқанда,
олардың қандай дінді ұстанатынын міндетті
түрде сипаттап өтеді. Бәлкім, мұндай қолдан
құрастырылған істер азайған да болар. Бірақ
біреулердің осы жайттарды генералдық шен
алу үшін жасап отырмағанына кім кепіл?
Бәрімізге белгілі бір жай — зорлық-зомбылықтың алдын
алу, болдырмау басталып кеткен, орын алған зорлық-
зомбылықты тоқтатудан гөрі әлдеқайда оңайға соғады.
Себебі зорлық-зомбылық көзі адамның жаратылыс
табиғатымен, инстинктерімен байланысты болғандықтан
ол көбінде иррационалдық, соқырсезімділікке жақын түр.
Зорлық-зомбылық «жұққыш», оған көп еліктегіш келеді.
Басталып кеткен зомбылық өзінің неден туындағанын,
шынайы себебін ұмыт қалдырып, мүлдем басқа себептерді
өзінің қайнар көзі деп табады. Зорлыққа зорлықты карсы
қойып нәтижеге жетем деу сорақылық, сондықтан да
«саналы, ақыл-ойы бүтін адам, зорлық көрсе бүкіл
болмысымен жиіркеніп, тыжырынар» (Е.Н. Трубецкой).
Әлемдегі бар ленде мүмкіншілігі мен бүкіл
негіздеуге қажыр-қайратын «күш көрсетпеу»
принципін салу керек. Оған басты себеп — «күш
көрсетпеу» принципінің адамдардың бірлесе
тіршілік етуі үшін пайдалы екендігінде.
Әлеуметтік өмір түгелдей дерлік қарым-қатынас,
байланыстан тұратын болғандықтан ол қашанда
бірлік, татулық, ұйымшылдықты жоғары
бағалайды. Әрбір жеке тұлғаның тағдыры басқаны
және де қауымды шет қалдырмауы керек.
«Дін арқылы бүкіл әлемге нұр шапағатын шашып
тұрған бірлесу және келісім, азаматтық бейбіт өмір
сүру мағынада өзінің шыңына діни бірлестіктерде
қол жеткізеді» . Өзін өзі реттеуші қоғамда, яғни
азаматтық қоғамда адам тікелей өзімен және
басқалармен тұрақты келісімде өмір сүруі және
бүкіл қоғаммен әмбебапты конвенцияға жетуі қажет.
Осы тұста адамға көмекке дін келеді. Э. Дюркгейм
дінді ұжымдық бейсаналық, индивид пен қоғам,
әлеуметтік топтар мен тұлғалардың арасында
байланыс орнататын және қоғамды біріктіретін
түсініктердің жиынтығы деп қарастырады. Осы
сипатта қарастырғанда, дін белгілі бір дәрежеде
қоғам мүшелерінің көпшілігі қолдайтын және осы
арқылы оның тұтастығын сақтайтын
институционалдырылған нормалардың, сенімдердің
және құндылықтардың жүйесі болып табылады. Дін
жеке тұлғаның әлеуметтік жағдайларға үйлесімді
және тиімді бейімделуге бағытталған бағдарлары
мен іс-әрекеттік стереотиптерінен тұрады.
Адамдық қатынастарды мәдени-әлеуметтік
реттеудің маңызды тетігі болып табылатын дін өз
қызметінде өмір мен өлімнің түбегейлі, болмыстық,
экзистенциалдық мынадай мәселелерін қояды және
өзінше шешім ұсынады: тіршіліктің мәні мен
мағынасы, оның шектері, нәпсіқұмарлық және
тәубеге келу, өлімнің мағынасы, қорқыныш және
үміт т.т. Адам өмірінің тәндік шектілігінен
туындайтын тұңілу, қайғы және болмыстық
мағынасыздықты жеңуге ұмтылған дін, адамдық
ізденісті рухани жетілуге, адамда адамгершілікті
сақтап қалуға, күнделіктіден қасиеттіні көруге
шақырады.
Азаматтық қоғамдағы діни құндылық
бағдарларының жарасымды жақтарын айта отырып,
сонымен бірге дінді, адамзат тіршілігінің барлық
мәселелерін шешетін, абсолютті, әмбебапты тетік
дегеннің де қисыны жоқ. Еркін қоғамда өмір сүру
құқығына тек діни сенім ғана емес, оған қоса діни
қағидаларға күмәндану, секуляризм және, тіпті
атеизм де.
Дін,әрбір жеке тұлғаның өзіндік
ісі деп жарияланған азаматтық
қоғамда да тұлғалардың саяси-
әлеуметтік өміріне тигізетін
ықпалын жоғалтқысы келмейді,
тіпті, бір діннің өзі эр түрлі саяси
бағыттарға қолдау бере алады,
себебі діни ағым өзімен-өзі емес,
керісінше, белгілі бір зайырлы
идеология немесе
ұстанымдармен қосылып,
адамдардың саяси
бағдарларының құндылықтар
жүйесін құрастырады.
Қазақстан территориясында ғасырлар бойы эр түрлі этностар,
діндер, мәдениеттер бейбіт, келісімді өмір сүріп келген. Қазіргі
кездеде «Қазақстанда 1300-дей діни бірлестіктер, 30
конфессиялар әрекет етеді. Алматьшың бір өзінде 100 діни
ұйымдар бар: 18 мұсылмандық, 4 православиялық, 2 католиктік,
7 баптистік қауым, 2 лютерандық қауым, 10 Иегова
куәгерлерінің жиналысы, 20 протестанттық және пресвитер|
пресвитерлік, Бахайя қоғамы (синтетикалық сана), 2 ескі
обрядтық қауым, 4 пятидесятниктердің қауымы, Кришна
санасының қоғамы, Вайшнавов діни қоғамы, 8 мәдени-
ағартушы және қайырымдылық миссиялары, иудейлік
қоғамдар, адвентистердің Жетінші күні қоғамы, армян шіркеуі,
4 харизматикалық бағыт, 2 буддалық қауым, 1 сатанистер
қоғамы». Қазақстан халқының күрделі конфессиялық
құрылымы елде этнократиялық және исламдық мемлекетті
құру идеяларының терістігін көрсетеді. Бір дін құндылықтарын
әсірелеу біздің еліміздің жағдайында қоғамдағы жікшілдікке
әкелуі мүмкін. Сондықтан Қазақстанда жарияланған
демократиялық мемлекет пен азаматтық қоғам құру бағдары
дінаралық сұхбат пен келісімді қажет етеді.
Қазақстан мемлекетінің дінге байланысты
заңнамалық актілерінің алғашқысы – 1992
жылдың 15 қаңтарында «Діни сенім бостандығы
және діни бірлестіктер туралы» қабылданған
Заңы болып табылады. Аталған Заңның
талаптарына сәйкес, Қазақстан Республикасының,
сонымен қатар басқа мемлекеттердiң азаматтары
және азаматтығы жоқ адамдар кез келген дiндi
еркiн ұстануға немесе ешқайсысын ұстанбауға
құқылы, құдайға құлшылық жасауға, дiни
жоралар мен рәсiмдерге, дiндi оқып-үйренуге
қатысуға немесе қатыспауға оларды күштеп
мәжбүр етуге жол берiлмейдi. Заң күшіне енген
бері тәуелсіздік жылдарында 6 рет өзгерістер
енді. Өзгерістердің негізгі мақсаты діни
бірлестіктердің қызметіне қатысты кейбір
мәселелерді реттеуге бағытталды. Аталған
өзгерістердің нәтижесінде демократиялық діни
заңнамадағы діни сенім бостандығы қағидаларын
Қорытындылай келе, Қазақстанның дін туралы
заңнамасы діни бірлестіктер іс-әрекетін шектемейді,
тек олардың іс-әрекетін реттейді. Заңның
преамбуласында: «Бұл заң… әркімнің ар-ождан
бостандығы құқығын растайды…» деп көрсетілсе,
елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050»
Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси
бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауындағы «2050
жылы Қазақстанның жұдырықтай жұмылған
біртұтас халық, үлгілі ұлттық мемлекет болатынына
мен сенімдімін...Толеранттылық біздің ұлттық
құндылығымыз және Қазақстан халқының игілігі
болып табылады... Біздің Ұлы Дала мыңдаған жылдар
бойы толерантты, яғни тағатты болды» сөйлеген
сөзінен айқын көрінеді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Мәдениеттану: жоғарғы оқу орнындары мен колледж
студенттеріне арналған оқулық. Алматы: Раритет,
2005.- 416 бет.
2. Қазақстан Республикасының конституциясы –
Алматы 2009.
3. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы
4. Діни сенім бостандығы конституциялық және
құқықтық реттеу. М., 2000
5. www.google.kz
Назарларыңызға
рахмет!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz