Салылықтың бақылау формалары


Slide 1

Салылықтың бақылау формалары

Орындаған:Серікқанов А. Т.

Тексерген:Акишева Д. М.

Slide 2

Жоспар: 1. Қазақстан Республикасның салық жүйесіндегі салық бақылау жұмысын ұйымдастырудың экономикалық мәні. 2. Хрономераждық зерттеу 3. Салық тексерулерін жүргізудің мерзімділігі 4. Салықтың есептелу, уақытылы болу және толық төлену дұрыстығын тексеру

Slide 3

Салық бақылауы - заңды және жеке тұлғалардың салықтар мен алымдарды дұрыс төлеуін бақылауға алу. Салық бақылауын жүзеге асыру тәртібі ҚР Салық кодексінде (бірінші бөлім) баяндалған, мұнда оның нысандары, салық төлеушілерді есепке алу және есепке қою, қайта есепке алу және есептен шығару тәртібі, банктің салық төлеушілердің есебімен байланысты міндеттері, ұйымдарды, тіркейтін ұйымдардың, жеке кәсіпкерлер мен жеке тұлғалардың міндеттері, сондай-ақ салық қызметі органдарының құқықтары мен міндеттері, өз әрекеттері үшін жауапкершілігі, кеден органдары мен Салық бақылауын қамтамасыз ететін уәкілетті органдардың өкілеттігі мен жауапкершілігі айқындалған. Салық бақылауының неғұрлым тиімді нысаны - салық тексеруі, яғни салық заңнамасының сақталуын, салықтар мен алымдардың дұрыс есептелуін, олардың бюджетке толық және уақтылы төленуін, жеңілдіктердің негізді түрде қолданылуын тексеру. Тексерудің сипаты мен жүргізілу тәсіліне қарай салық тексеруі камералдық және көшпелі тексеру түрлеріне бөлінеді.

Slide 4

Камералдық салық тексеруі - бухгалтерлік есеп-қисапты, салық мағлұмдамаларын, салықты есептеу мен төлеу үшін негіз болып табылатын салық төлеуші берген басқа да құжаттарды зерделеу мен талдау негізінде тікелей салық органы барлық салық төлеушіге жүргізетін бақылау. Ол салық органының орналасқан жері бойынша жүзеге асырылады. Көшпелі салық тексеруі салық органы басшысының (оның орынбасарының) шешімі негізінде салық қызметі органының жылдық жұмыс жоспарына және тексерудің тоқсандық кестелеріне сәйкес жүргізіледі. Қажет болған жағдайда белгіленген кестеден тыс жүргізілуі де мүмкін (салық төлеуші ұйымның қайта құрылған немесе таратылған, салық заңнамасының өрескел бұзылуы жайында ақпарат алынған жағдайда) . Әдетте, салық төлеуші орналасқан жерде жүргізіледі.

Slide 5

Салық бақылауы келесі көрсеткіштерімен бейнеленеді: Салық бақылауы мемлекеттік бақылаудың бір түрі болады. Яғни салық заңдамасының нормативтік актілерде көрсетілген бақылауды мемлекеттік уәкілетті органмен жүзеге асырылады. Салық бақылауы - қаржы бақылауы ретінде қаралады. Салық бақылауы - мемлекеттік бақылаудың арнайы бір түрі болып табылады, яғни салық бақылауын жүзеге асыруға құқығы бар органдар қарастырады.

Slide 6

Салық бақылауының келесі элеметтері бар:

нені тексеру керек - ол бақылаудың субъектісін айқындайды.

Кімді тексереді - бақылаудың объектісін;

Не тексеріледі - бақылаудың затын;

Не үшін тексеріледі - бақылаудың мақсаты;

Қалай тексеріледі - бақылаудың әдісін.

Slide 7

Салық бақылаудың мақсаты болып:

салық заңдамасындағы бұзушылық факторларын анықтау;

кінәлі тұлғаларды анықтау және белгіленген заңды міндеттемелерге айыптау. (привлекать)

салық заңдамасының бұзушылықтарын жою.

Жетіспейтін сомасын өндіріп алу түрінде мемлекеттің материалды қызығушылықтарын қорғау.

Салық заңдамасының бұзушылықтарын хабарлау.

Салық бақылаудың әдісі болып оларды жүзеге асыруда нақты іс әрекеттер табылады.

Көптеген негіздер бойынша салық бақылауы келесі классификациялауға болады:

Жүзеге асырылу нысаны (формасы) бойынша:

тікелей (непосредственный)

жанама (опосредованный)

Slide 8

Салық бақылауы - салық қызметі органдарының салық заңдарының орындалуын, ЖЗҚ-на міндетті зейнетақы жарналарының, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорларына әлеуметтік аударымдардың толық және уақытылы аударылуын бақылауы.

Салық бақылауы тек салық заңдамасындамасын орындалуын, МЗЖ-на уақытылы және толық аударылуын ғана тексеріп қоймайды, сонымен қатар, басқа да міндетті төлемдердің дұрыс және толық төленуін, ҚР заңдамасындағы бұзылушылықтарды жоюды бақылап қадағалап отырады.

Салық бақылауының міндеті мен тапсырмалары әр түрлі болады. Соның ішінде негізгі мақсаты - мемлекеттің кіріс бөліміне табысты енгізу, ҚР заңдамасының бұзылушылықтарын жою, салықты төлемеуді болдырмау.

Slide 9

Салық бақылауы:

салық төлеушілерді тіркеу есебі;

салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді есепке алу;

бюджетке түсімдері есепке алу;

ҚҚС төлеушілерді есепке алу;

Салық тексерістері;

Камералдық бақылау:

Салық төлеушілердің қаржы-шаруашылық қызметі мониторингі;

Фискалдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолдану ережелері;

Акцизделетін тауарлардың кейбір түрлерін таңбалау және акциздік постыларды белгілеу;

Мемлекет мешігіне аударылған мүлікте есепке алу, бағалау және сату тәртібін сақтауды тексеру;

Уәкілетті органдарға бақылау жасау нысандарында жүзеге асырылады.

Slide 10

Салық кодексінде салық тексерулерінің мынадай түрлерге қатаң бөлінеді: - құжаттық тексеру; - рейдтік тексеру; - хорнометраждық тексеру;

Slide 11
Ұқсас жұмыстар
Мектептік оқыту формалары
Қазіргі кездегі оқыту жүйесіндегі білімді тексеру, бақылау және бағалаудың жаңа технологиясы
Информатиканы оқытуда қолданылатын әдіс - тәсілдер
Электронды қолданбалар
Аудиторлық дәлелдемелер
МҰҒАЛІМ ОҚЫТУ
Тәрбие үдерісінің формалары мен әдістері, құралдарының жүйесі және ғылыми дүниетаным негізі
Статистикалық мәлімет жинаудың тәсілдері
Этникалық тәрбиенің ерекшеліктері және оларды анықтаушы факторлар
Жаппай жұмысты уйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz