Өсімдік тіршілігінің факторларымен танысу


Slide 1

Сабақтың тақырыбы:

Өсідік тіршілігінің факторлары

Қасен Бақытжан

Slide 2

Сабақтың мақсаты:

Өсімдік тіршілігінің факторларымен

танысу.

Slide 3

Негізгі 5 фактор:

жарық

жылу

ауа

су

қоректік зат

Slide 4 Slide 5

Жарық, немесе күн сәулесіжер бетіндегі тіршіліктің бірден бір қайнар көзі. Бірақ күн сәулесін тек жасыл өсімдіктер пайдаланып, өздерінде органикалық заттар құрады, ал басқа тірі организмдер осы органикалық заттар ыдырағанда пайда болатын жылу энергиясын өздерінің тіршілігі үшін пайдаланады.

Фотосинтез дегеніміз күн сәулесінің әсерінен қоршаған ортаның органикалық емес қарапайым заттарынан күрделі органикалық заттардың түзілуі. Оныңреакциялық формуласы:6СО2+6Н2О С6 Н12О6+6О2. Фотосинтез кезінде өсімдіктер күн сәулесінің 85 пайызын сіңіреді. Оның нәтижесінде органикалық заттар түзілуімен қатар тірі организмдердің дем алуына керекті оттегі бөлініп шығады. Жарық сүйгіш өсімдікер күн жақсы түсетін ашық алқаптарда өседі. Оларға ауылшаруашылық дақылдары, шалғындық және далалық шөптер жатады. Көлеңке сүйгіш өсімдіктер жарықты онша жақтырмайды, олар көбінесе биік өсімдіктердің көлеңкелі төменгі қабатында өседі. Көлеңкеге төзімді өсімдіктер жарық жерде де, сонымен қатар көлеңкелі жерлерде өсе алады. Өсімдіктерде фотосинтез құбылысына қарама-қарсы дем алу процесі жүреді. Бұл процесте энергия және көмірқышқыл газы бөлінеді.

Slide 6 Slide 7

Жылу-өсімдік тіршілігінің ғарыштық факторына жатады, өйткені оның негізгі көзі - күн энергиясы. Әр аймақтың топырақ - климаттық жағдайына, жер бедеріне байланысты түсетін жылу мөлшері әр түрлі. Республиканың солтүстік облыстарында жылудың жетіспеушілігі байқалса, ал оңтүстік аймақта керісінше жылу өте мол. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысында жылы күндер саны 244-247, ал 50С -тан жоғары температура жиынтығы 4386-46160С, Қызылорда облысында 207-212 күн және 3798-38760С, ал осы көрсеткіштер Жамбыл облысында 212-223 күнге және 3674-3867 градусқа тең.

Slide 8 Slide 9

Судың өсімдік өміріндегіорны ерекше. Біріншіден, ол өсімдіктерге еріткіш ретінде қажет, өйткені топырақтағы коректік элементтерді және олардың тұздарын өсімдіктер тек ерітінді түрінде сіңіре алады.

Екіншіден, су өсімдікте жүретін фотосинтез процесіне керек, себебі фотосинтез реакциясында судың алты молекуласы қатысады.

Үшіншіден, су өсімдік клеткаларының формасын сақтап тұрады, өйткені оның құрамында 80-90 пайыз су болады. Егер клетка осы судан айырылса өледі.

Төртіншіден, себілген ауылшаруашылық дақылдары тұқымдарының бөртуі және жер бетіне көктеп шығуы топырақ ылғалдылығына байланысты. Бесіншіден, ылғал өсімдіктердің температурасын реттеуге қатысады. Өсімдік жапырақтарындағы устицалар арқылы буланған ылғал (транспирация) өсімдік ұлпаларының температурасын төмендетіп, оларды қатты қызып кетуден сақтайды.

Алтыншыдан, ылғал топырақта және өсімдік органдарында жүретін әр түрлі биохимиялық реакциялар үшін қажет.

Жетіншіден, ылғал топырақ микроорганизмдерінің тіршілігі үшін керек. Көптеген микроорганизмдердің топырақтың ылғалдылығы 25-30 пайыз болғанда белсенділігі артады.

Сегізіншіден, ылғал топырақ құнарлылығының негізгі элементі, себебі құрғақ топырақтарда микробиологиялық процестер нашар жүреді, немесе мүлде тоқтайды және топыраққа берілген минералдық тыңайтқыштардың тиімділігі төмендейді.

Тоғызыншыдан, топырақта ылғал жеткіліксіз болса (топырақ құрғақшылығы) немесе ауа құрғақ болса (атмосфералық құрғақшылық) өсімдіктер солып қалады.

Slide 10 Slide 11

Ауа. Өсімдікке қажетті факторлардың бірі - топырақ ауасы. Оның құрамында оттегі мен көмірқышқыл газы бар. Атмосфера ауасында көмірқышқыл газының мөлшері 0, 03%, ал топырақ ауасында ол 0, 1 тен 1 пайызға дейін болады.

Оттегі тұқымдардың көктеп шығуына, өсімдік тамырлары мен микроорганизмдердің демалуына керек. Дем алу кезінде көмірсутектер көмірқышқыл газы (СО2) мен суға (Н2О) ыдырап энергия бөлініп шығады. Дем алудың интенсивтігіне ауа мен топырақтың температурасы әсер етеді. Температура әрбір 100С көтерілген сайын дем алу процесі 2-3 рет жылдамдайды, ал температура 45-500С болғанда мүлдем тоқалады. Өсімдіктің әрбір грамм құрғақ салмағына күніне 40-50 мг оттегі қажет. Топырақта оттегі жеткілікті болған жағдайда аэробты микроорганизмдердің көбеюі салдарынан онда азот мол жиналады.

Slide 12 Slide 13

Қоректік заттар. Өсімдіктер тірі организм болғандықтан өнеді, өседі, дем алады, көбейеді, коректенеді, өледі. Жақсы өсіп-дамуы үшін өсімдіктерге жеткілікті мөлшерде коректік заттар керек. Оларға топырақтағы химиялық элементтер мен микроорганизмдердің тіршілігі арқасында жиналған заттар жатады. Қоректік заттар органогендік және күлді элементер болып екі топқа бөлінеді. Өсімдіктердің органикалық салмағының негізгі бөлігін құрайтын химиялық элементтерді органогендер деп атайды. Оларға көміртегі, сутегі, оттегі, азот жатады, ал күлді элементтер тобына фосфор, калий, кальций, магний, мырыш, темір және басқалары жатады. Өсімдіктерді жаққанда органогендік элементтер ұшып кетедіде, ал күлді элементтер күлде қалады.

Slide 14

Назарларыңызға рахмет!!!

Қасен Бақытжан


Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпта дүниетанудан дидактикалық материалдарды қолданудың ерекшеліктері
Антигендердің қасиеттері
Еркекшөп Қылтықсыз арпабас
Тамырдың соңғы құрылысы
Індетті (жұқпалы) аурулар және паразитизм туралы жалпы ұғым
Вакцина антигендер
Өсімдіктердің ауру түрлері мен топтары
Жұмыстың өзектілігі
Бидайдағы пигменттер
Жасуша әлемі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz