Киттәрізділер отряды. Негізгі өкілдері. Ішкі,сыртқы құрылысы


Slide 1

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атыдағы мемелекеттік университеті

БӨЖ №2

Тақырыбы: Киттәрізділер отряды. Негізгі өкілдері. Ішкі, сыртқы құрылысы.

Орындаған: Токижанова Н.

Тексерген: Мадыбекова А. С.

Топ: БЛ - 309

Семей 2015ж.

Slide 2

Киттәрізділер отряды.

Slide 3

Систематикасы

Slide 4

Киттәрізділер (лат. Cetacea) - суда тіршілік ететін сүтқоректілер отряды. Бір себептен судан шығып қалса, өздігінен қайтадан суға түсе алмайды. Бұлардың денесі ұзын, басы үлкен болады. Мойын бөлімін денесінен айыруға болмайды. Жамбас белдеуінен омыртқа жотасына бекімеген, бос жататын екі рудиментті сүйек сақталған. Денесінде түгі болмайды, тек қана басында бірен - саран түгі болады. Терісінде тер және май бездері болмайды. Бір пар сүт бездері болады. Емшегінің ұшы шап маңында болатын қалта сияқты қуысқа ашылады. Емшегінің ұшының мұндай қалталардың түбінде болуы, балаларын емізгенде сүттің сумен араласып кетпеуін қамтамасыз етеді. Ғалымдар киттердің арғы тегі құрлықта тіршілік еткен ежелгі тұяқтылар не қарапайым жыртқыштар (креодонттар), тіпті, бор кезеңінің жәндікқоректілері де болуы мүмкін деген болжам айтады. Бұлардың қазба қалдықтары төменгі эоцен дәуірінен сақталған. Қазақстанда Маңғыстау түбегінен төменгі сармат қабатынан табылған.

Киттәрізділер отряды. (Cetacea. )

Slide 5

Тері астындағы май қабаты өте жақсы жетілген, ірі түрлерінде бұл қабатының қалыңдығы 50 см-ге жетеді. Май денесін салқындап кетуден сақтайды және меншікті салмағын кемітеді. Ірі түрлерінің меншікті салмағы судың меншікті салмағына жуық, яғни 1, 025% деуге болады. Өкпесі өте үлкен болады. Дельфиндер тыныс алғанда өкпесіне - 1 - 2 литр, ал алып көк киттердің өкпесіне - 14000 литр ауа сияды. Көптеген түрлері су астында 15 - 45 минут тыныс алмай шыдайды. Киттердің су астында 1 сағаттан артық бола алатыны туралы мәліметтер бар.

Киттердің есту органдары жақсы жетілген. Киттер кейбір дыбыстарды 10 - 20 км жерден естиді. Нашар көреді. Иіс сезу органының рудименті ғана сақталған.

Суда көбеюіне байланысты киттердің өзіндік бейімделулер пайда болған. Киттәрізділердің балалары туысымен анасының соңынан еріп кетеді. Жаңа туған баласының дене мөлшері анасының денесінің ¼, 1/3, ½ бөліміндей болады. Екінші бір тамаша бейімделуі - киттер балалағанда баласы құйрығынан бастап шығатыны байқалған. Сондықтан аналық кит құйрығын жоғары көтеріп, судан шығарып, баласының тұншықпауын қамтамасыз етеді. Баласы жоғары ытқып шығып, суға түскенінше дем алып үлгереді. Бұл кезде кіндігі үзіледі де, балалаған соң біраз уақыттан кейін жолдасы түседі. Баласы емгенде анасының емшегін жиырылып жатқан түтік тәрізді тілімен қармап ұстайды, анасы құрсақ еттерін жиыру арқылы емшегін оның аузына сауады. Киттәрізділердің барлығы да бір ғана бала туады. Тіссіз киттер 2- 3 жылда бір рет, белуха - жыл аралап, дельфиндер - жыл сайын балалайды. Сүттері жұғымды болғандықтан балалары тез өседі.

Slide 6 Slide 7

Биологиялық сипаттамасы.

Денесінің ұзындығы 1, 1 - 33 м-ге дейін, салмағы 30 кг-нан 150 т-ға дейін жетеді. Дене пішіні жұмыр қос қалақты терілі, құйрық жүзбеқанаты көлбеу бағытта орналасқан. Алдыңғы аяқтары ескекке айналған. Артқы аяқтары жойылған, тек жамбас сүйектерінің (кей түрінде ортан жіліктің) қалдықтары сақталған. Киттердің терісі түксіз жалаңаш, тері астында май қабаты жақсы жетілген (қалыңдығы 18 - 50 см) . Бұл дене температурасын реттеуге қатысады.

Тыныс алу мүшесі - танау тесігі

(1 не 2) төбесіне қарай

орналасқан. Ол тек тыныс

алу-шығару кезінде ғана

ашылады.

Slide 8

Киттердің қанының құрамында гемоглобиннің, бұлшық еттерінде ерекше ақуызды зат - миоглобиннің болуы су астында 30 - 40 мин (кейде одан да ұзақ) тыныс алмай тіршілік етуіне септігін тигізеді. Барлық киттердің ауыз қуысы өте үлкен. Бұлар тісі ең көп жануарларға жатады, мысалы, тісті киттің тісінің саны 272 болса, Амазонка дельфинінің бір ғана үстіңгі сойдақ тісі алға қарай 3 м-дей созылыңқы болады. Киттердің миы күрделі құрылысты әрі жақсы дамыған. Олардың сезу мүшесінің қызметін қылшықты мұртшалары атқарады. Қорегін тұтастай жұтады. Сілекей бездері болмайды. Қарны күрделі құрылымды (3 - 14 бөлімнен тұрады) . Киттердің көпшілігі - моногамды. Олар 2 - 6 жаста жыныстық жағынан жетіледі. Екі жылда бір рет балалайды. Буаздық мерзімі 10 - 12 ай. Аналығының жыныс саңылауының екі бүйірінде 2 емшегі болады. Арнайы бұлшық еттердің жиырылып-жазылуынан сүт баласының аузына шашырайды. Киттер баласын 4 айдан (майда дельфиндер) 1 жылға дейін (кашалоттар) емізеді. Киттің сүті өте құнарлы: сиыр сүтімен салыстырғанда май 10 есе, белок 3 есе көп. Баласы тәулігіне 450 л-ге дейін сүт емеді, 4 см-ден астам өсіп, 90 кг-дай салмақ қосады.

Табиғатта 30 - 50 жылдай тіршілік етеді. Көпшілік түрі топталып, үйірленіп жүреді, теңіз жануарларымен қоректенеді.

Slide 9

Негізгі өкілдері.

Slide 10

тісті киттер

мұртты киттер

. Қазіргі кезде киттердің 2 отряд тармағына бөлінеді.

Slide 11

Киттердің саны жылдан-жылға азаюда, әсіресе, ірі киттердің біраз популяциясының жойылып кету қаупі бар. Сондықтан кит аулау кәсібін реттеу мақсатында Халықаралық комиссия (оған дүние жүзінің 20 мемлекеті мүше) ұйымдастырылған (1946) . Киттердің санын сақтау үшін қорғауға алынып, олардың 18 түрі мен 1 түр тармағы Халықаралық табиғат қорғау одағының«Қызыл кітабына» енгізілген. [

Slide 12

Тісті киттер. Бұл отряд тармағына дельфиндер және кашалоттар жатады. Бұлардың көптеген (240 жуық) тістері болады. Тістері қарапайым, формасы мен күрылысы бірдей болып келеді.

Slide 13

Дельфиңдердін, көпшілігінің ұзындығы 1, 5-З метрге жетеді. бұлардың Қара теңізде бірнеше түрі тіршілік етеді. Мысалы, нағыз дельфин, теңіз шошқасы. Дельфиндер Балтық, Баренцев теңіздерінде және Қиыр Шығыстың теңіздеріне тараған. Мұзды мұхиттың теңіздерінде және Тынық мұхиттың солтүстік теңіздерінде ақ дельфин деген түрі тіршілік етеді. Олардын, ұзындығы 6 м-ге жуық болады. Дельфиндердің барлығы балықтармен қоректенеді. Балықтардың ауған жағына қарай оларда ауысып отырады.

Дельфин.

Slide 14 Slide 15

Кашалот тісті киттердің ең үлкен түрі, олардын. ұзындығы 11-21 м болады. Солтүстік Мұзды мұхиттан басқа мұхиттардың, жылы теңіздердін, барлығында, бізде жазда Қиыр Шығыс теңіздерінде кездеседі. Негізінен бас аяқты моллюскалармен (сегіз аяқтылармен, кальмарлармен), кейде су түбінде тіршілік ететін балықтармен де қоректенеді. Олар 300 м терендікке сүнги алады. Су астында бір сағат, тіпті одан да көбірек уақытқа шыдайды.

Тісті киттердің, кәсіптік маңызы үлкен.

Кашалот.

Slide 16

Тіссіз киттер.

Бұлардың негізгі өзгешелегі тістері болмайды. Таңдайының екі жағына тізіліп орналасқан мүйізді пластинкалары болады. Бүларды «кит мұрты» деп атайды. Ол сүзгі аппараттың қызметін атқарады. Бұлардың көпшілік түрлері планктонды омыртқасыздармен, сирек болса да балықтармен қоректенеді. Мұртты киттер - барлық мұхиттарға тараған, бірак суық теңіздерде көбірек кездеседі. Әрқашан миграциялап отырады. Солтүстік жарты шарда киттер қысты тропикалық суларда өткізеді де, жазда солтүстікке қарай ауысады, өйткені, бүл кезде солтүстікте планктондар көп болады. Күзде қайтадан оңтүстікке ауысады. Оңтүстік жарты шарда да осындай миграция байқалады. Киттердің бір жарты шардағы сулардан екінші жарты шардағы суларға миграция жасайтыны байқалған.


Ұқсас жұмыстар
Киттәрізділер отряды. Негізгі өкілдері. Ішкі, сыртқы құрылысы туралы ақпарат
Жорғалаушылар
Бунақденелілердің классификациясы
Құрттар бөлімі
Киттәрізділер отряды. Негізгі өкілдері
Дене сегменттерінің саны тұрақсыз
Шеміршекті балықтар
Жорғалаушылар - құрлықта тіршілік ететін алғашқы омыртқалы жануарлар
Биологиялық регресс
Кит тәрізділер отряды, негізгі өкілдері. Ішкі, сыртқы құрлысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz