Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар. Бесік. Бесікке бөлеу



СөЖ
Жақып Жолбарысхан
ФМФ Т-411
Т-411 топ

Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар. Бесік. Бесікке бөлеу

“Бесік” дегеніміз не?
Бесік - нәрестені бөлеуге арналған ағаш төсек. Бесікті Орталық Азия мен Кавказ, Үндістан, Қытай жерін мекендейтін халықтардың басым көпшілігі пайдаланады. Тек әр түрлі үлгіде жасалады. Бесік көшпелі өмір кешкен қазақ халқы арасына ертеден тараған. Қазақ бесікті қарағай, қайыңнан, көбіне талдан иіп жасайды. Мұндай бесік жеңіл, ықшам әрі берік, көшіп-қонуға ыңғайлы болады. Бесік баланың тазалығына өте қолайлы, өйткені арнайы орнатылатын түбек пен шүмек бала дәретін жайылдырмайды. Түбектің түбіне күл салып, жиі-жиі ауыстырып отырады. Шүмекті қойдың асық жілігінен жасайды, кейде айрықша аппақ болуы үшін сүтке қайнатып алады. Бесіктегі баланың аяғы, кеудесі қатты байланатындықтан, оның қан айналу жүйесіне керісінше әсер етеді. Сондықтан баланы бесіктен жиі босатып, қол-аяғын қозғап, арнайы жаттығулар жасайды. Қазақта бесік қасиетті, киелі құтты мүлік болып есептеледі.

Бесіктің түрлері

Бесіктің жабдықтары ши, жөргек, құс төсек, жастық, көрпе, жаялық, кепіл, таңғыш және жапқыштан тұрады.
Ши. Бесік жабдықтарының
үстінен ұзына бойы жайылатын
тоқылған ши төсеніш. Түбек бекітілетін тұсы ойық болады.
Жөргек (қаузау) . Шидің үстінен
төселетін, түбек тұсы ойық
келген, жұқа киіз немесе
арасына мақта, жүн салынып
сырылған көрпеше.

3. Құс төсек. Түбек тұсында дөңгелек ойығы бар, жөргектің үстінен төселетін, арасына құс мамығы салынып, қабылған жұмсақ төсеніш.
4. Жастық. Бесік енімен бірдей етіп жасалады. Арасына құс мамығы толтырылады.

5. Көрпе. Жұқа матадан тігілгені - жаздық көрпе, арасына мақта, түйе жүні салынып, қабылғаны - қыстық көрпе.
6. Жаялық. Сәбидің денесін орайтын жұмсақ шүберек.

7. Кепіл. Түбек ойығын төңіректеп төселетін, сәбидің жалаңаш тәнін қажамас үшін жамбас тұсына, тізесіне қоюға арналған кішкене жұмсақ жастықшалар.
8. Тартпа бау (қолбау, тізе бау) . Оны таңғыш деп те атай береді. Ұштары бесіктің екі жанындағы сабау ағаштарға таңылады, біреуі бөленген сәбидің көкірек тұсынан, келесісі тізеліктің үстінен түседі. Ол биязы жүннен тоқылады немесе екі-үш қабат матадан сырып, кеуде, тізеден оралатын тұстары жалпақтау етіп жасалады. Тартпаның екі ұшы арқалыққа байланады.
9. Бесік жапқыш (жабу) . Бесіктің көлеміне сай, жұқа матадан кестеленіп тігіледі. Бөленген сәбиді маса мен шыбыннан, желден, күн көзінен, суықтан қорғайды.
Бесіктің жасауын қыздың анасы даярлайды.

Құрылысы:

Бесік керту - отпен аластау ғұрыптарының түрі. Бесік керту баланы бесікке алғаш бөлердің алдында атқарылады. Сондай-ақ бала ұйықтамай, тынышсыздана беретін болса да бесік керту ғұрпы жасалынады.
Әдетте бұл ғұрыпты баланың әжесі қыздырылған темірмен бесіктің бала жатар тұсын, арқалығын және басын қари отырып: «Алас, алас, а, құдайым, тіл-көзден сақтай гөр! Тфә, тфә» - деген аластау, қорғау магиясында қолданылатын сөздерді айтады. Мұнысы бесіктегі балаға жын-шайтан жоламасын дегенді ырымдағаны. Сондай-ақ бесікті отпен аластаудың төмендегідей бесіті сырықтау деп аталатын түрі бар.
Күндіз болсын, түнде болсын бесікке баланы саларда, металл немесе қыш ыдысқа салынған адыраспан, aршa, қаражусан т. б. хош иісті өсімдіктердің бірін түтетіп, қас күштерді қуып, бесікті тазалайды. Кейде сіріңке шағып, отпен аластап, зиянкестерден қорғану шараларын жасайды.
Аластау кезінде, ыдысты немесе тұтанған отты бесіктің бас-аяғын тегіс айналдыра:
Алас, алас, баладан алас Бәледен қалас, Иесі келді, пәлесі көш! Бәле-жаладан сақта, Көзі қызыл болмасын, Көті қызыл болмасын - деген сөздер айтылады.

Бала бесікте жатқанда шошымау үшін жастығының астына нан, сарымойын пышақ жастайды, бесік басына үкі, қасқырдың тұяғын қадайды. Балаға тұмар тағады. Бала шоши берсе, ішінде суы бар ыдысты баланың басынан жоғары ұстап, суға балқыған қорғасын құйып жібереді. Бұл ырымды қорықтық деп атайды. Ыдыстың түбіндегі қорғасынның сұлбасы бір жануарға, затқа ұқсас болып тұнады. Хайуандарға ұқсаса, содан шошынғандыгын анықтап, ем-дем жасайды. Кейде сәбидің маңдайына қазанның түбінен алып, қара күйе жағып та қояды.
Бесікте жатқан баланы емізудің де өзіндік әдістері бар. Мойны бір жағына қисық болмасын деп, баланы екі жағы нан кезек-кезек емізеді; бесіктің арқалығына қолтығын сүйеп, тізерлеп отырып емізеді; баланы қараңғыда емізбейді, емізер алдында шам жағуы шарт.

Бесікке салу
Халқымыздың сан ғасырлық тыныс-тіршілігіне байланысты ұлттық тәлім-тәрбиеге қатысты салт-дәстүр, әдеп-ғұрыптары да бар. Соның бірі - бала туылғаннан кейін баланы бесікке бөлеу дәстүрі. Бесік адам сатысы.
Қазақ халқы «Бесіксіз үйде береке жоқ» деп өмірге келер сәбиді асыға күткен. Себебі бала - өмірдің гүлі, жалғасы. Жас нәрестенің өмірге келуі, отбасы мүшелеріне әкесі мен атасына, нағашы жұртына үлкен қуаныш әкелген, жас нәресте өмірге келгенде арнайы адам жіберіп сүйінші сұратқан.
Қазақ баласын ағаш бесікке салып баққан. Ағаш бесік көшпелі өмірге өте қолайлы. Бесікті қазақтың құрмет тұтуы соншалық, кейде атасы жатқан бесікке немерелері жатқан. Қазақтың туған жерді алтын бесікке теңеуі де бесікті ардақтаудан шыққан.

Бесік түгел ағаштан жасалады. Оның құрылысы келіннің әнінде былай баяндалады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz