Аталық жыныс жүйесі


Slide 1

Аталық жыныс жүйесі

Slide 2

Жоспар:

Жыныс мүшесі

Жыныс мүшелерінің құрылысы

Жыныс мүшелерінің атқаратын қызметі

Шәует

Буылтық - несеп шығаратын без

Ұма

Аталық без

Slide 3 Slide 4

Жыныс мүшесі (penis, phallos - грекше; ) - копулятивті мүше, үңгірлі денелерден несеп шығару өзегінен тұрады. Мүшенің артқы бөлігі шат сүйегінің алдыңғы бетіне, жыныс мүшесінің түбірін(radix penis) құрай бекиді. Денесі (corpus penis) және басы (glans penis) болады. Жыныс мүшесінің терісі жұқа, қозғалмалы, басына өтерде күпек басы қосарланған түзеді. Басының жоғарғы жағынданесепшыгару өзегінің сыртқы тесігі (ostium urethrae externum) ашылады.

Slide 5

Аталық жыныс мүшелерін сыртқы және ішкі мүшелер деп 2 топка бөледі.

Slide 6

Сыртқы аталық мушелеріне - ұма және жыныстық мүше жатады.

Ішкі аталық жыныс мушелеріне аталық бездер, оның қосалқы бөлімдері (ұрықшығарушы өзекшелер, ұрықтық көпіршіктер, сыңар қуықасты безі) жатады. Аталық без(ен) екеу, мөлшері 4-6 см, салмағы 15-30 г.

Slide 7 Slide 8

Шәует шығаратын түтігі (ductus deferens) - жұп мүше, ұзындығы 40-50 см, диаметрі 3 мм-дей, құрамындағы шәует шылбырымен шаптың өзегінің сыртқы тесігіне барады.

Оның 4 бөлігі бар:

1) ұмалық (pars scrotalis),

2) шаптың беткейлік сақинасына өтетін шылбырлық бөлігі (pars fimicularis),

3) шап өзегіндегі шап бөлігі (pars inguinalis),

4) тереңдегі шап өзегінен қуықасты безіне дейінгі жамбас бөлігі (pars pelvina) .

Slide 9

Шәует шығаратын түтігі өзекті өтіп, иіліп және кіші жамбасқа өтеді. Шәует шығаратын түтігінің қабырғасы шырышты, бұлшықет және дәнекерлі қабықтардан тұрады. Оның қасында соңғы бөлігі кеңейіп, шәуеті шығаратын түтіктің кең жерін құрайды (ampulla ductus defcrentis), ал сонан соң ұрық шығару түтігімен қосылатын жіңішке өзекке өтеді. Мұнда шәует шашатын түтік (ductus ejaculatorius) бар. Ол қуықасты безінің артынан қисая өтіп, несеп шығару өзегінінің алдыңғы бөлігіне ашылады.

Шәует шығаратын түтік қызметтері

Slide 10

Шәует бездері (vesiculae seminales; ) - қалта тәрізді түтікті, ұзындығы 4-6 см, қуықасты безінің үстінде қуықтың артқы қабырғасында көптеген иілімдер мен томпаюлары бар. Әр шәует безінің қуысы сперма құрамына ақуызды сұйықтықты көптеген қатпарлы камерадан құралған. Бездің қабырғасышырышты, бұлшықетті және дәнекер қабықтардан тұрады.

Қуықасты безі (prostata; ) - жамбастың түбінде орналасқан, несеп шығару түтігін айнала қуықтың астында орналасқан. Оның артқы беті тік ішекке, алдыңғы шат симфизіне, бүйірі-артқы өтісті көтеруші бұлшықетке жанасады. Безде жоғарыға, қуықасты бөлігі (pars prostatae) және алдыңғы, артқы, төменгі латералді беттері және ұшы болады (арех prostatae) . Құрылысы бойынша бұл бұлшықетті-безді, салмағы 20-25 г, екі бөліктен тұратын мүше. Көптеген ұяшықты бездері сперма құрамына кіретін секретті жасайды. Несепшығару өзегінің алдыңғы жағында шәует төмпешігі (colliculus seminalis) бар. Оның тереңдеген жері - рудиментті жатыр. Оның бүйірінен шәует жасаушы түтіктер және шығарушы түтіктің тесіктері (ductuli prostatici) ашылады.

Slide 11

Қуық алды безі мен

шәует көпіршіктері

1- шәует шығарушы өзек

2-шәует көпіршіктері

3-шәует шашушы өзек

4-қуық алды без негізі

5- қуық алды безінің медиальды беті

6- қуық алды безінің оң жақ бөлігі

7- қуық алды безінің сол жақ бөлігі

8- зәр шығарушы түтігі

9- қуық алды безінің алдыңғы беті

10- қуық алды безінің төменгі аралық беті

11- қуық алды безінің ұшы

Slide 12

Буылтық - несеп шығаратын өзек безі (glandulae bulbourethrales) терең шатаралықтың қалыңында көлденең бұлшықет орналасқан, яғни Аталық жыныс мүшесінің кеуекті заты денесінің буылтығында. Олардың шығарушы түтігі кеуекті бөлігі (несепшығару өзегінің) ашылады.

Slide 13

Ұма (scrotum; ) - тері-бұлшықетті қапшық, онда атабез өзінің қосалқылары мен шәует шылбырының төменгі бөліктерімен орналасқан. Ұма қабырғасы 7 қабықтан тұрады: 1. ұма терісі (dartis) ; 2. етті қабық (tunica dartos) ; 3. сыртқы шәует шандыры (fascia spermatica externa) 4. Атабезді көтеретін бұлшықет шандыры (fascia cremasterica) ; 5. атабезді көтеретін бұлшықет (m. cremaster) 6. ішкі шәует шандыры (fascia spermatica interna) ; 7. париеталды және висцералды табақшалардан тұратын тұйық сірлі қап (tunica vaginalis testis) түзеді. Ұма қуысы екіге бөлінген, олардың әрқайсысы әр ата безге орын болып табылады.

Slide 14

Аталық бездер

ұманың ішінде орналаскан терілі қалта. Ұманың ішкі қуысы құрсақ қуысының бір бөлігі болып саналады. Ұрықтың дамуы кезінде ұма құрсақ қуысында жатады. Жыныс бездеріөзекшелер арқылы ұма қуысына түскен соң, ондағы дәнекер ұлпамен тұтасып кетеді. Бұдан кейін ұма қуысы құрсак қуысынан бөлініп қалады. Егер жыныс бездері ұма қуысына өтпей, құрсақ қуысында қалып қойса, жыныс жасушаларының түзілуіне кедергі жасайды. Әдетте, жыныс бездері шаранажарық дүниеге шығардан бұрын ұма қуысына өтеді.

Slide 15

Аталық бездер қызметі

Аталық бездер ағзада екі түрлі маңызды қызмет аткарады. Біріншіден, олардан аталық жыныс жасушалары - сперматозоидтар түзіледі. Бұл аталық бездердің сыртқы секрециялық қызметі. Екіншіден, аталық бездерден жыныс гормондары (негізінен тестостерон) бөлінеді. Бұл аталық бездердің ішкі секрециялық қызметі. Сондықтан да жыныс бездері аралас бездерге жатады. Аталық бездерден бөлінген гормондар екінші реттік жыныстық белгілердің жетілуінде негізгі рөл аткарады. Олардың әсерінен жасөспірімдердің дене пішіні өзгереді, мұрт шығады, дауысы жуандайды және т. б.

Slide 16

Аталық бездер құрылысы

Аталық бездер көптеген ұсақ ұрықтық өзекшелерден тұрады. Аталық бездерде жыныс жасушаларының жетілуі де, екінші реттік жыныстық жетілумен тікелей байланысты. Аталық бездерде жетілген сперматозоидтар ұрықтық өзекшелері арқылы алдымен ұрықтық көпіршіктерге жиналады. Ұрықтық көпіршіктеріндегі және қуықасты бездерінен бөлінген сұйықтық шәует (сперма) деп аталады. Шәуетпен араласкан сперматозоидтар зәршығару өзегі арқылы өтеді. Ер адамдарда зәршығару өзегі арқылы зәр заты да, шәует те сыртқа шығарылады. Шәуеттің құрамында сперматозоидтар өте көп болады. Мысалы, 1 см3 шәуетте қалыпты жағдайда 60 млн сперматозоидтар кездеседі. Сперматозоидтарда кез келген жасушаға тән бөліктер (цитоплазма, ядро және т. б. ) болады. Басқа жасушалармен салыстырғанда сперматозоидтардың пішіні өзгешелеу, өте ұсақ (шамамен 7 мкм) және қозғалғыш. Әрбір сперматозоид бас, мойын және «құйрық» - талшықтан құрылады. Олар талшықтарының көмегімен минутына 2-3 мм жылдамдыкпен қозғалады.


Ұқсас жұмыстар
Жануарлардың аталық жыныс жүйесі
Қан айналым иннервациясы Жыныстық гормондар және олардың қызметі
Аналық жыныс гормоны
Жыныстық гармондар және олардың қызметі
Несеп зәр шығару жүйесі. Жыныс жүйесі
Жыныс жүйесінің эмбрионалдық даму көздері мен даму жолдары
Аталық жыныс торшалары
Бездің құрылысы
Таспа құрттар
ПАЙДАЛАНУДЫҢ АТАЛЫҚ МАЛДЫҢ ЫҚПАЛЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz