Мүшелер және ұлпалар биохимиясы



СӨЖ Мүшелер және ұлпалар биохимиясы
Тексерген: Қайырханов К. К
Орындаған: Әбдиева А. С
Топ: БТ-407
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университеті
Notes: Подготовка
Этот курс предназначен для пользователей, имеющих опыт работы с программой PowerPoint. Если ранее они не создавали презентаций PowerPoint, рекомендуется начать с учебной презентации PowerPoint, которая называется "Создание первой презентации".
[Примечания для инструктора.
Дополнительные сведения о настройке этого шаблона см. на последнем слайде. Кроме того, на некоторых слайдах в области заметок имеются дополнительные материалы к занятиям.
Анимация Macromedia Flash. Этот шаблон содержит анимацию Flash. Она будет воспроизводиться в версиях PowerPoint вплоть до 2000. Однако если потребуется сохранить этот шаблон в PowerPoint 2007, сохраните его в формате старой версии PowerPoint: презентация PowerPoint 97-2003 (*. ppt) или шаблон PowerPoint 97-2003 (*. pot) (типы файлов отображаются в диалоговом окне Сохранить как возле пункта Тип файла) . Предупреждение. Если сохранить файл в формате PowerPoint 2007, например как презентацию PowerPoint (*. pptx) или шаблон PowerPoint (*. potx), анимация не будет сохранена в сохраняемом файле.
Кроме того, поскольку эта презентация содержит анимации Flash, при сохранении шаблона может выводиться предупреждение, касающееся личных сведений. Если сведения не добавляются в свойства самого файла Flash, это предупреждение не относится к данной презентации. Нажмите кнопку ОК в окне сообщений. ]

Мазмұны:
Қан биохимиясы
Бауыр және бүйрек биохимиясы
Бұлшықет биохимиясы
Сүт безі және сүттің биохимиясы
Тері биохимиясы
Сүйек биохимиясы

Қанның биохимиясы

Қанның физико-химиялық қасиеттері

Қан плазмасының химиялық құрамы
Қан плазмасы - қанның барлық 55 - 60 % құрайтын түссіз сұйықтық, 90-92 % судан тұрады. Органикалық заттары: Нәруыздар - альбуминдер ( 4 - 5 %), глобуминдер ( 2 - 3, 5 %), фибриноген ( 0, 2 - 0, 4%) . Нәруыздардың жалпы мөлшері 7 - 8 %;
Құрамында азоты бар нәруыз емес қосындылар ( амин қышқылдары, полипептидтер, мочевина, несеп қышқылы, креатинин, креатинин, аммиак ) 11 - 15 ммоль/л ( 30 - 10 мг%) . Бүйрек қызметі бұзылғанда қанда осы қалдықтық азот мөлшері кілт көтеріледі;
Құрамында азоты жоқ органикалық заттар: глюкоза 4, 4 - 6, 65 ммоль/л ( 80 - 120 мг %), бейтарап майлар, липидтер;
Ферменттер мен проферменттер: олар қан ұю үрдісіне және фибринолизге қатысады.
Бейорганикалық заттар ( 1% дай) :
Na+, Ca+, K+, Mg+ катиондары;
Cl-, HPO-, HCO- аниондары. [5]

Қан эритроциттері мен лейкоциттері
Лейкоциттер - ядросы бар қан клеткалары. Ересек адамның 1 мл қанында 6-8 мың лейкоциттер болады. Баланың иммундық қабілеті (ауруға қарсы тұру, қорғану қабілеті) лейкоциттерге байланысты. Лейкоциттер бала организмінің жұқпалы, яғни инфекциялық ауруларға қарсы тұру ын қамтамасыз етеді. Лейкоциттердің бірнеше түрлері бар: а) дәнді лейкоциттер немесе гранулоциттер; ә) дәнсіз лейкоциттер, яғни агранулоциттер; б) моноциттер. ейкоциттердің жалпы саны жаңа туған нәрестеде 10-20 мың шамасында болғанмен, өмірінің алғашқы сағаттарында оның саны күрт көбейеді.
Қанның құрамындағы үшінші пішінді элементтер - тромбоциттер немесе қан пластинкалары. Олар сопақша немесе диаметрі 2-5 мкм дөңгелектеу пішінді келеді. Тромбоциттердің жалпы саны 1 мкл 300 мыңнан 100 мыңға дейін. Тромбоциттер сүйек кемігінде пайда болады. Олардың өсіп жетілу мерзімі 7-8 күн, ал қан айналымында 5-11 күндей болады. Тромбоциттердің қызметі көп. Оларда ферменттер де өндіріледі, фагоцитарлық қабілеті де бар, ұсақ қан тамырларының өткізгіштік қасиетіне де әсер етеді. Тромбоциттердің саны баланың жасына қарай өте көп ауытқиды: 1 мкл қанда 150 мыңнан 600 мыңға дейін. Жаңа туған сәбидің қанында орта есеппен 150-350 мыңға жуық тромбоциттер болса, 1 жасқа дейінгі балаларда 15 мыңнан 424 мыңға дейін (орта есеппен 25) жетеді. [5]


Қанның ұюы
Қанның физикалық қасиеттерінің өзгеріп, сұйық күйден қойыртпақтанып қатқылдануын ұю деп атайды. Қанның ұюы оның маңызды қорғаныш қасиеттерінің бірі. Ол организмді қансыраудан сақтайды. Қансырауды тоқтатуға (гемостаз) қан тамырларынын қабырғасы, тамыр маңындағы ұлпалар, қан плазмасы құрамындағы ұю факторлары, барлық қан торшалары қатысады. Бұл процесте биологиялық белсенді заттар да маңызды роль атқарады. Олар физиологиялық әсеріне қарай қанның ұюын жеңілдететін, қанның ұюына кедергі жасайтын және ұйықты ерітетін заттар болып бөлінеді. Қанның ұюы тізбектелген реакциялардан тұратын күрделі процесс. Оның мәні қан құрамындағы фибриноген белогының физика-химиялық қасиеттерінің өзгеруінде. Ұю процесі барысында фибриноген белогынан қышқыл пептид бөлінеді де, ол ерімейтін белок -фибринге айналады. Қанның ұю процесі механизмінің негізіне 1871 ж. А. Шмидт ұсынған ферменттік теория алынған. Бұл теорияға сәйкес ұю процесі үш кезеңде өтеді де, плазма құрамындағы 13 фактор мен тромбоцит факторларының (10-нан астам) қатысуымен жүреді. Плазма факторлары ашылу ретіне қарай нөмірленіп, рим цифрларымен, ал тромбоцит факторлары араб цифрларымен белгіленеді. Егер плазма құрамындағы факторлардың біреуі жетіспесе, онда қан ұю қабілетінен айырылады (мысалы, VIII-фактор жетіспегенде гемофилия дерті байқалады) . [5]

Қанның ұю процесі

Лимфа (лат. lympha) - жартылай мөлдір сарғыш түсті сұйықтық, ол ұлпа сұйықтығынан бөлініп шығарылады. Лимфа жасушааралық кеңістікте басталады да лимфа тамырлары бойынша ағады. Құрамына қарай лимфа қан плазмасына ұқсас болады, бірақ онда белоктар аз болады. Лимфа тамырлары бір-бірімен қосылып екі үлкен лимфа тармағын құрайды, олар үлкен веналарға құйылады. Лимфа - ағзаның ішкі ортасы, ұлпа сұйықтығынан түзіледі. Тұз құрамы жағынан қан сарысуына ұқсас. Лимфаның химиялық құрамы: 95% су, 1-2% нәруыз; 0, 1% глюкоза; 0, 9% минералды тұздар. Адам денесінде бір тәулікте шамамен 2-4 л лимфа түзіледі. Қан сарысуына қарағанда нәруыздары 3-4 есе аздау, тұтқырлығы да төмендеу. Лимфаның құрамында фибриноген нәруызы болады. Сондықтан оның баяу болса да ұйығыштық қасиеті бар. Лимфа қан сияқты үздіксіз қозғалыста болады. Лимфада болатын лейкоциттерді - лимфоциттер деп атайды. Лимфоцит - лейкоциттің бауырда түзілетін түйіршіксіз түрі. Адамның барлық лейкоциттерінің 18-30%-ын құрайды. Лимфоциттер - ұсақ, диаметрі 8-10 мкм. Лимфа сыртқы және ішкі әсерлерге өте сезімтал. Рентген сәулесінің әсерінен лимфоциттер тез жойылады. Егер ағзаға қалқанша бездің гормонын жіберсе, лимфоциттердің саны көбейеді. [5]
Лимфа

Лимфа

Бауыр - қанды тазартуға және удан арылтуға көмектесетін, дененің құрсақ бөлігіндегі оң жақ қабырғалардың астына орналасқан ішкі мүше. Бауырдың атқаратын қызметтері: • ас қорту кезінде мүшелердің қажетті энергиямен, атап айтқанда, глюкозамен қаматамасыз ету және әр түрлі энергия көздерін глюкозаға түрлендіру (айналдыру) ; • ағзадағы қажетсіз химиялық қалдықтарды ағзадан шығарып тастау; • ағзадағы қан жасау немесе жаңарту кезінде қан плазмасындағы ақуыздарды синтездеу; • холестерин мен оның эфирін синтездеу, липидтер мен фосфолипидтерді синтездеу және ағзадағы липид алмасуын реттеу; • он екі елі ішек пен аш ішектің кейбір бөлігіндегі ас қорту процесіне қатысатын гормондар мен ферменттерді синтездеу; • Өт қышқылы мен пигменттерін синтездеу; • Кейбір дәрумендердің қорын толтырып отыру және сақтау. Мысалы, майларды ерітетін А және Д дәрумендерін, суды ерітетін В12 дәрумендерін сақтап, қорын арттыру. Сондай-ақ, катиондардың қоры да бауырда болады. [4]
Бауыр биохимиясы

Бауыр құрылысы

Өт - ас қорыту жүйесінің құрамдас бөлігі болып саналатын мүше. Оның пішіні қапшық тәріздес қуыс болып келеді, ал көлемі жұмыртқаның көлеміндей ғана. Өтте бауырдан бөлініп шығатын өт сұйықтығы жиналады. Өттің ұзындығы 5-14 см аралығында, ені 2, 5-4 см аралығында болады. Сыртқы қабаты (терісі) жұқа әрі созылмалы болып келетін өтке 200 мл мөлшеріндегі өт сұйықтығы сыйып кетеді. Өттің түсі - қою жасыл түс. Бауырдан жасалып, өтке келіп түсетін сұйықтық “Өт сұйықтығы” деп аталады. Оның түсі сарғыш-қоңыр немесе жасылдау болып келеді. Дәмі ашы. Өт сұйықтығын бауыр ұлпалары жасайды. Өт сұйықтығының құрамында өт қышқылы, ақуыздар, билирубин пигменті, холестерин, фосфолипидтер, бикарбонаттар, натрий, калий, кальций, және физиологиялық белсенді заттар - гормондар мен дәрумендер. Бауырда жасалатын өт сұйықтығы барлық уақытта жасала береді. Бауырдағы өт сұйықтығы арнайы арналар (өт жолы) арқылы өтке келіп жиналады. Өттегі сұйықтық ас қорыту барысында он екі елі ішек арқылы өттен шығып отырады. [4]
ӨТ

Өттің құрылысы

Өтке қатысты мынадай ауру түрлері бар: Өттас ауруы (холелитиаз), Холецистит ауруы, өттің полипы (өттің ісіп қабынуы), Өт жолының тарылуы, т. б. [4]
Өт аурулары

Ұйқы безі - ішкі және сыртқы бездердің ең ірісі. Бұл бас, дене және құйрық бөлімдерден тұрады. Басы ұлтабармен жанасады. Без екі типті клеткалардан тұрады: біреуі гормондарды (инсулин, глюкагон), басқалары ішекке ұйқы сөлін бөледі. Оның құрамына маңызды ас қорыту ферменттері, оның ішінде трипсин, липаза, амилаза және т. б. трипсин белоктар мен пептидтерді аминқышқылдарға дейін ыдыратады, липаза майларды глицеринге және май қышқылына, ал амилаза қалған полисахаридтерді глюкозаға дейін ыдыратады. Ұйқы безінің жүйкелік және гуморальдық реттелу қызметінің механизмі бар. Сіңірілу күрделі физиологиялық процесс. Аш ішектің ішкі бетінде бүрлер болғандықтан, барқыт секілденіп көрінеді, солардың қатысымен белок, май мен көмірсудың ыдырау өнімдері қанға сіңеді. Бүршіктердің өте көп болуы аш ішектің кілегейлі қабықшасының сіңіру бетін едәуір арттырады. Бүрдің әрқайсысына қан тамырлары мен лимфа тамырлар келеді. Олар қоректік заттардың суда еріген ыдырау өнімдерін өзіне сіңіріп алады. Сіңіру дегеніміз - сүзілу, диффузия секілді таза физикалық процесс қана емес, сонымен қатар ол қоректік заттардың бүрлерден өтуі арқылы жүзеге асатын физиологиялық процесс болып табылады. Бүрлер ішектерде тіршілік ететін микроорганизмдердің қан лимфаға өтуіне кедергі жасай отырып, қорғану қызметін де атқарады. [4]
Ұйқы безі

Ұйқы безі

Бүйрек құрылысы
Сыртқа шығару мүшелерінің ішінде бүйрек ерекше орын алады. Адамның бүйрегі жұп мүше. Ол бел омыртқаларының екі бүйірінде, қабырғалардан төмен орналасқан. Оң бүйректің орналасуы сол жақ бүйректен сәл жоғарырақ. Екеуінің құрылысы бірдей. Бір бүйректің массасы 120-150 г. Сырты дәнекер ұлпасы мен қоршалған. Бүйректі қалың бүйрек майы қаптап тұрады.
Бүйректің қыртыс қабаты нефрондардан, яғни бүйрек денешіктерінен қүралған. Бір бүйректегі нефрондар саны 1-1, 2 млн. Нефронның ішінде Мальпиги шумақтары деп аталатын түйнектеліп шоғырланған қан тамырлары бар. Капсула екі қуыс қабаттан тұрады. Ішкі қабаты Мальпиги шумағын қоршап жатады, ал сыртқы қабаты капсула өзегіне айналады. Қыртыс қабатының бойындағы өзектер алғашқы иірім каналдарына айналады. Олар бүйректің ішкі ми қабатына еніп, иірімдері жазылып, Генле иініне айналады да қайтадан қыртыс қабатына оралып, екінші деңгейлі иірім каналға айналып несеп жинағыш түтікке жалғасады. Жинағыш түтіктің ұзындығы 22 мм. Екінші деңгейдегі нефрон иірімдері артерия тамырлар шумағымен жанасып, екеуі құрамындағы заттармен алмасады. Мұны юкстагломерулалық комплекс деп атайды. [4]

Бүйрек ұлпаларының рецепторларынан афференттік жүйке импульстері мен ондағы қан құрамындағы өзгерістер орталық жүйке жүйесіне, гипоталамус және ми қыртысы орталықтарына беріледі. Ал эфференттік нерв импульстері нейрогипофизге беріліп, ондағы несептің түзілуін реттейтін вазопрессин гормонын қанға шығарады. Бұл гормон қан айналыс жолымен бүйрек үсті безіне барып, альдостерон гормонының өнімін арттырады. Альдостерон адреналинмен бірге бүйректегі реабсорбцияны (кері сіңу) реттейді. Вазопрессин гиалуронидаза ферментінің белсенділігін жоғарылатып, несеп жинағыш түтікшелердің клеткааралық заты гиалурон қышқылын ыдыратады. Мұның нәтижесінде жинағыш түтікшелердің қабырғасы суды жақсы өткізеді. Адреналин артерия қан тамырларын тарылтып, нефрондарда сүзілу қысымын өсіріп, несептің түзілуін жеделдетеді және тұздардың шығуын тездетеді. Жыныс гормондары бүйрек ішіндегі сүзу, кері сіңу құбылыс тарына әсер ету арқылы судың және натрий тұзын ың мөлшерден тыс сыртқа шығып кетпеуін қадағалайды. Бүйректің қызметін реттеуге соматотропин, тироксин, инсулин, серотонин, гистамин сияқты гормондардың қатысы бар деген болжамдар да баршылық. Нәрестенің бүйрегінің массасы 11-12 г, 1 жаста - 36-37 г, 5 жаста - 55-56 г. [4]
Бүйрек қызметінің реттелуі

Бүйрек құрылысы

Энурез. Несептің денеден рефлекторлы еріксіз түрде шығарылуы емшектегі балаларда болатын жағдай, ал ересек балалар өз еркімен несеп шығаруды тоқтата алады. Несептің тоқтамауы немесе энурез (грек. ен - шығамын + ур - несеп) баланың ерекше ауруларының бір түрі. Ол ерте балалық шақта жиі кездеседі және ұзақ, кей кезде ем қонбайтын, кейде өткінші, жыныстық жетілу кезінде өзінен-өзі тоқталатын сырқат. Тер бездері арқылы денеден сыртқа шығарылатын судың мөлшері 50 %, яғни 500-900 мл болады. Термен бірге мочевина, несеп қышқылы, креатинин, гиппур қышқылы, хлорлы натрий, калий және фосфаттар мен сульфаттар шығарылады. Тердің сыбағалы салмағы 1, 012-1, 010. [4]
Бүйрек аурулары

Барлық омыртқалы жануарларда әр түрлі қимыл жасайтын 3 түрлі бұлшықет ткані бар. Олар: қаңқа, жүрек және бірыңғай салалы бұлшықеттер. Әр тканьдердің өзіне тән түрі өзгерген клеткалары - бұлшықет талшықтары бар. Қаңқа бұлшықет талшықтары шоғырларған көлденең жолақты бұлшықет тканьінен құралады. Талшықтары ішінен белок жіпшелері өтетіндіктен бұлшықет қысқарып, жиырылады. Жүрек бұлшықеті де қаңқаның бұлшықеті секілді көлденең жолақты бұлшықет талшықтарынан тұрады. Бұл талшықтар кей жерде айқасып бірігеді. Жүрек бұлшықеті осындай ерекшелік арқасында тез жиырылады. Ішкі мүшелердің қабырғалары бірыңғай салалы бұлшықет тканінен құралады. Бұл тканнің талшықтары баяу жиырылады. [3]
Бұлшықет биохимиясы

Бұлшықет түрлері

Бұлшықеттің химиялық құрамы
Бұлшықет - бұл бұлшықет талшықтарының шоғыры, олар миофибриллалар деп аталады.
Қалың филаменттер миозиннен, ал жіңішкесі - F-актиннен, тропомиозиннен және тропониннен тұрады. Бұл төрт белоктардың үлесіне бұлшықеттің белоктық затының жалпы құрамының 90%-ға жуығы келеді. Еттің құрамына 52-78% су, 16-21% ақуыз, 0, 5-49% май, 0, 4-0, 8% көмірсулар, 2, 5-3% экстрактивті заттар, 0, 7-1, 3% минералды заттар, ферменттер, дәрумендер және т. б. кіреді. Еттің химиялық құрамына малдың түрі, жынысы, жасы, күйлілігі және баска факторлар әсер етеді.
Бұлшық етте миоген мен глобулин мөлшері - 20-30%, ал миоальбумин мен миоглобин мөлшері - 1-2%. Саркоплазма мен миофибриллде адам организіміне қажетті барлық ауыстырылмайтын амин қышқылдары бар толық құнды ақуыздары бар. Миофибрилл ақуыздары - миозин, актин, олардың комплексі актомизин, тропомизин, тропонин және т. б. Миозин - бұлшық ет ұлпасының маңызды ақуызы, ол барлық бұлшық ет ақуызының 40% құрайды.
Бұлшық ет ұлпасында май мөлшері шамамен - 3%, май ұлпасында - 60-94%, шеміршек ұлпасында 1, 3-3%, сүйек ұлпасында 3, 8-24% болады.
Еттің көмірсулары гликогенмен көрсетілген, жануар крахмалы деп аталады. Етте оның мөлшері 0, 6-0, 8%, ал бауырда-5%. Бұлшық ет ұлпасында гликоген бос және ақуыздармен байланысқан күйде болады. [3]

Миозин және миофибрилл ақуыздары

Жалғастырып тұратын ткань арқылы нерв талшықтары мен қан тамырлары өтеді. Бұл ткань барлық мүшелерді байланыстырып, біртұтас етіп біріктіреді, ішкі жəне сыртқы құрылымдардың мықтылығын сақтайды. Жалғастырып тұратын ткань мүшелердің жəне басқа тканьдердің аралығындағы кеңістіктерді толтырады. Ол мықты торларынан құралады. Мұндай торлар полисахаридті гельге малынған. Осы гель матрикс немесе негізгі зат деп аталады. Жалғастырып тұратын тканьнің барлық заттары өзінің клеткаларында синтезделінеді. Ол клеткалар фибробластар (латынның fіbra -талшық, гректің blastos - ұрық, өскін деген сөздерінен шыққан) деп аталады. Жалғастырып тұратын тканьнің ерімейтін фибриллярлық белоктары коллаген мен эластин. Коллаген сіңірдің, шеміршектің, сүйектің, тері мен тістің негізін құрайды. Белоктардың жалпы мөлшерінің 25-33 пайызы. Коллаген биосинтезі фибробластарда проколлаген түрінде басталады. Полипептидтік тізбектер ұзын алғы зат - про-a-тізбектер түрінде рибосомаларда түзіледі. Эластин сіңірде, қан тамырлары қабығында, өкпеде, теріде кездеседі. Эластин құрамындағы амин қышқылдарының кезектесіп орналасуының белгілі бір кезеңдігі (периодтығы) бар. Мысалы, мынадай кезектесу жиі байқалады: -Про-Гли-Вал-Глу--Вал-. [3]
Жалғастырып тұратын тканінің биохимиясы

Фибриллярлық белоктар

Сүт - сүтқоректілердің жаңа туылған нəрестесінің табиғи тамақ көзі. Сүттің тамақ өніміретінде жоғары бағалығын, жаңа нəресте үшін ауыстырылмайтындығын оның химиялық құрамының ерекшелігімен түсіндіріледі. Кез келген сүтқоректі түрлердің сүтінде организмнің өсуі мен дамуына қажетті барлық заттар бар. Сүттің химиялық құрамы жəне қасиеті өте күрделі, құрамынан 260 аса химиялық зат табылған. Сүт белоктары барлық ауыстырылмайтын аминқышқылдарын оңтайлы мөлшерде құрайды. Мысалы 400 - 500 г сүт үлкен адамды метиониннен басқа, ауыстырылмайтын аминқышқылдарымен бір сөткелік қажеттілігін қанағаттандырады. Сүтте белоктар кальций тұздары түрінде кездеседі. Сүттегі ең негізгі белок - казеин фосформен көп байланысты құрайды. Белок қорытылғанда фосфор бөлінбейді . Содан кейін фосфаттықалдықтар кальций, натрий, калий, темір, магний иондарымен байланысады. Мұндай құрылым сүттегі белокты жəне минеральды заттардың, сонымен қатар басқа тамақ өнімдерінің организмде сіңуін жақсартады. [1]
Сүт биохимиясы. Сүт белоктары

Казеиннің химиялық формуласы

Сүт құрамы - күрделі майлы қышқылды. Химиялық құрылысы əртүрлі 437 май қышқылы сандық ашылған жəне анықталған. Май құрамына 35% дейін қанықпаған қышқылдар кіреді. Олар майдың балқу температурасын төмендетеді, сонымен бірге организмнің жақсы сіңіруін қамтамасыз етеді. Сүттің майлылығы əсіресе полиқанықпаған -линол, линолен жəне арахидон май қышқылдарының болуымен бағалы. Олар ауыстырылмайтын жəне F витамині болып есептеледі. Бұл қышқылдар простагландиннің өкілдері қызметін атқарады жəне клетка мембранасының құрылысын түзуге қатысады. [1]
Сүттің майлылығы

Лактоза - сүттің негізгі компоненті жəне тек сүтте кездеседі. Лактоза гидролизденгенде глюкоза мен галактозаға ыдырайды. Галактоза жəне оның туындылары цереброзидтердің, сульфолипидтердің жəне ганглиозидтердің құрамына кіреді, олардан ми клеткасы жəне барлық жүйке ұлпалары түзіледі. Лактоза - сүт өнімдерінің өнеркəсібінде де баға жетпес мəнге ие. Лактоза микроорганизмдер ферменттер əсерінен ашу процесінде өте пайдалы əртүрлі органикалық қышқылдарға айналады, сонымен қатар шарап спиртіне, ацетоинге, диацетилге, эфирлерге. Сүт қантының ашу өнімдері канцерогенді заттарды бұзу қабілеттілігі бар, оның ішінде нитрозаминдер жəне жаңа түзілетін қатерлі ісік ауруларының алдын алуын төмендетеді. [1]
Сүт қанты(лактоза)

Лактозаның формуласы

Уыз (Молозиво) - жас нəрестеге таптырмайтын тамақ өнімі. Ол - сарғыш дəмді түс, қоймалжың жəне тұтқырлығы созылмалы сұйық. Онда нəрестенің алғашқы уақытта өсуіне жəне дамуына, əртүрлі жұқпалы аурулардан сақтануына қажетті заттар көп мөлшерде кездеседі. Сиырдың алғашқы сауылған уызында белоктың жалпы мөлшері 16, 08 %, ол альбумин мен глобулиннің үлесіне 10, 61 % келеді, яғни олардың мөлшері казеиннің мөлшерінен екі есе көп. Сонан соң екінші күннен бастап уыз сүтке ауыса бастайды. Сарысудың белоктар мөлшері біртіндеп төмендейді, ал казеиннің мөлшері жоғарылайды. Барлық сүтқоректі түрлердің босана салысымен уызында белок көп болады, қалыпты сүтке қарағанда 4-8 есе көп, шамалы бөлігін антитела (иммуноглобулиндер) құрайды. Ана уызынан нəресте өте қажет қорғаныс белокты - иммуноглобулинді жəне лизоцимді алады. Уыздан фосфолипидтің көп мөлшері анықталған, оның концентрациясы біртіндеп төмендейді. Ананың қанына қарағанда нəресте қанында липидтің мөлшері аз. Онда каротина жəне A, D, Е, В2, РР, В2 витаминдерінің концентрациясы жоғары. [1]
Уыз

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz